Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры история.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Билет № 7

  1. VI – IX ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер. Түрік, Батыс - Түрік, Түркеш және Қарлұқ қанағаты.

Ар­хе­оло­ги­ялық мәлімет­тер бойын­ша сақ тай­па­лары Қазақстан аумағын б. з. б. VII-IV ғғ. ме­кен­де­ген. Сақ тай­па­лары әр түрлі аталған. Сақтар­ды ежелгі грек ав­торла­ры «Ази­ялық скиф­тер», пар­сы ес­керткіштерінде «Құдіретті ер­кектер», Иран жаз­ба­ларын­да «Жүйрік ат­ты тур­лар» деп атаған. Сақтар­да негізінен әске­ри қоғам бол­ды. Сақтар­дың эт­номәде­ни аре­алы­на көпте­ген тай­па­лар кіреді. Олар­дың нақты са­нын белгілеу мүмкін емес, грек де­рек­терінде – да­илар, мас­са­гет­тер, ис­се­дон­дар, т. б., пар­сы де­рек­терінде – сақ-ха­омо­вар­га, сақ-тиг­ра­ха­уда, сақ-па­рада­райа деп ата­лады.Сақтар­дың ант­ро­поло­ги­ялық типі еуро­пе­оид­ты бол­ды. Со­нымен қатар моңғоло­ид­тық эле­мент­тердің етек жа­юы күшейді. Ба­тыс Қазақстан­дағы сав­ро­мат-сар­маттар сақтарға ту­ыс­тас келді. Бүкіл тай­па мүше­лері сай­лаған тай­па көсемі – бас қол­басшы бол­ды. Олар тай­па­ны да басқарып отыр­ды. Әр көсем өз тай­па­сының қару­мен, азық-түлікпен қам­та­масыз етілуін қадағала­ды, тай­па аты­нан келіссөз жүргізіп не­месе келісімге келіп отыр­ды. Тай­па одақта­рының көсем­дері ру мен тай­па ара­сын­да жайылым және көшу­ге қажетті жер бөлу ісімен ай­на­лысып, осы жер­лерді пай­да­лану ере­жесін анықта­ды. Со­нымен қатар олар жер да­уын шешіп, ру­лар мен тай­па­лар ара­сын­да қақтығыс ту­ып кет­пеуін қадағала­ды. Сақ әйел­дері қоғам­дық өмірге бел­се­не қатыс­ты және ер­кектер­мен бірге соғыс­ты. Тіптен олар­дың кейбіре­улері тай­па көсем­дері бо­лып та сай­лан­ды. Ша­ру­ашы­лығы. Сақтар, негізінен, мал ша­ру­ашы­лығымен ай­на­лыс­ты. Мал ша­ру­ашы­лығының 3 түрі бол­ды: 1көшпелі мал ша­ру­ашы­лығы Ба­тыс және Ор­та­лық Қазақстан­да өріс ал­ды. 2қыс­тық және жаз­дық қоныс­тарды қажет ететін жар­ты­лай көшпелі мал ша­ру­ашы­лығы — Ал­тай, Тянь-Шань та­ула­рын­да, Жетісу, Шығыс Қазақстан­да көп та­рады.3 оты­рықшы мал ша­ру­ашы­лығы (жар­ты­лай егіншілікпен ай­на­лысқан). Ша­ру­ашы­лықтың мұндай түрі Оңтүстік Қазақстан­дағы Сыр­да­рия, Ке­лес, Шу өзен­дерінің аңғарын­да да­мыды. Сақтар жылқы, қой, түйені өте көп өсірді, ал ірі қара (си­ыр) са­ны аз бол­ды. Үйсіндер. Шығу тегі мен ор­на­ласуы. Б. з. б. I ғ. аяғын­да Қазақстан да­лала­рын­да сақ тай­па­ларын ығыс­тырған жаңа тай­па­лық одақтар пай­да бол­ды. Бұлар – үйсіндер, қаңлы­лар, сар­маттар, алан­дар.