Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры история.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Билет № 21

  1. Қазақ билері. XVII – XVIII ғғ. Қазақ қоғамындағы олардың рөлі. Төле – би, Қазыбек – би, Әйтеке – би.

Төле би (1663–1756) – қазақ халқының бірлігін нығай­туға зор үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мем­ле­кет қай­рат­кері. Қазіргі Жам­был об­лы­сының Шу өңіріндегі Жай­саң жай­ла­уын­да туған. Ұлы жүздегі Ду­лат тай­па­сының жа­ныс ру­ынан шыққан. Әкесі Әлібек мо­мын­дығы үшін ағайын­да­ры ара­сын­да «қара­шоғыр» атанғаны­мен, өзіндік бе­делі бар би болған. Ба­ла күннен жас Төле әкесіне ере жүріп ел көріп, жұрт танған, қазақ халқының ақын­дық-ше­шендік өнерінен тәлім алған.Он бес жа­сынан ел билігіне ара­ласып, ақыл-па­расат­ты­лығы, әділ шешімі, ше­шендік өнерімен көзге түскен. Төле би Қаз да­уыс­ты Қазы­бек, Әй­те­ке би­лер­мен бірге Тәукені хан етіп сай­лауға, үш жүздің ұлыс­та­рын бір ор­таққа бағын­ды­руға, сөйтіп, біре­гей қазақ хан­дығын нығай­туға, жоңғар шапқын­шы­лығына қар­сы ба­уыр­лас қазақ, қарақал­пақ және өзбек ха­лықта­рының жа­уын­герлік одағын құруға бағыт­талған ша­ралар­ды жүзе­ге асы­руға қаты­насқан. Тәуке хан Төле биді ұлы жүздің бас биі ет­кен. Төле би Қазы­бек би­мен және Әй­те­ке би­мен бірле­се оты­рып, қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңда­рының жи­нағы бо­лып та­была­тын «Жеті жарғының» қабыл­да­ну­ына ат­са­лысқан.Ор­да­басы жи­ыны кезінде жоңғар басқын­шы­лығына қар­сы бүкілха­лықтық той­та­рыс бе­руге ұйтқы болған. Ша­шырап кет­кен қазақтар­дың ба­сын қосып, Ре­сей мен Қытай секілді екі ал­па­уыт мем­ле­кет ара­сын­да оңтай­лы са­ясат­ты жүргізген Абы­лай хан­ды өкіл ба­ла етіп тәрби­елеп, аза­мат қата­рына қосу­да Төле бидің қыз­меті ора­сан. 1742 жы­лы Абы­лай тұтқиыл­дан ша­бу­ыл жа­саған жоңғар­лардың қолы­на түсіп қалған­да оны тұтқын­нан бо­сату­да Төле би бел­сенділік та­нытқан. Та­рихи жыр­ларда қазақ би­ле­ушілерінің аты­нан Әбілқайыр хан мен Төле бидің Орын­бор әкімшілігінен Абы­лай­ды тұтқын­нан бо­сатуға өтініш жа­саған­дығы ай­ты­лады. Қазақтың үш жүзінен Төле би бас­таған 90 адам елші ба­рып, келіссөз жүргізіп, 1743 жы­лы қыркүйектің 5-інде Абы­лай­ды тұтқын­нан шығарып алған.Төле би ішкі және сыртқы са­ясат­та са­ра бағыт ұстанған. Хан­дық пен мем­ле­кет тұтас­тығын, тәуелсіздігін діттеп, жа­угершілікте дұшпан қолын­да қалған қала­лар мен жер­лерді қай­та­руға күш салған. 1734 жы­лы Ре­сей пат­ша­сы Ан­на Ива­нов­наға және 1749 жы­лы Орын­бор гу­бер­на­торы И. Неп­лю­ев­ке хат жол­дап, бо­дан­дықты қабыл­дауға ри­зашы­лық та­нытқан. Бұл сол та­рихи ке­зеңде ша­расыз­дан жа­салған қадам бо­латын. Ол жоңғар шапқын­шы­лығынан ти­тықтаған ха­лықтың жағдайын жақсар­ту­ды бірінші ке­зек­ке қойған. 1748 жы­лы орыс са­уда ке­ру­ені то­налған­да, бұған кінәлі Қой­гелді ба­тыр­ды би­лер алқасы­на шақыр­тып, оған бұл шығын­ды жұрт көзінше төлеттірген. 1748 жы­лы Әбілқайыр хан қаза тапқан­да оның ба­ласы Ера­лы сұлтан әкесінің құнын да­улап Төле би­ге шағым­да­нады.