
- •Билет № 1
- •Қазақстан тарихы курсының пәні мен мінденттері.
- •Қоқан және Алаш автономиялары.
- •Билет № 2
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан.
- •1918 – 1920 Жж. Азамат соғысы кезіндегі Қазақстан.
- •Билет № 3
- •Қола дәіріндегі Қазақстан.
- •Абылай ханның ішкі – сыртқы саясаты.
- •Жаңа экономикалық кезіндегі Қазақстан.
- •Билет № 4
- •Ерте Темір дәірі.
- •Патша Үкіметінің отарлау саясаты.
- •Қазақ акср – ның құрылуы және оның тарихи маңызы.
- •Билет № 5
- •Қазақстан территориясындағы үйсін және қаңлылар.
- •Қазақтардың 1773 – 1775 жж. Е. Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы.
- •1920 – 1930 Жж. Қазақстандағы мәдени революциясы.
- •Билет № 6
- •Ғұндардың Қазақстан тарихындағы рөлі.
- •Кіші жүздегі Сырым Датұлы басқарған көтеріліс.
- •Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, мақсаты және нәтижесі.
- •Билет № 7
- •Бөкей хандығының құрылуы. Оның Қазақстан тарихындағы және Ресей саясатындағы рөлі.
- •1920 – 1930 Жж. Қазақстанның индустриялы дамуы.
- •Билет № 8
- •Қазақстандағы патша үкіметінің әкімшілік реформалары. XIX ғ. I – жартысында «Сібір қырғыздары ережесі», «Орынбор қырғыздары ережесі».
- •XX ғ. 1930 – 1950 жж. Қазақ зиялыларына қарсы бағытталған репрессиялар.
- •Билет № 9
- •Исатай Тайманов және Махамбет Өтемісов бастаған ұлт – азаттық көтерілістер.
- •1941 – 1945 Жж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан. Қазақстан – арсеналы. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының батырлары.
- •Билет № 10
- •Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт – азаттық көтеріліс.
- •Қазақтардың шет елдерге қоныс аударулары, себебі, негізгі кезеңдері.
- •Билет № 11
- •Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.
- •Батыс Қазақстандағы отарлық саясатқа қарсы күрес. Сұлтандар Арынғазы және Қаратай, Жоламан, Есет билер басқарған көтерілістер.
- •1930 – 1950 Жж. Халықтың ұлттық құрамының өзгеруі.
- •Билет № 12
- •Билет № 13
- •Билет № 14
- •Қазақстанның XIX – XX ғғ. Басындағы әлеуметтік – экономикалық дамуы.
- •Қазақстан қайта құру кезінде. 1986 ж. Желтоқсан оқиғасы.
- •Билет № 15
- •XX ғ. Қазақстанның мәдениеті.
- •Билет № 16
- •Тәуке хан кезіндегі Қазақстанның саяси жағдайы. «Жеті жарғы» заңдары.
- •1905 – 1907 Жж. Орыс революциясы кезіндегі Қазақстан.
- •Ұлттық тәуелсіздік жөніндегі декларацияның қабылдануы.
- •Билет № 17
- •1995 Ж. Конституция ұлттық рәміздер қабылдануы.
- •Билет № 18
- •Қазақстан – 2030 бағдарламасы. Қр 2030 стратигиясы.
- •Билет № 19
- •1917 Ж. Ақпан революциясы кезіндегі Қазақстан.
- •Билет № 20
- •XVII – XVIII ғғ. Қазақ – жоңғар соғыстары.
- •1917 Ж. Ақпан мен Қазан революциялары аралығындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен қозғалыстар «Алаш», «Үш - жүз».
- •Қазақстанның экологиялық проблемалары.
- •Билет № 21
- •Қазақ билері. XVII – XVIII ғғ. Қазақ қоғамындағы олардың рөлі. Төле – би, Қазыбек – би, Әйтеке – би.
- •XX ғ. Басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық саяси қызметі.
- •Н. А. Назарбаев – Қазақстан Республикасының бірінші президенті.
- •Билет № 22
- •XVIII ғғ. Қазақ – орыс қатынастары.
- •Ресейдегі 1917 ж. Қазан төңкерісі.
- •Билет № 23
- •Қазақстанның Ресейге қосыла басиауы, себебі, кезеңдері.
- •Қазақстандағы ұлт – аралық қатынастардың дамуы.
- •Қазақстандағы қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар (қазіргі кезеңдегі).
- •Билет № 24
- •XiVғ. Соңындағы Ақсақ – Темір мен Дешті – Қыпшақ тайпаларының өзара қатынастары.
- •Көшпелі өзбектер мемлекет. Өзбек ұлысының этникалық компаненттері.
- •Жоңғар хандығының күшеюі. «Ақтабан шұбырынды...» жылдары.
