Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Задачи по ГП и ГПП 2012. каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
233.98 Кб
Скачать

Билет №12

1 Тапсырма:

Қилыбаев пен Асанбаев шөп шабатын машинаға қатысты тегін пайдалану шартын екі жылға жасады. Шарт мерзімінің аяқталуына алты ай қалғанда Қилыбаев шөп шабатын машинаны дұрыс күйінде Асанбаевқа қайтарды. Асанбаев машинаны қоятын орын даяр емес деп, оны қабылдаудан бас тартты(машинаны қоятын орын бір жарым айдан кейін дайын болады) Аталған жағдайды қалай шешу керек? Мүлікті тегін пайдалану шартының тараптарын атаныз және олардың негізігі міндеттерін көрсетініз.

2 Тапсырма:

Тиісті түрде хабарландырылған жауапкер Соловьев қатарынан екі рет сот отырысына келмеді және өзінің келмеуі себептерін хабарламады. Судья Соловьевты сотқа еріксіз келтіру туралы ұйғарым шығарып оны сот приставына орындауға тапсырды. Судьяның ұйғарымына баға беріңіз. Соловьевты еріксіз келтіру туралы ұйғарым құрастырыңыз.

Құрастырған оқытушы: Ғаббасов Н.Ж

Қоғамдық-құқық пәндердің циклдық

комиссиясында қаралды

Х аттама

«____» ____________ 2013 жыл

Циклдық комиссиясының төрайымы_ _________ Н.С.Гордова

Бекітемін

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

_____________________ Н.Т.Наурызбаева

"_____" ______________ 2013ж.

Билет №13

1 Тапсырма:

Омаров өзіне берілген сенімхат негізінде Сапаровтың жеңіл машинасын бір жыл бойы тегін пайдалану құқығына ие болды. Шарттың жасалғанына екі ай болған соң автокөлікті белгісіз біреулер айдап кетіп, көлік иесіне 220мың теңге мөлшерінде зиян келтірді. Қылмыс жасағандар ұсталмады. Омаров өзінің кінәлі еместігін айтып, Сапаровқа келтірілген зиянның орнын толтырудан бас тартты. Омаровты азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартуға негіз бар ма? Мүлікті тегін пайдалану шартының белгілерін атаныз.Регресстік талап деген не, ол қандай жағдайда қойылуы мүмкін?

2 Тапсырма:

Он алты жасар Есерқұловқа қатысты қозғалған азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу барысында оның заңды өкілі Тәжібаева Есерқұловпен келіспей өзінің өкілеттіктерін басқа адамға тапсырған. Тәжібаеваның шешімі заңға сай ма? Заңды өкіл істі сотта жүргізуді басқа өкілге қалай тапсыра алады? Өкілдің өкілеттілігі қандай құжаттармен расталады? Іске қатысуға өкілдік беретін сенімхат құрастырыңыз

Құрастырған оқытушы: Ғаббасов Н.Ж

Қоғамдық-құқық пәндердің циклдық

комиссиясында қаралды

Х аттама

«____» ____________ 2013 жыл

Циклдық комиссиясының төрайымы_ _________ Н.С.Гордова

Бекітемін

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

_____________________ Н.Т.Наурызбаева

"_____" ______________ 2013ж.