Төле би Әбілқайыр­дың өлімі үшін айып­керлердің Жеті жарғы аясы­на сәй­кес жеті құн төлеуі ту­ралы шешім шығара­ды. Ера­лы айып­керлер­ден екі құн алып, төрт құнды кешіреді де, әкесін өлтіру­ге қаты­сушы­лар­дың бірі Сы­рым­бет ба­тыр­ды жетінші құн ор­ны­на өз қолы­мен өлтіреді. Әбілқайыр­дың ба­лала­ры бұған да тоқта­май, Ба­рақ сұлтан­ның жа­уапқа тар­ты­лу­ын Төле би­ден сұрай­ды. Бас сауғалап қашып жүрген Ба­рақ сұлтан Төле би­ге өзі келіп, жа­саған ісі үшін сотқа тар­ту­ды сұрай­ды. Төле би би­лер со­тына қазақ би­лерінің ішінен, Ба­рақ сұлтан­ның ұсы­нуы бойын­ша төрт белгілі биді (Жалған би, Сыр­лы­бай би, Да­ба би, Қабек мыр­за) қатыс­ты­рып, өз та­рапы­нан бірне­ше биді шақыра­ды. Би­лер алқасын­да Төле би Ба­рақ сұлтан­ды ақтап ала­ды.

Қаз да­уыс­ты Қазы­бек би, Қазы­бек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVI­II-ғасыр­лардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мем­ле­кет қай­рат­кері. Ор­та жүз арғын тай­па­сының қара­кесек ру­ына кіретін бо­латқожа ата­сынан шыққан ол 1667 жы­лы Сыр бойын­да дүни­еге кел­ген. Арғы ата­лары Шан­шар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері ел­ге белгілі әділ би­лер болған.Қаз да­уыс­ты Қазы­бектің оқыған жер­лері, алған білімі ту­ралы нақты де­рек жоқ. Де­ген­мен, ел аузын­дағы әңгіме, аңыз­дар мен би­ден жет­кен ше­шендік сөздер оның өз за­манын­да білімді де же­телі, ха­лықтың ауыз әде­би­еті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жо­лы заңда­рын мейлінше мол меңгер­ген, озық ой­лы, әділ де көре­ген, ба­тыл да ба­тыр адам болған­дығын айқын аңғар­та­ды. Әділдігі мен алғыр­лығы үшін Тәуке хан Қазы­бекті Ор­та жүздің Бас биі ет­кен. Би Әз Тәукенің тұсын­да хан кеңесінің белді мүше­лерінің бірі бол­са, Сәме­ке, Әбілмәмбет, Абы­лай ел би­леген ке­зеңдер­де де мем­ле­кет басқару ісіне жиі ара­ласып, ішкі-сыртқы са­ясат­та ақыл-кеңес­тер беріп отырған.Бидің жас­тық шағы мен бүкіл са­налы өмірі қазақ елінің өз ішінде ру­лық-тай­па­лық ала­уыз­дықтар мен хан­дық билікке та­лас­тың неғұрлым өршіген, көрші мем­ле­кет­тердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқын­шы­лығы үдей түскен ке­зеңге тап келді. Ел аузын­дағы аңыз-әңгіме­лер­ге қараған­да, ол Тәуке хан­ның белгілі би-ба­тыр­ла­ры бас­таған елшілігіне ілесіп алғаш рет қал­мақ қоңтай­шы­сы Цэ­ван Раб­данға барғанын­да 14 жас­та екен. Қылы­шынан қан тамған қаһар­лы қал­мақ ха­нының ал­дында қазақ би­лері жасқан­шақтық та­нытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Жас ба­ланың бұл сөздерінен бас алыс­пақ ба­тыр­лықты да, ын­ты­маққа шақырған ізгілікті де аңғарған қал­мақ ха­ны әділдікке жығылып, өжеттігі мен ше­шендігіне ри­за бо­лып: «Да­уысың қаз­дың да­уысын­дай екен, бұдан бы­лай сенің есімің Қаз да­уыс­ты Қазы­бек бол­сын», – де­ген екен. Со­ның арқасын­да елшілік жау қолын­дағы 90 тұтқын­ды ша­былған мал, то­налған мүлігімен ша­шау шығар­май қай­та­рып алып, ел­ге ол­жа­лы оралған екен. Қазы­бек бұдан кейін де жоңғар­ларға екі рет елшілікке ба­рып, ел на­мысы­на дақ түсірмей, көзде­ген мақса­тын орын­дап қайтқан.