Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры история.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.02.2020
Размер:
1.03 Mб
Скачать
  1. Исатай Тайманов және Махамбет Өтемісов бастаған ұлт – азаттық көтерілістер.

1836—1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. 1836 жылы халық көтерілісі басталды. Оның қозғаушы күші қатардағы бақташы қазақтар болды. Көтеріліс туының астына бірқатар старшындар да жиналды. Сұлтандар мұның ақыры не болар екен деп, әліптің артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерілісшілерге қарсы шықты. Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1845) басқарды. Оның екеуі де беріш руының жайық атасынан болатын. Исатай Тайманұлы 1791 жылы дүниеге келген. 1808 жылы Жайықтың сол жағалауында қатты ашаршылық болған кезде оның руы жақсы жағдай іздеп, Ішкі Ордаға өтіп кетуге мәжбүр болған еді. Исатай 21 жасында өз руының жайық атасына старшын болып тағайындалады. Ол өз қандастарының арасында орасан зор бедел мен сый-құрметке бөленді.1836 жылғы ақпанда көтерілісшілер Жәңгір ханға қарсы ашық- таншық шабуылға шықты. Мұның басты себебі Исатай Тайманұлының Хан ордасына қыр көрсетуі болды. Ол ханның шақыруына барудан үзілді-кесілді бас тартты. Оның үстіне, өзіне қарасты ауылдарды қыстаудан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен жасағын топтастырды.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды. Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды. Көтерілісаяусыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді.

  1. 1941 – 1945 Жж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан. Қазақстан – арсеналы. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының батырлары.

