Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фарм 1,2,3,4,5,6,7,8 модуль++.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
294.4 Кб
Скачать

«Тыныс жүйесі» модулі бойынша «Жалпы медицина» факультетінің

3 Курс студенттеріне арналған №1 – рубеждік бақылаудың сұрақтары

І. Препаратты анықтаңыз:

1. Негізінен грам оң бактерияларға әсер етеді, клетка қабырғасының синтезін бұзады; грам оң бактериялардың β-лактамазасына тұрақты емес; асқазанның қышқыл ортасында ыдырайды; парентеральды енгізуге тағайындайды:

А. Макролидтер.

В. Тетрациклиндер.

С. Цефалоспорины.

+D. Биосинтетикалық пенициллиндер.

E. Левомицетиндер

2. Кең спектрлі әсер етеді; туберкулез микобактериясы мен көк-ірің таяқшасына қарсы тиімді; рибосома деңгейінде белок синтезін бұзады; бактерицидті әсер етеді; асқазан-ішек жолдарынан нашар сіңеді; бактерияларға төзімділік баяу дамиды; парентеральды енгізуге тағайындайды:

A. Тетрациклин.

+ B. Канамицин

C. Эритромицин.

D. Пенициллиндер

E. Полимиксиндер

3. Тыныс және қантамырларды қозғалтқыш орталықтарын қоздыратын аналептик көп мөлшерде тырысулар туғызуы мүмкін:

+ A. Бемегрид

B. Цититон

C. Этимизол

D. Лобелин

E. Карбоген

4. Бронх бездерінің секрециясын рефлекторлы түрде қоздырады. Бронхтың жыбыр эпителийлерінің және жиырылғыштық белсенділіктерін арттырады. Ішуге қолданады. Жүрек айну туғызуы мүмкін.

+A. Термопсис шөбінің тұнбасы

B. Калий иодиді

C. Натрий гидрокарбонаты

D. Бромгексин

E. Трипсин

5. Белок малекулаларын деполимеризациялау арқылы қақырықтың тұтқырлығын азайтады, ішуге және ингаляциялық түрде қолданылады:

A. Ипекакуана препараттары

B. Трипсин

+ C. Ацетилцистеин

D. Термопсис препараттары

E. Калий йодиді

6. Бронх демікпесінде қолданады, айқын қабынуға қарсы және иммундепрессивті әсер етеді. Бүйрек үсті безінің гипофункциясын туғызуы мүмкін. Тіндердің регенерациясын бұзады, қанда глюкоза мөлшерін жоғарылатады.

A. Эфедрин

+ B. Преднизолон

C. Сальбутамол

D. Эуфиллин

E. Бензогексоний

7. М3 холинорецепторларды тежеу арқылы бірыңғай салалы бұлшықеттерді босаңсытады, бронх бездерінің секрециясын азайтады, мес клеткаларынан бронхты тарылтатын заттардың шығуын тежейді. Глаукомада қолданылмайды.

A. Адреномиметиктер

B. Ганглиоблокаторлар

+C. Мускаринохолинолитиктер

D. Симпатолитиктер

E. Никотинохолиномиметиктер

8. Аллергияға қарсы дәрі, мес клеткаларының дегрануляциясына кедергі жасайды. Бронх демікпесінің ұстамасының алдын алуға қолданады, ингаляциялық жолмен енгізеді.

+A. Недокромил

B. Димедрол

C. Тавегил

D. Эуфиллин

E. Фенотерол

9. Тыныс орталығын рефлекторлы түрде қоздырады. Жаңа туған нәрестелердің асфиксиясында қолдану тиімді. Көктамырға енгізеді.

A. Этимизол

B. Бемегрид

C. Коразол

+ D. Лобелин

E. Сульфокамфокаин

10. Кең спектрлі әсер етеді; клетка қабырғасының синтезін бұзады; грам оң бактериялардың β-лактамазасына тұрақты емес; қышқылға төзімді: Ішуге және парентеральды қолданылады; 4-8 сағат әсер ету ұзақтығы.

A. Оксациллин.

B. Карбенициллин

+C. Ампициллин.

D. Бензилпенициллин натрий тұзы.

E. Феноксиметилпенициллин

11. Сальбутамолға не тән?

А. Бронхтарды тарылтады.

+ В. Тек β 2 – адренорецепторларды қоздырады.

С. β 2 – адренорецепторларды тежейді

. D Жатырдың тонусын жоғарылатады

Е. Тек бронхоспазмдардың алдын алу үшін қолданылады.

12. Ипратропий бромидіне не тән?

