Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gista.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
56.01 Кб
Скачать

16.Эпителий тіндерінің жалпы морфофункционалдық сипаттамасы

Эпителий тіндерінің бір-бірінен айырмашылықтары болса да, олардың бірқатар ұқсастықтары бар.

Эпителий тіні базальды мембранада орналасқан жасушалар қабатынан тұрады – шекаралық орналасуы.

Эпителий тіндері жасушалардан ғана тұрады.

Эпителий тіндеріне полярлық дифференцировка тән.

Эпителий тіндерінің барлық эпителиоциттерінің цитоплазмасында аралық филаменттердің ерекше түрі болады, олар цитокератиндердің әр түрінен тұрады және кератиндік филаменттер деп аталады.

Эпителий тіндерінде тамырлар болмайды

Эпителий жақсы жүйкеленген.

Эпителий тіндерінің қалпына келу қасиеті жоғары, ол камбиальды жасушалардың митоз жолымен бөлінуі арқылы өтеді.

Эпителий үш ұрық жапырақшасынан дамиды. Эктодермадан - көп қабатты, ал энтодерма мен мезодермадан - бір қабатты эпителий.

Эпителий тіндерінің жіктелуі.

А) Қызметтік жіктелуі: 1) жабынды эпителий; 2) безді (секреторлық) эпителий; 3) сенсорлық (сезімтал) эпителий.

Б) Морфологиялық жіктелуі:

Бір қабатты эпителий Көп қабатты эпителий

1. Көп қатарлы 1. Жазық: а) мүйізденбейтін

Призмалық б) мүйізденетін

в) өтпелі

2. Бір қатарлы

а) жазық

б) текшелі

в) призмалық

В) Генетикалық жіктелуі (даму көздеріне байланысты) (Н.Г. Хлопин бойынша).

Эктодермалық эпителий. Терілік эктодермадан дамиды.

Энтодермалық эпителий. Ішек энтодермасынан дамиды.

Целонефродермалық эпителий. Мезодермадан дамиды: спланхнотом жапырақшаларынан (мезотелий, бүйрек үсті безінің қыртысының эпителийі), нефротомнан (нефрон түтікшелерінің эпителийі).

Эпендимоглиальдық эпителий. Нейроэктодермадан дамиды (эпендима, көздің мөлдір қабықшасының артқы эпителийі, периневральды эпителий).

Ангиодермальды эпителий (эндотелий). Мезенхимадан дамиды.

Жабу эпителийінің морфологиясы

Бір қабатты эпителий.

Бір қабатты эпителийге барлық эпителиоциттердің базальды мембранада орналасуы тән. Эпителиоциттердің биіктігі мен енінің арақатынасына байланысты олар жазық (жасушалардың енінен біктігі төмен), текшелі (жасушаның ені мен биіктігі тең), призмалық (жасушаның биіктігі енінен жоғары) деп бөлінеді. Призмалық эпителийдің өзі екіге бөлінеді: бір қатарлы (жасушалардың биіктігі бірдей және бір қатарда орналасқан) және көп қатарлы, жасушалардың биіктігі әртүрлі болғандықтан, олардың ядролары бірнеше қатар құрайды.

Көп қабатты эпителий.

Көп қабатты эпителийге базальды мембранада тек төменгі, базальды қабаты ғана орналасатын эпителийлер жатады. Қалған қабаттарындағы жасушалар бір – біріне қабаттасып орналасады. Эпителиалдық қабаттарының қалың болуна байланысты көп қабатты эпителий алдымен тосқауылдық-қорғаныштық және шекаралық қызмет атқарады. Сонымен қатар, ол эпителий тіндеріне тән басқада қызметтерді атқарады. Көп қабатты эпителийге көп қабатты жазық эпителийлер (мүйізденетін және мүйізденбейтін), көп қабатты текшелі, призмалық және өтпелі эпителий жатады. Олардың көбі эктодермадан дамиды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]