Тәуке хан үйсін Төле, ал­шын Әй­те­ке, арғын Қазы­бек би­лер­ге жаңа заң жо­басын – «Жеті жарғыны» жа­сатып, Күлтөбенің ба­сын­да бүкіл ха­лық ал­дында қабыл­датты. Сөйтіп, ұлы үш бидің көмегімен ел ішіндегі әдет-ғұрып нор­ма­лары, жер-су, қоныс иеліктерінің мөлшері, жесір да­уы, құн төлеу, кек алу, ұрлық-қар­лыққа тыйым са­лу, ағайын-ту­ыс, ру ара­сын­дағы дау-да­май­лар, ел бірлігі, мем­ле­кет басқару, Отан қорғау, сыртқы жа­улар­дың ша­бу­ыл­да­рына той­та­рыс бе­ру, ұрпақ тәрби­есі, т. б. мәсе­лелердің шешілу жүйесі жаңаша белгіленді.Ел «Ақта­бан шұбы­рын­ды, Алқакөл сұла­ма» нәубетіне ұшы­рап, қат­ты күй­зеліске түскен ке­зеңде Қазы­бек би өзге де би­лер­мен бірге Сәме­ке, Әбілмәмбет хан­дардың, Ба­рақ, Ба­тыр, Абы­лай сұлтан­дардың ара­сын жа­рас­ты­руға күш сал­ды, олар­ды өза­ра ын­ты­маққа шақыр­ды. Орыс пат­ша­сымен дос­тық қарым-қаты­нас ор­на­туды жақта­ды. Абы­лай сұлтан тұтқынға түсіп қалған­да Қазы­бек би Абы­лай­ды құтқару үшін қол­дан кел­ген бар­лық дип­ло­мат­тық ай­ла-әре­кет­терін жа­саған. Би 1762 ж. Абы­лай сұлтанға Қытай боғды­ханы­нан іргені аулақ са­луға кеңес бер­ген. Қазы­бек мем­ле­кет істерімен қатар ру­ара­лық, сұлтан­дар ара­сын­дағы кикілжің тар­тыстарға да әділ билігін ай­тып отырған. Орыс пат­ша­сының өктемдігіне қар­сы 1740 жылғы башқұрттар көтерілісінің бас­шы­сы Қара­сақал­дың Қабан­бай ба­тырға бар­мас бұрын Қазы­бек би­ге келіп па­налағаны белгілі. Ал Ба­рақ сұлтан қысас­тықпен 1748 ж. 24-та­мыз­да Кіші жүз ха­ны Әбілқайыр­ды өлтірген­де, мұны ел бірлігіне іріткі са­латын қыл­мыс деп бағалаған.Би 18-ғасыр­дың 40-жыл­да­рының ба­сын­да Сыр бойынан Арқаға қарай көшіп, Ұлы­тау, Қарқара­лы өңірін қоныс қылып, Семізбұғы та­уының бет­кей­лерін жай­лаған. Қазы­бек­тен: Бек­бо­лат, Қазым­бет, Ба­зар­гелді, Барқы, Сы­рым­бет есімді бес ұл, Маңқан (Қамқа) де­ген бір қыз туған. Қазы­бек ұрпақта­ры ата-ба­ба жо­лын қуып, сөз ұстаған па­расат­ты әділ қазы­лар атанған. Ба­ласы Бек­бо­лат, одан кейінгі Тіленші, Ал­шынбай­лар да дүйім жұртты аузы­на қаратқан әділ де ту­ра би­лер болған. Белгілі әнші-ком­по­зитор Мәди Бәпиұлы да Қазы­бек бидің ұрпағы.Қазы­бек би 1764 жы­лы Семізбұғы та­уының етегіндегі Те­ректі қыс­тағын­да 97 жа­сын­да дүни­еден өткен. Де­несін ба­ласы Бек­бо­лат Түркістан­дағы Қожа Ах­мет Иаса­уи ке­сенесіне апа­рып жер­леп, ба­сына құлпы­тас ор­натқан. Қазы­бек бидің қай­рат­керлік қыз­меті мен ше­шендік өнері ту­ралы Алек­сей Лев­шин, Шоқан Уәли­ханов, Шаһабуд­дин Мар­жа­ни, Бал­та­бай Адам­ба­ев, Ны­сан­бек Төреқұлов, т. б. зерт­те­улері сақталған. Жа­зушы Со­фы Сма­та­ев­тың «Елім-ай» ро­манын­да ке­меңгер бидің келісімді тұлғасы жа­салған. Қараған­ды об­лы­сын­да бір ауданға, Ал­ма­ты, Шым­кент қала­ларын­да көше­лер­ге би есімі берілген, ел ор­да­сы – Ас­та­нада ес­керткіш ор­на­тылған. Қазы­бек бидің әде­би мұра­сы әр жыл­дарда бас­па­дан жа­рық көрген ше­шендік сөздер жи­нақта­рына енгізілген.

