
- •Билет № 1
- •Қазақстан тарихы курсының пәні мен мінденттері.
- •Қоқан және Алаш автономиялары.
- •Билет № 2
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан.
- •1918 – 1920 Жж. Азамат соғысы кезіндегі Қазақстан.
- •Билет № 3
- •Қола дәіріндегі Қазақстан.
- •Абылай ханның ішкі – сыртқы саясаты.
- •Жаңа экономикалық кезіндегі Қазақстан.
- •Билет № 4
- •Ерте Темір дәірі.
- •Патша Үкіметінің отарлау саясаты.
- •Қазақ акср – ның құрылуы және оның тарихи маңызы.
- •Билет № 5
- •Қазақстан территориясындағы үйсін және қаңлылар.
- •Қазақтардың 1773 – 1775 жж. Е. Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы.
- •1920 – 1930 Жж. Қазақстандағы мәдени революциясы.
- •Билет № 6
- •Ғұндардың Қазақстан тарихындағы рөлі.
- •Кіші жүздегі Сырым Датұлы басқарған көтеріліс.
- •Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, мақсаты және нәтижесі.
- •Билет № 7
- •Бөкей хандығының құрылуы. Оның Қазақстан тарихындағы және Ресей саясатындағы рөлі.
- •1920 – 1930 Жж. Қазақстанның индустриялы дамуы.
- •Билет № 8
- •Қазақстандағы патша үкіметінің әкімшілік реформалары. XIX ғ. I – жартысында «Сібір қырғыздары ережесі», «Орынбор қырғыздары ережесі».
- •XX ғ. 1930 – 1950 жж. Қазақ зиялыларына қарсы бағытталған репрессиялар.
- •Билет № 9
- •Исатай Тайманов және Махамбет Өтемісов бастаған ұлт – азаттық көтерілістер.
- •1941 – 1945 Жж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан. Қазақстан – арсеналы. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының батырлары.
- •Билет № 10
- •Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт – азаттық көтеріліс.
- •Қазақтардың шет елдерге қоныс аударулары, себебі, негізгі кезеңдері.
- •Билет № 11
- •Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.
- •Батыс Қазақстандағы отарлық саясатқа қарсы күрес. Сұлтандар Арынғазы және Қаратай, Жоламан, Есет билер басқарған көтерілістер.
- •1930 – 1950 Жж. Халықтың ұлттық құрамының өзгеруі.
- •Билет № 12
- •Билет № 13
- •Билет № 14
- •Қазақстанның XIX – XX ғғ. Басындағы әлеуметтік – экономикалық дамуы.
- •Қазақстан қайта құру кезінде. 1986 ж. Желтоқсан оқиғасы.
- •Билет № 15
- •XX ғ. Қазақстанның мәдениеті.
- •Билет № 16
- •Тәуке хан кезіндегі Қазақстанның саяси жағдайы. «Жеті жарғы» заңдары.
- •1905 – 1907 Жж. Орыс революциясы кезіндегі Қазақстан.
- •Ұлттық тәуелсіздік жөніндегі декларацияның қабылдануы.
- •Билет № 17
- •1995 Ж. Конституция ұлттық рәміздер қабылдануы.
- •Билет № 18
- •Қазақстан – 2030 бағдарламасы. Қр 2030 стратигиясы.
- •Билет № 19
- •1917 Ж. Ақпан революциясы кезіндегі Қазақстан.
- •Билет № 20
- •XVII – XVIII ғғ. Қазақ – жоңғар соғыстары.
- •1917 Ж. Ақпан мен Қазан революциялары аралығындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен қозғалыстар «Алаш», «Үш - жүз».
- •Қазақстанның экологиялық проблемалары.
- •Билет № 21
- •Қазақ билері. XVII – XVIII ғғ. Қазақ қоғамындағы олардың рөлі. Төле – би, Қазыбек – би, Әйтеке – би.
- •XX ғ. Басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық саяси қызметі.
- •Н. А. Назарбаев – Қазақстан Республикасының бірінші президенті.
- •Билет № 22
- •XVIII ғғ. Қазақ – орыс қатынастары.
- •Ресейдегі 1917 ж. Қазан төңкерісі.
- •Билет № 23
- •Қазақстанның Ресейге қосыла басиауы, себебі, кезеңдері.
- •Қазақстандағы ұлт – аралық қатынастардың дамуы.
- •Қазақстандағы қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар (қазіргі кезеңдегі).
