Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gista.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
56.01 Кб
Скачать

7.Жүректің бұлшық ет тіні.

Дамуы. Жүректің бұлшық ет тінінің даму көзі миоэпикардиалды табақша-ұрықтың мойын бөліміндегі висцералды спланхнотомның бір бөлігі болып табылады. Оның жасушалары белсенді түрде митоз жолымен бөлінетін және дифференсалданатын миобласттарға айналады.

Құрылысы. Жүректің бұлшық ет тіні кардиомиоцит жасушаларынан түзелген. Кардиомиоциттер жүрек бұлшық ет тінінің жалғыз тіндік элементі болып табылады. Олар бір-бірімен ендірме дисктердің көмегімен бірігеді және морфологиялық ұғым бойынша симпласт болып табылмайтын, функционалды бұлшық ет талшықтарын немесе функционалды симпластты құрайды. Функционалды талшықтар тармақталып, бүйір беттерімен жалғасады, нәтижесінде тор тәрізді құрылым пайда болады.

Кардиомиоциттер нашар дамыған өсінділері бар созылыңқы цилиндр тәрізді пішінді. Олар цитоплазма мен ядродан тұрады, көп жасушалар (ересектердің жартысынан көбінде) екі ядролы және полиплоидты болып табылады. Ядролары ірі, ашық түсті, кардиомиоциттердің ортасында орналасады.

Кардиомиоциттердің цитоплазмасы (саркоплазма) оксифильді. Онда көп мөлшерде органеллалар мен қосындылар бар. Саркоплазманың шеткі бөлімінде ұзына бойы орналасқан жолақты бұлшық ет жіпшелері орналасады, олар қаңқалық бұлшық ет тініндегідей болып құралған. Қатаң түрде оқшау жататын қаңқалық бұлшық ет тінінің миофибрилдерінен ерекшелігі, кардиомиоциттерде миофибрилдер жиі бір-бірімен бірігей құрылымдарды құрап қосылады және қаңқалық бұлшық еттердің миофибрилдерінің жиырылғыш ақуыздарынан химиялық ерекшеленетін жиырылғыш ақуыздары бар.

Кардиомиоциттердің типтері.

Кардиомиоциттердің жүректің әр аймағында әртүрлі қасиеттері болады. Жүрекшелерде олар митоз жолымен бөлінуі мүмкін, ал қарыншаларда ешқашан бөлінбейді. Бір-бірінен құрылысы жағынан да, қызметі бойынша да ажыратылатын кардиомиоциттердің үш типін ажыратады: жұмыскер, секреторлы, өткізгіш.

Жүректің бұлшық ет тінінің қайта қалпына келуі. Физиологиялық қайта қалпына келу. Жасуша ішілік деңгейде жүзеге асырылады және жоғары интенсивтілікпен, жылдамдықпен өтеді, себебі жүректің бұлшық еті үлкен күшті көтереді. Ол ауыр физикалық жұмыс жасаған кезде және патологиялық жағдайларда (гипертониялық ауру, т.б.) одан да жоғарылайды. Бұл кезде цитоплазма компоненттерінің қызметі төмендеп ескіреді де, олар жаңадан түзелген органеллалармен ауыстырылады. Жүрекке ауыр күш түскен кезде органеллалардың, сонымен қоса бұлшық ет талшықтарының гипертрофиясы (өлшемдерінің үлкеюі) мен гиперплазиясы (санының жоғарылауы) жүреді. Талшықтарда саркомерлердің саны көбейеді. Жас кезде сонымен бірге кардиомиоциттердің полиплоидтануы және екі ядролы жасушалардың пайда болуы байқалады. Миокардтың қызметтік гипертрофиясы, оның тамырлар жүйесінің дағдыланулық өсуімен сипатталады. Патологиялық жағдайлар кезінде байқалмайды, белгілі бір уақыттан кейін қоректенудің нашарлауынан кардиомиоциттердің тыртықтық тінмен ауыстырылуымен (кардиосклероз) өлуі жүреді.

Репаративті қайта қалпына келуі. Жүрек бұлшық етінің жарақаттанулары, миокард инфаркты және басқа жағдайлар кезінде жүреді. Жүректің бұлшық ет тінінде камбиалды жасушалар жоқ болғандықтан, қарыншалардың миокарды зақымданған кезде қайта қалпына келу және дағдылану процестері көрші кардиомиоциттерде жасуша ішілік деңгейде өтеді: олардың өлшемдері үлкейіп, өлген жасушалардың қызметін өздері атқарады. Өлген кардиомиоциттердің орнында дәнекер тіндік тыртық түзіледі.

8.Қаңқалық бұлшық ет тіні.

Қаңқалық бұлшық ет тінінің тіндік элементері. симпласттар (көлденең жолақты бұлшық ет талшықтары), сонымен бірге-жасушалар миосателлитоциттер болып табылады.