- •Билет № 25
- •Күштеп ұжымдастыру XX ғ. 30 жж. Қазақтардың көшіп кетуі.
- •А. Құнанбаев және оның қазақ мәдениетіндегі алатын орны.
- •Билет №26
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан. Дәуірдің ерекшеліктері, шаруашылығы, әлеуметтік ұйымдары.
- •Тың және тыңайған жерлерді игеру және нәтижесі.
- •Қазақстан территориясындағы үйсін және қаңлылар.
Батыс Қазақстандағы отарлық саясатқа қарсы күрес. Сұлтандар Арынғазы және Қаратай, Жоламан, Есет билер басқарған көтерілістер.
XIX ғасырдың басынан басталған Азия құрлығы үшін Англиямен бақталастық, Ресей үшін Қазақстанның Шығыс елдеріне апаратын «қақпа және кілт» факторының күшеюі дамып келе жатқан Ресей капитализміне жаңа шикізат көздерінің қажеттігінен туындады.Міне, осылардың бәрі XIX ғасырдың ортасында үлкен маңызға ие болып, Ресейдің Орталық Азияны жаулап алу саясатында Қазақстанның оңтүстік өңірінің стратегиялық маңызын арттыра түсті. Сыр бойында алғашқы орыс бекінісі — Арал (Райым) Арал теңізінен 60 шақырым жерде орналасты.Орыс бекіністерінің салына бастауы хиуалықтардың табанды қарсылығына кезікті. Хиуалықтар орыс билігіне мойынсұнған қазақтарды жазалау үшін сусыз қалдыруды көздеді. Қожаниязбекінісінің тұсынан Қуаңдарияның суын төмен жібермей бөгеп, Арал теңізіне дейінгі жерді сусыз қалдырды. Судан тапшылық көрген қазақтар — төртқара, кішкене шекті, тілеу рулары Райым бекінісінің маңайына көшіп келіп, хиуалықтарға зекет төлеуден бас тартады. Жалпы, бұған дейін Сырдың төменгі ағысы, Арал өңірінде бұрынғы Хиуа ханы Қайыптың немересіАрынғазы Әбілғазыұлы билік жүргізді. Ол 1815—1821 жылға дейін қазақтардың саяси тәуелсіздігіне қауіп төндірген Хиуа ханы Мұхаммед Рахыммен үздіксіз қарсыласты. Хиуа басқыншылығына қарсы күрес Арынғазының беделін өсірді. Оның билігін Орта жүздің батыс бөлігіндегі қазақтар да мойындады. Көптеген қазақтар Арынғазы шетел басқыншылары мен өз билеушілерінің озбырлығынан құтқарады деп үміттенді. Жайықтан Сырға дейінгі далада билігі жүруге тиісті Шерғазы Айшуақұлының орнына халық Арынғазыны бекітуді сұрайды. Арынғазының қол астына қарулы жасақтар топтаса бастайды. Арынғазының күшеюінен сескенген патша үкіметі Арынғазыдан құтылу үшін сылтауратып 1821 жылы оны Петербургке шақырды. Ол жолда ұсталып, Калугаға жер аударылды. Өз халқынан осылайша қол үзген Арынғазы 1833 жылы сол жақта қайтыс болды. Сыр бойын иеленуге ұмтылған патшалық Ресей өз жолындағы кедергіден осындай жолмен құтылды.Арынғазының тұтқындалуы Сыр өңірі қазақтары үшін орны толмас ауыртпалықтарға әкелді. Бұл аймақта Хиуа бектерінің үстемдігі орнады. Жайық пен Елек өзені аралығындағы жерден айырылуға байланысты Жоламан Тіленішұлы көтерілісінің басталуына да Арынғазының тұтқындалуы себеп болды.Енді Сыр бойындағы қазақтарды Қоқан, Хиуа хандықтарынан азат етуге кішкене шекті руының билеушісі Жанғожа батыр бел шешіп кірісті. XIX ғасырдың ортасына дейін хиуалықтарСырдарияның төменгі ағысына дейінгі, қоқандықтар Ақмешітке дейінгі жерлерді бақылауда ұстады. Жанғожа батыр осындай жағдайда Орталық Азияға қарай жылжып келе жатқанРесейдің көмегіне сүйеніп, қазақтардың дербестігін қорғауды ойлады. Қазақтардың Ресей жағында тұрғанын байқаған Хиуа ханы 1847 жылғы тамыз, 1848 жылғы наурыз айында 6 мың әскермен Сырдың екі жағындағы елге жойқын жорық ұйымдастырды.Екі күннен кейін Жанғожа өз сарбаздары және Райым гарнизонының көмегімен хиуалықтардың Жаңақала бекінісінің, қоқандықтардың Қошқорған бекіністерінің күл-талқанын шығарады.