Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gista.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
56.01 Кб
Скачать

9.Нейроглия

Нейроглияның жасушалары үлкен екі топқа бөлінеді. Олар: глиоциттер немесе макроглия және микроглия. Макроглияға жататындар: эпендимоглия, астроглия және олигодендроглия. Эпендимоглия жұлын өзегі (каналы) мен бас миы қарыншаларының ішкі қабырғасын тыстайды. Жасушалары эпендимиоциттер. Эпендимиоциттердің жұлын өзегі ішіне қараған бетінде көптеген кірпікшелері болады. Олар жұлын сұйығын жылжытуға өзінің қимылы арқылы қолайлы жағдай жасайды. Ал, базальді жағында миға бағытталған ұзын өсіндісі болады. Бұл өсіндісі мида миханикалық және шектеулік қызмет атқарады. Көптеген эпендимиоциттер секреторлы қызмет атқарады. Олар қанға және ми қарыншаларына активті (белсенді) заттарды бөледі. Эпендимоциттердің пішіні куб тәрізді.

Астроглия. Астроглия орталық жүйке-жүйесінде тіректік аппарат болып саналады. Жасушалары майда көп өсінділі астроциттер. Астроциттердің екі түрі бар. Олар: протоплазмалы және талшықты астроциттер болып бөлінеді. Протоплазмалы астроциттер мидың сұр затында орналасады. Денесінен көптеген тармақталған қысқа өсінділер шығады, цитоплазмасында эндоплазмалық тор, бос рибосомалар, көптеген митохондриялары болады. Бұлардың мидағы атқаратын қызметі шектеушілік (миды бөліктерге бөледі) және трофикалық. Талшықты астроциттер мидың ақ затының құрамында орналасып, тіректік қызмет атқарады. Олигодендроглия – жасушалары олигодендроциттер. Нейроглияның құрамындағы саны жағынан ең көбі. (Орталық және шеткі жүйке-жүйесінің құрамындағы нейрондар мен жүйке талшықтарының сыртын қоршайды. Жүйке жүйесінде трофикалық қызмет атқарады, зат алмасу процесіне де қатысады. Бұларды леммоциттер немесе Шванн жасушалары деп атайды.

10.Жүйкелік талшықтар

Нейрон өсінділері – нерв талшықтары болып саналады. Олардың сыртын глиальді қабық қоршап тұрады. Бұл қабықты кұрайтын олигодендроциттер. Нерв жүйесінің құрамындағы нерв талшықтары құрылысы жағынан екі топқа бөлінеді: миелинді және миелинсіз талшықтар болып. Бұлар нейрондардан шыққан өсінділер, құрамындағы білік цилиндрі глиальді қабықпен қоршалған. Сыртқы қабығы олигодендроциттер немесе нейролеммациттер.

Миелинсіз талшықтар. Бұл талшықтар көбінесе вегетативтік жүйке жүйесінде болады. Миелинсіз талшықтардың сыртын олигодендроциттердің цитоплазмасы қоршайды, қабықтың белгілі бір жерінде олардың ядролары да көрінеді. Миелинсіз талшықтардың құрамында 10-20-ға дейін біліктік цилиндрлері болады. Талшықтардың мұндай түрлерін кабель типтес талшықтар дейді. Біліктік цилиндрлерінің олигодендроциттердің мембранасына ілінген жері екі қабатты. Жасушаның осы мембранасын (плазмолеммасын) мезаксон дейді.

Миелинді талшықтар. Нерв талшықтарының бұл түрі орталық және шеткі жүйесінің құрамында кездеседі. Миелинсізге қарағанда бұлар жуандау келеді. Көлденең кесіндісіндегі диаметрі – 1-2 мкм болады. Миелинді талшықтардың сыртқы нейролеммоциттермен қоршалады, бірақ бұл талшықтардың біліктік цилиндрі біреу. Біліктік цилиндрдің сыртқы екі қабаты қабықпен қоршалған: ішкі – қалың қабаты миелинді, ал сыртқы қабаты жұқа нейролеммоциттердің ядросы мен цитоплазмасы немесе нейролемма. Миелинді қабығының құрамында липидтер болады, сондықтан миелинді талшықты осмий қышқылымен өңдегенде бұл қабығы қара түспен боялады. Миелинді қабығының ерекшелігі миелинді қабығының кейбір жерінде осмиймен боялмайтын, кертік сызықтары болады (насечка миелина). Екінші ерекшелігі миелинді қабығының белгілі бір аралығында қабықтың үзіліп отыратын бөліктері де кездеседі.

Миелинді талшықтар нерв импульсін тез өткізеді 5-120 м/сек, ал миелинсізі баяу өткізеді 1-2 м/сек.

Жүйкелік аяқтамалар. Нерв талшықтарының ең соңғы терминальді бөлігін – нерв ұштары дейді. Атқаратын қызметіне байланысты нерв ұштары үш топқа бөлінеді. Эффекторлы, рецепторлы (сезімтал) және соңғы бөліктері болып бөлінеді. Соңғы бөліктері нейрон аралық контакт – синапстар.

Эффекторлы жүйкелік аяқтамалар. Мұндай нерв ұштарының екі түрі бар: қозғалтқыш және секреторлы. Қозғалтқыш нерв ұштары, қозғалтқыш нейрондардың соматикалық және вегетативтік жүйесіндегі ең соңғы аппараты (ұшы) болып табылады. Бұлардың қатысуымен нерв импульсі жұмысшы мүшелерге таралады (беріледі). Мысалы: көлденең жолақ ет тіндеріндегі нерв ұштары. Бұлардың қозғалтқыш талшықтары жұлынның алдыңғы мүйізінде бас миының қозғалтқыш ядроларында жатады.

Секреторлық жүйкелік аяқтамаларының құрылысы қарапайым. Мұндай нерв ұштарында жуандаған бөліктері бар. Бұл бөліктеріндегі синаптикалық көпіршіктерінің құрамында ацетилхолин болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]