- •Дипломдық жұмыс
- •Мазмұны
- •I. Әдеби шолу
- •II. Зерттеу нысандары мен әдістері
- •III. Нәтижелер және оларды талдау
- •3.4. Судың химиялық қасиетін және оның құрамындағы мұнай
- •I әдеби шолу
- •1.1 Қазіргі таңда мұнаймен ластану мәселесі
- •1.2 Мұнай, оның құрамы және қасиетті
- •1.3 Мұнайды су бетінен жою әдістері
- •1.4 Микроорганизмдердің мұнай және мұнай өнімдерін деградациялаудағы ролі
- •1.5 Судың мұнай және мұнай өнімімен ластануында сорбенттердің қасиеттері
- •1.6 Биологиялық материалдардың иммобилизациясы
- •II Зерттеу нысандары мен әдістері
- •2.1 Зерттеу нысандары
- •2.2 Қолданылған әдістер
- •2.2.1 Модельді тәжірибе
- •2.2.2 Судың химиялық құрамын және оның құрамындағы мұнай өнімдерін анықтау
- •2.2.3 Судағы микроорганизмдердің физиологиялық топтарының санын анықтау
- •2.2.4 Көмірсутегі тотықтырғыш микроорганизмдерді анықтау
- •2.2.5 Мұнайсорбентін таңдау.
- •2.2.6 Тығыз қоректену ортасына (Кохтың табақшалық әдісі) егілетін жасушалар мөлшерін анықтау
- •2.2.7. Мұнай сорбенттерінде штамм - деструкторлардың иммобилизация әдісі
- •2.2.8 Судағы мұнай және мұнай өнімдерінің мөлшерін гравиметриялық әдіспен анықтау
- •III. Нәтижелерді талдау.
- •3.1. Көмірсутек тотықтыратын микроорганизмдерді бөлу, олардың
- •Хлорид натрияның әр түрлі концентрациясында, орта
- •Қышқылдығында және температуралық режимде өсімталдығын
- •Және олардың эмульгирлеуші белсенділігінің нәтежесі
- •3.2 Әр түрлі мұнай биодеградациясын микроорганизмдер культуралары арқылы зерттеу нәтежесі
- •3.4 Судың химиялық қасиетін және оның құрамындағы мұнай өнімдерін анықтау анализінің нәтижесі
- •3.5 Мұнай сорбентін таңдау және қолдану нәтежесі
- •3.6 Модельдік тәжірибе нәтежесі.
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
II Зерттеу нысандары мен әдістері
2.1 Зерттеу нысандары
Су - Есил суы. Ластануы 3 деңгейлі «орташа ластанған» болып табылады. СЛИ = 1,01 – 1,5; Бүкіл Есіл өзені бойы сульфаттардың орташа концентрациясы ШҰК бойынша шамамен 1,3 – 2; Сол сияқты азот нитратының орташа концентрациясы ШҰК бойынша 2,5; мыс ШҰК бойынша 1,5; мұнай өнімдері ШҰК бойынша 1,4;
Мұнай - Жанаталап, Каражанбас, Досор, Өзен тұған жерінен шикі мұнай.
Жанаталап мұнайының физико-химиялық сипаттамасы – мұнай салмағы - 0,87 г/см3, 200С температурадағы тығыздығы - 0,843, 00С температурада жабысқақтығы - 36,4 мм 2 сек. Құрамында парафиндер болуы – 1,51%, кукірт – 0,12%, асфальтендер - 0,02%, силикагельді смолалар – 5,62%, кукірт қышқылды смолалар - 6%, қату температурасы - минус 450С, тұтану температурасы – минус 20С.
Каражанбас мұнайының физико-химиялық сипаттамасы - 200С температурадағы тығыздығы 0,949. Масс. %: күкірт - 1,68; смолалар - 21,6; асфальтендер - 5,3. Мұнай құрамында көмірсутектік ингредиенттердің, масс. %: парафиндер - 71,0; нафтендер - 15,1; ароматты - 13,9. Мұнай жоғары жабысқақтығымен және жоғары күкірттігімен ерекшелінеді. Төменгі қату температурасы 200С- тан 250С дейін.
