Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
задачи труд госы очка 2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
204.8 Кб
Скачать

«Утверждаю»

Заместитель директора по

Учебной работе

__________ Н.Т. Наурызбаева

«___»____________ 2013 г.

Билет №17

1 тапсырма:

15 жастағы Рақым Орманов 9 сыныпты бітіргеннен кейін, жұмыс істемек ниетпен «Дастан» ЖШС директорына жүк тасушы ретінде қабылдауын сұрап арыз берді, ал оқуды кешкі мектепте жалғастырмақ болды. Директор оны жұмысқа қабылдаудан бас тартты, себебі ол 16 жасқа толмаған.

Директор дұрыс шешім қабылдады ма? Шешімнің негізін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінен көрсетіңіз.

2 тапсырма:

Ас бұйымдарын жасау зауытының бухгалтері Киреева 1 маусым күні директордың бұйрығымен бухгалтериядан, зауыттың жанында орналасқан зауыт асханасына сол жалақыға бухгалтер болып ауыстырылды. Киреева ауысуға өзінің келісімін берген жоқ және берілген жұмысты атқарудан бас тартты. Директор бұл мәселе бойынша, жұмыс орнын ауыстыру емес, жұмыс жағдайының өзгеруі деп санады, сол себептен Кирееваның келісімі қажет емес деп шешті.

Осы еңбек дауында кімдікі заңды?, ҚР Еңбек кодексіне сай шеш.

Құрастырған оқытушы:Кизатова А.Д.

Қоғамдық - құқықтық пәндердің циклдық

комиссиясында қаралды

«БЕКІТЕМІН»

Директордын оқұ жұмысы

Жөніндегі орынбасары

«Утверждаю»

Заместитель директора по

Учебной работе

__________ Н.Т. Наурызбаева

«___»____________ 2013 г.

Билет №18

1 тапсырма:

«Кірпіш» құрылыс компаниясы Кереку қаласында 10 қабатты тұрғын үйді салуды бастады. Компанияның бас директоры Рахметов Арман қаражат тапшылығынан құрылысшыларды «сақтандыру белдігімен» уақытында қамтамасыз етпегендіктен компания құрылысшысы Теміров Асан 2012 жылы 20 қаңтар күні сағат 10.00 кезінде 2 қабаттан құлап, оң аяғының тобығы тұсынан аяқ сүйегі шытынап, жарақат алды /ҚР ЕК 311 б,4т/, зардап шеккен құрылысшыға уақытында алғашқы медициналық көмек көрсетілмеді /ҚР ЕК 323 б,1т/, осы оқиғаға сай мәселе уақытында тексерілмеді, жұмыс беруші 2012 ж. 22 қаңтар күні ғана осы оқиғаға байланысты жарақат алу актісін құрастырды /ҚР ЕК 324 б,1т-24 сағат ішінде құрастырылуы тиіс/. Құрастырылған акт 2012ж. 25 қаңтар күні сағат 11.00-де зардап шеккен Теміровке /ҚР ЕК 326 б,4т- 3 күннен кешіктірмей/ және бір данасы қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясына жіберілді.

Қаланың еңбек инспекторы тексеру кезінде жұмыс берушінің төменгідей олқылықтарын анықтады:

1)

2)

3)

4)

ҚР ЕК-не сай, олқылықтарды толық анықтаңдар және заңға сай баға беріңдер?

2 тапсырма

«Каучук» АҚ бір топ қызметкерлері, ұжымдық келіссөздер барысында келіспеушіліктер болғандықтан, істі ереуілдік түрде шешу керек деп шешті. АҚ басшылығы оған келіспей, қызметкерлердің әрекеттерінде заң бұзушылық бар деп істі тез арада сотқа жіберді. Сот істі қарау барысында АҚ әкімшілігінің істеген іс-әрекеттері заңды деп шешім шығарды. Қызметкерлер соттың шығарған шешімімен келіспей, шешімге шағым түсіріп, жоғары тұрған сотта қаралуын сұрады.

Заңға сай шешімін беріңдер?

Құрастырған оқытушы:Кизатова А.Д.

Қоғамдық - құқықтық пәндердің циклдық

комиссиясында қаралды

«БЕКІТЕМІН»

Директордын оқұ жұмысы

Жөніндегі орынбасары