
- •Билет № 1
- •Қазақстан тарихы курсының пәні мен мінденттері.
- •Қоқан және Алаш автономиялары.
- •Билет № 2
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан.
- •1918 – 1920 Жж. Азамат соғысы кезіндегі Қазақстан.
- •Билет № 3
- •Қола дәіріндегі Қазақстан.
- •Абылай ханның ішкі – сыртқы саясаты.
- •Жаңа экономикалық кезіндегі Қазақстан.
- •Билет № 4
- •Ерте Темір дәірі.
- •Патша Үкіметінің отарлау саясаты.
- •Қазақ акср – ның құрылуы және оның тарихи маңызы.
- •Билет № 5
- •Қазақстан территориясындағы үйсін және қаңлылар.
- •Қазақтардың 1773 – 1775 жж. Е. Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы.
- •1920 – 1930 Жж. Қазақстандағы мәдени революциясы.
- •Билет № 6
- •Ғұндардың Қазақстан тарихындағы рөлі.
- •Кіші жүздегі Сырым Датұлы басқарған көтеріліс.
- •Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, мақсаты және нәтижесі.
- •Билет № 7
- •Бөкей хандығының құрылуы. Оның Қазақстан тарихындағы және Ресей саясатындағы рөлі.
- •1920 – 1930 Жж. Қазақстанның индустриялы дамуы.
- •Билет № 8
- •Қазақстандағы патша үкіметінің әкімшілік реформалары. XIX ғ. I – жартысында «Сібір қырғыздары ережесі», «Орынбор қырғыздары ережесі».
- •XX ғ. 1930 – 1950 жж. Қазақ зиялыларына қарсы бағытталған репрессиялар.
- •Билет № 9
- •Исатай Тайманов және Махамбет Өтемісов бастаған ұлт – азаттық көтерілістер.
- •1941 – 1945 Жж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан. Қазақстан – арсеналы. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының батырлары.
- •Билет № 10
- •Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт – азаттық көтеріліс.
- •Қазақтардың шет елдерге қоныс аударулары, себебі, негізгі кезеңдері.
- •Билет № 11
- •Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.
- •Батыс Қазақстандағы отарлық саясатқа қарсы күрес. Сұлтандар Арынғазы және Қаратай, Жоламан, Есет билер басқарған көтерілістер.
- •1930 – 1950 Жж. Халықтың ұлттық құрамының өзгеруі.
- •Билет № 12
- •Билет № 13
- •Билет № 14
- •Қазақстанның XIX – XX ғғ. Басындағы әлеуметтік – экономикалық дамуы.
- •Қазақстан қайта құру кезінде. 1986 ж. Желтоқсан оқиғасы.
- •Билет № 15
- •XX ғ. Қазақстанның мәдениеті.
- •Билет № 16
- •Тәуке хан кезіндегі Қазақстанның саяси жағдайы. «Жеті жарғы» заңдары.
- •1905 – 1907 Жж. Орыс революциясы кезіндегі Қазақстан.
- •Ұлттық тәуелсіздік жөніндегі декларацияның қабылдануы.
- •Билет № 17
- •1995 Ж. Конституция ұлттық рәміздер қабылдануы.
- •Билет № 18
- •Қазақстан – 2030 бағдарламасы. Қр 2030 стратигиясы.
- •Билет № 19
- •1917 Ж. Ақпан революциясы кезіндегі Қазақстан.
- •Билет № 20
- •XVII – XVIII ғғ. Қазақ – жоңғар соғыстары.
- •1917 Ж. Ақпан мен Қазан революциялары аралығындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен қозғалыстар «Алаш», «Үш - жүз».
- •Қазақстанның экологиялық проблемалары.
- •Билет № 21
- •Қазақ билері. XVII – XVIII ғғ. Қазақ қоғамындағы олардың рөлі. Төле – би, Қазыбек – би, Әйтеке – би.
- •XX ғ. Басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық саяси қызметі.
- •Н. А. Назарбаев – Қазақстан Республикасының бірінші президенті.
- •Билет № 22
- •XVIII ғғ. Қазақ – орыс қатынастары.
- •Ресейдегі 1917 ж. Қазан төңкерісі.
- •Билет № 23
- •Қазақстанның Ресейге қосыла басиауы, себебі, кезеңдері.
- •Қазақстандағы ұлт – аралық қатынастардың дамуы.
- •Қазақстандағы қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар (қазіргі кезеңдегі).
- •Билет № 24
- •XiVғ. Соңындағы Ақсақ – Темір мен Дешті – Қыпшақ тайпаларының өзара қатынастары.
- •Көшпелі өзбектер мемлекет. Өзбек ұлысының этникалық компаненттері.
- •Жоңғар хандығының күшеюі. «Ақтабан шұбырынды...» жылдары.
- •Билет № 25
- •Күштеп ұжымдастыру XX ғ. 30 жж. Қазақтардың көшіп кетуі.
- •А. Құнанбаев және оның қазақ мәдениетіндегі алатын орны.
- •Билет №26
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан. Дәуірдің ерекшеліктері, шаруашылығы, әлеуметтік ұйымдары.
- •Тың және тыңайған жерлерді игеру және нәтижесі.