Досор мұнайының физико-химиялық сипаттамасы – мұнай тығыздығы 0,847 кг/м3. Бұл мұнай түрі аз күкірті (0,2-0,22%), аз смолалы (7%), құрамында 0,2-2,07% парафин бар.
Өзен мұнайының физико-химиялық сипаттамасы - мұнай тығыздығы 844—874 кг/м³, күкірттің бар болуы 0,16-2 %, парафиндер 16-22,6 %, смолалар 8-20 %.
Микроорганизмдерді өсіру үшін қоректік орталар
Құрғақ қоректік агар– стандартты дайын орта, 1 литр суға 58г ҚҚА қосып, 0,1 МПа 30 минут ішінде стерилдеуден өткізіледі.
Чапека қоректік ортасы (г/л ағын су) глюкоза-20г; K2HPO4-0,5г; NaNO3-2 г; MgSO4-0,5 г; КCL-0,5 г; FeSO4-0,1 г; CaCO3- 3 г; агар-агар-20 г. рН-7,0-7,2. Стерилдеу 0,1 Мпа 30 минут.
Ворошилова-Дианова ортасы (г/л дистильденген су). NaCl-10 г; K2HPO4-1 г; NH4NO3-1 г; MgSO4-0,2 г; CaCl2-0,02 г; агар-агар-20 г. рН-7,0-7,2. Стерилдеу 0,1 Мпа 30 минут.
Табиғи сорбентер
Мұнай сорбенттерін таңдаған кезде біз тәжірибиені арзандану үшін адсорбентер ретінде табиғи қалдықтарды және әр түрлі өнеркәсіптің өнімдерін таңдап, келесі адсорбенттерді тексердік:
1 - торф;
2 –ағаш ұнтағы;
3 - көбіктенген пенаперулетан;
4 - керамзит;
5 - сабан;
6 - паролон;
Микроорганизмдер
Dietzia sp. МВ3, Rhodococcus erythropolis Кл1, Rhodococcus sp. AT2 (сурет-2) РММ «Қазақстан Республикасының Халықаралық Биотехнология Орталығының» коллекционды штаммдары.
Таңдалған микроорганизмдердің көріністері.
Сурет – 1.
Химиялық заттар.
Хлороформ (трихлорметан), CHCl3, өткір иісті,түзсіз сұйықтық, тәтті ащы дәмі бар, tқай = 61,15°С, тығыздығы 1,488 г/см3 (20°С). Жалпы суда ерімейді, көптеген органикалық етінкіштермен араласады. Жарықта хлороформ ауа отегісінің әсері арқылы фосген,хлор,хлорлы сутек және құмырсқы қышқылы түзіле отырып баяу ыдырайды. Хлороформды хлорлау арқылы алады, мысалы, метанды, ацетонды немесе спиртті.
Дифенил (бифенил, фенилбензол), C6H5С6H5 – түзсіз кристалдар; tбал 171°С, tқай 254≈255°С. Бифенил суда ерімейді, органикалық еріткіштерде жақсы ериді; тасты көмір смоласынан бөліп алатын, антраценді майдың құрамында болады. Өндірісте оны бензолды 750≈800°С дегидрлеу арқылы алады.
Нафталин (С10Н8) – өзіне тән исі бар қатты кристалдық зат, суда ерімейді, бензолда және эфирде жақсы ериді, tбал 80,3°С. Тасты көмірдің смоласында және мұнайдың құрамына кіреді. Химиялық өнеркәсіптің маңызды шикі заты: көптеген органикалық бояғыштардың синтезіне қолданады, фталевті ангидрид, тетралин, декалин т.б.
Фенантрен – үш циклді ароматты көмірсутек, түссіз кристалдары суда ерімейді, бірақ органикалық еріткіштерде еруге қабілетті. Tбал 101°C, tқай 340°C. Фенантренің ерітінділері көк түсті флуоресценцияға ие. Фенантрен өзінің антрацен изомерімен бірге тасты көмір смоласынан құрамына кіреді. Фенантренді өндірісте бояғыш ретінде қолданылады.
Вазелин – мұнай дистиляттын тазартқан кезде алынатын кмірсутек, парфюмериялық өндірісте мазь негізі ретінде кең қолданылады. Немесе медицинада пайдаланылады.
