Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
задачи труд госы очка 2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
204.8 Кб
Скачать

«Утверждаю»

Заместитель директора по

Учебной работе

__________ Н.Т. Наурызбаева

«___»____________ 2013 г.

Билет №29

1 Тапсырма:

Қызылжар облысы Ақсай қаласындағы ҚА- 222/5 түзеу мекемесінде бірнеше сотталған азаматтар соттың заңды шешіміне сай мәжбүрлі еңбекке тартылған, яғни түзеу мекемесінің әкімшілігі мекеменің ішінде оларға жұмыс тауып беріп,оны істеуді жүзеге асырған.

Жалпы түзеу мекемелерінде мәжбүрлі еңбекке рұқсат етілген бе? Заңға сай қандай жағдайда түзеу мекемесінде мәжбүрлі еңбекке сотталғандар тартылады? Мәселені Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің нормасына сай шешіңіз?

2 Тапсырма:

Кереку мұнай зауытының әкімшілігі зауыт қызметкері Ордабаев Арман Ақылбайұлын, 1970 жылы туған, 2011 жылы 08 наурыз күні жұмысқа шықпады деген негізбен жұмыстан шығарып, еңбек ету құқығынан айырды. Азамат Ордабаев Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» 1993жылғы 09 сәуірдегі Заңның 10 бабына сай осы ұйымның кәсіподақтар ұйымына арыз берді. Азамат Ордабаевтың еңбек құқығының бұзылғандығы туралы арыз үлгісін құрастырыңдар? Заң бойынша зауыт әкімшілігінің қолданған шарасы дұрыс па? Жоғарыдағы заңның 10 бабына мінездеме беріңдер?

Құрастырған оқытушы:Кизатова А.Д.

Қоғамдық - құқықтық пәндердің циклдық

комиссиясында қаралды

«БЕКІТЕМІН»

Директордын оқұ жұмысы

Жөніндегі орынбасары

«Утверждаю»

Заместитель директора по

Учебной работе

__________ Н.Т. Наурызбаева

«___»____________ 2013 г.

Билет №30

1 Тапсырма:

«Қазақстан» акционерлік қоғамы Ержанов мырзаны құрылысшы ретінде жұмысқа қабылдады, қабылданғаннан күннен бастап 2 айлық сынақ мерзімінде болатынын жұмыс беруші алдын ала хабарлады. Сынақ мерзімінің аяқталуына 10 күн қалғанда, жұмыс беруші сынақ мерзімінің тағы 15 күнге ұзартылатынын айтты, бірақ 5 күннен кейін Ержанов сынақ мерзімінен өте алмағандығы ретінде жұмыстан шығарылды. Жұмыс берушінің бұйрығымен келіспеген Ержанов, жұмысқа қайта алу туралы сотқа арыз жазды.

Сот қандай шешім шығарады?

2 Тапсырма:

Имашев мырза Көктау қаласындағы «Тұлпар» сауда үйінде жеке кәсіпкер Жапаровтың қарамағында жүк тасушы болып жұмыс істейді. Жұмыс берушінің қатаң ескертуіне қарамастан, қызметкер жұмысқа бірнеше рет спирт ішімдігін ішіп келді, соңғы рет бұл 2008 жылы 18 желтоқсанда қайталанды. Жұмыс беруші жоғарыдағы қылықтары үшін қызметкерді желтоқсан жалақысынан 100% толық айырды. Жапаровтың шешіміне риза болмаған Имашев сотқа жүгінді.

Сот қандай шешім шығарады? Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сай жалақыдан ұстап қалудың мөлшері қанша пайыз?

Құрастырған оқытушы:Кизатова А.Д.

Қоғамдық - құқықтық пәндердің циклдық

комиссиясында қаралды