
- •Дипломдық жұмыс
- •Мазмұны
- •I. Әдеби шолу
- •II. Зерттеу нысандары мен әдістері
- •III. Нәтижелер және оларды талдау
- •3.4. Судың химиялық қасиетін және оның құрамындағы мұнай
- •I әдеби шолу
- •1.1 Қазіргі таңда мұнаймен ластану мәселесі
- •1.2 Мұнай, оның құрамы және қасиетті
- •1.3 Мұнайды су бетінен жою әдістері
- •1.4 Микроорганизмдердің мұнай және мұнай өнімдерін деградациялаудағы ролі
- •1.5 Судың мұнай және мұнай өнімімен ластануында сорбенттердің қасиеттері
- •1.6 Биологиялық материалдардың иммобилизациясы
- •II Зерттеу нысандары мен әдістері
- •2.1 Зерттеу нысандары
- •2.2 Қолданылған әдістер
- •2.2.1 Модельді тәжірибе
- •2.2.2 Судың химиялық құрамын және оның құрамындағы мұнай өнімдерін анықтау
- •2.2.3 Судағы микроорганизмдердің физиологиялық топтарының санын анықтау
- •2.2.4 Көмірсутегі тотықтырғыш микроорганизмдерді анықтау
- •2.2.5 Мұнайсорбентін таңдау.
- •2.2.6 Тығыз қоректену ортасына (Кохтың табақшалық әдісі) егілетін жасушалар мөлшерін анықтау
- •2.2.7. Мұнай сорбенттерінде штамм - деструкторлардың иммобилизация әдісі
- •2.2.8 Судағы мұнай және мұнай өнімдерінің мөлшерін гравиметриялық әдіспен анықтау
- •III. Нәтижелерді талдау.
- •3.1. Көмірсутек тотықтыратын микроорганизмдерді бөлу, олардың
- •Хлорид натрияның әр түрлі концентрациясында, орта
- •Қышқылдығында және температуралық режимде өсімталдығын
- •Және олардың эмульгирлеуші белсенділігінің нәтежесі
- •3.2 Әр түрлі мұнай биодеградациясын микроорганизмдер культуралары арқылы зерттеу нәтежесі
- •3.4 Судың химиялық қасиетін және оның құрамындағы мұнай өнімдерін анықтау анализінің нәтижесі
- •3.5 Мұнай сорбентін таңдау және қолдану нәтежесі
- •3.6 Модельдік тәжірибе нәтежесі.
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
2.2.4 Көмірсутегі тотықтырғыш микроорганизмдерді анықтау
Көмірсутегі тотықтырғыш микроорганизмдер. 100 мл В-Д қоректік ортасын араластырғыш колбаларға 250 мл көлемде құяды (қосымша 3). Содан соң шикі мұнайдан 3 мл қосу керек. Ортаға ластанған топырақтың 5г салып, колбаны араластырғыш (170 айн/мин) аппаратқа 27-29оС температураға 7 күн шамасындағы уақытқа қояды. Көмірсутек қосылысының ортада болуы микроорганизмдер үшін жалғыз қорек көзі болып табылғандықтан, көмірсутекті тотықтырғыш микроорганизмдердің жақсы өсуіне себеп болады. 7 күннен соң колбадан топырақтық суспензияны тура тығыз В-Д қоректік ортаға себу жүргізілді.
Көмірсутекті тотықтыратын микроорганизмдерді өсіру жағдайы.
Сурет-3.
Көмірсутекті тотықтырушы микроорганиздердің мұнайды тотықтыру қасиетін бағалау. В-Д қоректік ортасына, таза культураларын 3%, 5%, 7% шикі мұнай қоса отыра егілді. Өзгірісті байқау мақсатында 7 тәулік бойы көзбен шола отырып байқадық. Культуралардың қарқындылығын мұнай пленкасаның өзгеруі, қоректік ортаның лайлануы арқылы көзбен шолып, 4 балды шкала арқылы бағаладық [30].
Микроорганизмдердің оптималды өсу температурасын анықтау. Зерттелген микроорганизмдер культурсын 4 тен 50°С дейін температурада нафталинді қоса отырып, В-Д агарозды қоректік ортада із қалдыру (қосымша 5) әдісі арқылы егеді. Өсу қарқындылығын күн ара тексеріп және көз шола отырып 4 баллды шкала арқылы бағаладық.
Көмірсутек тотықтыратын микроорганизмдердің галотолерантылығын NaCl концентрациясының жоғарлануына байланысты тұрақтылықты анықтау мақсатында жасайды. Агар қоректік ортасында көміртегі ретінде 5, 7, 9, 15% концентрациялы NaCl және энергия ретінде нафталин (0,1%) қосады. Із қалдыру әдісі бойынша микрооргнизмдерді егеді. Сонымен бірге микроорганизмдерсіз бақылау есебінде қоректік орта қойылады. Егілген Петри табақшаларын термостатқа 30°С температурасына қояды. 7 тәуліктен кейін қорытынды көрсеткішін бекітеді.
Эмульгирлі белсенділікті анықтау. Эмульгирлі белсенділікті үшін методикаға сай [31]. 4 баллды шкала мен бағалай отырып және методикаға сай [17] вазелинді өсірген культураны, центрифугирлеген кейін супернатанттық оптикалық тығыздығы өзгеруі бойынша көз шола анықтадық. 48 сағат ішінде вазелин қосылған В-Д қоректік ортасында өсірілген көлемі 1 мл культура сынамасын «Eppendorf 5415» (Германия, 2005) микроцентрифугирледік. Супернатант (1 мл) сынамаға тасып, 1 мл В-Д қоректік ортасын және 0,5 мл вазелин майын қостық. Сынама ішіндегісін 2 мин бойы миксирде араластырдық. Бақылау сынамасы ретінде 2 мл В-Д қоректік ортасына қосылған 0,5 мл вазелин алдық. Бетіндегі белсенділікті бағалау зертеліп жатқанын үлгінің оптикалық тығыздығы бойынша КФК-2-де 540 Нм толқынның ұзындығы бойынша жүргізілді.
Таңдап алынған культураның тазалығын анықтау. Микроскопирлеу бойынша кейінші жасушалар суспензиясын петри табақшасындағы ҚҚА
қоректік ортасына себу арқылы жұмыс жүргізілді. Біртекті емес мұнайдеструкторы микроорганизмдерді көпшішілік таныған қатты қоректік орта бетінде азутып себу әдісімен тазаладық [20].
Мұнай тотықтыратын штаммдардың патогендігін анықтау процессі Тағам Қазақ академиясының азық – түлік қауіпсіздігі және сапасын бақылау зертханасында сәйкес [32,23] жүргізілді.
Штаммдардың потенциальді-патогенді белгілерін in vitro жағдайында жұмыртқа сарыуызын және қан (қанды агар) ЕПА-ға қосу арқылы тексерілді.