Жетісу­дағы сақ жер­лерін б. з. б. II ғ. Ор­та­лық Ази­ядан кел­ген үйсін тай­па­лары ме­кен­деді. Бұл тай­па­ның шыққан тегі әлі түгел­дей анықталған жоқ. Үйсіндердің негізгі ор­на­ласқан жері Іле да­ласы. Ба­тыс ше­кара­сы Шу мен Та­лас өзен­дері арқылы өтіп, қаңлы­лар жерімен ас­та­сып жатқан. Шығыс­та үйсіндер ғұндар­мен ше­кара­лас бо­лып, оңтүстікте Ферғанаға дейін со­зылған. Үйсіндер ас­та­насы – Қызыл аңғар қала­сы. Үйсіндер мем­ле­кеті 3 бөлікке: шығыс, ба­тыс, ор­та­лық бөліктер­ге бөлінді. Мем­ле­кет бас­шы­сының ла­уазы­мы жаз­ба де­рек­терде гунь­мо деп аталған. Олар жайылым, са­уда жо­лы үшін қаңлы, ғұндар­мен ұзақ соғыс­ты. Қытай­мен кең дип­ло­мати­ялық және ту­ыс­тық қаты­нас­та бол­ды.Ша­ру­ашы­лығы. Үйсіндер мем­ле­кеті жар­ты­лай көшпелі ел болған. Мал бағып, жер өңде­уді кәсіп ет­кен. Мал ша­ру­ашы­лығы үйсіндер өмірінде маңыз­ды рөл атқар­ды. Қыс­тау мен жазғы жайылым­ның ара қашықтығы – 30–100 шақырым ара­лығын­да бол­ды. Сон­дықтан да үйсіндер қыс­тау мен жай­ла­уда, со­нымен қатар тау бөктеріндегі жайылым­да­рын­да ұзақ уақыт оты­ра ала­тын. Ол жер­де тұрақты бас­па­на сал­ды, егін, бақша екті. Бірте-бірте жиі бо­лып тұра­тын жұт мал­дың жұқпа­лы ауруы, үздіксіз соғыс сал­да­рынан мал­дан айырылған ха­лықтың бір бөлігі тұрақты оты­рықшы­лыққа көшу­ге мәжбүр бол­ды. Қаңлы­лар. Б. з. б. IIIғ. Қаңлы тай­па­лық бірлестігі құрыл­ды. Мем­ле­кет аты алғаш Қытай жыл­на­масы «Шы Жи»-Да­уан Ле­жу­ан­да («Та­рихи жаз­ба­лар»-Ферғана та­ра­уы) жа­зылған «Қаң жүй го» де­ген ата­удан алынған. Қаң жүй- қаңлы (орыс әде­би­етінде «кан­гюй»), го — «мем­ле­кет» де­ген мағына­ны білдіреді.Ғалым­дардың көпшілігі қаңлы­лар­дың түркі тілдес ха­лық болған­дығына күмән келтірмейді.Қаңлы мем­ле­кетінің б. з. б I ғасы­рын­да дәуірлен­ген ке­зеңінде халқының са­ны 600 мың адам­ды құрап, әскерінің са­ны 120 мыңға жет­кен.Қаңлы­лар ас­та­насы – Би­тянь қала­сы. Бай­ла­ныс жа­саған ел­дер – Қытай, Рим, Кав­каз т. б. Қаңлы бей­ле­ушісінің же­ке иелік ше­кара­сы Кас­пийдің солтүстік жағала­уына дейін барған, оларға Арал теңізі мен Еділ өзенінің төменгі ағысы­ның екі ара­сын­да билік құрған сар­мат-алан тай­па­лары­ның одағы түгел­дей қарап, тәуелді болған. Қаңлы мем­ле­кеті өз ал­ды­на дер­бес са­ясат ұста­нып, көрші ел­дердің сырт жа­ула­рына қар­сы той­та­рыс бе­руіне көмек­тесіп отырған. Қаңлы пат­ша­сы өзі ме­кен­де­ген солтүстік өңірді (Та­лас өзенінің ай­мағы) же­ке басқара­ды.Қаңлы тай­па­сын­да билік мұра­герлік жол­мен әке­ден ба­лаға беріліп отырған. Бар билік ақсақал­дардың, ру бас­шы­лары мен көсем­дердің қолын­да болған .Ша­ру­ашы­лығы. Тай­па халқы негізінен мал ша­ру­ашы­лығымен және су­ар­ма­лы егіншілікпен ай­на­лыс­ты. Бас­ты бай­лығы мал бол­ды. Көбіне­се жылқы, қой, оған қосым­ша си­ыр, түйе және ешкі өсірді. Ал егіншілер дәнді дақыл­дар ек­кен және бау-бақша өсіру­мен де ай­на­лысқан. Жерді тас, ме­талл кет­пендер­мен өңдеді, сон­дай-ақ сүйек­тен жа­салынған егіншілік құрал­да­ры да пай­да­ланыл­ды. Жи­налған өнім жер­ден қазылған ұра­лар­да не­месе қыш құмы­ралар­да сақтал­ды. Көпте­ген бөген­дер мен тоған­дар тұрғызыл­ды.