Әй­те­ке Бай­бекұлы-қазақ халқының бірлігін нығай­туға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мем­ле­кет қай­рат­кері. Әлім тай­па­сының төртқара ру­ынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажы­ның бесінші ұрпағы. Бүкіл пар­сы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты « Си­несоф буа» (жа­ны пәк жан) атаған Сейітқұл әули­енің үшінші ұрпағы. Әбілқайырға ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсын­да Са­марқан­ды би­леген Жаңатөс ба­тыр­дың жақын ту­ысы. Әй­те­ке бес жа­сын­да мол­да­дан оқып са­уатын ашқан.Ше­шендік қаси­етінің ашы­лу­ына әкесі мен Қосуақ бидің ықпал­да­ры тиді. Жеті жа­сынан бас­тап Әй­те­ке Жа­лаңтөс ба­тыр мен ата­сы Ақша хан­ның тәрбисінде бо­лады. Ол алғаш Ұлықбек мед­ре­сесінде, кейінЖа­лаңтөс сал­дырған әйгілі «Тіллә-ка­ри» (Ал­тынмен ап­талған), «Шер­дор» (Арыс­танды) мед­ре­сесінде білім ала­ды. Нәте­жесінде дін, құқық, ас­пан әлемі, та­рих, ма­тема­тика пәндерін, араб, пар­сы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шыққан.Ақша ба­басы­нан елшілік, ел басқару жол­да­рын үй­ренді. Ал Жа­лаңтөс әске­ри қол­басшы­лық дағды­лары­на үй­рет­кен.Мед­ре­сені та­мам­даған Әй­те­ке туған аулы­на ора­лып, әкесімен ел басқару істеріне ара­ласа бас­тай­ды.21 жа­сын­да Бұқара мен Са­марқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақал­пақтар­дың бас биі бол­ды. Ал жи­ыр­ма бес жа­сын­да Кіші жүз халқы оны бас би етіп сай­ла­ды. 1680 жы­лы Салқам Жәңгірдің ұлы Тәукені хан етіп сай­лауға ай­рықша ат са­лыса­ды. Кейін Тәуке хан құқықты «Хан кеңесін» сай­лап, Әй­те­ке Кіші жүз аты­нан осы кеңестің мүшесі бо­лып сай­ланған. Осы тұста ел­ге жаңа заң үлгілерін жа­сау крек бол­ды. Тәуке хан, Әнет ба­ба, Соқыр Абыз, Төле, Қаз­бек т. б. Би­лердің қаты­су­ымен 1684 жы­лы «Жеті жарғы» қабыл­данды. Бұл заңдар жи­нағы қазақ қоғамын­дағы фе­ода­лизмді нығай­ту бағытын­да маңыз­ды рөл атқар­ды.Әй­те­ке рес­ми түрде хан кеңесшісі бо­лады. Ол ор­та­лықтан­ды­рылған біртұтас қазақ хан­дығын құру жо­лын­да бел­се­не ат са­лыс­ты. Төле және Қаз­бек би­лер­мен бірге Тәуке хан­нан Абы­лайға дейін қазақ мем­ле­кеттігінің эс­та­фета­сын алып өткен секілді. Қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, та­ту өмір сүруінің қамын ой­лаған қамқор­шы бо­лады. Өзін да­на, әділ би, аузы ду­алы ше­шен, ішкі және ха­лықара­лық күрделі мәсе­лелерді ше­шуде төреші, жоңғар басқын­шы­лары­на та­бан­ды қар­сы­лық көрсе­туді ұйым­дасты­ру жо­лын­да үлкен үлес қосқан озық ой­лы қай­рат­кер ретінде та­ныта білді.