Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жоспарлаудың макроэкономикалық әдістемесі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде Бекітілген

Қаулы №7 «_22_»маусым 2012 ж.

ОӘК төрағасы, э.ғ.д., профессор

______________________Арыстанбаева С.С.

ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

(ПОӘК)

«Макроэкономикалық жоспарлаудың әдістемесі» пәні бойынша

«6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы

Алматы, 2012 ж.

Пәннің оқу-әдістемелік кешенін дайындаған э.ғ.д.,профессор ТекеновҰ.А.

Кафедраның оқу-әдістемелік секциясында талқыланып ұсынылған,

хаттама №1 «1» маусым 2012 ж.

Кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы «_________» э.ғ.к., доц.Жумаксанова К.М.

Факультеттің оқу-әдістемелік мәжілісінде мақұлданған, хаттама №10 «8» маусым 2012 ж.

Факультеттің оқу-әдістемелік бюросының төрағасы

«___________________» э.ғ.д., профессор Умирзаков С.Ы.

Мазмұны

Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы 4

Силлабус (пәннің оқу бағдарламасы) 10

Лекциялық кешен 18

Практикалық (семинар) сабақ тапсырмаларын орындау бойынша

әдістемелік нұсқау 36

Магистранттардың оқытушының басшылығымен өздік жұмыстарды

орындауы бойынша әдістемелік нұсқау 42

Магистранттардың өздік жұмысты орындауы бойынша

әдістемелік нұсқау 47

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы 50

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

«Экономика және басқару» факультеті

«Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасы

ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

«Макроэкономикалық жоспарлаудың әдістемесі» пәні бойынша

«6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы

Оқыту нысаны

Ғылыми педагогикалық магистратура

Кредит саны

3

Курсы

2

Семестрі

4

Емтихан семестрі

4

Лекция сағаты

30

Практикалық (семинар) сабағы (сағат саны)

15

МОӨЖ (сағат саны)

15

МӨЖ (сағат саны)

165

Барлығы (сагат саны)

225

Алматы, 2012 ж

1. Оқытушы туралы мәліметтер

Текенов Узақ Ақзамұлы э.ғ.д, профессор. Ғылыми зерттеу пәніне жататындар: аймақтық мәселелер, ҚР халқытың әлеуметтік экономикалық дамуы, муниципалды менеджмент сұрактары. «Кластерлерді басқару», «Муниципалды менеджмент», «Экономиканы мемлекеттік басқару» пәндерінен сабақ жүргізеді. 40 тан астам оқу құралдары мен басылымдары бар. Мемлекеттік және жергілікті басқару , менеджмент бойынша мамандарды дайындайды. Кустық жұмыстарды және дипломдық жұмыстарды, магистерлік диссертацияларды жазуда жетекші.

2. Ақпараттық байланыс

Қызмет тел.: (8-327) 377-13-34

Моб тел 8 777 511 99 70,

Кафедраға келу уақыты: 14.00-18.00 304 ауд.

e-mail: tekenov_uzak@mail.ru

3. Пәннің пререквезиттері

«Жоспарлаудың макроэкономикалық әдістемесі» пәнін оқу үшін келесі курстарды меңгеру қажет: «Экономикалық теория», «Мемлекеттік басқару теориясы», «Макроэкономика», «Микроэкономика», «Экономиканы мемлекеттік реттеу», бұл магистранттарға макроэкономикалық жоспарлау, жоспарлау әдістемесінің мағынасын түсінуге, мемлекеттің жоспарлаудағы ролін зерртеуге, өз бетімен үй тапсырмаларын, соның ішінде рефераттарды, курстық және дипломдық жұмыстарды жазуға көмектеседі.

4. Пәннің постреквизиттері

«Жоспарлаудың макроэкономикалық әдістемесі» пәнін зерттеу арнаулы пәндерді жетік меңгеру үшін қажет, олар мемлекет дамуының стратегиясын әзірлеу, ел және аймақтардың экономикасының кешенді дамудың ұзақ және қысқа мерзімді жоспарларын құрастыру, экономиканың қазіргі даму кезеңіндегі жағдайын сараптау, дипломдық және курстық жұмыстарды жазу үшін ғылыми материалдарды және статистикалық мәліметтерді алуға қатысты жұмыстарды жүргізуге септігін тигізеді.

