Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Труд.право_тесты_каз_250_правильный_вариант.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
349.7 Кб
Скачать

1. Контрактінің еңбек шартынан айырмашылығы мынада:

A)* ол еңбек келісімінің бір түрі

B) ондағы талаптарды өздері белгілейді

C) айырмашылығы жоқ

D) жалпы, еңбек заңдарының күші жүрмейді

E) жалақы көп мөлшерде төленеді

2.Еңбек шарты қандай мерзімге жасаланады:

A)* барлық аталған мерзімдерге

B) белгілі бір жұмысты атқарған уақытқа

C) бір жылдан аспайтын мерзімге

D) маусымдық мерзімге

E) белгіленбеген мерзімге

3.Еңбек кодексінде жұмысқа қабылдаудың ең төмеңгі жасы:

A)* 14 жасқа толмаған адамдар

B) 15 жас

C) 16 жас

D) 17 жас

E) 18 жас

4.Сынақ мерзімінің ұзақтығы:

A)* үш айға дейін

B) бес күн

C)бір айға дейін

D ) екі аптаға дейін

E) дұрыс жауабы берілмеген

5.Еңбек кітапшасының толтыру мерзімін аңықтаныз:

A)* бес күн

B) үш күн

C) он күн

D) жиырма күн

E) бір ай

6.Басқа жұмысқа ауыстыру туралы, яғни еңбектің мәнді жағдайларының өзгеруін жұмыс беруші қызметкерге қандай мерзімге хабардар етуі тиіс:

A)* бір айдан кешіктірмей

B) екі аптадан кешіктірмей

C) екі айдан кешіктірмей

D) үш айдан кешіктірмей

E) алты айдан кешіктірмей

7.Мына ауыстырулардың ішінен уақытша басқа жұмысқа ауыстыруды анықтаңыз:

A)* басқа жерге басқа жұмысқа ауыстыру

B) бос тұрып қалған ретте, басқа жұмысқа ауыстыру

C) төмен ақы төленетін жұмысқа ауыстыру

D) басқа кәсіпорынға басқа жұмысқа ауыстыру

E) сол кәсіпорынға басқа жұмыс орнына ауыстыру

8.Мына қызметкерлердің қайсысының басқа уақытша жұмысқа ауысуға құқысы бар:

A)* жүкті әйел

B) жас маман

C) зейнеткер

D) кәсіподақ комитетінің мүшесі

E) дұрыс жауабы жоқ

9.Белгісіз мерзімге жасалған еңбек шартын бұзу үшін қызметкерге қандай мерзім берілген:

A)* бір ай

B) екі апта

C) екі ай

D)бес күн

E) өз қалауы бойынша

10.Мына қызметкерлердің қайсысы аттестациялауға жатқызылмайды:

A)* жас маман-технолог

B) судъя

C) 8-разрядты дәнекерлеуші

D) аспаз

E) ешқайсысы

11.Ұжымдық шартта еңбек ұжымының өкілетті өкілі кім болуы ықтимал?

A)* еңбек ұжымының өзі

B)еңбек ұжымдарының кеңестері

C) жұмысшылар комитеті

D) кәсіподақ комитеті

E) қоғамдық ұйымдарының бірі

12.Ұжымдық шарттың тараптары келіссөздер жүргізу үшін арнайы не құрайды?

A)* комиссия

B) кеңес

C) комитет

D)ұйым

E) орган

13.Ұжымдық шарт қай уақыттан бастап заңды күшіне енеді.

A)* тараптар қол қойған күннен бастап

B) әділет басқармасына тіркелген күннен бастап

C) кәсіподақ ұйымы қол қойған күннен бастап

D) күнтізбелі жыл басында

E) жоба дайын болғант уақыттан бастап

14.Ұжымдық шарт қай мерзімге жасалынады.

A)* белгісіз мерзімге

B) бір жылға

C) кәсіпорын жабылғанша

D) кәсіпорын иесі ауысқанша

E) жарты жылға

15.Ұжымдық шарттың орындалуын бақылайтын органдар.

A)* еңбек ұжымы органдары

B) прокуратура

C) тергеу комитеті

D)жолдастық сот

E) аудандық, қалалық сот

16.Заңмен белгіленген жұмыс уақыттының қалыпты ұзақтығы аптасына.

A)* 40 с

B) 24 с

C) 36 с

D) 41 с

E) 42 сағат

17.Мына қызметкерлердің қайсысы қысқартылған жұмыс күнмен жұмыс істейді.

A)* 17 жастағы қызметкер

B) сырттай оқу оқитын еңбеккер

D) жас маман

C) III топтағы мүгедек әйел

D) зейнеткер

E) 4 разрядтағы дәнекерлеуші

18.Мына қызметкерлердің қайсысын кодекс түнгі жұмысқа қатыстыруға тыйым салады.

