Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Задачи по ГП и ГПП 2012. каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
233.98 Кб
Скачать

Билет №20

1 Тапсырма:

Жеке кәсіпкер Ибрагимовтың тапсырмасы бойынша бұрын есепші болып істеген Шотова кәсіпкердің жылдық есептерін салық комитетіне тапсырып жүрді. Ибрагимов өзінің банкрот деп танылуына байланысты Шотованың қызметінен бас тартуға мәжбүр болды. Екі тараптың арасындағы құқықтық қатынастардың аяқталу тәртібін көрсетіңіз. Тараптардың арасындағы құқықтық қатынастар қандай шартын ережелерімен реттеледі? Сол шарттың белгілерін атаңыз.

2 Тапсырма:

Істі қарау кезінде жауапкер Қозыбақов тәртіпті қайталап бұзғаны үшін сот отырысы залынан шығарлып жіберді. Қозыбақовты шығарып жіберу туралы шешім қалай ресімделеді және онда не көрсетілуге тиіс? Қозыбақовты шығарып жіберу туралы процесуалдық құжат құрастырыңыз.

Құрастырған оқытушы: Ғаббасов Н.Ж.

Қоғамдық-құқық пәндердің циклдық

комиссиясында қаралды

Х аттама

«____» ____________ 2013 жыл

Циклдық комиссиясының төрайымы

_ _________ Н.С.Гордова

Бекітемін

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

_____________________ Н.Т.Наурызбаева

"_____" ______________ 2013ж.

Билет №21

1 Тапсырма:

Кәсіпкер Оспанов Жақыповпен өзі сататын тауарды сақтау үшін қойма ретінде бос гаражды жалға беру шартын жасасты. Жалға беру ақысы гаражды тапсыруға дейін төленді. Белгіленген күні Жақыпов гаражды тапсырған жоқ, өйткені ұзақ уақытқа іс-сапарға кеткен еді. Оспанов келіп жеткен тауарларды әртүрлі орындарға орналастыруға мәжбүр болды. Сол себептен зиян шекті. Жақыпов іс-сапардан қайтып келген соң, Оспанов шартта көзделген шарттарды орындамаған үшін зиянды өтеуді талап етті. Жақыпов талапты қабылдамады. Оспанов істі сотқа тапсырды. Оспановтың Жақыповтан талап еткен іс-әрекеті заңды ма? Талап арыз құрастырыңыз. Сақтау шартының белгілерін атаңыз.

2 Тапсырма:

Жауапкер Сидоров сот отырысына келмеді. Қандай жағдайда Сидоровтың сот отырысына келмеуіне байланысты судья істі қарауды кейінге қалдырады? Қандай жағдайларда жауапкердің қатысуынсыз істі қарау заңда қарастырылған? Істі қалдыру туралы процесуалдық құжат құрастырыңыз.

Құрастырған оқытушы: Ғаббасов Н.Ж.

Қоғамдық-құқық пәндердің циклдық

комиссиясында қаралды

Х аттама

«____» ____________ 2013 жыл

Циклдық комиссиясының төрайымы

_ _________ Н.С.Гордова

Бекітемін

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

_____________________ Н.Т.Наурызбаева

"_____" ______________ 2013ж.

Билет №22

1 Тапсырма:

Өзіне үй салып жатқан Серіковке көршісі Қарабаев ақысыз шарт бойынша электр араның кемістіктерін айтпай, пайдалануға берді. Серіков ағаш тақтайларын кесу барысында, араның моторына салмақ түсіп тұрған және дискінің қисық екенін анықтайды. Қарабаевтың келісімімен Серіков дискіні жаңаға ауыстырып, оны жөндегені үшін есепшотын ұсында. Қарабаев Серіков электр араны ақысыз пайдаланып жатыр деп есепшотты төлеуден бас тартты. Тараптардың іс-әрекетін құқықтық баға беріңіз. Шарт қалай аталады, оны белгілерін атаңыз.