Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gista.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
56.01 Кб
Скачать

5.Тегіс (жазық) бұлшық ет тіндері.

Гистогенез. Тегіс бұлшық ет тінінің даму көзі негізінен спланхнотомды мезенхима болып табылады. Оның жасушалары құрамына тегіс бұлшық ет тіні кіретін мүшелердің эпителиалды бастамаларына қарай орын аустырып, оны қоршап алады. Тегіс бұлшық ет тінінің дифференсалдануының бастамасы, мезенхима жасушаларының ұзаруы мен олардың жұлдызына тәріздіден пішінге айналуымен сипатталады. Жасушалардың цитоплазмасында ақуыз синтездейтін органеллалар пайда болады. Олар бұлшық ет жіпшелерінің арнайы ақуыздарын синтездеуді жүзеге асырады.

Құрылысы. Ересек организмде тегіс бұлшық ет тіні асқорыту жолы мүшелерінің құрамына кіреді, қан және лимфа тамырларының, бронхиалды тармақтың, жатыр түтікшелерінің, жатырдың, несепағардың, қуықтың бұлшық ет қабықшаларынын құрайды, көк бауырдың капсуласының құрамына кіреді, эндокардта бар. Тамырлардың қабырғаларының тегіс бұлшық ет тіні бірнеше құрылымдық-қызметтік белгілері бойынша басқа жерде орналасқан бұлшық ет тінінен ерешеленеді.

Тіннің құрылымдық-қызметтік тіндік элементі тегіс миоцит болып табылады. Тегіс миоцит-ұршықша тәрізді пішінді жасуша, ұзындығы 20-дан 500 мкм дейін болуы мүмкін, мысалы жатырда бұлшық ет қабықшасында миоциттер сонымен бірге ерекше (жұлдызшалы) пішінді болуы мүмкін. Жасушалардың ядролары таяқша тәрізді немесе эллипсоид пішінді, тығыз хромотині мен 1-2 ядрошықтары болады. Тегіс миоцит цитолеммамен жабылған. Оның сыртында, әрбір миоцитті көрші жатқан миоциттен бөліп тұратын ретикулярлы жіпшелермен жұқа базалды мембрана бар. Тегіс миоциттердің цитоплазмасында, ядро маңы аймақтарында жатқан барлық жалпы органеллалар бар: жасуша аралық заттың ақуыздарының синтезін орындайтын түйіршікті ЭПТ, Гольджи комплексі, митохондриялар, цитолемманың астында жататын (кавеолалар) және жасуша аралық орта жағына қарай ашылған көптеген көпіршіктер. Бұл везикулярлы аппарат жиырылу үшін қажетті болып табылатын Ca2+иондарын жинақтайды және саркоплазмалық ретикулум (СПР), екіншіден и көлденең жолақты бұлшық ет тінінің Т-түтікшелерінің аналогы болып табылады. Миоцитте сонымен қатар көпіршіктер мен цистерналар түрінде кері дамыған СПР элементтері де бар. Олармен кавеолалар байланыса алады. Кавеолалар мен СПР өздерінің мембраналарында кальциді тасымалдаушы ақуыздары бар. Тегіс миоциттердің цитоплазмасында гликоген қосындылары болады.

Құрылып жатқан жиырылғыш бірліктер миоциттің ұзына бойына бұрыш жасай бағытталады.

Шығу тегі мезенхималық бола отырып, тегіс миоциттер фибробласттар мен жасуша аралық затты өндіруші басқа да жасушаларға генетикалық өте жақын: олар тегіс бұлшық ет тінінің меншікті жасуша аралық заттын синтездеуге қабілетті. Оны кейде тегіс бұлшық ет тінінің екінші тіндік элементі ретінде қарастырады.

Тегіс бұлшық ет тінінің қайта қалпына келуі аз дифференсалданған жасушалардың есебінен ғана емес, сонымен бірге адвентициалды жасушалардың есебінен де (перициттер есебінен де болуы мүмкін) жүреді, ал зақымданған кезде-миофибробласттардың көмегімен де жүреді. Тегіс миоциттердің жасуша ішілік қайта қалпына келуі де мүмкін.Ол органеллалардың қалпына келуіне, олардың гипертрофиясы мен гиперплазиясына негізделген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]