1941ж. 22 маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңес Одағына басып кірді. Гитлершілер КСРО-ға қарсы соғысты Атлантикадан Сібірге дейін славян және түрік-маңғол тұқымдас «жабайылардан» «тазартылған» «герман-терреториялық-этностық тұтастығын» құрудың шешуші кезеңі және дүние жүзін жаулап алудың алғы шарты деп санады. Англия мен АҚШ-ты талқандағанға және «тұтастыққа» немістерді қоныстандырғанға дейін өзі-өзі басқаруға ұқсас Остланд, Украина, Мәскеу, Кавказ рейхскомисарияттаын құру белгіленді. 1914ж. аяғында-1942ж. Басында «қауырт» соғыс жоспарының күйрегені белгілі болған кеңес республикаларының «бірігу күшін» әлсіретудің жолын іздеуге әлсіретуге тура келді, жаңағылардан басқа Еділ-Орал және Гросс-Түркістан буржуазиялық ұлт мемлекеттерін, сондай-ақ Қарағанды, Новосібір және Кузнецк «индустриялық облыстарын» құру жоспары пайда болды. Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысты. Соғыс қарсаңында оның стратегиялық маңызы бар мол адам және табиғи ресурстары болды. Бұған дейінгі өткен 20 жылдың ішінде жоспарланғандай патреархалдық феодализммен социолизмге аса зор секіріс жасауды, халықтардың экономикалық және мәдени жағынан іс жүзіндегі теңсіздігін жоюды жүзеге асыруға қол жетпегеніне қарамай, көп нәрсе жасалған еді. Бірақ сол қаурт дамудың көлеңкелі жақтары да болды – ашаршылық, негізсіз жазалау, онсызда аз ұлттық интелигенттердің едәуір бөлігін қырып жіберу, Қазақ халқының санын азайту, ұлы даланы қудалауға түскен халықтарда көшіріп әкелетін зонаға айналдыра бастау, міне осының бәрі халықтарды әлсіретті, олардың санасын улады, өлкенің мүмкіндіктерін елдің қорғаныс қуатын нығайту үшін дамыту және пайдалану мүмкіндіктерін тежеді. Ал Кеңес адамдарының көпшілігі жауға қызмет істеу деген ойдан аулақ болды. Отанға берілгендік, патриатизм жаңа дүние жасаушылардың саяси пафосымен астаса отырып, халықтың көпшілігіне сталинизмнің қайғылы әскерін жеңе отырып, отанды қорғау үшін топтасуға мүмкіндік берді. 1939ж. халық санағы бойынша Қазақстанның халқы 6,2 млн. Адам еді. Соғысушы армия қатарына соғыс жылдары 1. 196. 164. Қазақстандық сапқа Қазақстан - арсеналы. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының батырлары :::: , генерал-майор И. В. Панфилов. Кенес Одағының Батырлары - Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Рашид Жанғозин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Төлеуғали Елебековтер бар. . Алексин қаласы үшін шайқастарға қазақ халқының аты аңызға айналған батыры Амангелді Имановтың ұлы, қатардағы автоматшы (атқыш) - Рамазан Амангелдиев қатысты. Ержүрек қазақ қыздарының даңқы бүкіл майданға тарады, олардың ішінде М. Тоқтамысова, Р. Момынова, А. Бекетова, М. Нестеренко, Е. Семенюк т. б. болды. Ұшқыш Нүркен Әбдіровке, танкист Тимофей Позолотинге, атқыш Гияз Рамаевқа, минометші Қарсыбай Спатаевқа Кеңес Одағьының Батыры атағы берілді Әскери ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандықтар ордендер мен медальдармен марапатталды, 497 қазақстандық Кеңестер Одағының Батыры атанды. Бұл атақты 97 қазақ иеленді, олардың ішінде қазақ қыздары - Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова бар. Төрт қазақстандық ұшқыш - Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский Кеңес Одағының Батыры атағына екі рет ие болды. Қазақстан - арсеналы. 1941-1945 жылдары республика бұрынғы КСРО-дағы қорғасын (85%), мыс (35%) қорыту, полиметалл және мыс рудаларын өндіру жөніндегі жетекші орнын сақтап қалды. Барланған кен орындарының негізінде металл өндіру, байыту мен қорыту кәсіпорындары салынды (Шығыс Қоңырат молибден, Жезді марганец, Донской хромит кеніштері (рудниктері), Ақшатау молибден-вольфрам, Текелі полиметалл, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты т. б.). Осының арқасында Қазақстан одақтағы молибден мен марганец рудаларының 60%-ын, висмуттың 65%-ын, полиметалл рудалары мен қорғасынның 80%-ға жуығын өндірді. Соғыс кезіндегі он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылды. Соғыс қызып тұрған кезде республика қара металлургиясының «тұңғышы» - Ақтөбе ферроқорытпалар зауыты іске қосылды,ал 1943 жылы Қазақ (Қарағанды) металлургиялық зауыты алғашқы 200 тонна көлеміндегі жоғары сапалы болат қорытып шығарды, бұл көрсеткіш 1945 жылы 4,6 мың тоннаға жетті. Соғыс жылдарында республиканың қара металлургиясы ойдағыдай дамыды. Донбасты фашистер басып алғанда Қарағанды көмір кеніші соғысқа қажетті отынның 65 пайызын өндірген. Қарағанды шахтерлері төрт жыл ішінде 34 млн тонна көмір қазды. Елімізде соғыс жылдарында 19 жаңа шахта, жылдық қуаты алты миллион тонналық үш көмір разрезі салынып, пайдалануға берілді. Өлкеде көмір өндіру 1940 жылғы 6,6 млн тоннадан 1944 жылы 11,2 млн тоннаға жетті. Осы жылдары 4 жаңа мұнай кәсіпшілігі ашылды. Атырауда мұнай айыратын зауыт салынды. Соғыстың 4 жылында алдыңғы жылдармен салыстырғанда 887,9 мың тонна мұнай жөнелтілген. Қазақстан колхоздары мен совхоздары елімізге 56 млн пұт астық, 733,9 мың тонна ет, 1142 мың тонна сүт, 62,4 мың тонна жүн өткізді. Тары өсірудің шебері Шығанақ Берсиев (әр гектардан 202 центнер), атақты күрішшілер Ы. Жақаев, Ким Ман Сам, дәнді дақылдардан мол өнім алғандар М. Сатыбалдина, А. Дацкова, Н. Алпысбаевалардың ерен еңбектерін атап өтуімізге болады.Қазақстан еңбекшілері өздерінің жеке қаражатынан майдан қорына 4,7 млн сом ақша, 2 млн дана жылы киім, 1600 вагон сыйлық жөнелтті. Қару-жарақ, көлік, киім-кешек, азық-түлікті майданға жылдам жеткізу мақсатында қысқа мерзімде Қандыағаш-Орск, Жамбыл- Шолақтау, Талдыкорған-Текелі темір жол желілері тартылды. Соның нәтижесінде шикізат көздері өнеркәсіп ошақтарымен жалғасты. 1942 жылы Алматыда құрылысы басталған вагон жөндеу зауыты соғыстың соңына таман пайдалануға берілді. 1942-1943 жылдары халықтан жиналған қаржыға 10 танк колоннасы, бірнеше авиация эскадрильясы, торпедалық катерлер мен жеке ұшақтар жасалды. Соғыс жылдары Қазақстан халқы әскери техника жасауға 480,3 млн сом қаржы қосты.1945 жылы 1940 жылмен салыстырғанда шұлық бұйымдарын өндіру - 11,3 есе; мақта-мата - 7,4 есе, тоқыма бұйымдары - 4 есе, жүн мата - 2 есе, былғары аяқ киім өндіру 1,3 есе өсті. Соғыс жылдары 500-дей дивизия солдаттардың жазғы киім-кешегімен, 70 дивизия - шинельдермен, 67 дивизия — қысқы аяқ киіммен, 59 дивизия - жылы киімдермен, 25 дивизия — шолақ тондармен қамтамасыз етілді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]