Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры история.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Билет № 8

  1. X – XII ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер оғыздар, қимақтар, қыпшақтар, қараханиттер.

VIII ғасырдың екінші жартысы — IX ғасырда қаулаған оқиғалар Қимақтардыңтердің мемлекеттік ұйымдарының дамуына түрткі болды, бұл оқиғалар барысында қимақ тайпалары Ертістің орта ағысынан Жоңғар қақпасына дейінгі аумақта берік ірге теуіп, батысқа қарай, Оңтүстік Орал мен Сырдария аңғарына дейін ілгерілеп барды.Қимақтарда мемлекет болғаны туралы алғаш рет IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың басындағы араб тілді тарихи-географиялық шығармаларда айтылады. Мәселен, IX ғасырдағы тарихшы әрі географ, өз хабарларында кең білімдарлығымен және біршама жоғары дәлдігімен ерекшеленетін әл-Якуби қимақтар мен басқа да түркі тілдес халықтардың мемлекеттілігі туралы былай дейді: «Түркістан мен түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге (мамалик), соның ішінде: қарлұқтар, тоғыз-ғұздар, қимақтар және оғыздар болып бөлінеді. Түріктердің әр тайпасында жеке мемлекеті бар және олар бір- бірімен соғысып жатады.» Ибн әл-Факихте (X ғ.) қимақтар туралы қызықты мәліметтер бар, ол барлық түріктердің ең күштілері — оғыздардың, тоғыз- ғұздардың және қимақтардың патшалары бар деп жазады. Ал классикалық араб географтары әл-Истахри мен Ибн Хаукаль «түріктердің жерінде (олардың) тайпалары өз мемлекеттеріне сәйкес ерекеленеді» деп хабарлайды. Қимақ билеушісі едәуір құдіретті болған. IX ғасырдың аяғы — X ғасырдың басында Қимақ қағанаты қалыптасқан уақыттан бастап, олардың патшасы түріктердің ең жоғары атағымен қаған (хақан) деп атала бастады. «Қаған — түріктердің ең басты патшасы. Қаған — хандардың ханы, яғни парсылардың шаханшах дейтіні сияқты, басшылардың басшысы», — дейді X ғасырдағы орта азиялық ғалым әл-Хорезми. Қаған атағы ябғу атағынан екі саты жоғары тұрған.Сонымен, қимақ қоғамының тайпадан мемлекеттік құрылымға дейінгі әлеуметтік және саяси дамуына қарай олардың басшылары атақтарында да төменгі сатыдан жоғары сатыға дейін біртіндеп көшу жүріп жатты. Салыстыру тұрғысынан алғанда ертедегі түріктердің шонжарларына мынадай дәреже сатылары: шад, ябғу (үлы шад), кіші қаған, ұлы қаған атақтары тән болған. Көрініп отырғанындай, қимақтар мен ежелгі түрік атақтарының арасында байланыс бары даусыз және олар қимақтар ортасы мен ежелгі түріктердің түпкі отаны арасындағы сабақтастықты көрсетеді. Қыпшақ" атауы 760 ж. ежелгі түркінің руна ескерткіштерінде аталады. Араб географы Ибн хордадбехтың (9 ғ.) түркі тайпаларының тізімінде көрсетілген.656 ж. Батыс түркі қағандығы құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір топтары кимектердің басшылығымен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талаптары сәтсіз болып, 9-10 ғғ. Қимақтар тарихымен бірге болды. Қыпшақтар қимақ қағанатына саяси тәуелді болды.11 ғ. басында қимақ қағанаты тарағаннан кейін, кимак, қыпшақ және куман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери-саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Олар Сырдың орта және төменгі бойларынан, Арал мен Каспий өңірі далаларынан оғыз жабғыларын ығыстырады. Енді "Оғыздар даласы" (Мафазат әл-гуз) орнына Дешт Қыпшақ (Қыпшақ даласы) атауы пайда болады. 