
- •Дипломдық жұмыс
- •Мазмұны
- •I. Әдеби шолу
- •II. Зерттеу нысандары мен әдістері
- •III. Нәтижелер және оларды талдау
- •3.4. Судың химиялық қасиетін және оның құрамындағы мұнай
- •I әдеби шолу
- •1.1 Қазіргі таңда мұнаймен ластану мәселесі
- •1.2 Мұнай, оның құрамы және қасиетті
- •1.3 Мұнайды су бетінен жою әдістері
- •1.4 Микроорганизмдердің мұнай және мұнай өнімдерін деградациялаудағы ролі
- •1.5 Судың мұнай және мұнай өнімімен ластануында сорбенттердің қасиеттері
- •1.6 Биологиялық материалдардың иммобилизациясы
- •II Зерттеу нысандары мен әдістері
- •2.1 Зерттеу нысандары
- •2.2 Қолданылған әдістер
- •2.2.1 Модельді тәжірибе
- •2.2.2 Судың химиялық құрамын және оның құрамындағы мұнай өнімдерін анықтау
- •2.2.3 Судағы микроорганизмдердің физиологиялық топтарының санын анықтау
- •2.2.4 Көмірсутегі тотықтырғыш микроорганизмдерді анықтау
- •2.2.5 Мұнайсорбентін таңдау.
- •2.2.6 Тығыз қоректену ортасына (Кохтың табақшалық әдісі) егілетін жасушалар мөлшерін анықтау
- •2.2.7. Мұнай сорбенттерінде штамм - деструкторлардың иммобилизация әдісі
- •2.2.8 Судағы мұнай және мұнай өнімдерінің мөлшерін гравиметриялық әдіспен анықтау
- •III. Нәтижелерді талдау.
- •3.1. Көмірсутек тотықтыратын микроорганизмдерді бөлу, олардың
- •Хлорид натрияның әр түрлі концентрациясында, орта
- •Қышқылдығында және температуралық режимде өсімталдығын
- •Және олардың эмульгирлеуші белсенділігінің нәтежесі
- •3.2 Әр түрлі мұнай биодеградациясын микроорганизмдер культуралары арқылы зерттеу нәтежесі
- •3.4 Судың химиялық қасиетін және оның құрамындағы мұнай өнімдерін анықтау анализінің нәтижесі
- •3.5 Мұнай сорбентін таңдау және қолдану нәтежесі
- •3.6 Модельдік тәжірибе нәтежесі.
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
3.5 Мұнай сорбентін таңдау және қолдану нәтежесі
Анализ нәтижесінде әдеби деректер бойынша мұнай сорбенттері жоғарғы мұнай көлемімен, флотациялық қасиеттерге (жүзгіштік), төменгі су сіңіру және беттік жоғары кеуектілік қабілетіне ие болуы қажет [3,7,8]. Мұнай көлемінің – нәтижелігінің көрсеткіші адсорбенттің мұнай сіңіру жұмыстары болып табылады; жоғарғы флотациялық қабілеті су қоймасының түбі адсорбент мен мұнайдың екіншілік ластанудан сақтайды және мұнай қабатымен байланысын арттырады; су сіңіру беттік адсорбенттердің гидрофильдік көрсеткіші болып табылады және мұнай сіңіруге кері пропорционал, жоғары кеуекті беткі қабат микроорганизмов-деструкторлар мұнайдың көп мөлшерін иммобилдеуге мүмкіндік береді. Осы сипаттамаларға негізделіп мұнай сорбенттерінің адсорбентерінің сапалық көрсеткішіне 8-теңдеу [33]:
Адсорбент сапасының көрсеткіші =Н·F/(100·В) (8)
Мұнда Н – мұнай сіңіру;
F – жүзгіштігі;
В – су сіңіруі.
Жасалған зерттеулер барысында бізбен таңдалған мұнай сорбенттерінің негізгі сипаттамалары өлшемдері және олардың сапалық көрсеткіші есептелді. Нәтижелері 9- кестеде берілген.
Кесте-9.
Адсорбенттердің салыстырмалы сипаттамасы.
Адсорбенттер |
Мұнайсор-бентіне мұнай сіңіуі, г/г |
Мұнайсор-бентіне су сіңіуі, г/г |
Жүзгіштігі, % |
Адсорбент-тің сапасының көрсеткіші, бөлшекпен |
Адсорбир-ленген микроорга- низмдер саны, кл/г |
1- керамзит |
1 |
0,02 |
20 |
10 |
0,3105 |
2- сабан |
5,11 |
0,20 |
80 |
20,4* |
1,6106** |
3-көбіктенген пенаперулетан |
9,26 |
4,45 |
100 |
2,1 |
0,8106** |
4 - торф |
17,71 |
24,28 |
45 |
0,3 |
1,2105 |
5 - паролон |
13,56 |
19,30 |
99 |
0,7 |
2,8106 |
6 - ағаш ұнтағы |
1,72 |
4,31 |
28 |
0,1 |
0,9106** |
Ескерту: ** - көрсеткіштің жоғары мәні.
*- көрсеткіштің біршама жоғары мәні.
Зерттелген адсорбенттер ішінен жақсы мұнай сіңіруші қабілетке ие: торф – 17,71г/г, паролон – 13,56 г/г; көбіктенген пенаперулетан – 9,26 г/г., аталған осы адсорбенттер сәйкесінше біршама жоғары мөлшерде микроорганизмдер-деструкторларды иммобилиздейді – 1,2105, 2,8106- 0,8106. Сонымен, максималды нәтижелі екі факторлардың қабысуы: мұнай сорбенттерінің сапалық көрсеткіші – мұнайды ұстап қалу мен жұту үшін және микроорганизм-деструкторларды иммобилдеуге қабілеті – торф және ағаш ұнтағы мұнай сорбенттерінің регенерациясына қабілетті (сурет – 6 және 7).
Ағаш ұнтағымен тофртың салыстырмалы флотациясы.
Сурет-6.
Көбіктенген пенаперулетан, сабан, ағаш ұнтағы, паролон мұнайдың микроорганизм-деструкторлар иммобилизациясына жоғары қабілеттілікке ие, дегенмен төмен мұнай жұтушы қабілеттілік және төменгі қалқымалығымен, сондықтан да мұнай сорбенттеріні су беткейінің ластануы барысында нашар нәтижелілі болып келеді.
Су бетін тазалау үшін біздің зерттеу тобымызбен мұнай сорбенттерін іріктеу жұмысын жалғастырды. Зерттеулер нәтижесінде адсорбент ретінде ең жақсы сапаға келесілер ие: торф (ол және ең жоғарғы мұнай деструктор-микрооргизмдермен регенерациялану қабілетіне ие), паролон және көбіктенген пенаперулетан, сабан. Іріктелген адсорбенттер жоғарғы мұнай сыйымдылыққа, флотирленуге, төменгі су жұтуға және мұнай деструктор-микрооргизмдерін иммобилизациялау үшін жоғарғы поралық бетке ие.
Торф пен ағаш үгінділері мұнайды ұстап қалу мен жұту қабілетінің нәтижесі.
Сурет-7.