Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры история.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Билет № 19

  1. XV – XVIII ғғ. Қазақ хандығының экономикалық дамуы.

XV ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптаса бастаған Қазақ мемлекеттігі Тәуке ханның билігі тұсында өзін басқа көршілеріне мойындатқан Орталық Азиядағы мемлекеттердің біріне айналды. Оның бұл кездегі ішкі құрылымы мен сыртқы жағдайынан дербес мемлекетке тән негізгі белгілерді анық байқауға болатын. Бұл уақыт мемлекеттік құрылымның түзілуіне негіз болған, өзіне тән тілі, салт-дәстүрі, мінез ерекшелігі, атамекені, сондай-ақ ортақ мүддесі бар қазақ ұлтының қалыптасу кезеңі еді. Қазақ хандығының құрамына енген ру-тайпалардың өзара экономикалық, мәдениет және қоғамдық-саяси байланыстарының нығая түсуі, этностық аумағының анықталуы, осының негізінде ортақ жалпы ұлттық мүдденің калыптасуы және оны сырттан төнген қауіптен ұйымдаскан түрде қорғау қажеттігі белгілі дәрежеде орталықтандырылған басқарушы билік жүйесінің пайда болып, оның ширай түсуіне алып келді.

XV—XVII ғасырлардағы қазақ тарихы ру-тайпалық мүдде мен жалпымемлекеттік мүдделердің өзара тартысы жағдайында өтті. Еларалық қатынастар тынымсыз жаугершілік пен феодалдық қақтығыстардан тұрған бұл тарихи кезең жалпыұлттық мүдденің маңызын тура түсініп, мақсатты және саналы түрде қызмет жасаған белсенді тұлғаларды да өмірге алып келді. Бұл тұлғалар, ұлттың өзін-өзі тануы, басқа этностармен қатынаста өз мүддесін түсінуі нәтижесінде өмірге келсе, өз ретінде олар ұлттық ұюдың тезірек жүруіне, ұлттық құндылықтардың пісіп-жетілуіне пәрменді ықпал жасады.

  1. 1917 Ж. Ақпан революциясы кезіндегі Қазақстан.

1917 ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. Өлкедегі азамат соғысы (1917-1920 жж.) 1.1917 ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. 2.Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласындағы алғашқы өзгерістер. 3.Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.). 1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық , екінші – саяси дағдарыс. Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды. Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды. Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917ж. ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкетісі деп атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды

  1. Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты. Жас тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін сыртқы саясаттағы негізгі мәселе мемлекеттер мен әлемдік қауымдастықтың оны дербес, тәуелсіз мемлекеттік құрылым ретінде тануын, оның территориялық түтастығын, халықаралық істердегі құқықтық субъектілігін тануын қамтитын легитимділік проблемасы болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 10 жылы ішінде осы түрғыда біркатар табыстарға қол жеткізді. БҰҰ-ға мүше болып қабылданды, әлемнің негізгі мемлекеттерінің барлығымен дерлік дипломатиялық байланыстар орнатты. Қазақстан Республикасының табысты легитимделуі бірқатар ішкі және сыртқы жағдайларға мүмкіндік туғызды. Біріншіден, КСРО-ның құлауы, осы алып мемлекеттің жойылуы қазіргі кездегі әлемнің басты мемлекеттерінің үкіметтері тарапынан оң құбылыс ретінде қабылданды. КСРО құлағаннан кейінгі оның территориясында пайда болған тәуелсіз мемлекеттерді басқа мемлекеттердің үкіметтері, БҰҰ және оның құрылымдары тез арада таныды. " Екіншіден, ел басшылығының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің анық құқықтық негізі қалыптасты. 1990 жылдыңқ а з а н ы н д а Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларацияны қабылдады. Осы құжаттың негізгі ережелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық занда, 1993 жылғы Конституцияда және жалпыхалықтық референдум арқылы кабылданған 1995 жылғы Конституцияда дамытылған және нақтыланған. Осы құжаттарда Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі принциптері көрсетілген: ашықтық, бейбітшілікті жақтау, тату көршілік, тең серіктестік, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тарту, басқа елдердің ішкі істеріне араласпау, ядролық қарусыз ел мәртебесі, екіжақты және көпжақты келісім негізінде, сондай-ақ БҰҰ және оның құрылымдары шеңберінде қабылданған барлық халықаралық міндеттерді орындау. Үшіншіден, Қазақстан Республикасының халықаралық беделін көтеру және оның легитимділігі экономикалық және саяси реформаларды табысты жүргізуге: қоғамдық өмірдің мемлекеттен тыс және дербес болуына, емократиялануына мүмкіндік береді. Осы экономикалық және саяси процестердің негізінде қазақстандық қоғамды консолидациялау Қазақстан Республикасын халықаралық аренаға іргелі жалпы адами құндылықтарды (нарық жүйесі және баламалы айырбас, тату көршілік және күш қолданбау, тұлғаның құқықтары мен қадір-қасиеті, хдлықаралық келісімдер нормаларының басымдығы және т.б.) танитын тең құқықты серіктес ретінде алып шықты. Төртіншіден, әлемдік қауымдастыққа кіруде Қазақстан Республикасының ішкі саяси түрақтылығы ерекше мәнге ие болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]