11 ғ. ортасында қыпшақтар Еділ бойымен, батысқа қарай жылжиды. Ертістен Днестрге дейінгі бүкіл аридтік зонаны алып жатқан Дешті Қыпшақтың тарихи-географиялық облысын шартты түрде Еділ бойы арқылы екі үлкен этникалық -территориялық бірлікке бөлуге болар еді: басында Тоқсоба рулық әулеті тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі және Ел-бөрілі руының хан әулеті тұрған Шығыс Қыпшақ қағанаты. Оғыздар – (ежелгі түрікше – оғуз; қазақша – оғыз) – орта ғасырларда Орталық Азияда өмір сүрген түрік тілдес тайпалар. Оғыздар атауын бірқатар зерттеушілер алғашқыда «тайпалар», «тайпалар бірлестігі» деген ұғымды білдірген деп есептеді. Оғыздар жайлы деректер түрлі жазба ескерткіштерде, шежіреде, жыр, аңыз әңгіме үлгілерінде ғұз, оғыз деген атаулармен ертеде орта ғасырлардан басталғаны белгілі. Оғыз атауының ұлыстық, тайпалық этнонимге айналуы түркі халықтарына ортақ «Оғызнама» жырындағы басты кейіпкер Оғыз қаған есімімен тікелей байланысты. Жырда ол барша түркі ру-тайпаларының арғы атасы етіп көрсетіледі. Уақыт өте келе оның есімі этностық атау мағынасына айналған. 7 ғасырдың басында Түрік қағандығы құрамында тоғыз-оғыз одағы пайда болды. Орхон руна жазуында Шығыс Түрік қағандығы (6 – 8 ғасырлар) құрамына кірген Оғыздар тайпалары Шығыс Моңғолияны мекендегендігі айтылады. Н.Я. Бичурин өзінің «Ерте кездері Орта Азиянықоныстанған халықтар жөніндегі мәліметтер» жинағында «Шығыс Түрік қағандығы кезінде Ашина ұрпағының «түрік» атымен (қайта аталып) оғыз-түрік тайпа одағының әкімшілік бірлігі болды» деп жазады. Оғыздар шамамен 8 ғасырдың орта шенінде Жетісудан Қаратау бөктері менСырдарияның төменгі ағысы алқаптарына жылжи бастаған. Қырғыздар шабуылынан 840 жылы Ұйғыр қағандығы ыдырап, оған тәуелді түрік-оғыздар қарлұқтармен болған қақтығыс нәтижесінде 9 ғасырда батысқа қарай ығысты. 9 – 10 ғасырларда Оңтүстік және Батыс Қазақстанаумағында Оғыздар этносы бірте-бірте қалыптасып орнықты. Оғыздардың этностық құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларын мекендеген ежелгі этностық топтар (негізінен, түріктенгендер) мен Жетісу, Сібірдің көшпелі және жартылай көшпелі рулары мен тайпалары енді. Оғыздар бірнеше тайпаға, тайпалар руларға бөлінді. Махмұт Қашқаридың(11 ғасыр) деректерінде оғыздардың алғашқы 24 тайпадан, кейін 22 тайпадан құралғаны айтылады. Олар: қынық, қайығ, байундур, йуа-йыуа, салғур, афшар, бәктілі, бугдуз, байат, йаз-ғыр, аймур, қарабөлук, алқабөлук, ігдір, урәгір-йурәгір, тутырқа, улайундлуғ, тугәр-тігер, бажанақ, чувулдар, чәбич, чаруқлуғ. Жетекші руы – қынық. Оғыздар бұзұқ (бузук), ұшұқ (учук)болып екіге бөлінді. Олар тиісінше оғыздар әскерлерінің оң және сол қанаттарына кірді. Осы топтардың әрқайсысы теңдей екі топқа бөлінген 24 тайпадан құралды. 9 ғасырдың соңы мен 10 ғасырдың ортасында Арал теңізі, Каспий теңізі және Сырдарияның төменгі алқаптарында Оғыз мемлекеті құрылды. Мемлекет орталық Янгикент (Жаңакент) қаласы болды. Махмұт Қашқари оғыздардың Сабран (Сауран), Сіткун (Сүткент), Суғнақ (Сығанақ), Қарнақ, т.б. қалалары болғандығын айтады. 