
Нұсқа 3
Есеп 1
Құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде 2-ші этаждан құлаған 34 жастағы ер адам жедел-жәрдем көмек бригадасымен жеткізілді. Қарау кезінде: Науқас өзбетімен аяғына тұра алмайды, омыртқасының бел-сегізкөз аймағында ауырсынады. Тізелік, ахиллов рефлекстері анықталмайды.
1. Алдыңғы жұлын-ми артерия қайдан басталады:
А. жалпы ұйқы артериядан
В. сыртқы ұйқы артериядан
С. ішкі ұйқы артериядан
D. омыртқа артериясынан
E. + негізгі артериядан
2. Жұлынның құрылысының кестесінде латеральды аралық ядроны анықтаңыз.
A. 1
B. 2
C.+ 3
D. 4
E. 5
3. Жұлынның артқы түбіршектері қандай қызмет атқарады?
A. қозғалтқыш
B+. сезімтал
C. аралас
D. сенсорлы
E. қоректік
4. Рефлекс туралы не дұрыс?
А. тітіркендірмеген ұнамсыз сезімдер
В. жүйкелерді немесе бөлек шеткері жүйкені зақымданудан ауырсыну синдром
С+. жүйке жүйесімен жасалатын тітіркендіруге жауапты реакция
D. тітіркендіргішті қабылдап сезінетін мамандырылған жүйкелік құрылым
Е. жоғарыға немесе жан-жаққа қарағанда еріксіз ырғақты көз алмасының тітіркенуі
Есеп 2
Қабылдау бөліміне 68 жастағы ер адам жеткізілді. Науқас өзіне айтылған сөзді қабылдайды, бірақ сөзі түсініксіз, сөйлемді дұрыс айтпайды, оңжақты гемипарез, ЖЖЖ -92 соққы минутына. АҚ – 150/90 мм.с.б.
5. Үлкен мидың жоғарғы латералді бетінде қандай жүлге орналасқан?
шүйде-самай
мүйізше дене
иіс сезу
белдік
+ортаңғы
6. Мидың үлкен жарты шарларының құрылысының кестесінде ганглионарлық қабатты анықтаңыз.
A. 1
B. 2
C. 3
D. 4
E+. 5
7. Қыртыстың қандай аймағы зақымдалғанда моторлық афазия туындайды?
артқы орталық иірімде
алдыңғы орталық иірімде
+сол жақ 3 маңдай иірімінде
сол жақ жоғары самай иірімінде
шүйде аймағында
8. Қандай бассүйек-милық жүйке зақымданғанда дизартрия пайда болады?
кезеген жүйке
+тіластылық жүйке
тілжұтқыншақты жүйке
үштармақты жүйке
бет жүйкесі
Есеп 3
Ауру адамды тексеру барысында дәрігер науқастың қимыл-қозғалысының екпінділігіне, жылдам, сәл түсініксіздеу сөйлейтініне, үрейлі қас қақпай қарайтынына көңіл аударды. Қалқанша безінің ауруы туралы болжам жасаған дәрігер тиреоидты гормондар деңгейін тексеруге жіберді. Бездің қалыпты және гипофункция жағдайындағы құрылымдық-қызметтік сипаттамасын беріңіз.
9. Қалқанша бездің парасимпатикалық иннервациясы қандай кезбе нерв жасушасымен жүзеге асады:
жоғарғы сілекей бөлетін жасуша
екі еселенген жасуша
+артқы жасуша
төменгі сілекей бөлетін жасуша
бір жолдық жасуша
10. Қалқанша безінің құрылысының кестесінде мүшенің гиперфункциялық көрінісін анықтаңдар.
A.+ 1
B. 2
C. 3
D. 4
E. 5
11. Қалқанша безінің гиперфункциясы кезінде организмде зат алмасу қалай өзгереді?
А.+ ақуыз, май, көмірсулардың ыдырауы жоғарылайды
В. ақуыз, май, көмірсулардың ыдырауы азаяды
С. ақуыздардың ыдырауы азайып, майлардікі жоғарылайды
D. майлардың ыдырауы азайып, ақуыздардікі жоғарылайды
Е. көмірсулардың ыдырауы азайып, ақуыздардікі жоғарылайды
12. Қалқанша безінің гиперфункциясын зерттеудегі алынатын қорытындылар?
