Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gista.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
56.01 Кб
Скачать

1.Борпылдақ талшықты пішінделмеген дәнекер тінінің құрылысы.

Борпылдақ талшықты пішінделмеген дәнекер тінікөптеген мүшелердің стромасын құрайды, жүйкелер мен тамырларды қоршап тұрады. Ол трофикалық , қорғаныш, механикалық және пластикалық қызмет атқарады. Ол жасушалардан және жасушааралық заттардан тұрады.

Жасушааралық затты

Жасушааралық заттың өзі 2 компонеттен түзелген: талшықты және негізгі зат. Негізгі зат жасушалар мен талшықтардың арасында орналасқан гликозаминогликандардан, липидтерден, қан белоктарынан, минералдық заттардан тұратын қоймалжың нәрсе. Оның қоюлануы немесе сұйылуы гиалурон қышқылының полимеризациясының деңгейіне тәуелді.

Талшықтардың ішінде коллаген, эластин және ретикулярлық талшықтарды айыруға болады.

Колаген (желімді) талшықтары пішінделмеген борпылдақ талшықты дәнекер тіні де әртүрлі бағытта орналасқан иректелген, түзу кейде ширатылған жіпшелер түрінде болады.

Колаген талшығы парарелльді орналасқан фибриллалар шоғырынан құралған. Фибриллалар бір-бірімен желімдеуші зат арқылы біріккен. Әрбір фибрилланың өзі бірнеше микрофибрилладан, ал оның өзі 5-6 фибрилладан түзеледі. Протофибриллалар коллаген белогының агрегаттары, олар ұзын бойына және көлденең бір-бірімен сутекті байланыстар арқылыбірігеді.

Коллаген фибробластылардың бөліп шығаратын заты. Бұл белок жасушаның цитоплазмасында проколлаген деп аталады. Проколлаген молекуласы ширатылған 3 полипептидтер тізбегінен тұрады. Әрбір тізбек қайталанатын 3 аминоқышқылдан тұрады. Сонымен коллаген талшығының түзілуінің 4 деңгейін ажыратады:

  • Молекулярлық

  • Надмолекулярлық (молекула үсті)

  • Фибриллярлық

  • Талшықты

Коллаген талшықтарының 12 түрін білеміз. Әртүрлі мүшелерде тіндерде коллаген талшықтарының әртүрлі типтері кездеседі:

І типті коллаген талшығын терінің дәнекер тінінде, сүйекте, көздің мөлдір қабығында, артерияның қабырғасында:

ІІ типті – гиалинді фиброзды шеміршекте, шыны тәрізді денеде

ІІІ типті – базальды мембраналарда көруге болады. Бұл талшықтар аз созылады, бірақ өте берік келеді.

Ретикулярлық талшықтар ІІІ типті коллагеннен және мол көмірсулардан тұрады. Олар кейде аргирофильді деп те атайды, өйткені олар күміспен жақсы боялады. Олар жіңішке, орналасқан жерінде тор құра орнығады. Көбінесе қан жасаушы мүшелерде (ретикулярлық тіндерде) және борпылдақ дәнекер тіннің ішінде капиллярмен, жүйке және бұлшықет талшығының арасында кездеседі.

Эластикалықталшықтар дәнекер тіндерге серпімділік және созылғыштық қасиет береді. Коллаген талшығынан беріктігі нашар. Олар жіңішкелеу, эластин талшығынан құралады. Бұл талшықтардың да құрамында 4 деңгейді анықтауға болады:

  1. Молекулярлық

  2. Надмолекулярлық

  3. Фибриллярлық

  4. Талшықты

Эластин талшықтарын орсеинмен, пекринқышқылымен бояуға болады. Коллаген талшығы бұл бояулармен боялмайды, ал эластин талшығы гематоксилин-эозинмен боялмайды.

Борпылдақ талшықты дәнекер тінінің жасушалары

Дәнекер тіннің құрамында сырттан ауысқан және жергілікті жасушаларын анықтауға болады. Бірнеше жасушалар (фибробластылар, макрофагтар, плазматикалық, тіндік баөофильдер, эндотелиоциттер) тіке мезенхимадан дамиды. Кейбір жасушалар мезенхимадан дамыса да басқа мүшелерде жетіледі де қан ағымы мен борпылдақ дәнекер тіннің ішіне орын ауыстырады.

1.Фибробласттар негізгі және ең көп санды жасушалар. Оларжасушалық затты бөліп шығарушы жасушалар болып табылады. Фибробластылар ұршықша пішінді, өсінділі болып келеді. Ашық түсті сопақ ядросы бар. Бұл жасушаларда көптеген гидролитикалық ферменттер кездеседі: ұқышқыл фосфатаза, неспецификалыө эстераза, сілтілі фосфатаза. Фибробластылар жақсы дамыған түйіршікті эндоплазматикалық тор, Гольджи аппараты, митохондриялар, лизосомалар.

Фибробласттар – секрет бөлуші жасуша. Фибробластылардың екі популяциясын ажыратады: аз (бірнеше апта) және көп (бірнеше ай) өмір сүруші. Олармитозбен көбее алады немесе бастапқы жасушалардан пайда болады.

Фиброкласт – коллагенді ерітушіжасушалардағы затты ерітуші. Жасушада көп мөлшерде лизосомалары бар. Ерітуші фиброцит дәнекер тінінің метаболизмінің реттеу немесе механикалық қалпын сақтау қызметтерін атқарады. Олардың атқаратын қызметі орналасқан микроортасына байланысты, яғни олар мезетте керекті қызметті атқарады.

Макрофагтар (гистиоциттер). Қалыпты дәнекер тіндегі гистиоциттер қозғалыссыз жасушалар, бірақ инфекцияның дамуы кезінде гистиоциттердің көлемі ұлғайып, амеба сияқты қозғалу және фагоцитарлық белсенділік қасиеттері туындайды. Бұл жасушалар бактериялар мен зақымданған жасушаларды жеп қорыта алады. Мечников оларды макрофаг деп атаған.

Плазматикалық жасушалар дөңгелек пішінді, ядросы бір шетінде орналасқан. Цитоплазмасы базофильді бір бөлігінде ашық алаң (макула) бар. Бұлжерде Гольджи комплексі және центриольдер орналасқан. Жасушаның цитоплазмасында РНК-ның өте көптігін оның базофилиясын түсіндіреді. Онда жақсы дамыған эндоплазмалық торы бар. Атқаратын қызметі антител (глобулин) бөлу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]