Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жансая ДЖ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
18.17 Mб
Скачать

2.2.2 Судың химиялық құрамын және оның құрамындағы мұнай өнімдерін анықтау

Су құрамындағы Cu 2+, Fe 3+, Pb2+ иондары мөлшерін атомдық-адсорбциялық спектрометр көмегімен анықтадық. Ол үшін зертелетін 30 мл сынаманы 250 мл шыны колбаға салып, 1:3 қатынаста HNO­3 құяды. УВМТ-12-250 араластырғыш аппаратқа бекітіп 120-125 айн/мин жылдамдығына 2 минут, 20ºС температураға қояды. 2 минуттан кейін араластырып болғаннан соң,автоклавқа 20 минутқа қояды. Кейін сынаманы суытып, тұндырып, колбадан ерітіндіден алып, бидистилді 50 мл сумен араластырып, «ақ лента» фильтр қағазымен сүзіп, «Aanalist 400» атомдық-адсорбциялық спектрометр көмегімен Cu 2+, Fe 3+, Pb2+ анықталды.

Судағы мұнай және мұнай өнімдерінің массалық концентрациясын «ФЛЮОРАТ-02» сұйықтық анализаторныда өлшеу әдісі. Өлшеуге арналған суды 100 мл құрғақ колбаға құйып пипетка көмегімен 10 мл гексанмен 15 мин ішінде экстракциялайды. Содан соң экстракты бөлгіш колба арқылы бөліп алады. Фильтаттарды қосады. Ерітіндіні 25 мл өлшегіш колбаға ауыстырып, белгіге дейін гексанмен толтырады. Араластырып, мұнай өнімдерінің концентрациясын приборда өлшейді [28].

Нәтижелерді өңдеу 1- теңдеу арқылы жасалады:

(1)

мұндағы, Х – судағы мұнай өнімдері мөлшері, мл/л;

С­өлш – приборда өлшенген мұнай өнімдерінің гексан ерітіндісіндегі

концентрациясы, мл/дм3 ;

V1 – С­өлш өлшеген кездегі гексан көлемі, дм3;

К – экстракт (10 мл) пен колба көлемі (25 мл) арасындағы қатынас.

Сандық анализ нәтижелерін 2- теңдеудегідей Х±Δ, мл/л түрінде жазады:

(2)

Δ - орташа ауытқу шамасы;

δ - ауытқу сипаттамасы (кесте-1);

δ =0,95 болғандағы өлшеу ауытқуының сипаттамасы.

Кесте 1.

δ =0,95 болғандағы өлшеу ауытқуының сипаттамасы

Өлшеу диапазоны, Х, мл/л

Ауытқу сипаттамасы, δ, %

0,005 – 0,25 аралығында

45

0,25 – 20,0 аралығында

35

2.2.3 Судағы микроорганизмдердің физиологиялық топтарының санын анықтау

Жалпы микробтар санын анықтау үшін судың суспензияның 1:10-3 және 1:10-4 сұйылтуларынан құрғақ қоректік агар ортасына себу жүргізіледі.

Қосымша - 3 көрсеткендей, петри табақшалары 3-4 күн ішінде термостатта 28-300С температурада ұстайды. Термостаттау біткен соң сұйылтуларды ескере отырып, микроорганизмдер колониясын есептеу жұмыстары жүргізіледі.

Спора түзгіш бактериялардың санын анықтау үшін су сынамаларының стерилденген дистильденген судағы суспензия түріндегі 1:10-1, 1:10-2 сұйылтуларын 800С температурада 15 мин бойы сулы моншада қыздырады. Себуді құрғақ қоректік ортаның бетінде жүргізеді.

Себінділері бар табақшаларды (29±1) 0С температурада 3 күн бойы инкубациялайды. Инкубациялау уақыты біткен соң сұйылтуларды ескереотырып, бактериялар колониясын есептеу жұмыстары жүргізіледі [29].

Актиномицеттер санын есептеу үшін себуді 1:10-1, 1:10-2 сұйылтулардан әрбір сұйылтуға 3 табақшаларда Чапека ортасының бетінде жүргізеді.

Табақшаларды 28-300С температурада 7-10 күн ұстайды. Инкубациялау уақыты біткен соң сұйылтуларды ескере отырып, актиномицеттер колониясын есептеу жұмыстары жүргізіледі [29].

Мицелиалды саңырауқұлақтар санын есептеу үшін себуді 1:10-1, 1:10-2 сұйылтулардан Чапека ортасының бетінде жүргізеді.

Табақшаларды 28-300С температурада 7-10 күн ұстайды. Термостаттау уақыты біткен соң сұйылтуларды ескере отырып, мицелиалды саңырауқұлақтар колониясын есептеу жұмыстары жүргізіледі [29].

Судың рН анықтау әдісі. Сулы сығындыдан 50 мл стаканға 20 мл құйып алып, рН метр көмегімен анықтайды.