Талшықтың протоплазмасын саркоплазма деп атайды. Онда көп мөлшерде жалпы органеллалар бар (центриольдерден басқа): митохондриялар (саркосомалар), лизосомалар. Гольджи комплексі нашар дамыған. Саркоплазмалық ретикулум (СПР) деп аталатын тегіс ЭПТ жақсы дамыған, ал түйіршікті ЭПТ керісінше нашар дамыған. Энергияны алу үшін қолданылатын липидтер мен гликоген қосындылары, сонымен бірге миоглобиннің пигментті қосындылары бар. Миоглобин гемоглобин сияқты құрамында темірі бар пигмент болып табылады. Ол фосфорланып тотығу мен АТФ түзілу процестеріне ықпал ететін оттегіні байланыстыруға қабілетті. Әсіресе ол миоглобин үлкен концентрацияда қызыл бұлшық ет талшықтарында болады да, оларға түс береді.Талшықтың негізгі бөлігін маманданған органеллалар-миофибрилдер алып жатады. Бір талшықта олар 2000дейін болуы мүмкін. Миофибрилдердің диаметрі 2мкм дейін жетуі мүмкін, ұзындығы бұлшық ет талшығының ұзындығына тең болады

9.Жүйке тіні арнайы қызметтерді атқаратын: тітіркендіргіштікті қабылдап, қозады да, жүйке импульсін туғызып, оны өткізуді қамтамасыз ететін, бір-бірімен байланысты жүйке жасушалары немесе нейрондары мен нейроглияның жиынтығы. Нейроглия жүйке тінінің қосымша аппараты болып саналады да маңызды қызмет атқарады. Бұл тін барлық тіндер мен мүшелердің реттелуін, олардың ағзадағы және қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз ететін жүйке жүйесінің мүшелерінің құрылысының негізі болып саналады.

Жүйке тіні эктодермадан дамиды. Ұрықтың дорсальді жағындағы эктодерма алғашқыда қалыңдап – жүйке пластинкасына, одан кейін пластинканың екі шеті көтеріліп ортасы науа тәрізді майысып, ең соңында бұл шеттері дорсальді эктодермадан үзіліп, ұштары бір-бірімен жалғасып, тері эктодермасынан бөлінедіСонымен жүйке тінінің құрамында екі компоненті болады. Олар жүйке жасушалары мен нейроглия. Жүйке жасушаларының немесе нейрондардың ерекшеліктері – тітіркендіргіштікті қабылдап, қозады да, тітіркену энергиясын жүйке импульсына айналдырып, оны әрі қарай орталыққа өткізу процесін қамтамасыз етеді. Ал, нейроглия болса, жүйке тінінің қосымша аппараты болып саналады. Тіректік, трофикалық, секторлы және қорғаныс қызметтерін атқарады. Жүйке тінінің ең негізгі қызметі – ішкі және сыртқы ортадан әртүрлі информацияларды қабылдап, оны сақтау, өңдеу. Сонымен қатар организмнің тіндері мен мүшелерін бір-бірімен байланыстырып, олардың қызметін реттеу болып табылады.

Жүйке жасушалары. Жүйке жасушалары немесе нейроциттер (нейрондар) өсінділі тармақталған, мөлшері 4-130 мкм-дей. Жүйке жасушалары нейрондардың денесі одан тараған өсінділері біреу немесе бірнеше болулары мүмкін. Өсінділерінің санына байланысты, нейрондардың бірнеше түрлерін ажыратады. Егер нейрондардың денесінен көптеген өсінділер шықса, онда мұндай нейронды – мультиполярлы деп атайды. Бұл өсінділердің біреуі міндетті түрде аксон, ал қалғандары дендриттер болып келеді. Аксон ұзын, ал дендриттер тармақталған қысқа өсінділері. Бұлардан басқа псевдоуниполярлы (жалған бір өсінділі) деген нейрондар да кездеседі. Мұндай нейронның денесінен бір өсінді шығып, кейін екіге бөлінеді, оның бірі – аксон, ал екіншісі – дендрит (мысалы, жұлын түйінінде) пішіні «Т» - тәрізді болып келген. Нейрондардың тағы бір түрі униполярлы немесе бір өсінділі – бұл нейробласттар эмбриогенездік даму кезеңінде болады. Нейрондардың денесінде екі өсінділері – бірі аксон, екіншісі дендрит – бұл биополярлы нейрондар, біріншілік сезі мүшелерінің құрамында болады.

Нейрондардың жіктелуі. Нейрондар атқаратын қызметіне қарай рецепторлы немесе сезімтал (афферентті), ассоциативті және қозғалтқыш (эфферентті) болып бөлінеді. Бірінші нейрондар ішкі және сыртқы орталық әсерін қабылдайды. Ал, ассоциативті немесе қыстырма нейрондар жүйке жасушаларын бір-бірімен байланыстырады. Эффекторлы нейрондар – жұмысшы мүшелерге, олардың тіндеріне тітіркендіргіш реакциясын жүйке импульсіне айналдырып жіберіп отырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]