- •Қазақстан территориясындағы үйсін және қаңлылар.
Қазақстанның XIX – XX ғғ. Басындағы әлеуметтік – экономикалық дамуы.
XIX ғ. екінші жартысында Ресейдің капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауылшаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді. Сауда және өсімқорлық капиталы Ресейдің орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бірге өлкенің өз ішінде де тауар айналысының өсуін шапшаңдатты. Қазақ шаруашылығының рынокпен байланысының ұлғаюына патша өкіметінің салық саясаты үлкен ықпал жасады. Қазақтарға ақшалай көптеген салықтардың салынуы, олардың өнімдерінің бір бөлігін рыноктар арқылы саудаға салуға мәжбүр етті. Мал мен астық барған сайын тауарға айналды.70–80 жылдарда Ресейде фабрикалық тоқыма өндірісінің шапшаң өсуімен байланысты Қазақстан базарларына Ресейден мата көп келетін болды. Сонымен бірге күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар (самауыр, қазан, шалғы, орақ, кетпен, ошақ, балта, пышақ, т. б.) көтеріңкі бағамен сатылды. Қазақстан бұл тауарларға айырбасқа мал мен мал шаруашылығында өндірілетін шикізат берді. Қазақ халқы айырбас шартының қандайына болса да келісуге мәжбүр болды, өйткені ол өзіне қажетті тауарларды еш жерден сатып ала алмайтын еді және шаруашылығының артық өнімдерін тиімді өткізе алмады.Ресей саудагерлері Қазақстанда сауданың жаңа түрін – жәрмеңкелік сауданы енгізді. Қазақстандағы тұңғыш жәрмеңке 1832 жылы Бөкей ордасында Хан ордасы жанынан ашылды. Кейіннен Ақмола облысы Тайыншакөл, (Петропавл маңында), Константиновск (Ақмола), Петровск (Атбасарда) және 50 ден астам ұсақ және орташа жәрмеңкелер жұмыс істеді. 1848 жылы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі, ал кейіннен Шар (Семей облысы), Қарқара (Жетісу), Әулиеата (Сырдария облысы), Ойыл, Темір (Орал облысы) жәрмеңкелері жұмыс істеді.Қазақстанда сауда капиталының пәрменді түрде енуімен өлкеде сауданың тұрақты формалары: дүкендер, көтерме сауда қоймалары көбейді.XIX ғасырдың 80–90 жылдарында Қазақстанда өсімқорлық сауда жаппай тараған кез еді. Өлкеде тауар айналымы өскен сайын өсімқорлықпен қатар, банктер мен басқа да кредит мекемелері беретін қарыздардың капиталистік формалары орын ала бастады.Қазақстанда капиталистік түрдегі сауда-саттықтың күшеюі жергілікті сауда буржуазиясының қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Осы кезде, Қазақстанда 30дан астам қалалар мен 400 казак-орыс поселкалары пайда болды. Қалаларда әскери адамдар, құрметті азаматтар мен саудагерлер, қазақ ұлықтары тұрды. Қала халқының көпшілігі кедейленген шаруалар мен майда кәсіпорындарының жұмысшылары болатын.XIX ғасырдың аяғында Ресей капиталистері Қазақстанда өнеркәсіп өндірісін ұйымдастырып, мұнда өздерінің қаржыларын әкеле бастады. Жер мен шикізат арзан еді, жұмысшылардың жалақысы төмен болды. Мұның өзі банк мекемелерінің ашылып, олардағы ақша айналым қатынастарын күшейтті. 1871 жылы Қазақстанда алғашқы ашылған банктердің бірі – Петропавлдағы негізгі капиталы 40 мың сом болатын қалалық қоғамдық банк еді. 1875 жылы Ташкентте Мемлекеттік банк бөлімшесі құрылды.Табиғи қазба байлықтарға өте бай Қазақстанда кен өндіру өнеркәсібі өлкенің өнеркәсіп өндірісінің маңызды саласы бола бастады. 1896 жылы бір ғана Қарқаралы уезінде 70-ке жуық шағын мыс, 170 күміс-қорғасын, 3 темір т. б. рудниктері жұмыс істеді. XIX ғасырдың аяғында Жайық өзені мен Каспий теңізі жағалауында балық аулау кәсіпшіліктері капиталистік кәсіпорындарға айналды. Шымкент пен Түркістанда негізінен мақта тазалайтын бірнеше зауыт істеп тұрды. Арал теңізінде, Павлодар уезіндегі Қарабас көлінде, Орал облысы Басқұншақ кәсіпшілігінде тұз кен орындары ашылды.XIX ғ. 70-ші жылдары ішкі Ресейден Қазақстанға темір жол тартыла бастады. 1874–1876 жылдары Орынбор темір жолы салынып, ол Торғай облысы мен Орынборды Орталық Ресеймен жалғастырды.Сонымен, капиталистік қатынастардың қазақ даласына енуі өлкеде негізінен мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі және жартылай көшпелі халықтың патриархалдық-феодалдық қатынастарының ыдырау процесін жеделдетті. Елде өнеркәсіптің жаңа салаларын туындатып, қоғамдық еңбек бөлінісіне және жұмысшы табы кадрларының шығуына себебін тигізді.