
- •Билет № 1
- •Қазақстан тарихы курсының пәні мен мінденттері.
- •Қоқан және Алаш автономиялары.
- •Билет № 2
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан.
- •1918 – 1920 Жж. Азамат соғысы кезіндегі Қазақстан.
- •Билет № 3
- •Қола дәіріндегі Қазақстан.
- •Абылай ханның ішкі – сыртқы саясаты.
- •Жаңа экономикалық кезіндегі Қазақстан.
- •Билет № 4
- •Ерте Темір дәірі.
- •Патша Үкіметінің отарлау саясаты.
- •Қазақ акср – ның құрылуы және оның тарихи маңызы.
- •Билет № 5
- •Қазақстан территориясындағы үйсін және қаңлылар.
- •Қазақтардың 1773 – 1775 жж. Е. Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы.
- •1920 – 1930 Жж. Қазақстандағы мәдени революциясы.
- •Билет № 6
- •Ғұндардың Қазақстан тарихындағы рөлі.
- •Кіші жүздегі Сырым Датұлы басқарған көтеріліс.
- •Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, мақсаты және нәтижесі.
- •Билет № 7
- •Бөкей хандығының құрылуы. Оның Қазақстан тарихындағы және Ресей саясатындағы рөлі.
- •1920 – 1930 Жж. Қазақстанның индустриялы дамуы.
- •Билет № 8
- •Қазақстандағы патша үкіметінің әкімшілік реформалары. XIX ғ. I – жартысында «Сібір қырғыздары ережесі», «Орынбор қырғыздары ережесі».
- •XX ғ. 1930 – 1950 жж. Қазақ зиялыларына қарсы бағытталған репрессиялар.
- •Билет № 9
- •Исатай Тайманов және Махамбет Өтемісов бастаған ұлт – азаттық көтерілістер.
- •1941 – 1945 Жж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан. Қазақстан – арсеналы. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының батырлары.
- •Билет № 10
- •Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт – азаттық көтеріліс.
- •Қазақтардың шет елдерге қоныс аударулары, себебі, негізгі кезеңдері.
- •Билет № 11
- •Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.
- •Батыс Қазақстандағы отарлық саясатқа қарсы күрес. Сұлтандар Арынғазы және Қаратай, Жоламан, Есет билер басқарған көтерілістер.
- •1930 – 1950 Жж. Халықтың ұлттық құрамының өзгеруі.
- •Билет № 12
- •Билет № 13
- •Билет № 14
- •Қазақстанның XIX – XX ғғ. Басындағы әлеуметтік – экономикалық дамуы.
- •Қазақстан қайта құру кезінде. 1986 ж. Желтоқсан оқиғасы.
- •Билет № 15
- •XX ғ. Қазақстанның мәдениеті.
- •Билет № 16
- •Тәуке хан кезіндегі Қазақстанның саяси жағдайы. «Жеті жарғы» заңдары.
- •1905 – 1907 Жж. Орыс революциясы кезіндегі Қазақстан.
- •Ұлттық тәуелсіздік жөніндегі декларацияның қабылдануы.
- •Билет № 17
- •1995 Ж. Конституция ұлттық рәміздер қабылдануы.
- •Билет № 18
- •Қазақстан – 2030 бағдарламасы. Қр 2030 стратигиясы.
- •Билет № 19
- •1917 Ж. Ақпан революциясы кезіндегі Қазақстан.
- •Билет № 20
- •XVII – XVIII ғғ. Қазақ – жоңғар соғыстары.
- •1917 Ж. Ақпан мен Қазан революциялары аралығындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен қозғалыстар «Алаш», «Үш - жүз».
- •Қазақстанның экологиялық проблемалары.
- •Билет № 21
- •Қазақ билері. XVII – XVIII ғғ. Қазақ қоғамындағы олардың рөлі. Төле – би, Қазыбек – би, Әйтеке – би.
- •XX ғ. Басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық саяси қызметі.
- •Н. А. Назарбаев – Қазақстан Республикасының бірінші президенті.
- •Билет № 22
- •XVIII ғғ. Қазақ – орыс қатынастары.
- •Ресейдегі 1917 ж. Қазан төңкерісі.
- •Билет № 23
- •Қазақстанның Ресейге қосыла басиауы, себебі, кезеңдері.
- •Қазақстандағы ұлт – аралық қатынастардың дамуы.
- •Қазақстандағы қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар (қазіргі кезеңдегі).
- •Билет № 24
- •XiVғ. Соңындағы Ақсақ – Темір мен Дешті – Қыпшақ тайпаларының өзара қатынастары.
- •Көшпелі өзбектер мемлекет. Өзбек ұлысының этникалық компаненттері.
