
- •Дипломдық жұмыс
- •Мазмұны
- •I. Әдеби шолу
- •II. Зерттеу нысандары мен әдістері
- •III. Нәтижелер және оларды талдау
- •3.4. Судың химиялық қасиетін және оның құрамындағы мұнай
- •I әдеби шолу
- •1.1 Қазіргі таңда мұнаймен ластану мәселесі
- •1.2 Мұнай, оның құрамы және қасиетті
- •1.3 Мұнайды су бетінен жою әдістері
- •1.4 Микроорганизмдердің мұнай және мұнай өнімдерін деградациялаудағы ролі
- •1.5 Судың мұнай және мұнай өнімімен ластануында сорбенттердің қасиеттері
- •1.6 Биологиялық материалдардың иммобилизациясы
- •II Зерттеу нысандары мен әдістері
- •2.1 Зерттеу нысандары
- •2.2 Қолданылған әдістер
- •2.2.1 Модельді тәжірибе
- •2.2.2 Судың химиялық құрамын және оның құрамындағы мұнай өнімдерін анықтау
- •2.2.3 Судағы микроорганизмдердің физиологиялық топтарының санын анықтау
- •2.2.4 Көмірсутегі тотықтырғыш микроорганизмдерді анықтау
- •2.2.5 Мұнайсорбентін таңдау.
- •2.2.6 Тығыз қоректену ортасына (Кохтың табақшалық әдісі) егілетін жасушалар мөлшерін анықтау
- •2.2.7. Мұнай сорбенттерінде штамм - деструкторлардың иммобилизация әдісі
- •2.2.8 Судағы мұнай және мұнай өнімдерінің мөлшерін гравиметриялық әдіспен анықтау
- •III. Нәтижелерді талдау.
- •3.1. Көмірсутек тотықтыратын микроорганизмдерді бөлу, олардың
- •Хлорид натрияның әр түрлі концентрациясында, орта
- •Қышқылдығында және температуралық режимде өсімталдығын
- •Және олардың эмульгирлеуші белсенділігінің нәтежесі
- •3.2 Әр түрлі мұнай биодеградациясын микроорганизмдер культуралары арқылы зерттеу нәтежесі
- •3.4 Судың химиялық қасиетін және оның құрамындағы мұнай өнімдерін анықтау анализінің нәтижесі
- •3.5 Мұнай сорбентін таңдау және қолдану нәтежесі
- •3.6 Модельдік тәжірибе нәтежесі.
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
3.6 Модельдік тәжірибе нәтежесі.
Көміртегі және энергия көзі ретінде Жанаталап мұнайы бар ортада 14 тәулік бойы тәжірибені жүргізу барысында мұнайдың біразы қолданылғаны байқалды. Алайда, деструкция белсенділігінің деңгейі әркелкі болды. Жанаталап кен орнын мұнайы тығыздығы бойынша орташа түрге жататыны белгілі. Зерттелетін микроорганизмдер үшін бұл мұнай түрін аз игерілгені байқалды. Сонымен қатар культуралар өзара мұнайды игеруі бойынша ерекшеленді.
Таңдалған микроорганизмдер культурасы 5% мұнайды утилизациялауға қабілетілігі.
Диаграма-1.
Кл1 микроорганизм культурасы 5% мұнайды 65,8% дейін утилизациялауға қабілетті, қалған Ат2 микроорганизм культурасы 5% мұнайдың 90,7%-ға дейін, ал МВ3 микроорганизм культурасы 5% мұнайдың 90,9%-ке дейін ыдыратты (диаграмма-1).
Ал, таңдалған культуралардың 10% мұнайды игеруі бойынша ерекшелігі келесі: Кл1 микроорганизм культурасы 10% мұнайды 57,9% дейін утилизациялауға қабілетті, қалған Ат2 микроорганизм культурасы 10% мұнайдың 87,7%-ға дейін, ал МВ3 микроорганизм культурасы 10% мұнайдың 87,8%-ға дейін ыдыратты (диаграмма-2).
Таңдалған микроорганизмдер культурасы 10% мұнайды утилизациялауға қабілетілігі.
Диаграма-2.
Қорытынды
Мұнаймен ластанудың микробтық бұзылулары – олардың элиминация және су экожүйесіне әсер ететін маңызды үрдістердің бірі. Микроорганизмдердің жоғарғы диградациялық интродукциясы және мұнай көмірсутегінің жоғарғы концентрациясына тұрақты, мұнай өнімдері мен әр түрлі мұнай типтерінде өсе алу қабілеті аймақтың спецификалық жағдайын есептей отырып микробиологиялық технология жасауға және мұнаймен ластанған территориялардың қайта қалпына келу үрдісін жылдамдатады. Микроорганизм-деструкторларды қолданудың маңызды шартының бірі олардың адам және қоршаған ортаға қауіпсіздігі болып табылады.
Жасалған зерттеулердің нәтижесінде келесі шешімдерге келеміз:
1. Лабораториялық жағдайда мұнай қышқылдандырушы микроорганизмдердің белсенділігін анықтау барысында көмірсутегі мен мұнайға қатысты бастапқы бағалау жүргізуде алдын бөлінген 86 микроорганизм штаммдарынан тек 19 жоғарғы белсенділікті көрсетті.
2. Досор, Жаңаталап және Қаражанбас мұнайларының биодеградациясын зерттеуде микрооргаизмдерден жоғарғы қышқылдық қабілетке 6 культура ие болды – KU1, U2.1, U2.6, MB3, Кл1, Кл4.
3. Микроорганизмдердің белсенді культуралары түрлік қатынасқа дейін идентифицирленген. Штаммдар классификациясына сәйкес мұнай қышқылдандырушы микроорганизмдер қауіптіліктің 4 –ші класына жатады және адам мен жануарларға патогенді емес болып табылды.
4. Көмірсутегін қышқылдандырушы белсенділікті зерттеуде ИК-спектроскопия әдісі микроорганизм культуралары мұнайды 64-тен 78,3%-ға дейін белсенді түрде ыдырата алатынын көрсетті.
5. Зерттеу кезінде су бетіндегі мұнай сорбенттерінің негізгі сипаттамалары (мұнай жұту, су жұту, флотирленушілік (флотируемость), мұнайдың деструктор-микроорганизмдерінің иммобилизациялануы үшін жоғарғы поралық бет) және мұнай сорбентті сапасының көрсеткіші анықталды ПКА=Н·F/(100·В), үлес).
6. Өндіріс қалдықтары ішінен ең арзан мұнай сорбенттерін іріктеуі жүргізілді.
7. Зерттелген мұнай сорбенттері ішінде су бетінің адсорбенті ретінде ең жақсы сапаға келесілер ие болды: торф, көбіктенген пенаперулетан, паролон.
8. Жанаталап мұнайы бар ортада 14 тәулік бойы тәжірибені жүргізу барысында, 19 культураның ішінен таңдап алынған культуралар өзара мұнайды игеруі бойынша 57,9% -тен 90,9%-ке дейін утилизациялауға қабілетті.
Мен бұл тәсілді мұнай мен мұнай өнімдерін сақтайтын, тасымалдайтын кәсіпорындарда мұнайдың апатты төгілу кезінде және мұнай химиясы мен мұнай өндеуде қолдануды ұсынамын.