A)* 18 жасқа толмаған қызметкер

B) сырттай оқу оқитын еңбеккер

C) уақытша жұмысқа алынған қызметкер

D) жас маман

E) зейнеткер

19.Мына реттердің қайсысында жұмыс беруші қызметкерді үстеме жұмысқа тарта алады.

A)* табиғи апаттың зардаптарын жою үшін

B) жұмыс жоспарын тезірек орындау үшін

C) тапсырманы орындау үшін

D) жоспардан тыс берілген норманы орындау үшін

E) дұрыс жауабы берілмеген

20 Қызметкерге тынығып, тамақтану үшін берілетін түскі үзілістің ұзақтығы қандай уақыттан кем болмауға тиіс?

A)* жарты сағат

B) екі сағат

C) үш сағат

D) бір сағат

E) дұрыс жауабы жоқ

21.Есептен шығарылған жұмыссыздар уәкілетті органға қайта тіркелуі үшін белгіленген мерзім.

A)* 30 күнтізбелік күн өткен соң

B) бір аптадан соң

C) екі аптадан кейін

D) 10 күннен соң

E) бір жылдан кейін

22.Мыналардың қайсысы нысаналы топтарға жатады.

A)* мемлекеттік қызметшілер

B) депутаттар

C) кәсіпкерлер

D) өз бетінше жұмыспен айналысатындар

E) 21 жастағы жұмыспен айналысатындар

23.Бос жұмыс орындары, бос қызметкер пайда болғаны туралы жұмыс беруші уәкілетті органға мәлімет жіберуі үшін заңда белгіленген мерзім.

A)* бес жұмыс күні ішінде

B)үш жұмыс күн ішінде

C) бір апта ішінде

D) он күн ішінде

E) бір күн ішінде

24.Уәкілетті орган берген жолдамаға тиісті белгі қою арқылы жұмысқа қабылдау туралы хабарламаны уәкілетті органға хабарлау үшін жұмыс берушіге белгілеген орган.

A)* бес жұмыс күні

B) үш күн

C) бір күн

D) бір апта

E) бір ай ішінде

25.Еңбек делдалдығымен мыналардың қайсысы айналысуға құқылы.

A)* жекеше агенттіктер

B) құқық қорғау органдары

C) жергілікті әкімдіктер

D) орталық атқарушы орган

E) жұмыс берушілер

26.Шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеуші органды аңықтаныз.

A)* Қазақстан Республикасының Үкіметі

B) құқық қорғау органдары

D) салық комитеті

C) Парламент

E) мәслихаттар

27.Еңбекті құқықтық ұйымдастыру шараларының негізгі түрі:

A)* еңбек шарттары

B) ауызша келіссөздер

C) екі жақты келісімдер

D) әр түрлі мәмілелер

E) дұрыс жауабы жоқ

28.Еңбек контрактісінің тараптары.

A)* қызметкерлер мен жұмыс беруші

B) жұмыс беруші мен еңбек ұжымы

C) еңбекші мен еңбек ұжымы

D) кәсіпорын басшысы мен кәсіподақ ұйымы

E) еңбек ұжымы мен кәсіподақ комитеті.

29.Еңбек шартының заңдық маңызы неде?

A)* аталғандардың барлығы

B) ол еңбек қатынастарының пайда болуына негіз болатын заңды маңызы бар факті

C) еңбек шарты өзінің тараптары үшін қажетті еңбек құқықтары мен міндеттерін тудырушы негіз

D)ол еңбек келісімі болғандықтан қызметкерлердің жеке басын заңсыз еңбек жағдайларынан қорғау

E) ол елімізде еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың негізгі құқықтық нысаны

30.Еңбек қатынастары пайда болу үшін тараптардың белгілі заңды қасиеттері болу керек.

A)* еңбек шартындағы міндеттерді орындау жауапкершілігі

B) еңбек ұжымына мүшелік

C) кәсіподаққа мүшелік

D) арнаулы білімінің қажеттілігі

E) Қазақстан Республикасының азаматы болу

31.Еңбек келісімін жасау үшін қажетті шартты аңықтаныз.

A)* жұмыс орнын анықтау

B) еңбек демалысының ұзақтығын келісу

C) тұрғын үй мәселесін шешу

D) медициналық тексеруден өту

E) жұмыс күнінің ұзақтығын келісу

32.Өкпе ауруымен ауырған туберкулез қызметкерлердің жұмыс орны қандай мерзімге дейін сақталады.

A)* он екі ай

B) төрт ай

C) сегіз ай

D) он ай

E) алты ай

33. Іссапар мерзімін аңықтаныз.

A)* жұмыс берушінің актісімен

B) 30 күн

C) 20 күн

D)35 күн

E) 40 күн

34.Іссапардан оралған қызметкер іссапар нәтижесі туралы жұмыс берушіге қандай құжаттар өткізуі тиіс.