Аң аулау мен ба­лық аула­удың қосалқы маңызы бол­ды. Елік, арқар, киік және су құста­ры — үй­рек, қаз аулан­ды. Ет, ба­лық және дәнді дақыл өнімдерімен қатар та­маққа жа­байы ал­ма, алмұрт, өрік, до­лана, пісте жемістері, тау жу­асы пай­да­ланыл­ды. Ғұндар Ғұндар бір кез­де Азия мен Шығыс Еуро­паны ме­кен­де­ген ең ежелгі ха­лықтар­дың бірі бол­ды. Әртүрлі та­рихи де­рек­терде ғұндар­дың ру­лық және тай­па­лық бірлестіктері әрқилы атал­ды. Та­рих­та ғұндар құрған ірілі –ұсақты мем­ле­кет­тер белгілі. Осыған орай олар­дың ішінде ғұндар­дың ең үлкен, ең та­нымал екі им­пе­ри­ясы зор та­рихи із қал­дырды. Түркі ха­лықта­рының арғы тегі са­нала­тын ғұн тай­па­лары бас­тапқы кез­де Солтүстік Қытай­да, Монғоли­яда, Бай­кал өңірінде қоныс­танған. Ежелгі Қытай жыл­на­мала­рын­да ғұндар «гуй фаң», «гун руң», «хун ю», «ши­ан ю», «шиұң ну» секілді ата­улар­мен берілген. Б. з. ба­сын­да Қазақстан аумағын ме­кен ет­кен тай­па­лар­дың ең жа­уын­гер халқы ғұндар бол­ды. Ғұндар­дың жа­уын­гер би­ле­ушілерінің бірі Атил­ла­ның есімі ерек­ше. Оның Еуро­па ха­лықта­рына басқын­шы­лық жо­рығы бізге белгілі. Тіпті әлемнің сұлу шаһар­ла­рының бірі Ве­неци­яның са­лыну­ына Атил­ла бас­таған ғұндар­дың шапқын­шы­лық соғысы се­беп болған. Со­нымен бірге ғұндар Еура­зи­яда б. з. б. болған «ха­лықтар­дың ұлы қоныс ауда­ру­ымен» тығыз бай­ла­ныс­ты. Қазақстан жеріне б. з. I ғ. ба­сын­да қоныс­танды. Ғұндар бірлестігінің негізін са­лушы Мөде бол­ды. Ол де­рек­тер бойын­ша б. з. б. 230 – 174 жыл­да­ры өмір сүрген. Б. з. б. III ғ. Ғұндар­дың би­ле­ушісі Мөде үйсіндер­ге және Қытай аумағының біраз бөлігіне билік жүргізеді. I ғ. яғни 55 жы­лы ғұндар екіге бөлінеді ; 1 Оңтүстік ғұн мем­ле­кеті қытай­лар­дың қол ас­ты­на кіреді. 2 Солтүстік ғұн мем­ле­кеті қазіргі солтүстік-ба­тыс Моңғолия жерін ме­кен ет­кен. Би­ле­ушілері Чжи-чжи шаньюй бо­лады. Чжи-чжи бас­таған ғұндар Ыс­тықкөл маңын­да қытай әскер­лерінен жеңіліп, қолға түседі (1518). Ғұндар б. з. 93 жыл­дан бас­тап екінші рет Ма­жарс­тан жеріне (Венг­рия) қоныс те­беді. Ша­ру­ашы­лығы. Мал ша­ру­ашы­лығы жақсы да­мыды. Егін ша­ру­ашы­лығы да маңыз­ды рөл атқар­ды. Негізінен, дәнді дақыл­дардың ішінде та­рыны көп өсірген. Со­нымен қатар ғұндар аң аула­умен ай­на­лысқан. Көшпелі ша­Ғұндар­да қолөнер мен бей­не­леу өнері жоғары деңгей­де болған. Зер­герлік өнер­дегі по­лих­ромды стилін дүни­еге әкел­ген. Сар­маттар Сар­маттар ту­ралы де­рек­тер өте аз. Бұл тай­па­ның аты б. з. б. III ғ. бас­тап та­рихқа кірген. Сар­мат тай­па­лар одағы Ба­тыс Қазақстан өңірінде өмір сүрген. Б. з. б.III — б. з. -дың IV ғасы­ры ара­лығын­да То­был мен Ду­най ара­лығын ме­кен­де­ген тай­па­лар. Олар алғашын­да б. з. б. VI­II ғасыр­да «сав­ро­мат­тар» деп аталған. Б. з. б. II ғасыр­дан бас­тап Оңтүстік Орал­ды, Еділ бойын, Қазақстан­ның ба­тыс аумағын қоныс­танған. Б. з-дың IVғ. ғұндар­дан жеңіліп ба­тысқа қарай қоныс аударған. Жа­уын­гер сар­мат тай­па­лары дах (дай) – мас­са­гет, ис­се­дон­дармен ту­ыс­тас бо­лып кел­ген. Сар­маттар тілі иран тілінен түрік тіліне ауысқан. Сар­маттар­дың құра­мын­да рок­со­лан­дар, алаңдар, аорс­тар, си­рак­тар т. б. тай­па­лар болған.