5. Пәннің сипаттамасы

Бұл пәнде мемлекеттік жоспарлаудың жүйесі, жоспарлы мәселелерді шешудегі кешенділікті арттыру.Жоспарлаудағы уақыт горизонтының ұлғаюы, перспективті жоспардың концепциялық құрылымы, қор потенциалы-жоспарлау объектісі ретінде, салалық жоспарлау мәселелері, аумақтық жоспарлаудың мәселелері, инвестициялық қызметті жоспарлау, еңбек ресурстарын жоспарлау және демографиялық саясатты қарастырады.

6. Пәнді оқыту мақсаты

Пәнді оқыту мақсаты магистранттарға макроэкономикалық жоспарлаудың негіздерімен таныстыру болып табылады.

7. Пәнді оқыту міндеттері:

Осы пәнді оқытудың басты міндеті магистранттарға мемлекеттік саясатқа бағытталуға назарды аудару негізінде қазіргі заманғы макроэкономикалық талдаудың басты қағидаларын оқытуға интенсивті оқыту. Макроэкономикалық жоспарлау әдістемесі курсында магистранттар экономикада болып жатқан процестерді түсінуге септігін тигізетін білімдерді алады.

8. Пән құзыреттілігі

Магистрант әртүрлі экономикалық құбылыстарда басқару шешімдерін қабылдауға, мемлекетте және бөлек аймақтарының экономикалық жағдайын сараптауға, бизнесті басқаруға, макроэкономикалық көрсеткіштерді сараптай білуге, мемлекеттің және оның аймақтарының экономикалық дамуына иновацияны ендіру жолдарын іздестіруге дағдыланады

Әрбір тақырыптың мазмұны

Тақырып 1. Мемлекет жоспарлаудың жүйесінің сипаттамасы.

2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының даму стратегиясы. 10 жылға дейін Қазақстан Республикасының дамуының стратегиялық жоспары. Елдің аймақтық-жергіліктік дамудың болжау схемасы. 5 жылға дейін экономикалық-аумақтық болжау. 5 жылға дейін аумақтың дамудың бағдарламалары. 5 жылға дейін мемлекет органдарының стратегиялық жоспарлары. 5 жылға дейін ұлттық басқару холдингтердің жоспарлары және 10 жылға дейін олардың дамуының стратегиялары. Салалық бағдарламалар. 3 жылға дейін республикалық (жергілікті) бюджеттер.

Тақырып 2. Жоспарлы мәселелерді шешудегі кешенділікті арттыру

Жоспарлаудың кешенділіктің көрсеткіштері. Жоспарлы мәселелерді шешудегі кешенділікті арттырудың жолдары.

Тақырып 3. Жоспарлаудағы уақыт горизонтының ұлғаюы.

Ұзақ мерзімді уақытқа шешу мәселелерінің сипаттамасы. Орта мерзімді уақытқа шешу мәселелерінің сипаттамасы. Қысқа мерзімді уақытқа шешу мәселелерінің сипаттамасы.

Тақырып 4. Перспективті жоспардың концепциялық құрылымы.

Перспективті жоспардың концепциялық құрылымының сипаттамасы. Перспективті жоспардың концепциялық құрылымының көрсеткіштері.

Тақырып 5. Қор потенциалы-жоспарлау объектісі ретінде.

Қор потенциалының құрылымы. Материалдық және еңбек ресурстарының сипаттамасы және көрсеткіштері. Ақпарат ресурстарының сипаттамасы және көрсеткіштері.

Тақырып 6. Салалық жоспарлау мәселелері.

Салалық жоспарлаудың құрылымы және функциялары. Салалық жоспарлаудың көрсеткіштері.

Тақырып 7. Аумақтық жоспарлаудың мәселелері.

Аумақтық жоспарлаудың құрылымы және функциялары. Аумақтық жоспарлаудың көрсеткіштері.

Тақырып 8. Инвестициялық қызметті жоспарлау.

Инвестициялық қызметті жоспарлаудың құрылымы және функциялары. Инвестициялық қызметті жоспарлаудың көрсеткіштері.

Тақырып 9. Еңбек ресурстарын жоспарлау және демографиялық саясаты.

Еңбек ресурстарының жоспарлаудың құрылымы және сипаттамасы. Демографиялық саясаттың бағыттары және көрсеткіштері.