A)* аванстық есеп пен жазбаша баяндау хатты

B) іссапар куәлігі мен өтінішті

C) төлқұжат пен іссапар куәлігін

D)сенімхат пен іссапар куәлігін

E) дұрыс жауабы жоқ

35.Іссапар кезінде төленетін тәуліктік шығын мөлшері

A)*АЕК 30%

B)АЕК 40 %

C) АЕК 50 %

D)1 АЕК

E)АЕК 20%

36. Бірыңғай тарифтік кесте неше разрядтан тұрады.

A)*18

B)15

C)21

D)10

E)24

37. Мына отбасы мүшелерінің қайсысы басқа жерге жұмысқа ауысқан қызметкерге төленетін өтемақыны алуға құқылы

A)* сенімхат берілген адам

B) әпкесі

C) ағасы

D) атасы

E) жиені

38.Шек қойылған материалдық жауаптылықтың мөлшері

A)* айлық жалақының 50 % көп болмауы тиіс

B) орташа айлық жалақысының 2/3 бөлігі

C) орташа айлық жалақысының 1/3 бөлігі

D) орташа айлық жалақы мөлшерінде

E) орташа айлық жалақысының 70 %

39.Толық материалдық жауаптылық туралы жазбаша шарт жасасу үшін заңдарда белгіленген жас мөлшері.

A)* 16 жас

B) 17 жас

C) 18 жас

D) 21 жас

E) дұрыс жауабы жоқ

40.Мына қызметкерлердің қайсысымен жұмыс беруші толық материалдық жауаптылық туралы шарт жасасу керек.

A)* жинақ кассасының қызметкерімен

B) кассирмен C)бригадирмен

D)дүкен меңгерушісімен

E) қойма күзетшісімен

41.Материалдық құнды заттар ұрланғанда, кем шыққанда, қасақана жойылғанда немесе қасақана бүлдіргенде залал мөлшері қалай анықталады.

A)* келісім бағалары бойынша

B) мемлекеттік бөлшек сауда бағалары бойынша

C) сату үшін белгіленген бағалар бойынша

D) комиссиялық бағалар бойынша

E) көтерме сауда бағалары бойынша

42.Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында өндірісте және буфеттерде залал мөлшерін анықтау үшін белгіленген баға.

A)* мемлекеттік бөлшек сауда

B) комиссиялық

C) сату үшін белгіленген баға

D) көтерме сауда баға үшін

E) дұрыс жауабы берілмеген

43.Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін бекітуге мыналардың қайсысы құқылы

A)*жұмыс беруші

B) еңбек ұжымы

C) кәсіподақ комитеті

D) еңбек ұжымының кеңесі

E) жергілікті әкімшілік

44 Жұмыстағы табыстар үшін көтермелеулердің қайсысы Еңбек кодексінде белгіленген.

A)* аталғандардың барлығы

B) сыйақы беру

C) құрмет кітабына жазу

D) тегін комуналдық қызмет

E) санаторий мен демалыс үйлеріне жолдама беру

45.Ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісін аңықтаныз.

A)* «Алтын қыран» ордені

B) «Ерен ерлігі» үшін медалы

C) «Отан» ордені

D) «Даңқ» ордені

E) «Құрмет» ордені

46.Мына тәртіптік жазалардың қайсысы Еңбек кодексінде белгіленген.

A)* жұмыстан шығару

B) еңбек ұжымының жалпы жиналысында мәселесін қарау

C) жалақыдан ақша ұстап қалу

D) үш айға дейінгі мерзімге төмен қызметке көшіру

E) сыйлықақылардан айыру

47.Жаза теріс қылық анықталған күннен бастап қандай мерзім ішінде қолданылуы. тиіс

A)* 6 ай

B) 1 ай

C) 2 ай

D) 3 ай

E) бір апта ішінде

48.Азаматтарды кезекті наградаға ұсыну алдыңдағы наградтау сәтінен бастап қандай мерзімде жүргізіледі.

A)* бес жыл

B)екі жыл

C) үш жыл

D) бір жыл

E) мерзіммен шектелмейді

49.Жеке еңбек дауларын қарайтын органдар.

A)* еңбек даулары жөніндегі комиссия

B) бітімгерлік комиссиясы

C) еңбек ұжымының кеңесі

D) прокуратура

E) жолдастық хат

50. Келісім комиссиясын сайлауға құқылы орган.

A)* еңбек ұжымының жалпы жиналысы

B) кәсіподақ ұйымы

C) жергілікті әкімшіліктер

D) қоғамдық бірлестіктер

E) жұмыс беруші.

51.Заң бойынша еңбек даулары жөніндегі комиссияға еңбек дауларын қарау үшін белгіленген мерзім.

A)* жеті күн

B) бес күн

C) үш күн

D)он күн

E)бір ай

52.Еңбек дауларын қарау үшін кәсіпорынның кәсіподақ комитетіне заң бойынша белгіленген мерзім.