11 ғасырдың ортасында шығыстан келген қыпшақтар оғыздар мемлекетін талқандады. Оғыздардың бір бөлігі батысқа кетіп, оңтүстік орыс далаларына қоныс тепті, салжұқтар басқарған басқа бір бөлігі алдыңғы Азия елдерін жаулап алды. Оғыздардың солтүстік-батыстағы бөліктері бертін келе Еділдің төменгі бойындағы татарлармен, оңтүстік Оралдағы башқұрттармен сіңісіп кетті. Сырдария, Арал алқаптары мен СолтүстікКаспий маңын мекендеген Оғыз тайпалары қазақ тарихында айтарлықтай із қалдырған. Оғыздардың 11 – 13 ғасырларда Кавказ бен Кіші Азияға өтіп кеткен оңтүстік тобы әзірбайжан, түрік, гагауз халықтарының этногенезінде маңызды рөл атқарды. Қарахан мемлекетінің құрылуы батыста Жетісудан Испиджабқа дейінгі және шығыста Қашғарға дейінгі ұлан-байтақ аумақта болған саяси оқиғалармен, сондай-ақ Қарлұқ қағанатыныңыдырауымен байланысты еді. Жетісуды және көршілес өңірлерді мекендеген қарлұқтардың, жікілдердің, яғмалардың Саманилерге қарсы, сондай-ақ шығыстан дүркін- дүркін шабуыл жасаған тоғыз-ғұздарға қарсы ұзаққа созылған әрі табанды күресі Қазақстан аумағының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы түрік тайпалары тобының этникалық-саяси тұрғыдан топтасуымен қоса жүрді, олардың ішінде қарлұқтар басты рөл атқарды. 840 жылы қарлұқтардың жетекшісі, Испиджабты билеуші Білге Кұл Қадырхан қаған атағын қабылдап, сол арқылы жоғарғы өкіметті алуға хақысы барын мәлімдеді. Нақ сол жылы Саманилер Испиджабты бағындырды. Білге Құл Қадыр-хан өлгеннен кейін қағанаттағы билік ушін күресте оның екі баласы суырылып шықты: Базыр Арслан-хан Баласағұнды, ал Оғұлшақ Қадыр-хан Таразды билей бастады. Таразды саманилік Исмаил ибн Ахмад басып алғаннан кейін (893 ж.) Оғұлшақ, тегінде аз уақытқа Қашғарға баруға мәжбүр болса керек, одан 904 жылы ол Саманилер иелігіне шабуыл жасады. Оғұлшактың немере інісі Сатұқ Боғра-ханды (915—955) Қарахан әулетінің негізін салушы деп есептейді. Исламды қабылдап, Саманилердің қолдауын пайдалана отырып, Сатұқ Боғра-хан Оғүлшаққа қарсы шығып, оны талқандады, сөйтіп Тараз бен Қашғарды бағындырды; 942 жылы ол Баласағұнда билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялады. Шынына келгенде, Қарахан мемлекетінің тарихы осы уақыттан басталды.[1] Сатұқ өлгеннен соң билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы қаға- наттың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Оның астана каласы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен-ілек, тегінде, Баласағунды иеленсе керек. Бұл өңірді оның баласы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды. Мұса өлген соң жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арслан-ханға көшті. Оның енші жерінің орталығы Қашғар болды, сонымен қатар ол Тараз бен Баласағұнның да билеушісі болып есептелді. Қарахан мемлекетінің саяси тарихы ол өмір сүрген алғашқы ондаған жылдың өзінде-ақ негізінен ықпалды әрі күшті екі әулеттің — Әли Арслан- хан мен Хасан (Харун) Боғра-ханның ұрпақтары арасындагы өзара қырқысқан күреске толы болды. Алғашқы кезде Әли (әлилер) ұрпағының ықпа- лы күштірек болды, ал кейін бұл ықпал Хасан ұрпақтарына (хасанилерге) көшті. Қарахан мемлекеті негізін салған Сатұқ Боғра хан(915955). 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]