Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры история.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Билет № 23

  1. Қазақстанның Ресейге қосыла басиауы, себебі, кезеңдері.

Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңіске жеткенімен ол табыс баянды бола қоймады. Қазақ хандары мен сұлтандарының тақ таласына байланысты алауыздығы салдарынан бұл күреске Ресей империясы да тартылды. Ресей қалайда Қазақстанды өзіне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңді күтумен болды. Әбілқайыр қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз іздестіре бастады. Кіші жүздің ханы Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке басының қадір-қасиеті де шешуші рөл атқарды. Әбілқайыр Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жаткан 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші жіберіп, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасап көрген болатын. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды. 1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Санкт-Петербург/Петербургке келді.Бұл жолы Әбілқайырдың елшілігіне зор құрмет көрсетіліп, ол үлкен ықыласпен қарсы алынды. Ресей үшін Кіші жүзді империяның құрамына қосып алудың ең қолайлы сәті туды. Бұған дейін Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдігі косылған болатын.

  1. Қазақстандағы ұлт – аралық қатынастардың дамуы.

Ұлтаралық қатынас көп ұлтты Қазақстан Республикасында ерекше көңіл аударуды қажет ететін мәселелер қатарына жатады. Қазақстан жерін мекендейтін халықтардың достық, туысқандық қарым-қатынасы, оларды біртұтас мақсатқа жетелейтін жетекші ұлттық мүдде болуы қазіргі саясаттың маңызды бөлігіне айналды. Мұнда Түркия тәжірибесін мысал ретінде алуға болады. Кемал Ататүрік халқын біртұтас ұлттық қозғалысқа біріктіре отырып, ұлттық идеологияны қалыптастырды. Түркияның бүгінгі басшылары Ататүріктің жолын қуып, қазіргі заманға лайықты ізгілікті мақсаттарды көздейтін ұлттық мемлекетке айналған. Қазақстан да жаңа дәуірге бейімделген өзіндік жолын таңдап алды.Кеңес Одағы ыдырар алдында елде бұрын байқалмаған толқулар күшейді. Н.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» кітабында: «Ең қауіптісі — олар таза ұлттық cипат ала бастады. Ұлт мәселесініңсоншалық асқындауы әуелі теориялық дәрменсіздіктен етек алды», — деп жазды. Ал XX ғасырдың соңында тек Кеңестер елінде ғана емес, бүкіл әлемде ауқымды ұлттық оянудың үдере бас көтеруі басталған болатын.

Тоталитарлы жүйе тұсындағы жалпы мемлекеттік саясатқа эклектизм, яғни қарама-карсы әр түрлі философиялық көзқарастарды, теориялық алғышарттарды, саяси тұжырымдарды қалай болса солай дәйексіз біріктіре салу тән болды. Соның нәтижесінде ұлттарды аға мен ініге теңеу саясаты, келеңсіз көріністер орын алды. Кеңес халқы тоталитарлық-саяси әдістермен біріккен қауым, оның мәдени негізі идеологияландырылған кеңес мәдениеті болды. Сол себепті саяси қатаң тәртіп сол әлсіреген кезде «адамдардың жаңа тарихи қауымдастығы» ыдырап кетті. Кеңес өкіметі құлағаннан кейін бұрынғы ұлт саясатындағы бір ұлтты жоғары қою арқылы, екіншілерін төмендету, екінші қатарға ысырып тастауға, империялық көңіл күйге, экстремистік әрекеттерге тосқауыл қойылды. Ұлтмәселесі «атылмаған жанартау» болудан қалып, ұлт мәселесінің ақылды, парасатты шешімдерді қажет ететіндігі мойындалды.Бұл парасаттылықтың астарында әрбір қазақстандықтың өзін, ең алдымен, қазақстандық екендігін, сонан кейін өз ұлтының перзенті екендігін сезінгенде ғана ұлтаралық қарым-қатынастың жоғарымәдениеті қалыптасады. Сонда ғана шынайы ұлттық келісім мен шынайы саяси және қоғамдық тұрақтылыққа қол жеткізуге болады. Ол қазақстандық патриотизмге негізделуі қажет. Ұлтаралық, этностық топтар арасындағы келісім — барша азаматтың нәсіліне, ұлтына, діни сеніміне қарамастан қашанда бір-біріне көмекке келуге әзірлігі, психологиялық тұрғыдан дайындығы, достық қарым-қатынасын бейнелейді.Қазақстанның даму, өсу, өркендеу жолындағы басым бағыттарының бірі — ұлттық келісім, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейі екені даусыз.Әрине, ұлттық келісімге келгенде, әрбір адамның азаматтық құқы сақталуы шарт екендігі түсінікті. Сонымен қатар елдегі саяси тұрақтылықтың кепілі ретінде ұлтаралық келісіммен бірге халықтың әл-ауқатының жақсаруы да өз әсерін тигізеді.Қазақстан Республикасындағы ұлт саясатының бағдарламасы саяси тұрақтылықтың кепілі болып қала бермек. Күллі қазақстандықтардың теңдігін қамтамасыз ету үшін әділеттік принципі мен ұлтаралық татулық санасын қалыптастыру маңызды. Осыған орай еліміздегі қазақ ұлты мен басқа этикалық топтардың мәдениетін, жан-жақты дамуын қамтамасыз етудің маңызы зор.Қазақтар Кеңес Одағы ыдырап, көптеген ұлттық топтардың өз отанынан жырақта қалған жағдайын жақсы түсінеді. Тоталитаризм жылдарында қазақтардың өзі оның зардаптарын басынан өткерді, миллиондаған қазақтар шетелге кетуге мәжбүр болып, демографиялық апатқа ұшырады. Ендеше кеңестік тоталитаризм қазақ халкының басына да орны толмас бақытсыздықтар әкелді. Әрі халқымыздың басым көпшілігі өздерін Қазақстанның азаматы ретінде танитыны айдан айқын. Сондықтан азаматтық қоғам идеяларын жалпы ұлттық идеялармен үйлестіре отырып, республикадағы азаматтық қауымдастықты қалыптастыруға әбден болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]