A)* үш күн

B) бес күн

C) жеті күн

D) он күн

E) мерзіммен шектелмеген

53.Қызметкерлерге келісім комиссиясына өз құқығының бұзылғаны туралы шағымдану үшін заңда белгіленген мерзім.

A)* бір жыл ішінде

B)екі ай

C) үш ай

D) бір ай

E)дұрыс жауабы берілмеген

54.Еңбекті қорғау дегеніміз тиісті заң және басқа да нормативтік актілердің негізінде еңбек процесінде мына шараларды білдіреді.

A)* адамның қауіпсіздігін, денсаулығын қорғау

B) жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ету

C) еңбек өнімділігін арттыру

D) кәсіпорындарда еңбек тәртібін сақтап, нығайту

E) еңбеккерлерді жұмыспен қамту

55.Бір жұмыс сменасында әйелдер үшін белгіленген ауыр көтеру және тасымалдау нормасы.

A)*10кг

B)8кг

C)7кг

D)5кг

E)6кг

56.Қай орган еңбекті қорғауды мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады

A)* Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігі

B) Еңбекті қорғау Департаменті

C)Қазақстан Үкіметі

D) Жоғарға сот

E) Бас прокуратура.

57.Еңбекті қорғау қай қаржы есебінен жүзеге асырылады.

A)* мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден

B) зейнетақы қорынан

C) министірліктер есебінен

D)кәсіпорын еңбеккерлердің есебінен

E)дұрыс жауабы жоқ

58.Қызметкердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төнетін жағдай туған кезде ол жұмысты дереу тоқтатып, бұл туралы жұмыс берушіге хабарлайды, ал жұмыс беруші сол жағдай расталса, оған орташа жалақыны қандай мерзімге төлейді.

A)* сол күнге

B) екі апталық

C) бір айлық

D) дұрыс жауабы жоқ

E) барлық кезең үшін

59.Өндірістегі жазатайым оқиға құжатпен ресімделеді

A)* Н-1 нысандағы жазатайым оқиға туралы актімен

B) дәрігердің медициналық қортындысымен

C) кәсіподақ комитетінің хаттамасымен

D) комиссия хаттамасымен

E) дұрыс жауабы берілмеген

60.Қызметкерден кәсіби аурудың алғашқы белгілері білінсе, әкімшілік медициналық қорытынды негізінде оны қайта мамандыра отырып, басқа жұмысқа ауыстыруға тиіс, және мамандыру кезенінде қызметкердің орташа айлық жалақысы сақталады, бірақ ол қандай мерзімге дейін сақталуы тиіс

A)* бір айға дейін

B) 12 айға дейін

C) екі айға дейін

D) алты айға дейін

E) екі аптаға дейін

61.Ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімді қабылдау құқығы берілген орган.

A)* сот

B) кәсіподақ ұйымы

C) ІІБ

D)прокуратура

E)еңбек ұжымының кеңесі

62.Аудандық сот еңбек дауларын қандай мерзім ішінде қарауы тиіс.

A)* он күн

B) бес күн

C) бір апта

D) үш күн

E) екі апта

63.Жұмыстан шығару туралы істер жөнінде аудандық сотқа шағымдану үшін қызметкерге белгіленген мерзім

A)* үш ай

B)екі апта

C) он күн

D) бір апта

E)бір ай

64.Ереуілдің басталатыны туралы уәкілетті орган жұмыс берушіні оның жариялауына дейін қандай мерзімнен кешіктірмей жазбаша ескертуі тиіс.

A)* он бес күн

B)бір апта

C)он күн

D) бес күн

E) ескертуге міндетті емес

65.Еңбек төрелігін құру үшін заңда белгіленген мерзім.

A)* бес күн

B) үш күн

C)бір апта

D)он күн

E)бір ай

66.Сіз қыдырпаздылыққа мына тәртіптік жазалардың қайсысын еңбек заңдарына сүйене отырып қолданар едіңіз.

A)* сөгіс

B) ескерту

C) сыйлықақыдын айыру

D) басқа жұмыстан шығару

E) еңбек ақыдан ұстап қалу

67.Арнайы тәртіптік жауаптылық қызметкерге қай нормативтік актілер негізінде жүргізіледі.

A)*ішкі еңбек тәртібінің ережелері бойынша

B) салалық тәртіп туралы ережелер бойынша

C)тәртіп туралы жарғылар бойынша

D)ұжымдар шарттар бойынша

E)тараптардың келісімі бойынша

68.Мыналардың қайсысынан жұмысқа алған кезде денсаулығы жөнінде анықтама талап етіледі.

A)* қоғамдық тамақтандыру орындарының қызметкерлері

B) маусымдық жұмыстағылар

C) зейнеткерлер

D) жас мамандар

E) дұрыс жауабы жоқ

69.Ұжымдық шарттың мазмұнына кіретін талаптарды атаңыз

A)* нормативтік

B)субъективтік

C) объективтік

D)жеке

E) жауап жоқ

70.Ұжымдық шартта белгіленген міндеттемелерді орындамаған жұмыс берушіге қандай жаза қолданылады.