+ А. Бронхтың бірыңғай салалы бұлшықетіндегі М-холинорецепторларды

тежейді

В. Бронхтың бірыңғай салалы бұлшықетіндегі β 2 – адренорецепторларды

қоздырады.

С. Бронхтың бірыңғай салалы бұлшықетінде тікелей спазмолитикалық

әсер етеді.

D. Парентеральды енгізеді.

Е. Енгізілген жерден жақсы сіңеді.

13. Кромолин натрийге не тән?

А. Глюкокортикоидты препарат.

В. Қантамырларды кеңейтетін дәріге жатады.

+ С. Мес клеткаларының мембранасын тұрақтандырады және олардан

спазмогенді заттардың (дегрануляция процесстері) бөлініп шығуына

кедергі жасайды.

D. Бронхоспазмдарды жою үшін қолданады.

Е. Энтеральды тағайындалады.

14. Эуфиллиннің әсер ету механизмі қандай?

А. β адренорецепторларды қоздырады

В. М-холинорецепторларды қоздырады

С. М-холинорецепторларды тежейді

+ D. Бронхиолалардың бірыңғай салалы бұлшықетіне тікелей әсер етеді.

Е. α – адренорецепторларды тежейді.

15. Бронхолитиктік дәрілердің әсер ету принципі:

А. Бронхтың бірыңғай салалы бұлшықетіндегі

β 2 – адренорецепторларды тежейді.

В. Бронхтың бірыңғай салалы бұлшықетіндегі

β 1 – адренорецепторларды қозырады.

С. Бронхтың бірыңғай салалы бұлшықетіндегі М-холинорецепторларды

қозырады.

D. Н-холинорецепторларды қозырады.

+ Е. Бронхтың бірыңғай салалы бұлшықетіне тікелей әсер етеді.

16. Глюкокортикоидтардың қандай қасиеті оларды бронх демікпесін емдеуге қолдануға мүмкіншілік береді?

А. Липид алмасуын тежейді.

+В. Мес клеткаларының мембранасын тұрақтандырады және олардан

спазмогенді заттардың шығуына кедергі жасайды.

С. Көмірсу алмасуын жақсартады.

D. Су тұз алмасуына әсер етеді.

Е. Анаболиктік әсер етеді

17. Зафирлукастқа не тән?

А. 5- липоксигеназа ферментін және лейкотриендер биосинтезін

тежейді.

+ В. Лейкотриен рецепторларын тежейді.

С. Бронх демікпесінің ұстамасын жою үшін қолданады.

D. М – холинорецепторды тежейді

Е. Адренорецепторларды тежейді.

18. Изадринге не тән?

А. Бронхты тарылтады

+ В. β 2 - β 2 адренорецепторларды қоздырады

С. Тек α – адренорецепторларды қоздырады

D. Миокардқа әсер етпейді

Е. Ринитті емдеуге қолданады

19. Қандай антибактериальды препараттар аурухана ішілік пневмонияны емдеуде негізгі препараттар тобына жатады?

А. тетрациклиндер

В. Линкозамидтер

С. аминогликозидтер

+ D. цефалоспориндердің І және II ұрпақтары

Е. Стрептомицин

20. Бромгексиннің муколитиктік әсерінің механизмі қандай?

А. Бронх бездерінің секрециясын рефлекторлы түрде күшейтеді

В. Гликопротеидтердің пептидті байланысына әсер етпейді

С. Бронх құрамының қышқылдылығын өзгертеді

+ D. Қақырықтың мукопротеидті және мукополисахаридті талшықтарының

деполимеризациясына әкеледі

Е. Тыныс орталығын қоздырады

21. Термопсис препараттарының қақырық түсіретін әсерінің механизмі қандай?

А. Спазмолитиктік әсер етеді

В. Бронх бұлшықеттерінің жиырылуын күшейтеді

+ С. Асқазан рецепторларын қоздыру арқылы , рефлекторлы түрде

бронхтың жыбыр эпитемилерінің белсенділігін жоғарылатады және

бронх бездерінің секрециясын күшейтеді.

D. Белок деполимеризациясы арқылы қақырықты сұйтылтады.

Е. Бронхтың бірыңғай салалы бұлшықетіндегі β - адренорецепторды

қоздырады.

22. Сульфаниламидтердің микробтарға қарсы әсерінің механизмі қандай?

+ А. ПАБҚ бәсекелеседі

В. Микроорганизмдердің клетка қабырғасының синтезін бұзады.

С. ПАСҚ бәсекелес антагонизм

D Микроорганизмдердің ДНК-гиразасын тежейді

Е. Цитоплазмалық мембранасының өткізгіштігін бұзады.

