
- •Дипломдық жұмыс
- •Мазмұны
- •I. Әдеби шолу
- •II. Зерттеу нысандары мен әдістері
- •III. Нәтижелер және оларды талдау
- •3.4. Судың химиялық қасиетін және оның құрамындағы мұнай
- •I әдеби шолу
- •1.1 Қазіргі таңда мұнаймен ластану мәселесі
- •1.2 Мұнай, оның құрамы және қасиетті
- •1.3 Мұнайды су бетінен жою әдістері
- •1.4 Микроорганизмдердің мұнай және мұнай өнімдерін деградациялаудағы ролі
- •1.5 Судың мұнай және мұнай өнімімен ластануында сорбенттердің қасиеттері
- •1.6 Биологиялық материалдардың иммобилизациясы
- •II Зерттеу нысандары мен әдістері
- •2.1 Зерттеу нысандары
- •2.2 Қолданылған әдістер
- •2.2.1 Модельді тәжірибе
- •2.2.2 Судың химиялық құрамын және оның құрамындағы мұнай өнімдерін анықтау
- •2.2.3 Судағы микроорганизмдердің физиологиялық топтарының санын анықтау
- •2.2.4 Көмірсутегі тотықтырғыш микроорганизмдерді анықтау
- •2.2.5 Мұнайсорбентін таңдау.
- •2.2.6 Тығыз қоректену ортасына (Кохтың табақшалық әдісі) егілетін жасушалар мөлшерін анықтау
- •2.2.7. Мұнай сорбенттерінде штамм - деструкторлардың иммобилизация әдісі
- •2.2.8 Судағы мұнай және мұнай өнімдерінің мөлшерін гравиметриялық әдіспен анықтау
- •III. Нәтижелерді талдау.
- •3.1. Көмірсутек тотықтыратын микроорганизмдерді бөлу, олардың
- •Хлорид натрияның әр түрлі концентрациясында, орта
- •Қышқылдығында және температуралық режимде өсімталдығын
- •Және олардың эмульгирлеуші белсенділігінің нәтежесі
- •3.2 Әр түрлі мұнай биодеградациясын микроорганизмдер культуралары арқылы зерттеу нәтежесі
- •3.4 Судың химиялық қасиетін және оның құрамындағы мұнай өнімдерін анықтау анализінің нәтижесі
- •3.5 Мұнай сорбентін таңдау және қолдану нәтежесі
- •3.6 Модельдік тәжірибе нәтежесі.
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
3.4 Судың химиялық қасиетін және оның құрамындағы мұнай өнімдерін анықтау анализінің нәтижесі
Су сынамасын алу уақыты мен лабораторияға түсу уақыты арасы 2-3 күн. Судың биологиялық белсенділігі мен оның өзіндік тазаруын қалдық мұнай және мұнай өнімдерінің болуына, микроорганизмдердің маңызды физиологиялық топтарының санына және химиялық құрамына қарап бағалайды.
Зерттеуге алынған су сынамалары Астана қаласындағы Есіл өзенінің бойындағы Қабанбай батыр ескерткішінің маңынан мамыр айында алынды.
Зерттеуге алынған сынамаларда гравиметрия әдісі арқылы және «ФЛЮОРАТ-02» сұйықтық анализаторында мұнай және мұнай өнімдерінің мөлшерін анықтау жұмыстары жүргізілді. «ФЛЮОРАТ-02» сұйықтық анализаторында жасалған зерттеу жұмысының нәтижелері судың құрамында 1,40 мл/л мұнай және мұнай өнімдері көрсетті.
Ал, су құрамындағы Cu 2+, Fe 3+, Pb2+ иондары мөлшерін атомдық-адсорбциялық спектрометр көмегімен анықтадық (5-ші және 6-кесте).
Судың рН ортасы – 6. Көмірсітек тотықтырғыш микроорганизмдер үшін қолайлы рН ортасы 5-9 аралығында.
Кесте 5.
Есіл өзені суының химиялық анализі.
Сынаманың аты
|
Cu, мг/л |
Cd, мг/л |
Co, мг/л |
Ni, мг/л |
Mn, мг/л |
Zn, мг/л |
Pb, мг/л |
Fe мг/л |
Есіл өзені (Кабанбай батыр даңғылынан алынған) |
0,0005 |
0,0029 |
0,0035 |
0,009 |
0,004 |
0,013 |
0,085 |
1,3 |
Кесте 6.
Есіл өзені суының сынамасындағы ауыр металдар саны .
Сынаманың аты
|
Cu, 0,001 мг/л |
Cd, 0,005 мг/л |
Co, 0,1 мг/л |
Ni, 0,01ммг/л |
Mn, 0,01 мг/л |
Zn, 0,01 мг/л |
Pb, 0,1 мг/л |
Fe, 0,5 мг/л |
Есіл өзені (Кабанбай батыр даң.алынған) |
асырылмаған |
асырылмаған |
асырылмаған |
асырылмаған |
асырылмаған |
1,3 есе артық |
асырылмаған |
2,6 есе артық |
Судағы микроорганизмдердің физиологиялық топтарының санын анықтау.