А. ТТГдеңгейі жоғарлайды және Т3 немесе Т4 қалыпты мөлшерде
В. ТТГ және Т3 немесе Т4 деңгейінің жоғарлауы
С.+ ТТГ деңгейі төмен және Т3 немесе Т4 жоғарлауы
D. ТТГ және Т3 немесе Т4 деңгейінің төмендеуі
Е. повышение уровня ТТГ и нормальные уровни Т1 и Т3
Есеп 4
Баланы медициналық тексеру кезінде дәрігер баланың жасы мен оның дене салмағының сәйкессіздігіне көңіл аударды. Анамнезден анасының қант диабетімен ауыратыны белгілі. Қосымша ұйқы безінің зерттеулері тағайындалды. Ұйқы безінің эндокринді бөлімінің қалыпты және патологиялық жағдайлардағы құрылымдық-қызметтік сипаттамасын беріңіз.
13. Ұйқы безі денесін қандай артерия қанмен қамтамасыз етеді:
Жоғарғы шарб май артерия
Сол жақ асқазан артерия
Төменгі шарб май артерия
+Көк бауыр артериясы
Меншікті бауыр артериясы
14. Ұйқы безінің эндокринді бөлімінің құрылысының кестесінде глюкагон өндіретін А-жасушаларын анықтаңыз.
A.+ 1
B. 2
C. 3
D. 4
E. 5
15. Ұйқы безінің қандай гормонына гипогликемиялық эффекті тән?
А.+ инсулинге
В. глюкагонға
С. адреналинге
D. норадреналинге
Е. глюкокортикоидтарға
16. Тұқым қуалайтын Қант диабетін алдын алуда қандай шаралар маңызды?
жедел инфекцияны алдын алу
+ «семіздікті алдын алу
эмоциональды стресті жоққа шығару
қант диабетімен ауыратындармен некелесуді ескерту
күш түсірмеу
Есеп 5
Науқасты тексергенде дәрігер науқастың ауыз қуысында құрғақтық және жақ асты безінің үлкейгендігіне көңіл аударды. Дені сау адам безінің құрылымдық-қызметтік ерекшелігіне сипаттама беріңіз:
17. Жақ асты безін иннервациялайтын ганглиядан кейінгі парасимпатикалық талшықты атаңыз:
Қанат-таңдай
Төменгі жақ асты
+Тіл асты
Кірпіктік
Құлақтық
18. Жақасты сілекей безінің кестесінде бөлікшеішілік шығару өзегін анықтаңыз.
A. 1
B. 2
C. 3
D+. 4
E. 5
19. Сілекейдің құрамындағы қай заттың бактерицидтік қасиеті бар?
А. калликреин
B.сиалогастрон
C+.лизоцим
D.амилаза
E.муцин
20. Қандай патологияда жақсүйекастылық лимфа түйіндері ұлғаяды?
Құлақ зақымданғанда
+Бадамшабез патологиясында
Көмей патологиясында
Қалқанша без патологиясында
Өкпе ауруларында
Есеп 6
Дәрігердің қабылдауына келген науқас тәбетінің төмендеп, аузынан жаман йістің шығуына, тамақ ішкеннен кейін пайда болатын жайсыздық сезіміне шағымданды. Асқазанның ауруға шалдығуы туралы жорамал жасалды. Патологиялық өзгерістердің сипатын анықтау үшін дені сау адамның асқазанының құрылымдық-қызметтік ерекшеліктерін білу керек.
21. Асқазан денесінің оң жақ 2/3 бөлігінен және денесінен лимфалық ағыс қайда ағады: А. сол жақ асқазан артерия бойындағы лимфалық түйіндерге В. қолқа маңы лимфалық түйіндерге С. кардиалді бөлігі маңындағы лимфалық түйіндерге D+. асқазанның жоғарғы лимфалық түйіндеріне Е. кеуде лималық өзегіне
22. Асқазан бездері жасушаларының ультрақұрылымының кестесінде хлоридтерді және антианемиялық факторды өндіретін жасушаны анықтаңыз.
A. 1
B. 2
C+. 3
D. 4
Е. 5
23. Асқазанда қандай антианемиялық фактор түзіліп шығады?
А. муколизин
B. лизоцин
C.+ мукопротеин
D. уреаза
E. гистамин
24. Анорексия тәбет бұзылуы түрінде қандай патологияға тән?
жара ауруға
жедел гастритке
жедел холециститке
+асқазан рагына
өт шығару жолдарының дискинезиясына