
- •1.Борпылдақ талшықты пішінделмеген дәнекер тінінің құрылысы.
- •2.Тығыз талшықты дәнекер тін
- •3.Ерекше қасиеті бар дәнекер тіндер
- •4.Шеміршек тінінің құрылысы.
- •5.Тегіс (жазық) бұлшық ет тіндері.
- •7.Жүректің бұлшық ет тіні.
- •9.Нейроглия
- •10.Жүйкелік талшықтар
- •11.Рефлекторлық доға
- •13.Торлы қабықша
- •14.Есту мүшесі
- •15.Қанның құрылысы
- •16.Эпителий тіндерінің жалпы морфофункционалдық сипаттамасы
11.Рефлекторлық доға
Сезім мүшелері – күрделі құрылымдық қызметтік жүйе, олар орталық жүйке-жүйесімен
сыртқы және ішкі ортаны байланыстырушы анализаторлар.
Әрбір анализатордың 3 бөлігін ажыратуға болады: шеткері, аралық, орталық. Олар рефлекторлық доғаның афферентті бөлімінде орналасады. Сезім мүшелері анализаторлардың шеткері бөлігін, өткізу жолдары аралық бөлігін, ал орталық бөлігін орталық жүйке жүйесі құрайды.
Сезім мүшелері 3 топқа жіктеледі:
І. 1-ші реттік сезім мүшелеріне көру және иіс сезу мүшелері жатады. Олардың құрамына ерекше рецепторлық жүйкелік жасушалар (нейросенсорлық) кіреді. Бұл жасушалар жүйке ұлпасынан дамиды, арнайы өсінділері болады (дендриттер). Дендриттер тітіркенуді қабылдап, оны нейриттер арқылы анализатордың аралық бөлігіне жеткізеді.
ІІ. 2-ші реттік сезім мүшелеріне дәм сезу, есту және тепе-теңдік сақтау мүшелері жатады. Бұл мүшелер эктодермадан туындайтын плакодардан дамиды. Бұл мүшелерде тітіркенуді қабылдауға маманданған эпителиальдық жасушалар (сенсоэпителиальдық) болады. Олардан өзгерген тітіркену жүйкелік жасушаларға жеткізіледі.
ІІІ. 3-ші реттік сезім мүшелеріне капсуламен қапталған және қапталмаған жүйкелік аяқтамалар жатады. Мысалы Фатер Пачени денешігі, Гербет денешігі. Кейде оларды тұйықталған және тұйықталмаған деп атайды.
12.Көру мүшесі
Көру анализаторының шеткері бөлігі көз болып табылады. Ол көз алмасынан және қосымша аппараттан тұрады.
Көз алмасы үш қабықшамен қапталған: фиброзды (склера, мөлдір қабықша), тамырлы және торлы (сенсорлы) және олардың туындыларынан (көз бұршағы, кірпікшелі денешік, алдыңғы артқы камералардың сұйықтығы, шыны тәрізді денешік т.б.) тұрады.
Көз алмасында 3 негізгі қызметтік аппаратты айырады: диоптрикалық, аккомодациялық, рецепторлық.
Дамуы. Көздің бірнеше даму негіздері болады. Торлы қабықшасы мен көз нервісі жүйке түтікшесінен туындайды. Одан көз көпіршіктері пайда болады. Бұл көпіршіктер көз сабағы арқылы эмбриональдық мимен байланысты. Көз сабағының бойымен тамырлар өтеді. Көз көпіршігінің алдыңғы бөлігі ішіне қарай ойысады, осының нәтижесінде оның пішіні бокалға ұқсайды. Көз бокалының ойығына қарсы орналасқан эктодерма қалыңдап, бокалдың ішіне ойысады да, эктодермадан бөлінеді.
Көз алмасының құрылысы
Ортаңғы (тамырлы) қабықшасының құрамына:
меншікті тамырлы қабықша
кірпікшелі дене
нұрлы қабықықша жатады.
Меншікті тамырлы қабықша – көздің торлы қабықшасын қоректендіруге қатысады. Оның құрамында келесі қабаттар болады.
А. Тамырлы үсті
В. Тамырлы
С. Тамырлы-капиллярлы
Д. Базальдық комплекс
Тамырлы үсті қабаты – склерамен шекаралас жатады, ол БТДҰ-дан құралған. Құрамында көптеген эластикалық талшықтар, фибробластылар, меланоциттер болады.
Тамырлы табақша – артериялармен веналардан, дәнекер ұлпадан, жекелеген жазық миоциттер шоғырынан тұрады.
Тамырлы-капиллярлық табақша гемокапиллярлардан құралады.
Базальдық комплекс – тамырлы қабықшамен торлы қабықшаның пигментті қабатының арасында орналасқан. Оның өзі 3 қабаттан тұрады:
эластикалық
коллагенді (фиброзды)
базальды мембрана
Көз бұршағы (хрусталик)
Бұл мөлдір, екі жағында дөңес дене, оның пішіні өзгере алады. Сауле сындыру көрсеткіші 1.42. Сыртынан қалыңдығы 2-18 мкм мөлдір капсуламен қапталған. Оның алдыңғы қабырғасы І қабатты жазық эпителийден тұрады. Экваторға қарай эпителиоциттер биіктеп, жақұттың өсінді аймағын құрайды. Жаңа пайда болған эпителиоциттер жақұттың талшықтарына айналады. Әрбір талшық мөлдір алты қырлы призма болады. Олардың цитоплазмасында мөлдір белок кристалин болады. Талшықтарды бір-бірімен желімдейтін заттың да сауле сындыру көрсеткіші талшықтардікіндей болады. Жақұт кірпікшелері аймақтың талшықтарының көмегімен цилиарлық (кірпікшелі) денеге бекітілген.
Көз алмасының үш қызметтік аппаратын ажыратады:
диоптриялық
аккомодациялық
фоторецепторлық
Диоптрикалық көз алмасы аппаратына көздің мөлдір қабықшасы, көздің алдыңғы және артқы камераларының сұйықтығы, көз бұршағы және шыны тәрізді дене жатады.
Аккомодациялық көз алмасы аппаратына көздің нұрлы қабықшасы, цилиарлы денешік жатады.
Фоторецепторлық көздің торлы қабықшасы жатады.