A)* айыппұл салу

B) түзеу жұмыстарына кесу

C)бас бостандығынан айыру

D)жолдастық сотта ісін қарау

E) қызметінен алу

71. Кәсіпорынды басқару органдарының құрамы өзгерген, меншік иесі ауысқан жағдайда ұжымдық шарт:

A)* Өз күшін сақтайды

B) Жаңадан қабылданады

C) Тоқтатылады

D) Өзгертіледі

E) Дұрыс жуабы жоқ

72.Баланы емізуге берілетің қосымша демалыстың ұзақтығы

A)* 30 минут

B) 15 минут

C) 20 минут

D) 10 минут

E)1 сағат

73. 15 пен 16 жасқа дейінгі қызметкерлерге белгіленген қысқартылған жұмыс аптасының ұзақтығы

A)* 24 сағат

B) 36 сағат

C) 31 сағат

D) 40 сағат

E) Дұрыс жауабы жоқ

74.Мейрам күндері істелген жұмысқа ақы қалай төленеді

A)* Екі есе

B) Бір жарым есе

C) Қалыпты мерзімде

D) Төленбейді

E) Дұрыс жауабы жоқ

75. Әрбір бұзылған еңбек тәртібі үшін белгіленген жаза саны

A)* Бір теріс қылық үшін бір жаза

B) Екі жаза

C) Жұмыс берушінің өзі белгілейді

D) Шектелмейді

E) Дұрыс жауабы жоқ

76. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерінде тәртіптік жауаптылықтың қай түрі көзделген

A)* Ұжымдық

B) Жалпы

C) Салалық

D) Арнаулы

E) Дұрыс жауабы жоқ

77. Жұмыссыз азаматты тіркеу үшін мына құжаттардың ішінде қайсысы қажет

A)* төлқұжат

B) Салық төлеушіні тіркеу нөмірі

C) Жалақысы туралы анықтама

D) Отбасы туралы анықтама

E) Қызметтік мінездеме

78. Еңбектің мәнді жағдайларына мыналардың қайсысы жатады

A)* Қоғамдық ұйымдардың жиналысына қатысу

B) Әкімшілік тапсырмасы бойынша жұмысты орындау

C) Жұмыс режимін өзгерту

D) Басқа агрегатта жұмыс тапсыру

E) Медициналық тексеруден өту.

79. Азаматтық қызметші дегеніміз кім

A)* Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде олардың міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі

B) еңбек адам қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі

C) Еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнінде қызмет көрсету үшін тартатын жеке және заңды тұлға

D)Құрылтай құжаттары немесе сенімхат негізінде жұмыс берушінің немесе жұмыс берушілер тобының мүдделерін білдіруге уәкілетті және заңды тұлғалар

E) Жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға

80.ҚР Еңбек Кодексі қай жылы, қай айда қабылданды?

A)*2007ж 15 мамырда

B) 2001ж 15 мамырда

C) 1989ж 25 шілдеде

D) 1999ж 16 шілдеде

E) 1997ж 13 мамырда

81.Еңбек кодексінде пайдаланатын негізгі ұғымдарды көрсетініз?

A)* барлық жауап дұрыс

B) әлеуметтік әріптестік

C) бітімгерлік рәсімдер

D) жалақы

E) ауыр жұмыстар

82.ҚР еңбек заңнамасының принциптерін көрсетініз?

A)* тынығу құқығын қамтамасыз ету

B) мәжбүрлі еңбекке тиым салмау

C) алдау, күш көрсету, қауіп төндіру арқылы ықпал ету

D) жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыспауы

E) еңбек қатынастарына тікелей байланысты еместігі

83.Еңбек кодексі неше тараудан тұрады?

A)* 40

B) 30

C) 25

D) 65

E) 35

84.ҚР Еңбек кодексі неше баптан тұрады?

A)* 341 баптан

B) 350 баптан

C) 500 баптан

D) 742 баптан

E) 625 баптан

85.Еңбек қатынастарының субъектілері болып кім табылады?

A)* қызметкер мен жұмыс беруші

B) жұмыс берушінің өкілі

C) қызметкердің өкілі

D) уәкілетті орган

E) сот

86.ҚР заңдарында айқындалған халық санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квотаны кім белгілейді?

A)* ҚР Үкіметі

B) Президент

C)Жергілікті атқарушы орган

D) Парламент

E) облыс әкімі

87. Жалақы дегеніміз не?

A)* қызметкердің біліктілігін, орындалатын жұмыстың күрделігіне, санына, сапасына байланысты еңбек үшін төленетін сыйақы

B) күнтізбелік есептейтін уақыт

C) қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі

D) қызметкер мен жұмыс берушінің еңбекті ұйымдастыруды реттеу тәртібі

E) барлығы дұрыс емес

88.ҚР Еңбек кодексінің нешінші бабында еңбек кітапшасы туралы жазылған?