Әй­те­ке би 25 жа­сынан бас­тап Кіші жүздің бас биі ретінде алғашын­да Ор­да­басын­да, со­дан кейін Күлтөбе мен Ұлы­та­уда жыл сайын өткізілетін үш жүздің бас­шы­лары мен бе­делді адам­да­ры бас қосқан жи­ын­дарға тұрақты қаты­сып тұра­ды. Тәуке хан­нан бас­тап дәстүр тапқан бұл жи­ын­дарда ұлт бірлігін нығай­ту мәсе­лелері талқыла­нып, жүздер мен ру­лар­дың ара­сын­дағы өза­ра келіспе­ушіліктен ту­ын­дай­тын да­улар шешілетін болған. Қызу ай­тыс-тар­тыстар ушығып ке­тер тұста тоқсан ауыз сөздің то­бықтай түйіні іспетті жұрт тоқта­сар бәту­аны Әй­те­ке би ай­та­ды екен.«Жеті жарғыда» Әй­те­ке ұсынған бап­тардың ішінде- «Сүйек құны», «Өнер құны» белгілі. 1685 жы­лы Әлі сұлтан мен қара­пайым ха­лық ара­сын­дағы үлкен жан­жал дауға ай­на­лып ке­те жаз­дай­ды. Әлі сұлтан­ның тен­тек ұлы бір ке­дейдің сұлу, ақын, әнші-дом­бы­рашы қызы­на де­геніме көнбедің деп өшігіп, бір күні қыз қызыл ора­мал тар­тып, үй­ден ұзай бер­генде, бүркітін шүйітіп, қас­тандық жа­сай­ды. Бүркіт қыз­дың ба­сын мыл­жа­лап өлтіреді. Ашынған ағайын­да­ры төре­ден құн сұрай­ды.Әлі сұлтан олар­ды маңына жо­лат­пай, барған би­лерді ит қосып қуып жібе­реді. Ақыры ел ара­сы екіге жа­рыла бас­тай­ды. Ең соңын­да құн сұра­ушы­лар жағы Әй­те­ке би­ге келіп өтініш жа­сай­ды. Ол қасы­на сіргелі ба­тыры Қаз­бекұлы Жа­бай­ды, бай­бақты ба­тыры Шол­панды ілестіріп Әлі сұлтанға ба­рады. Әй­те­кенің ай­ба­рынан ығыса­тын Әлі сұлтан амал­сыз құн төле­уге келіседі. Әй­те­ке қыз құны­на қосым­ша оның өнерлі екенін ай­тып, «өнер құнын» және қыз­дың жоқта­ушы­ларын ке­леке қылып, сүйек сын­дырғаны үшін «сүйек құнын» төле­уді та­лап етеді. Бұл екі құнның әрқай­сы­сы негізгі құнның жар­ты­сына тең екен. Сөйтіп, Әй­те­кенің қаһары­нан қай­мыққан Әлі сұлтан то­лық екі құн төле­уге мәжбүр бо­лады. Бұл оның ата дәстүр-сал­ты­на жетіктігімен бірге, өнерлі адамға ай­рықша құрметін көрсе­теді.Ел аузын­да Әй­те­ке айтқан билік, ше­шендік сөздер, толғаулар, ба­талар көп сақталған. Биді ха­лық «айыр тілді Әй­те­ке» деп атаған.Әй­те­ке қай­тыс болған­нан кейін Нұра­та та­уы маңын ме­кен­де­ген төртқара ауыл­да­рының көпшілігі Сыр бойына көшіп кет­кен. Одан та­раған ал­тыншы-жетінші ұрпақта­ры мен ата­лас­та­ры Қызы­лор­да, Ақтөбе об­лыста­рын­да, бірқатар­ла­ры Өзбекс­тан­дағы Нұра­та аулын­да тұра­ды. Ақтөбе об­лы­сын­дағы бұрынғы Қарабұтақ және Ком­со­мол аудан­да­ры біріктіріліп, қазір Әй­те­ке ауда­ны атал­ды. Қазақстан­ның ірі қала­ларын­да Әй­те­ке би аты көше­лер­ге берілген.Ол Таш­кент­тен 75 шақырым жер­дегі Қауын­шы және Шы­наз ауыл­да­рының маңын­да жер­ленген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]