23. Бактериялардың клетка қабырғасының синтезін бұзатын антибиотик:

+ А. Бензилпенициллин

В. Левомицинтин

С.Тетрациклин

D. Стрептомицин

Е. Мономицин

24. Амбулаториялық жағдайда аурухана ішілік пневмонияны емдеуге

пенициллиндер тобынан қайсысы жиі қолданылады?

А. Азлоциллин

В. Амоксициллин

С. Бициллин-3

+D. Ампициллин

Е. Феноксиметилпенициллин

25. Цефалоспориндер:

+ А.Транспептидазаны тежейді және микроорганизмдердің клетка

қабырғасының қызметімен құрылымын бұзады

В. Аланинмен бәсекелеседі

С. Рибосома деңгейінде белок синтезін бұзады

D. Бактериялардың тынысын тежейді

Е. РНК синтезін бұзады.

26. Қақырық түсіретін әсердің механизмі қандай?

+ А. Асқазан рецепторларын қоздырады немесе бронх бездеріне тікелей

әсер етеді

В. β - адренорецепторларды қоздырады

С. α - адренорецепторларды тежейді

D. Тыныс орталығына тікелей әсер етеді

Е. Жөтел орталығын тежейді

27. Өкпе ісігін емдеудің негізгі принциптерін белгілеңіз:

+ А. Кіші қанайналысымда қысымды азайту, экссудаттың көпіруін жою.

В. Тыныс орталығын қоздыру

С Бронхтарды кеңейту

D. Өкпе тіндерін гидратациялау

Е. Артериялық қысым жоғарылайды

28. Көбікті басатын дәріні белгілеңіз:

А. Цититон

В. Бемегрид

С. Морфин

+ D. Этил спирті

Е. Адреналин

29. Өкпе ісігінде қолданылатын препараттардың тобын белгілеңіз

А. Нейролептиктер

В. Симпатолитиктер

С. Аритмияға қарсы дәрілер

+ D. Көбікті басатын дәрілер

Е. Бронхолитиктер

30. Сурфактанттың әсер ету принципін белгілеңіз:

А. М-холинорецепторларды қоздырады

В. Тыныс орталығын қоздырады

+ С. Өкпе сұйықтығының беткі керілісін жоғарылайды

D.Каротидті шумақтарға әсер етеді

Е. β-адренорецепторды тежейді

31. Амброколдың муколитикалық әсерінің механизмі қандай?

А. Бронх бездерінің секрециясын рефлекторлы түрде күшейтеді

В. Гликопротендтердің пептидті байланысына әсер етпейді

С. Бронх құрамының қышқылдылығын өзгертеді

+ D. Қақырықтың мукополисахаридті және мукопротейнді

талшықтарының деполимеризациясын туғызады.

Е. Тыныс орталығын қоздырады.

32. Синтетикалық пенициллиндерді клавулон қышқылымен қандай мақсатта біріктіреді?

+ А. β -лактамазаны тежеуге

В. Аллергиялық реакцияларды азайтуға

С. β - лактамазаны белсендіруге

D. Дисбактериоздың алдын алуға

Е. Проксимальды бүйрек өзекшелеріндегі дегидропектидаза -1 тежеуге.

33. Антифомсилан қай топқа жатады?

А. Бронхолитиктерге

+ В. Көбік басатын дәрілерге

С. Антибиотиктерге

D. Жөтелге қарсы дәрілерге

Е. Жөтелге қарсы дәрілерге

34. Біреуінен басқасының барлығы дұрыс:

+ А. Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер бронхтың тонусын

жоғарылатуы мүмкін

В. Глауцин дәріге тәуелділік туғызады

С. Сальбутамол жүректің соғу жиілігіне әсер етпейді

D. Изадрин бронхты тарылтады

Е. Либексин тыныс орталығын қоздырады

35. Кодеиннің жағымсыз әсері:

А. Ұйқысыздық

В. Жөтел

+ С. Тыныстың тоқтауы

D. Тремор

Е. Ортостатикалық гипотензия

36. Изадриннің жағымсыз әсері:

А. Артериялық қысымның жоғарылауы

+ В. Экстрасистолия

С. Бронхоспазм

D. Брадикардия

Е. Атриовентикулярлы блокада

37. М-холиноблокаторлар бронхолитиктер қандай жағдайда қолданылмайды?