A)* 35

B) 33

C) 45

D) 72

E) 74

89.Маусымдық жұмыстар қанша мерзімнен аспайтын кезен ішінде орындалатын жұмыстар болып табылады?

A)* 1 жылдан аспайтын

B) 1айдан аспайтын

C) жарты жылдан аспайтын

D) 3 айдан аспайтын

E) 2 жылдан аспайтын

90.Қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан, қатарынан неше ай бойы жұмысқа шықпаған жағдайларда жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін?

A)* 2 ай

B) 10 ай

C) 6 ай

D) 1 ай

E) 3 ай

91.Вахтаның ұзақтығы күнтізбелік неше күннен аспауға тиіс?

A)* 30 күннен

B) 15 күннен

C) 25 күннен

D) 10 күннен

E)16 күннен

92. Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу тәртібін кім айқындайды?

A)* ҚР Үкіметі

B) Парламент

C)Атқарушы орган

D) уәкілетті орган

E) Өңірлік комиссия

93. Әлеуметтік әріптестік органдары нешеге бөлінеді?

A)*4

B)6

C)2

D)8

E)10

94.Қандай жағдайлар кезінде қызметкердің жазбаша өтініші негізінде күнтізбелік бес күнге дейін жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.

A)* барлық жауап дұрыс

B) еңбек және ұжымдық шарттарда көзделген басқа да жағдайларда

C) жақын туыстары қайтыс болғанда

D) бала туылғанға байланысты

E) неке тіркелген жағдайда

95. Қызметкерлердің демалыс күндері нешеге бөлінеді?

A)*2

B)6

C)10

D)3

E)4

96.Облыстық деңгейге жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді жөніндегі қандай орган жүзеге асырады.

A)* Уәкілетті мемлекеттік орган

B)Еңбекжәнеәлеуметтікқорғауминистірлігі

C) жоғарғы сот

D) прокуратура

E) Еңбекті қорғау департаменті

97. Біліктілікті арттыру дегеніміз не?

A)*бұрын алған кәсіптік білімін, шеберлік пен дағдыларын қолдауға, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны

B) басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны

C) қызметкер еңбек міндеттерін жүзеге асыруға жұмсаған, күнтізбелік есептелетін уақыт

D) дұрыс жауабы жоқ

E) белгілі бір жұмыс түрін орындауға қажетті жаңа кәсіби дағдыларды меңгеру немесе кәсіби дағдыларды өзгерту үшін оданда дамытуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны

98.Еңбек дегеніміз не?

A)* адаммен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі

B) еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті өндіріс факторлардың әсерін болғызбайтын іс шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғану жай күйі

C) еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнінде қызмет көрсету үшін тартатын жеке немесе заңды тұлғалар

D) орындалатын жұмыстардың күрделігін көрсететін, қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі

E) дұрыс жауабы жоқ

99.Әлеуметтік әріптестік органның бірі.

A)* барлығы дұрыс

B) салалық деңгей

C) Өңірлік деңгей

D) ұйымдар деңгейі

E) Республикалық деңгей

100.Әлеуметтік әріптесттіктің нысандарының бірі.

A)* барлығы дұрыс

B) өзара консультация

C) өкілдердің қатысуы

D) еңбек дауларын сотқа дейін шешу

E) ұжымдық келіссөздер

101. Еңбек құқығы дегеніміз:

A)* жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы қатынастарды реттейді;

B) мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейді;

C) жаза тағайындау, қылмыстың құрамын анықтаудан туындайтын қатынастар;

D) жерді иелену, пайдаланудан туындайтын қатынастар;

E) дұрыс жауабы жоқ.

102. Еңбек құқығының әдістері:

A)* екі жақтың теңдігі;

B) диспозитивтік;

C) ынталандыру;

D) барлық жауап дұрыс

E) императивтік әдіс;

103.Еңбек құқығының жүйесі:

A)* жалпы және ерекше;

B) ерекше және салалық;

C) салалық және салааралық;

D) жалпы және арнайы;

E) барлық жауап жоқ.

104. Еңбек қатынастарын реттейтін нормативтік акт:

A)*«Еңбек Кодексі»;

B) Азаматтық кодекс;

C) Қылмыстық кодекс;

D) Жер кодексі;

E) барлық жауап дұрыс.

105. Еңбек құқығының субъектілері:

A)* жұмыс беруші мен қызметкер.

B) кәсіпорын;

C) әкімшілік;

D) кәсіподақ;

E) азаматтар;

106. Көбінесе жұмыс беруші пайдаланатын еңбек құқығының әдісі:

A)* екі жақтың теңдігі;

B) диспозитивтік;

C) императивтік;

D) ынталандыру;

E) бір-біріне бағыну.