- •Жоңғар хандығының күшеюі. «Ақтабан шұбырынды...» жылдары.
- •Билет № 25
- •Күштеп ұжымдастыру XX ғ. 30 жж. Қазақтардың көшіп кетуі.
- •А. Құнанбаев және оның қазақ мәдениетіндегі алатын орны.
- •Билет №26
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан. Дәуірдің ерекшеліктері, шаруашылығы, әлеуметтік ұйымдары.
- •Тың және тыңайған жерлерді игеру және нәтижесі.
- •Қазақстан территориясындағы үйсін және қаңлылар.
1918 – 1920 Жж. Азамат соғысы кезіндегі Қазақстан.
Тарихта белгілі бір ел шеңберінде халықтың демократиялық бостандықтар жолындағы ұйымдасқан күресінің не болмаса көпұлтты елдерде ұлттық езгіге қарсы қарулы көтерілістерінің азмат соғысына ұласқаны белгілі. Мысалы: Англияда “Алқызыл және ақ раушан” (1455 — 58), АҚШ-та буржуазиялық Солтүсітік пен құл иеленуші Оңтүстік (1861 — 1865 жылдары), Францияда монархистер мен республикашылдар (1871 жылы), Испанияда фашистер мен демократтар(1936 — 1939 жылдары) арасындағы азамат соғыстары болып өтті. 1918 — 1920 жылдары Кеңестік Ресейде орын алған азмат соғысы Қазақстанды да қамтиды. Ол іс жүзінде 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жалғасы болды. Азамат соғысы жылдарында қарулы күрестің бір жағында Қазан төңкерісі жеңісі нәтижесінде жеңіліс тауып, саяси және экономикалық биліктен айырылған күштер тұрды. Оларға АҚШ, Англия, Франция, Жапония сияқты мемлекеттер үкіметтері жан-жақты көмек көрсетті. Күрестің екінші жағында Қазан төңкерісі нәтижесінде өкіметті өз қолына алған большевиктер партиясы бастаған күштер тұрды. Олар большевиктік ұрандар мен Кеңес өкіметі жариялаған социализм идеяларына сенген жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінен қолдау тапты. Большевиктер мен Кеңес өкіметін жақтаушылар “қызылдар” деп аталса, оларға қарсы тұрғандар “ақтар” деп аталды. Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде Ресейден қоныс аударып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар болды (кадеттер, эсерлер, ұлттық және діни саяси ұйымдар). Алашорда үкіметі азамат соғысының алғашқы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күштермен байланысып, қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысты. Үкімет мүшелері Қазақстанға жақын қалаларға орналасқан Кеңес үкіметіне қарсы құрылған үкіметтермен — Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен, одан кейін Колчак диктатурасымен, Орынбор және Орал казак әскерлерінің басшылығымен келісімге келуге ұмтылды. 1918 жылы жазда төңкеріске қарсы күштер Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарының көптеген аудандарын, соңынан Жетісу облысының бірқатар аудандарын басып алып, Кеңес өкіметін құлатты. Кеңес өкіметі Батыс Қазақстанның кейбір аудандары мен оңт. өлкесінде сақталды. Қазақстанда азамат соғысының Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан), Орал және Жетісу майдандары құрылды, олардағы соғыс әрекеттері А.с-ның ірі майдандарындағы, ең алдымен Колчак әскерлеріне қарсы құрылған Шығыс майдандағы қимылдарға тығыз байланысты жүргізілді. Сондықтан Қазақстандағы азамат соғысының тағдыры негізінен Қызыл Армияның Шығыс майданындағы күресіне тәуелді болды. Қазақстан жеріндегі соғыс қимылдары өз кезегінде Кеңес еліндегі жалпы жағдайға әсер етті. Қазақстан азаматтары Қызыл Армия қатарында да, “ақтар” басып алған аудандарда жасақталған партизандық жасақтар құрамында да азамат соғсына қатысуға мәжбүр болды. Қазақстандағы шешуші соғыс қимылдарына “қызылдар” жағынан М.В. Фрунзе, В.В. Куйбышев, В.И. Чапаев, И.П. Белов, И.С. Кутяков т.б., ал “ақтар” жағына А.И. Дутов, С.П. Толстов, Б.В.Анненков т.б. басшылық етті. Торғай далаларында “ақтарға” қарсы күресте А. Иманов, Батыс Қазақстанда Хамит Чурин, Бейсен Жәнекешев т.б. көзге түсті. Ал Әліби Жангелдин азамат соғысы қызу жүріп жатқан кезде (1918 ж. күзі) Мәскеуде жасақталған қару-жарақ керуенін Түркістан майданына жеткізді. 1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды.