Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
задачи труд госы очка 2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
204.8 Кб
Скачать

«Утверждаю»

Заместитель директора по

Учебной работе

__________ Н.Т. Наурызбаева

«___»____________ 2013 г.

Билет №27

1-тапсырма:

Ақсай мұнай өңдеу зауыты өз қызметкерлеріне жалақыны әр айдың 15 күні төлейтін, бірақ 2011 жылдың 15 желтоқсан күні қызметкерлерге жалақы төленген жоқ, себебі, зауыттың әкімшілігі мен қаржы бөлімі «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күні» мерекесіне сай демалыста болды. Қызметкерлерге жалақы 2011 жылы 18 желтоқсан күні төленді. Қызметкерлер өкілі зауыт әкімшілігі мен қаржы бөлімінің әрекеттеріне наразылық білдіріп, бітімгерлік комиссиясына арыз берді.

Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сай жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдерін анықта? Сонымен қатар, бітімгерлік комиссиясы арызды қарай ала ма?, егер қарауға құқылы болса, қанша күннің ішінде қарауы керек?

2 Тапсырма:

Көксу трактор зауыты өз қызметкерлеріне жалақыны әр айдың бірінші он күндігінде төлейтін, бірақ 2011 жылдың 6-9 наурыз күні мереке күніне, мерекелік шаралар өткізіліп, зауыттың әкімшілігі мен қаржы бөлімі «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне сай демалыста болды, сондықтан, бірінші он күндікте қызметкерлерге жалақы төленген жоқ, Қызметкерлерге жалақы 2011 жылы 14 наурыз күні төленді. Қызметкерлер өкілі зауыт әкімшілігі мен қаржы бөлімінің әрекеттеріне наразылық білдіріп, бітімгерлік комиссиясына арыз берді.

Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сай жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдерін анықта? Сонымен қатар, бітімгерлік комиссиясы арызды қарай ала ма?, егер қарауға құқылы болса, қанша күннің ішінде қарауы керек? Мәселені Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің нормасына сай шешіңдер.

Құрастырған оқытушы:Кизатова А.Д.

Қоғамдық - құқықтық пәндердің циклдық

комиссиясында қаралды

«БЕКІТЕМІН»

Директордын оқұ жұмысы

Жөніндегі орынбасары

«Утверждаю»

Заместитель директора по

Учебной работе

__________ Н.Т. Наурызбаева

«___»____________ 2013 г.

Билет №28

1 Тапсырма:

Кереку қаласының «8 март» тігін фабрикасы келесі азаматтарды жұмысқа қабылдап, олармен еңбек шарттарын құрастырды- тігінші Сайырова, заңгер-кеңесші Абраев және жүргізуші Тортаев. Аталғандардың барлығы фабриканың кадр бөліміне өздерінің енбек кітапшалары мен жеке куәліктерін көрсетті. Еңбек шарттарын құрастыру барысында, оның мазмұнында еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі көрсетілмеген.

Еңбек шартының мазмұны толық болуын кім анықтайды және оны кім қадағалауы тиіс? Тігін фабрикасы кадр бөлімінің жіберген қателігі бар ма?, егер бар болса қандай жауапкершілікте болуы тиіс?

2 Тапсырма:

15 жастағы Арман Бауыров 9 сыныпты бітіргеннен кейін, жұмыс істемек ниетпен «Сайран» ЖШС директорына жүк тасушы ретінде қабылдауын сұрап, арыз берді және оқуды кешкі мектепте жалғастырмақ болды, бірақ директор оны жұмысқа қабылдаудан бас тартты, себебі ол 16 жасқа толмаған деген себеппен.

Директор дұрыс шешім қабылдады ма? ҚР Еңбек кодексінің нормасына сай шешіңдер.

Құрастырған оқытушы:Кизатова А.Д.

Қоғамдық - құқықтық пәндердің циклдық

комиссиясында қаралды

«БЕКІТЕМІН»

Директордын оқұ жұмысы

Жөніндегі орынбасары