Патшалық әкімшілік Жанғожаның халық алдындағы зор беделін ескеріп, оны өз жағына тарту үшін казак әскерінің «есаул» шенін береді. «Ерлігі үшін» алтын медалін сыйлап, Сыр қазақтарын басқарушы ретінде 200 сом төлемақы белгілейді. Алайда Жанғожа шеннен де, төлемақыдан да, ант беруден де бас тартады. Жанғожа батыр басында Ресей әскерін хиуалықтардан қорғаушы ретінде қабылданғанымен, уақыт өте келе олардың да отаршылдық пиғылын тереңірек түсіне бастаған еді. Орынбор әскери генерал-губернаторы Обручев Жанғожаны «бағынбағандығы үшін» жазалауға көшеді. Қазалы маңындағы қазақтарға салық төлеткізіп, әскери бекіністердегі ауыр жұмыстарға салды. Егістікке қолайлы жерді басып алды.Сырдария бойындағы қазақтар көтерілісінің негізгі себебі де жерінің тартып алынуынан еді. Орыс армиясы Қоқан бекіністерін жаулап алу арқылы Сырдария әскери шебін құрды.Қазақстанның Ресейге қосылуын аяқтау үшін Сырдария әскери шебін Сібір шебімен қосу көзделді. 1853 жылы Перовскийдің басшылығымен Аралдан Ақмешітке дейінгі аралықта бекіністер салынды. Қоқандықтар үшін саяси стратегиялық және экономикалық үлкен маңызы бар Ақмешіт 20 күн қоршаудан кейін аса зор әскери күштің арқасында орыс әскерлерінің қол астына өтті. Ақмешіт Ресейдің қол астына өткеннен кейін Перовск форты салынып, Сырдария шебі құрылды. Райым (Қазалы) мен Ақмешітке дейінгі аймақта отаршылдық тәртіп орнады. 1 сом 50 тиын түтін салығы енгізіліп, толып жатқан еңбек міндеткерліктері: әскери бекіністер құрылысы, бекіністер арасында жол, көпір салу, егіске керек су жүйелерін қазу, жүк тасу үшін көлікпен (түйемен), адам күшімен қамтамасыз ету жүктелді.Жаңа тәртіпке наразылар Жем бойында көшіп жүрген Есет батыр мен Сыр маңындағы Жанғожа бастаған отаршылдыққа қарсы күреске қосылды. Көтерілістің ошағы Қызылқұм,Жаңақалада орналасты. Көтерілісшілердің қарулану дәрежесі төмен, астындағы аттарының күйі болмаса да, тіпті кейбіреуі өгізге мініп, кейбіреулері жаяу-жалпы болса да, олардың күрескерлік рухы жоғары еді. Көтеріліске Сыр бойындағы алты ата әлімұлынан кішкене және үлкен шектілер, қарасақал, шөмекей, кете, төртқара сияқты т.б. үш мыңға жуық жергілікті халық қатысты.1857 жылы қаңтарда Ақмешіттен Перовскийдің бұйрығымен «Ритингофтың әскері 1 зеңбірек, 2 зымыран станогы, 300 аттылы казак әскері, Елекей Қасымұлы бастаған 320 жаяу башқұрт жасағы шықты. Оған Арал флотилиясының бастығы Бутаков жасағы да көмекке жетті. Міне, осыдан-ақ көтерілістің патша әкімшілігін қатты әбігерге салғандығын аңғарамыз.Жанғожа бастаған көтерілісшілер Фитингоф әскерімен 1857 жылы 9 қаңтарда Арықбалық деген жерде бетпе-бет кездеседі. Жараланған Жанғожа қолы біртіндеп шегініп, Бұхар жеріне өтіп кетеді. Көтеріліс жеңіліс тапты. Көтерілісшілерді өкшелей қуған жасақтар оларды таба алмады, есесіне жолда кездескен ауылдарды айуандықпен талан-таражға салды. Ашыққан ел балықты талшық етіп қана аман қалды. Көтерілісшілердің көп бөлігі Хиуа жеріне өтіп кетті. Азып-тозған халықты бастап Жанғожа тек 1860 жылы ғана кайта елге оралады.Сырдария әскери шебінің бастығы Жанғожаға қарсы оның ежелгі қас дұшпаны Елекей Қасымұлының басшылығымен 600 орыс әскерін аттандырады. Олар Жанғожа ауылын қоршайды.Жанғожа келе жатқан жасақты көрсе де асықпай намазын оқып, жауларына қасқая қарай отыра береді. Жаулары оны қолға түсіруге батпай, алыстан атқылайды. Осылайша 90 жастағы батыр орыс жендеттері мен итаршыларының қолынан қаза тапты.