- •Билет № 24
- •XiVғ. Соңындағы Ақсақ – Темір мен Дешті – Қыпшақ тайпаларының өзара қатынастары.
- •Көшпелі өзбектер мемлекет. Өзбек ұлысының этникалық компаненттері.
- •Жоңғар хандығының күшеюі. «Ақтабан шұбырынды...» жылдары.
- •Билет № 25
- •Күштеп ұжымдастыру XX ғ. 30 жж. Қазақтардың көшіп кетуі.
- •А. Құнанбаев және оның қазақ мәдениетіндегі алатын орны.
- •Билет №26
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан. Дәуірдің ерекшеліктері, шаруашылығы, әлеуметтік ұйымдары.
- •Тың және тыңайған жерлерді игеру және нәтижесі.
- •Қазақстан территориясындағы үйсін және қаңлылар.
Ұлттық тәуелсіздік жөніндегі декларацияның қабылдануы.
1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің сессиясында тұңғыш рет қазақ мемлекеттілігінің егемендігі туралы мәселе қаралады. Онда мемлекеттің егемендігін бекітетін тарихи маңызды құжат – «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Қысылтаяң шақта егемендік туралы Декларацияны қабылдау оңайға түспеді. Өйткені Одақ пен коммунистік партияның билігі әлі де күшті болатын. 1990 жылы 16 қыркүйекте «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның» жобасы алғаш рет БАҚ-та жарияланды. Сол кезде одан өзге «Азат» азаматтық қозғалысы да Декларацияның балама нұсқасын әзірлепті. Қалай дегенмен де егемендікті жария еткен құжатты қабылдау барысында егемендікке қарсы кейбіреулер «мемлекеттік тіл – қазақ тілі», «қазақ ұлты тағдырының жауапкершілігін сезіне отырып» деп келетін тұжырымдарға келіспеушілік танытты. Сонымен бірге сессияда «басқарушы және негізгі күш коммунистік партия болып табылады» деген 6-бапты алып тастау туралы батыл ұсынысқа егемендікті қаламайтын «қызыл коммунистер» көп қарсылық білдіріпті. Тіпті кейбіреулердің болашақ үшін аса маңызды құжатты қабылдауды кейінге қалдырмақ ойы да болған. Осындай сын сәтте Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев сынды ағаларымыз құлдықты көксейтіндерге батыл уәж айтып, ұлт мәселесін төтесінен қоя білді. Буырқанған егемендік рух пен құлдық сана арпалысқан сессияда Декларациядағы 17-бап сегіз сағат бойы талқыға түсті. Кеңестер Одағының талқаны таусылмай жатып, одақтас республикалардың кейбірі тәуелсіздік туралы заңдарды қабылдап үлгерген-ді. Сөйтіп, КСРО дейтін қараңғы қапастан егемендіктің 15 гүлі қауызын жарып, бүршік атты. Мемлекеттік егемендік туралы құжат республиканың егемендігін баянды еткен тұңғыш заңнамалық акт болды. Бұл құжат бойынша Қазақстан елі халықаралық қатынастарда дербес толыққанды объекті ретінде сыртқы саясатта өзінің мүдделерін айқындап, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға мүмкіндік алды. Еліміз егемендік Декларациясы арқылы табиғи байлығымызды, экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетін толық меншігіне алды. Қазақстан территориясындағы барлық әскери құрылымдар мемлекет қарамағына өтеді. Декларация бойынша Қазақстан территориясында егемендікке қайшы келетін КСРОзаңдарының күші жойылды. Декларация орталыққа бағынышты күйден арылтып, Мәскеумен жаңа жағдайда тең әріптес ретінде ынтымақтастыққа қол жеткізді. Сонымен, Мемлекеттік егемендік Декларациясы – егемендікті білдіретін құр мәлімдеме амбиция ғана емес, шын мәнінде, заңдық күшке ие маңызды құжат. Сондықтан да егемендік туралы Декларациясы, кейін 1991 жылдың 16 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Декларациясымен терең үндестік тапты.Кейбір саясаткерлер пікірінше бұл күнді тәуелсіздік күні деуден гөрі желтоқсан құрбандарын еске алу күні десе болғандай. Өйткені 1986 шы жылдың желтоқсанның 16-сы күні кешінде қазақ жастарының үлкен күреске шыққан күні, алайда биліктегілер бұл күнді ұмыттыру үшін әдейі тәуелсіздік күні деп жариялап отыр.