Микроорганизмдер қоршаған ортаның сезімтал индикаторлары екені белгілі. Микроорганизмдер мөлшерін анықтау Кох әдіс арқылы жүргізілді /28/. Зерттеуге алынған су сынамаларында жалпы микробтар санын, спора түзгіш бактериялар, актиномицеттер, саңырауқұлақтар және КТМ саны анықталды. Микроорганизмдердің негізгі физиологиялық топтарының мөлшері туралы мәліметтер 7, 8-кестелерде келтірілген.
Кесте 7.
Микроорганизмдердің негізгі топтарының сандық көрсеткіші
(КТБ /мл – түзілген колония бірлігі 1 мл қоректік ортада)
Сынама |
Жалпы микробтар саны |
Спора түзетін бактериялар |
1 |
1,34×106 |
8,07×103 |
7-кесте жалғасы.
2 |
3,80×105 |
2,30×104 |
3 |
7,30×105 |
4,83×104 |
4 |
1,84×105 |
1,60×104 |
Алынған сынамалар ішінен жалпы микроб саны 1-сынамада қалған сынамаларға қарағанда бір дәрежеге жоғары мән көрсетуде. 4-сынамадан 1-сынамаға қарай спора түзетін бактериялардың бір дәрежеге кемуі байқалады (сурет-4).
Жалпы микробтар саны және спора түзетін бактериялар
Сурет-4.
Актиномицеттер органикалық заттардың ыдырауының соңғы сатысына қатысуышы микроорганизмдер қатарына жатады. Олар жай өсетін ағзалар және олардың субстратта көп болуы мұнай өнімдерінің болуына байланысты. Мұнайдың кейбір компоненттері актиномицеттердің қарқынды өсуіне жағдай жасайды. 1-сынамада актиномицеттер саны 104 ТКБ/мл ал, 2-сынамада 103 ТКБ/мл, яғни актиномицеттердің мөлшерінің өсуі саябақ маңынан алынған су сынамасы мен Қабанбай батыр даңғылында алынған су сынамасы арасында айырмашылық көрсетеді (8-кесте). Мицелиалды саңырауқұлақтар мөлшері 103 ТКБ/мл шамасында.
Кесте 8.
Микроорганизмдердің негізгі топтарының сандық көрсеткіші
(ТКБ/мл – түзілген колония бірлігі 1 мл суда)
Сынама |
Актиномицеттер |
Мицелиалды саңырауқұлақтар |
Көмірсутек тотықтыратын микроорганизмдер |
1 |
1,01×104 |
2,77×103 |
1,89×105 |
8-кесте жалғасы.
2 |
6,03×103 |
1,45×103 |
1,68×105 |
3 |
6,33×103 |
4,10×103 |
1,75×104 |
4 |
3,50×103 |
2,90×103 |
1,74×104 |
Саңырауқұлақтардың әртүрлі мән көрсетуі судың ластану дәрежесіне тура тәуелді емес. Қазіргі кезде мицелиалды саңырауқұлақтың 500-ге астам түрі мұнайдың көмірсутектеріне бейімделгені дәлелделінді (сурет-5). Негізінен көмірсутектердің ыдырауына саңырауқұлақтардан гөрі бактериалды микрофлора маңызды роль атқарады (8-кесте) [37].
Актиномицеттер мен мицелиалды саңырауқұлақтар.
Сурет-5.
Көмірсутегі тотықтырғыш микроорганизмдер эколого-трофикалық микроорганизмдер топтарының ішіндегі ең маңыздыларының бірі, себебі әртүрлі биотоптарда толық тотықсызданған көмірсутегі молекулаларын зат алмасу процесіне қатыстырады. Дәлірек, олардың мұнай және мұнай өнімдерін ыдыратуда маңызды роль атқарады. Сондықтан, КТМ функционалды белсенділігінің интенсивтілігі биотоптарда маңызды практикалық мәнге ие және мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған судың қайта қалпына келуі КТМ-мен тікелей байланысты. Кейбір микробиологиялық зерттеулердегі мәліметтер бойынша КТ бактериялар ластанған суда бірінші жарты жылдық ішінде максималды мәнге дейін жетеді. Зерттеу кезінде ластанған сынамада 1 мл суда 1,89×105 түзілген колония бірлік мәні, яғни басқа сынамаларға қарағанда бір дәрежеге жоғары мән көрсетуі, ластану дәрежесінің жоғары екендігін және табиғи жағдайда КТ микроорганизмдерінің өзіндік тазарту процесін белсенді түрде бастап кеткенін көрсетеді (8-кесте).
Сонымен, мұнайдың табиғи ыдырауында КТ бактериялардың алатын орны өте зор. Соған байланысты суды тазарту шараларында метаболиттік белсенділігі жоғары, мұнай және мұнай өнімдерін жақсы ыдырата алатын алдында топырақтан бөлініп алған микроорганизмдер штаммын бөліп алу шараларының практикалық маңызы зор.