107.Заңдылық қандай қағидалардың қатарына жатады:

A)* жалпы;

B) салалық;

C) салааралық;

D) ерекше;

E) барлық жауап дұрыс.

108.Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбектік құқықтық қатынастарды реттейтін құқық саласы:

A)* еңбек;

B) азаматтық;

C) қылмыстық;

D) конституциялық;

E) барлығы дұрыс.

109.Еңбек құқығының қағидаларының түрлерін атаңыз:

A)* жалпы және ерекше;

B) жеке және арнаулы;

C) жалпы және жеке;

D) жалпы, салалық және салааралық;

E) барлық жауап дұрыс.

110.Еңбек құқығын не құрайды:

A)* барлығы дұрыс.

B) еңбек құқығының қатынастары;

C) еңбек құқығының қағидалары;

D) еңбек құқығының қайнар көздері;

E) еңбек құқығының жүйесі;

111.Еңбек қатынастарын немесе олармен тығыз байланысты басқа да қоғамдық қатынастарды реттеу үшін негізге алынатын бастапқы идеялар:

A)* барлығы дұрыс.

B) еңбек құқығының қатынастары;

C) еңбек құқығының жүйесі;

D) еңбек құқығының қайнар көздері;

E) еңбек құқығының қағидалары;

112. Заңдылық, демократиялық, заң алдындағы барлығының теңдігі- қағидалары қандай қағидалардың түрлерінің қатарына жатады:

A)* жалпы қағидаларға;

B) салааралық қағидаларға;

C) салалық қағидаларға;

D) арнаулы қағидаларға;

E) дұрыс жауап жоқ.

113. Белгілі бір құқықтық мәртебеге ие субъекті қалай аталады:

A)* еңбек ұжымы.

B) әкімшілік;

C) кәсіподақ;

D) кәсіпорын;

E) азамат;

114. Диспозитивтік әдіс дегеніміз:

A)* барлық жауап дұрыс.

B) қызметкер мен жұмыс берушінің арасында еңбек дауы туындаған кезде заң алдындағы теңдігі;

C) бір жақты, яғни заңда белгіленген нормаларды қатаң сақтап орындау;

D) қызметкер міндеттерін адал орындағаны үшін сыйақы береді;

E) еңбек қатынастары тараптарынына белгілі бір міндеттерді орындауға құқық береді;

115. Қандай азаматтар еңбек құқығының субъектісі бола алмайды:

A)* психикасының сәйкес келмеуіне байланысты еңбек ету құқығынан айрылған адамдар;

B) әкімшілік;

C) 18 жасқа толған азаматтар;

D)жұмыс міндеттерін дұрыс орындағандар;

E) дұрыс жауабы жоқ.

116.Еңбек қатынастарының түрлерін көрсетіңіз:

A)* барлық жауап дұрыс.

B)еңбек ұжымының жұмыс берушімен құқықтық қатынастары;

C) әлеуметтік экономикалық қатынастар;

D)еңбекке орналастыру жөніндегі қатынастар;

E) еңбектік-құқықтық қатынастар;

117.Кеңес Одағы кезінде еңбек қатынастарының ең негізгі субъектісі:

A)* мемлекет;

B) әкімшілік;

C) заңды тұлға;

D) кәсіподақ;

E) кәсіпорын.

118. Бір – біріне бағыну қандай құқық саласының әдісі болып табылады:

A)* еңбек құқығының;

B) қылмыстық құқықтың;

C) азаматтық құқықтың;

D) әкімшілік құқықтың;

E) жер құқығының.

119. Ерекше бөлімге жататын институттар:

A)* жұмыспен қамтамасыз ету;

B) еңбек құқығының қатынастары;

C) еңбек құқығының әдістері;

D) еңбек құқығының қағидалары;

E) еңбек құқығының субъектілері.

120. Еңбек құқығының субъектілері еңбек құқығы жүйесінің қандай бөлімінен орын алған:

A)* жалпы;

B) ерекше;

C) арнаулы;

D) жеке;

E) негізгі.

121. Салалық қағидалар дегеніміз:

A)* құқықтың бір саласына ғана таралады;

B) құқықтың бірнеше саласына бірдей таралады;

C) құқық жүйесінің барлығына таралады;

D) басты ойлар мен идеялар;

E) барлық жауап дұрыс.

122. ҚР еңбек кодексінің әрекет ету аумағы:

A)* ҚР бүкіл аумағына таралады;

B) облыстарға ғана таралады;

C) аудандарға ғана таралады;

D) жергілікті жерлерге;

E) барлық жауап дұрыс.

123. Азаматтың құқықтық мәртебесінің элементі:

A)* еңбектік құқықтық субъектілік (құқық қабілеттілік, әрекет қабілеттілік);

B) белгілі бір жауапкершілікке тартылуы;

C) жоғарғы білімінің болуы;

D) ҚР азаматы болмау;

E) 14 жасқа толуы.

