
- •Дипломдық жұмыс
- •Мазмұны
- •I. Әдеби шолу
- •II. Зерттеу нысандары мен әдістері
- •III. Нәтижелер және оларды талдау
- •3.4. Судың химиялық қасиетін және оның құрамындағы мұнай
- •I әдеби шолу
- •1.1 Қазіргі таңда мұнаймен ластану мәселесі
- •1.2 Мұнай, оның құрамы және қасиетті
- •1.3 Мұнайды су бетінен жою әдістері
- •1.4 Микроорганизмдердің мұнай және мұнай өнімдерін деградациялаудағы ролі
- •1.5 Судың мұнай және мұнай өнімімен ластануында сорбенттердің қасиеттері
- •1.6 Биологиялық материалдардың иммобилизациясы
- •II Зерттеу нысандары мен әдістері
- •2.1 Зерттеу нысандары
- •2.2 Қолданылған әдістер
- •2.2.1 Модельді тәжірибе
- •2.2.2 Судың химиялық құрамын және оның құрамындағы мұнай өнімдерін анықтау
- •2.2.3 Судағы микроорганизмдердің физиологиялық топтарының санын анықтау
- •2.2.4 Көмірсутегі тотықтырғыш микроорганизмдерді анықтау
- •2.2.5 Мұнайсорбентін таңдау.
- •2.2.6 Тығыз қоректену ортасына (Кохтың табақшалық әдісі) егілетін жасушалар мөлшерін анықтау
- •2.2.7. Мұнай сорбенттерінде штамм - деструкторлардың иммобилизация әдісі
- •2.2.8 Судағы мұнай және мұнай өнімдерінің мөлшерін гравиметриялық әдіспен анықтау
- •III. Нәтижелерді талдау.
- •3.1. Көмірсутек тотықтыратын микроорганизмдерді бөлу, олардың
- •Хлорид натрияның әр түрлі концентрациясында, орта
- •Қышқылдығында және температуралық режимде өсімталдығын
- •Және олардың эмульгирлеуші белсенділігінің нәтежесі
- •3.2 Әр түрлі мұнай биодеградациясын микроорганизмдер культуралары арқылы зерттеу нәтежесі
- •3.4 Судың химиялық қасиетін және оның құрамындағы мұнай өнімдерін анықтау анализінің нәтижесі
- •3.5 Мұнай сорбентін таңдау және қолдану нәтежесі
- •3.6 Модельдік тәжірибе нәтежесі.
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
1.3 Мұнайды су бетінен жою әдістері
Теңіздер, өзен мен көлдерге мұнай мен мұнай өнімдерінің ұзақ мерзімді төгілуінен келетін зардаптардың өзара маңызды айырмашылықтары бар олардан мұнайды жинау және жою үшін қолданылатын әдістер де әр түрлі.
Мұнай төгілуден келетін зардаптарды жою әдістері әрекет ету механизміне байланысты механикалық, физико-химиялық және биологиялық, әрекет ету принципі бойынша жасанды тазарту және тазалаудың табиғи үрдістерін интенсивтендіру (қарқындату, үдету) болып бөлінеді.
Мұнай мен мұнай өнімдерінің апаттық төгілунен келетін зардаптарды жою үрдісі шартты түрде үш сатыдын тұрады:
төгілу аймағын оқшаулау;
су бетінен мұнай мен мұнай өнімдерін жинау және жою
жиналған өнімді қайта өндеу және кері пайдаға асыру
Су бетінде мұнай таралуын тоқтату мақсатында төгілген мұнайды оқшаулау үшін мынадай әдістер қолданылады:
1. Бондық бөгеттер. Олар өзара икемді байланыспен біріктірілетін, бөлек құбырлы элементтер түрінде синтетикалық материалдардан жасалады. Жүзу үшін бұл элементтер ауамен үріледі және жеңіл толтырғышпен толтырылады. Кейбір бөгеттер ұзын тілме қабат түрінде нейлоннан, брезенттен немесе басқа материалдан жасалады және олар жүзу күйін жүзу құралдары көмегімен сақтайды.
Бұл құралдардың кемшілігі ретінде кеме қозғалысы қарқынды жерлерде (порттар, кемежай) оларды қолдану кезінде бөгеттерді жинап алып, оны кері қою қажеттілігінің туатынын айтуға болады.
2. Пневматикалық бөгеттер. Олар келесі принциптер бойынша жұмыс істейді: жоғарғы бөлігінде саңылаулары бар ауа қысымын компрессор көмегімен ұлғайтатын құбыр су түбіне салынады. Нәтижесінде ауа көпіршіктері мен жоғары көтерілуші су ағынынан су бетінде горизонтальды орналасқан қабат пайда болады. Бұл беттік ағын мұнайдың таралуына бөгет болады, себебі оның таралу жылдамдығы қарсы келе жатқан су ағыны жылдамдығынан аз. Тынық суларда бұндай пневматикалық бөгет қалыңдығы 5 см-дей болатын мұнай “дағын” ұстап тұруы мүмкін. Әдіс кемшілігі ретінде су ағының жылдамдығы 0.5 м/с-тан көп болғанда ауа көпіршіктерінің жүзіп шығу кезінде тарап кетіп су бетінде қабат құрмауы саналады. Одан басқа ауа көпіршіктері құрған қабат судан қою салмақты күйінде пневаматикалық бөгетті басып өтіп, оның шекарасынан тыс жерлерге тарала алтын төгілген мұнайдың эмульденуіне мүмкіндік береді. Ағын болған жағдайда пневматикалық бөгеттің сенімділігін арттыру үшін енетін ауа ағынына микроскопиялық сорбенттің белгілі мөлшерін енгізу ұсынылады. (ауа: сорбент қатынасы 1:0.05-тен 1:0.2-ге дейін). Ауа көпіршіктерімен микросфералардың қатар жүзіп шығуы микросфералардың үлкен көтергіш күшінің арқасында көтеріліп келе жатқан су ағынының жылдамдығын үлкейтеді. Құралып жатқан су-мұнай эмульсиясы бұзылып, мұнай микросфералардың айналасына жиналады. Бетте пайда болатын гель тектес масса механикалық әдіспен жиналынады. Сорбенттер формальдигитті смоладан, мочевиноформальдегитті смоладан бола алады.
Мұнай мен мұнай өнімдерін пайдаланудың микробиологиялық әдістері көмірсутекті тотықтырғыш микроорганизмдерді консорциумға енгізу немесе тоғанның аборигенді микрофлорасын қоректі заттарды (N, P, K, глюкоза) енгізу арқылы белсендетуге негізделуі мүмкін. Қатты тасымалдағыштардағы (бентонит, силикагель, көмір, пенопласт) бактериалды препараттар кеңінен қолданылады [3].
Суды тазартуда микробиологиялық әдісі өзінің экологиялылығының арқасында ең перспективті әдіс болып саналады.