- •Мейірбикенің қолын өндеу үшін өткізу шараларының іс-әрекетінің алгоритмы.
- •Мейірбикенің қолын гигиеналық өндеу өткізген кезде іс-әрекеттің алгоритмі.
- •Мейірбике қолын хирургиялық жолмен өндеудегі іс-әрекеттің алгоритмі
- •Мейірбикенің қолын 0,5% хлоргексидин биглюконат (гибитан) ерітіндісімен өндеген кезде іс-әрекетінің алгоритмі
- •Мейірбикенің қолын первомур ерітіндісімен өндеу кезіндегі іс-әрекеттің алгоритмі
- •Мейірбикенің залалсыздандырылған үстелін жұмысқа дайындаудың іс-әрекетінің алгоритмі
- •Ширақ салған кезде мейірбикенің іс – әрекетінің алгоритмі
- •Айналмалы ширақты салған кезде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Ұйқы артериясынан қан кеткенде мойынға ширақ салған кезде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Қансырап тұрған тамырға қанды тоқтататын қысқыш салған кезде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Қысып тұратын байлам салған кезде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Артериялық қансырауды барынша бүгу әдісті қолданып уақытша қанды тоқтату үшін мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Мұрыннан қан кеткенде шұғыл көмек көрсеткен кезде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Алгоритм действий медицинской сестры при наложении повязки «Чепец»
- •Алгоритм действий медицинкой сестры при наложении повязки «Уздечка»
- •Алгоритм действий медицинской сестры при наложении «Черепашья» повязки (сходящаяся) на локтевой сустав.
- •Алгоритм действий медицинской сестры при наложении повязки «Дезо»
- •Алгоритм действий медицинской сестры при наложении восьмиобразной повязки на голеностопный сустав.
Мейірбике қолын хирургиялық жолмен өндеудегі іс-әрекеттің алгоритмі
Мақсаты
Мед. Персоналдың және пациенттің жұқпалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету.
Жоғарғы деңгейлі залалсыздандыруды қамтамасыз ету.
Микробтарды ұрығымен жою.
Көрсеткіші- Операция кірер алдында
Құжаттар
Антисептик-2,4 % первомур ерітіндісі- С4
Легендер
Іс- әрекетінің алгоритмі
Қолға 3-5 мл антисептик енгіземіз.
Антисептикті қолдана отырып, 2-5 мин өңдейміз, 2,4 % первомур ерітіндісіне 1 минут өңдейміз.
Қолды саусақтан шынтаққа және одан жоғары қарай өңдейміз.
Хиркургиялық антисептика өткізген соң қолды көтеріп, шынтақты жоғарыдан төменге ағу үшін.
Қолды залалсыздандырылған орамалмен сүртіп, одан соң залалсыздандырылған халат және резеңкелі қолғап кию.
Мейірбикенің қолын 0,5% хлоргексидин биглюконат (гибитан) ерітіндісімен өндеген кезде іс-әрекетінің алгоритмі
Көрсеткіші- операцияға қатысатын мед.персоналдың қолын залалсыздандыру үшін.
Құжаттар
0,5% хлоргексидин ерітіндісі бар флакон
70 % этил спирті бар флакон
Бикс тану материалдармен
Бір рет қана қолданатын сабын
Құм сағат (1-3 минут)
Іс- әрекетінің алгоритмі
0,5% хлоргексидин ерітіндісі бар флаконды дайындау.
Подставкаға тану материалы бар, операциялық жабдықтары бар биксті орналастыру.
1 минуттық құм сағатты қою, сабын дайындау.
1 минут бойы қолды сабынмен жуу (тырнақ астын, тырнақ маңайын, саусақ араларын, саусақтарды, алақанды, қолдың сыртын сол жақ қолдың, сосын оң жақ қолды, сол жақ, оң жақ білезікті, сол жақ, оң жақ білектерді шынтақ буынға дейін)
Ағынды су астында сабынды жою үшін саусақтың ұшынан бастап, шынтаққа дейін шаю.
Залалсыздандырылған орамалмен қолды кептіру (оң жақ қолдың саусақтарынан бастап негізіне дейін, алақанды білезік буынға дейін, оң жақ қолдыңішкі сыртын ортанғы бөлікке дейін, содан кейін сыртқы жағын,оң жаққолдың ішкі жағын ортанғы бөліктен бастап шынтаққа дейін, сосын сыртқы жағын ортанғы бөліктен бастап шынтаққа дейін)
Осындай әдіспен орамалдың төменгі бөлігін сол жақ қолға салып кептіру.
Залалсыздандырылған салфеткаларды 0,5% хлоргексидиннің спирт ерітіндісіне матырып, қолды өңдеу, тырнақтардан бастап шынтаққа дейін 2 минут бойы.
Залалсыздандырылған салфеткаларды 0,5% хлоргексидиннің спирт ерітіндісіне матырып, қолды өңдеу, иықтың ортанғы бөлігіне дейін 1 минут бойы.
Мейірбикенің қолын первомур ерітіндісімен өндеу кезіндегі іс-әрекеттің алгоритмі
Көрсеткіші операцияға қатысатын мед. персоналдың қолын залалсыздандыру үшін.
Құжаттар
2,4 % первомур ерітіндісі бар флакон.
10 литр дистилденген су бар ыдыс
Бикс операциялық жабдықтармен
Бір рет қана қолданатын сабын
Құм сағат (1 минут)
Іс-әрекеттің алгоритмі
2,4 % первомур ерітіндісі бар флаконды дайындау- 1000 мл 9 литр дистилденген суға езу- ерітінді бірақ тәулікке дайындалады.
Подставкаға операциялық жабдықтары бар биксті орналастыру.
Құм сағат, сабынды дайындау.
Қолды ағынды сумен, сабынмен 1 минут бойы тырнақтан бастап білектің ортанғы бөлігіне дейін жуу.
Сабынды шаю үшін ағынды сумен шайып жіберу, тырнақтан бастап қолдың ортанғы бөлігіне дейін жуу.
Залалсыздандырылған орамалмен қолды кептіру, тырнақтан бастап қолдың ортанғы бөлігіне дейін- оң жақ қолды, сосын сол жақ қолды.
2,4 % первомур ерітіндісі бар ыдысқа қолды 1 минутка салып қою.
Залалсыздандырылған орамалмен кептіру.