Мәде­ни­еті. Сар­маттар мәде­ни­еті 3 ке­зеңді қам­ти­ды.1 ер­те сар­маттар мәде­ни­еті (про­хор) 2ор­та сар­маттар мәде­ни­еті (сус­лов) 3кейінгі сар­маттар мәде­ни­еті. Ша­ру­ашы­лығы. Көшпелі мал ша­ру­ашы­лығымен, оты­рықшы өмір сүріп егіншілікпен ай­на­лыс­ты. Сар­мат тай­па­лары Еура­зи­яның са­яси–эко­номи­калық және мәде­ни өмірінде еле­улі рөл атқарған одақтар мен мем­ле­кет­тер құра­мына кірді. Ертедегі жергілікті тайпалар шаруашылығы Жетісуды дербес экономикалық аймаққа айналдырды. Б.з.б. 7 — 4 ғасырларда Жетісуды сақтар мекендеген. Олар шаруашылықтың сол кездегі жетілген түрі малшылық және суармалы егіншілікпен айналысып, қола мен темірден жасалған құралдарды пайдаланған. Археологтар Талас алқабындағы алғашқы отырықшы мекендердің қалдығын б.з.б. 5 ғ-ға дейінгі уақытқа жатқызады. Б.з.б. 3 ғ-да Жетісудағы сақ тайпаларының одағын үйсін тайпаларының одағы алмастырды. 6 ғ-дың орта шенінде ЖетісуТүрік қағанатының құрамына енді. Ал 581 ж. одан Батыс Түрік қағанаты бөлініп шықты. Оның орталық ауданы Жетісу, астанасы Суяб қаласы болды. Көне түрік және Батыс түрік қағанаттары. 6-10ғ Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер Көне және Батыс түрік қағанттары қалыптасты. Біздің заманымыздың бір мың жылдығының Орталық Азия жерін мекендеген тайпалар одақтарының тарихы бұлармен өзара тығыз байланыста болды. Турік деген ат алғаш рет 542-ші жылы аталды. 7 ғ-дың 30-жылдарында Жетісуда Шу өзенінің шығысында дулу, ал батысында нушеби деп аталған екі иелік пайда болды. 8 ғ-ға дейін бұлар Шығыс Түрік қағандығына тәуелді болатын. Ал 8 ғ-дың басында Жетісудағы өкімет билігін Шу мен Іле арасында көшіп-қонып жүрген түргештердің билеуші топтары басып алды. Түргеш қағанаты (704 — 766) ала ауыздық, ішкі әлеуметтік қайшылықтардың барған сайын өршуі, оңтүстікте арабтармен, шығыста қытайлармен үнемі қақтығысып отырудың салдарынан әлсіреді. Жетісудағы өкімет билігін тағы бір түркі тайпасы қарлұқтар басып алды. Түргеш және Қарлұқ (766 — 940) қағандықтары дәуірінде Шу, Талас және Іле бойында қолөнер мен сауданың орталығы болған ескі қалалар өсіп, жаңалары пайда болды Түргеш және Қарлұқ (766 — 940) қағандықтары дәуірінде Шу, Талас және Іле бойында қолөнер мен сауданың орталығы болған ескі қалалар өсіп, жаңалары пайда болды (Атлах,Хамукент, Құлан, Мерке, т.б.). 9 — 10 ғ-ларда Жетісудың солтүстік-шығыс өңірінде отырықшы егіншілік пайда болды, оның іздері Алматы, Талғар, Дүңгене, Қойлық, Қарғалы, т.б. қалалардың қираған үйінділерінде сақталған. Қолөнер кәсібінің өнімдері ұлғайып, көрші көшпелі тайпалармен экономикалық байланыстар дамыды, сауда-саттық өсті. Ақшаны пайдалану және жергілікті ақша шығару (Таразда) пайда болды. Жетісуды мекендеген түркі тайпалары едәуір дәрежеде отырықшылыққа бой ұрды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]