А. Брадикардияда

В. Атриовентикулярлы блокадада

+ С. Глаукомада

D. Бронх демікпесінде

Е. Гиперацидті гастритте

38. Глюкокортикоидтарды ингаляциялық жолмен қолданғанда болатын жағымсыз әсерді белгілеңіз:

А. Бронхоспазм

В. Бронхтың кілегей қабатының ісінуі

+ С. Ауыз қуысының кандидомикозы

D. Гипогликемия

Е. Гипертония

39. Біреуінен басқасының барлығы дұрыс:

А. Глауцин тыныс орталығын қоздырады

+ В. Кодеин анальгетиктік әсер етеді

С. Сальбутамол β2-адренорецепторды тежейді

D. Натрий нитропруссиді – тиімді бронхолитик

Е. Эфедрин бронх бұлшықетінің тонусын жоғарылатады

40. Салметеролдың сальбутамолдан айырмашылығы қандай?

+ А. Бронхолитиктік әсері өте ұзақ

В. Қысқа уақыт әсер етеді

С. Қантамырлардың тонусын төмендетеді

D. Тахикардия туғызбайды

Е. Ішуге қолданылады

41. Бронхолитикті анықтаңыз: парентеральды тағайындалады: қысқа уақыт әсер етеді; тек бронхтарды жою үшін қолданылады; айқын тахикардия туғызады; қан қысымын жоғарылатады:

+А. Адреналин

В. Эфедрин

С. Тиотропий

D. Изадрин

Е. Теофиллин

42. Бронхолитикті анықтаңыз: ингаляциялық жолмен қолданылады; сілекей және бронх бездерінің сөлінісін азайтады; глаукомада қолданылмайды:

А. Ипратропий

+В. Эфедрин

С. Теофиллин

D. Эуфиллин

Е. Салметерол

43. Азалидтер тобына жатады:

А. Цефпиром

В. Бициллин-1

С. Оксациллин

+D. Азитромицин

Е. Эритромицин

44. Цефалоспориндер:

+ А. Әсер ету спектрі кең

В. Көбінесе грам оң бактерияларға әсер етеді

С. Хламидияларға тиімді

D. Көбінесе ішек бактерияларына (шигеллалар, сальмонеллалар) әсер

етеді

Е. Әсер ету спектрі тар

45. Карбопенемдер:

А. Көбінесе грам оң бактерияларға әсер етеді

В. Хламидияларға тиімді

+ С. Әсер ету спектрі кең

D. Әсер ету спектрі тар

Е. Көбінесе грам теріс бактерияларға әсер етеді

46. Эритромицинге қайсысының сезімталдығы жоғары?

А. Ішек бактериялары (шигеллалар, сальмонеллалар)

В. Хламидиялар

С. Грам теріс кокктар

D.Вирустар

+ Е. Грам оң кокктар

47. Бензилпенициллин натрий тұзынан бензилпенициллин новокаин

тұзының айырмашылығы

А. Әсер ету спектрі кең

+ В. Ұзақ әсер етеді

С. Грам оң бактериялардың β –лактамазасына тұрақты

D. Ішуге тағайындағанда тиімді

Е. Қысқа уақыт әсер етеді

48. Грам оқ бактериялардың β –лактамазасына тұрақты жартылай

синтетикалық пенициллинді таңдаңыз:

А. Ампициллин

В. Амоксициллин

С. Азлоциллин

+ D.Оксациллин

Е. Карбенициллин

49. Антибиотиктердің химиотерапиялық әсерімен байланысты жағымсыз әсерді белгілеңіз

А. Дисбактериоз

+ В. Аллергиялық реакциялар

С. Бауырдың зақымдануы

D. Бүйректің зақымдануы

Е. Жүйке-бұлшықет өткізгіштігінің тежелуі

50. Азалидтер тобына жатады:

А. Эритромицин

В.Пициллин-1

С. Оксациллин

+ D. Азитромицин

Е. Ванкомицин

51. Дұрыс тұжырымды белгілеңіз:

А. Бициллиндер асқазанның қышқыл ортасына тұрақты

В. Оксациллиннің әсер ету спектрі кең

С. Эритромицинге бактериялардың тұрақтылығы баяу дамиды

+ D. Аминогликозидтер естуді зақымдап, вестибулярлы бұзылыстарға

әкеледі

Е. Азтреонам бактериостатикалық әсер етеді

52. Бисептол (котримоксазол)

+А. Фолий қышқылының синтез процессінде парааминобензой

қышқылының бәсекелес антагонисті болып табылады және

дигидрофолатредуктазаның белсенділігін тежейді.

В. Рибосома деңгейінде белок синтезін бұзады

С. Ферменттердің сульфгидрильді топтарын тежейді

D. Клетка қабырғасының синтезін бұзады.

Е. Бактериостатикалық әсер етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]