Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gista.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
56.01 Кб
Скачать

13.Торлы қабықша

Көздің торлы қабықшасы retina – ішкі қабықша – құрамындағы фоторецепторлық жасушалардың көмегімен қамтамасыз етеді.

Торлы қабықша радиальды бағытта орналасқан 3 нейроннан түзіледі: сыртқы рецепторлық, аралық-ассоциативті, ішкі ганглионарлы және 2 қосымша нейрондар. Кейінгілер радиальды тізбекке І және ІІ деңгейдің нейрондарының байланысы тұсында (горизонтальды), ІІ және ІІІ деңгейдің нейрондарының байланысы тұсында қосылады.

Торлы қабықшаның жүйкелік талшықтары радикальды бағытта жатады да, көз нервісінің дискісін жинақтайды. Бұл аймақ «соқыр дақ» деп аталады. Сыртынан миелинді қабықшамен қапталып көру нервісіне айналып, хиазмадан соң қыртыс асты көру төмпешіктерінде аяқталады.

Торлы қабықшаның ішкі бетінде дөңгелек пішінді сары дақ (Д 12 мм) болады. Ортасында – орталық ойықты айыруға болады. Бұл көрудің ең жақсы өтетін аймағы

Пигемнтті қабат торлы қабықшаның ең сыртқы қабаты. Ол призмалық полигональды клеткалардан құралған. Негізінен олар базальдық мембранаға бекіген, яғни тамырлы қабықшаға түйісе орныққан. Апикальды бөлігіндегі микробүрлер фоторецепторлық клеткалардың сыртқы сегменттерін қоршап жатады. Пигменттер қорғаныш қызметін атқарады.

14.Есту мүшесі

Есту анализаторы – күрделі морфо-функциональды жүйе, олд дыбыстық тітіркенуді қабылдайды. Есту анализаторының көмегімен біз сыртқы ортадағы өзгерістерге дыбыстың күшіне, бағытына және т.б. синапстарына көңіл бөліп, оны талдай аламыз. Осы анализатордың көмегімен кісілер бір-бірімен сөйлесе алады.

Спиральды мүше (Кортиев мүшесі) 1851 A. Corti сипаттама береген. Ол бірнеше қатар эпителиальды клеткалардан тұрады: тіректік клеткалар, сыртқы және ішкі бағаналық клеткалар. Бұл эпителиальдық клеткалардың арасында ішкі, сыртқы сенсорлық, қылшықты клеткалар орналасады.

Есту мүшесінің құрамына сыртқы, орталық және ішкі құлақ кіреді.

Сыртқы құлақ – құлақ қалқанынан, сыртқы есту каналынан және дабыл жарғағынан құралады.

Орталық құлақ – дабыл қуысынан, есту сүйектерінен және есту түтігінен тұрады.

Есту мүшесі ұлудың спиральды мүшесінде, ал тепе-теңдік сақтау мүшесінің рецепторлық клеткалары эллиптикалық, сферикалық қапшықтарда және жартылай оралымды каналдардың ампулярлық айдарларында орналасады.

Сүйектен тұратын ұлудың ішінде ұлу каналы, оны сыртынан қоршап жатқан тимпанальды және вестибулярлы сатылар болады. Ұлу каналы эндолимфаға, ал тимпанальды және вестибулярлы сатылар перилимфаға толы. Ұлу каналының пішіні үшбұрышты болып келген, оның қабырғаларын вестибулярлық мембрана, тамырлы жолақ (спиральды байламның үстінде) және базилярлық пластинка құрайды.

Ортаңғы құлақ

Ортаңғы құлақ дабыл жарғағынан, есту сүйектернен және есту түтігінен тұрады. Дабыл жарғағы бірқабатты жазық немесе текшелі эпитеий, меншікті табақшасы сүйек қабымен тығыз байланысты болады.

Есту сүйегі — табақшалы сүйек тінінен тұратын, буынның жоғарғы бөлімі гиалинді шеміршекпен жабылады. Сүйек сыртынан бірқабатты жазық эпителиймен тысталған. Олар есту тербелісін дабыл жарғағына береді. Сүйек көлденең-жолақты бұлшықетпен байланысты.

Есту (евстахиева) түтігі дабыл жарғағын мұрынжұтқыншақпен байланыстырады. Сүйек қабырғасы көпқатарлы кірпікшелі эпителийден құралған, меншікті табақшасы болады. Меншікті табақшасында қарапайым шырышты бездер, сонымен қатар лимфоидты тіннің жинақталуы, бадамша безінің түтікшесін түзеді. Дабыл жарғағының ішіндегі ауа қысымы есту түтігі арқылы реттеледі.

Ішкі құлақ.

Ішкі құлақ сүйек лабиринтінен, оның ішінде орналасқан жарғақты лабиринттен тұрады. Жарғақты лабиринт аймақта есту, тепе-теңдік сақтау мүшелерінің рецепторлық жасушалары орналасады. Есту мүшесі спиральды мүшеде немесе ұлуда орналасады. Тепе-теңдік сақтау мүшесінің рецепторлық жасушалары эллиптикалық қапта, сферикалық қапта, жартылай иірімді каналдың ампула тәрізді аймағында орналасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]