Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры история.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Билет № 10

  1. VI – XII ғғ. Қазақстан жеріндегі тайпалар мен халықтар мәдениеті.

VI - XII ғғ. Қазақстан жеріндегі тайпалар мен халықтар мәдениеті. Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі (II-V ғғ.) Қазақстанның Орта Азия мен Шығыс Европаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. V ғасырға қарай Солтүстік Моңғолиядан Амударияның атырауына дейінгі ұлаң-ғайыр территорияны тирек деген жалпы аты бар тайпалар мекендеген. Деректемелер олардың ішінде: бұғу, қарлұқ, бұлақ, эдиз, таринах, толенгет, байырқу, беклі, қыбыр, сығыр, зебендер, тарғай, баргур және т.б тайпаларды атайды. Бұл мемлекет туралы жазба деректер түрік тайпаларының өз тілінде жазылған «Үлкен күлтегін», «Таныкөк» құлпытастарындағы жазуларынан белгілі. Махмұд Қашқари, Рашид-ад-диннің тарихи жазбаларынан көптеген құнды деректер алуға болады. Византия, Қытай тарихшылары да мол мәлімет береді. Қазақстанның тарихында бұл мерзім «Түрік дәуірі» (VI-XIII ғ.ғ.) деген атпен белгілі. Қазақ жерінде көрсетілген мерзімде бірнеше феодалдық мемлекеттер өздерінің саяси-әкімшілік биліктерін жүргізді.

  1. Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт – азаттық көтеріліс.

Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт - азаттық көтеріліс. Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жылдар аралығы) — қазақтардың патша үкіметіне қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды.1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс басталды. Ол Қазақстандағы ірі көтерілістердің бірі еді. Сұлтан Кенесары 1802 жылы дүниеге келген. Ол Қасым сұлтанның бел баласы, Абылай ханның туған немересі еді. Көтерілістің болашақ басшысы Кенесары бала кезінен-ақ ат құлағында ойнады, құралайды көзге атқан мерген болды. Қанжығасы қанды ғажайып аңшылығымен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, ерік-жігері, қажымас қайратымен және жүрек жұтқан батылдығымен, қайтпас қайсар қаһармандығымен тaнылды. Оның бойында ұйымдастырушылық және әскери қолбасшылық таланты мол болатын. Оған үш жүздің қазақтары түгел қатысты. Кенесары тарих сахнасына өзінің ұлы бабасы Абылай ханның ісін жалғастырып, алға алып барушы ретінде шықты. Көтеріліс Кенесарының патша үкіметінің саясатын жарамсақтана қолдаған жексұрын сұлтандар мен билердің ауылдарын шауып алудан басталды. Ол шекара шебіндегі бекіністерге де, патша үкіметінің әскери жасақтарына да жиі-жиі шабуыл жасап тұрды Көтерілістің негізгі мақсаты Қазақстанның Абылай хан кезіндегі аумақтық тұтастығын қалпына келтіру әрі Ресейдің құрамына кірмеген жерлерді сақтап қалу. [өңдеу]Көтерілістің басты себептері Патша өкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясаты, Орта жүзде хандық билікті жойып, ресейлік әкімшілік басқарудың жүзеге асырыла бастауы, осылардың салдарынан қазақ халқының, әсіресе шаруалардың жағдайының нашарлай түсуі. Көтерілістің ұлт-азаттық сипаты Қазақ жерін әскери отарлаудан, яғни Ресей бодандығынан, Қоқан бектерінің озбырлығынан құтқаруға бағытталған азаттық жолындағы күрес болды. [өңдеу]Көтерілістің қозғауыш күштері Қазақ шаруалары. Сонымен қатар тәуелсіздікті қалпына келтіру жолындағы күреске қатартағы егіншілер де, старшындар да, сұлтандар да ат салысты. Әрине, оған қатысқан үстем тап өкілдерінің мақсаттары бірыңғай емес еді. Жасақшыларға қолбасшылық еткендер арасында Ағыбай, Иман (Амангелді Имановтың атасы), Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жеке, Сураншы, Байсейіт, Жоламан Тіленшиев, Бұқарбай сияқты әйгілі халық батырлары болды. Көтеріліске қатысқандар арасында орыстар, өзбектер, қырғыздар, башқұрттар, татарлар да кездесетін. [өңдеу]Кенесары Қасымұлы —ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы Кенесары Қасымұлы тарих сахнасына Абылай ханның ісін жалғастырушы болып енді. Патша өкіметінің отарлау саясатында 1822—1824 жылдардағы Сібір, Орынбор қазақтары туралы Жарғылар қабылданғаннан кейін, Қазақстанның қалған аудандарына қауіп төнген болатын. Сондықтан ұлт-азаттық қозғалысын басқаруға талап қылған Кенесары сұлтан қазақтың қалған жерін отарлаудан сақтап қалуға әрекет жасады. Бірақ ол бұл әрекетін әуелі бейбіт жолмен шешуді көздеді. Азаттық жолындағы қозғалыстың жеңілу себептері мен тарихи маңызы Сол тарихи кезеңде Қазақстанда қалыптасқан қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономиқалық жағдайда бұл ұлт-азаттық қоғалыстың да түпкілікті жеңіске жетуі мүмкін емес еді. Ресей империясының қуатты, тұрақты әскери күші бар екенін былай қойғанда, жеңілудің басқа да себептері болды. Көтеріліске қатысқан үстем тап өкілдері арасында ауызбіршілік болмады. Өзін қолдамаған туыстарымен, қазақтың ауқатты топтарымен, Қоқан хандығымен, ақырында қырғыз ағайындармен күресіп, Кенесары өз күшін әлсіретті. Жікке бөлінген қазақ рулары көтерілісті көбіне өз аймақтарында қолдап, басқа аймақтарға ауысқанда, әсіресе Қоқан және Қырғыз жеріне басып кіргенде, оған қосылмады. Өзін қолдамаған ауылдарды қатаң жазалауы да көтерілісті әлсіретті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]