124. Еңбек құқығының субъектілері дегеніміз:

A)* еңбектік және оларға жататын басқа да қатынастардың қатысушылары;

B) азаматтық қатынастардың қатысушылары;

C) қылмыстық құқықтық қатынастардың қатысушылары;

D) әкімшілік қатынастардың қатысушылары;

E) жер қатынастарының қатысушылары.

125. Азамат, әкімшілік, кәсіподақ, еңбек ұжымы қандай құқық саласының субъектілері болып табылады:

A)* еңбек құқығының;

B) қылмыстық құқықтың;

C) азаматтық құқықтың;

D) әкімшілік құқықтың;

E) конституциялық құқықтың.

126. Ата-анасының рұқсатымен сабақтан тыс уақытта денсаулығына зиян келмейтін жұмыстарға неше жастан тартуға жол беріледі:

A)* 14 жас;

B) 18 жас;

C) 17 жас;

D) 16 жас;

E) 15 жас.

127. Әркімнің жұмыс істеуге құқықтары бар екендігі қандай нормативтік актіде орын алған:

A)* ҚР Конституциясында;

B) ҚР Азаматтық кодексінде;

C) ҚР Қылмыстық кодексінде;

D) ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде;

E) ҚР Жер кодексінде.

128. Еңбектік құқықтық қатынастар қандай тараптардың арасында пайда болады:

A)* қызметкер мен жұмыс беруші;

B) қылмыскер мен жәбірленуші;

C) талапкер мен жауапкер;

D) сатушы мен сатып алушы;

E) барлық жауап дұрыс.

129.ҚР Еңбек кодексінің адамдар тобына таралуы:

A)* барлық жауап дұрыс.

B) азаматтарға;

C) азаматтығы жоқ адамдарға;

D) жұмыс берушілерге;

E) шетел азаматтарына;

130. Өз міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершілік қандай субъектілердің құқықтық жағдайының элементі болып табылады:

A)* қызметкер мен жұмыс берушінің;

B) әкімшіліктің;

C) кәсіподақтың;

D) азаматтардың;

E) кәсіпорынның.

131. Қызметкерге толық жағдай жасайтын және жалақы төлейтін қоры болуы тиіс субъект:

A)* жұмыс беруші;

B) азамат;

C) кәсіподақ;

D) әкімшілік;

E) кәсіпорын.

132. Қызметкерлердің міндеттері:

A)* ішкі тәртіп ережелеріне бағынуға;

B) жұмыс істеуге жағдай жасауға;

C) жалақы төлеуге;

D) қалыпты жұмыс жағдайын жасауға;

E) мамандығына сай жұмыс тауып беруге.

133. Уақытында және толық жалақы төлеу қай тараптың міндеттерінің бірі:

A)* жұмыс берушінің;

B) кәсіпорынның;

C) кәсіподақтың;

D) азаматтың;

E) шетел азаматының.

134. Кәсіпорын қандай талапқа сәйкес келуі тиіс:

A)* барлық жауап дұрыс;

B) тәртіп ережелерінің болуы және олардың заңдарға сай келуі;

C) тәртіпке сай жұмыс істеуі;

D) дүниежүзілік талаптарға сай келуі;

E) жұмыскерге толық жағдай жасау және жалақы төлеу қорының болуы.

135. Еңбек құқығы қатынастарын реттеуші тәсілдердің жиынтығы:

A)* еңбек құқығының пәні;

B) еңбек құқығының әдістері;

C) еңбек құқығының қатынастары;

D) еңбек құқығының қайнар көздері;

E) еңбек құқығының қағидалары.

136.Еңбек құқығы қағидаларының түрлеріне жатады:

A)* барлық жауап дұрыс;

B) салааралық;

C) жалпы;

D) салалық;

E) арнайы.

137.Еңбектік құқықтық қатынастары тараптарының арасында жасалатын келісім:

A)* еңбек шарты;

B) ауызша келіссөздер;

C) екі жақты келісімдер;

D) әр түрлі мәмілелер;

E) дұрыс жауабы жоқ.

138. Еңбек шарттарының тараптары:

A)* қызметкер мен жұмыс беруші;

B) жұмыс беруші мен еңбек ұжымы;

C) жұмысшы мен еңбек ұжымы;

D) кәсіпорын басшысы мен кәсіподақ ұйымы;

E) еңбек ұжымы мен кәсіподак комитеті.

139. Еңбек шарты қандай мерзімге жасалады:

A)* барлығы дұрыс;

B) бір жылдан аспайтын мерзімге;

C) белгілі бір жұмысты атқарған уақытқа;

D) маусымдық мерзімге;

E) белгісіз мерзімге.

140.Еңбек кодексіне сай жұмысқа қабылдаудың ең төменгі жасы:

A)* 14 жасқа толмаған азаматтармен;

B) 15;

C) 19;

D) 17;

E) 18;