
- •Қара металлургия кәсіпорындарындағы газ шаруашылығының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
- •Газ қондырғыларының орналасуына қойылатын жалпы талаптар
- •Конденсат айырғыштардан ағынды суларды шығару
- •Арматурасын орналастыру
- •Газды құрал-жабдықтары. Металдарды газ жалынымен өңдеуге арналған құрал-жабдықтар
- •Агрегаттардың (бұдан әрі-агрегаттар) газды құрал-жабдықтары
- •Өртену қаупі бар нысандары
- •Газ реттеу қондырғылары
- •Турбиналық кеңейту станциялары
- •Газ өткізгшітерін және аппараттарын сынау
- •Газ құрал-жабдықтарын пайдалану
- •Үшін құрал-жабдықты эксплуатациялау
- •Нысандарды экплуатациялау
- •Суыту қондырғыларын эксплуатациялау
- •Қолданылған қысқартулар
- •Бекіту арматурасының материалын таңдауға қойылатын талаптар
- •Цех аралық газ өткізгіштерді басқа құбырлы өткізгіштермен және коммуникациялармен бірге төсеуге қойылатын талаптар
- •Газ өткізгіштердің жер деңгейінен төселу биіктігіне қойылатын талаптар
- •Аласа тіректерде газ өткізгіштерді төсеуге қойылатын талаптар Жалпы талаптар
- •А санатына жатқызылатын газ шаруашылығының ғимараттары мен бөлмелеріне қойылатын талаптар
- •Грп және грқ құрылғысы мен орналастырылуына қойылатын талаптар
- •Болат құбырлар мен материалдарға қойылатын талаптар
- •Газ қаупі бар жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жоспары
Үшін құрал-жабдықты эксплуатациялау
399. Газбен кесу, пісіру және металдарды газ жалынымен өңдеудің басқа түрлері бойынша жұмыстар, сонымен қатар басқа көздерден ашық отты пайдалану келесі минимал ара қашықтықтарда (көлденеңі бойынша) рұқсат етіледі:
1) топтық газды баллондық қондырғыларға дейін 10 м;
2) оттегі және жанғыш газдары бар бөлек баллондарға дейін 5 м;
3) жанғыш газдардың құбырлы өткізгіштеріне дейін, сонымен қатар газ айыру постыларына дейін: қолмен жұмыс істеу кезінде 3 м, механикаландырылған жұмыстарды істеу кезінде 1,5 м.
400. Бөлек баллондардан қоректендірілетін жылжымалы газ айыру постыларында жұмыс істеу кезінде бір арбашаға жанғыш газы бар арнайы конструкциялы және оттегі бар баллонды орналастыруға рұқсат етіледі. Баллондар бір-біріне соғылмауы немесе құламауы үшін бекітіледі.
Сұйылтылған газы бар баллондар жұмыс істеу кезінде тік күйде болады, сығылған газы бар баллондарды вентилін жоғары қаратып еңкіш күйде орналастыруға рұқсат етіледі.
401. Сұйылтылған газы бар баллонның максимал рұқсат етілетін температурасы 450С артық болмайды.
Ғимараттарда орнатылған баллондар жылу радиаторынан және басқа жылыту аспаптарынан 1 м кем, ал ашық отпен жылу көздерінен 5 м кем болмайды.
Сұйылтылған газы бар баллондарды тікелей күн сәулесі немесе басқа жылу көздерімен қыздыруға жол берілмейді.
402. Тасымалданатын қыздырғыштар және жылжымалы агрегаттарды газ өткізгіштерге (оның ішінде сұйылтылған газ) резиналы маталы майысқақ түтіктер көмегімен 0,63 кПа қысымына І класты жалғауға рұқсат етіледі.
Майысқақ түтік ұзындығы 30 м аспайды. Ол бір-бірімен екі жақты ниппельдермен жалғанған үшеуден артық емес бөлек бөліктен тұрады.
Майысқақ түтіктердің ұштары газ өткізгішке және қыздырғышқа қамыттармен сенімді бекітіледі. Сөндіру краны (қыздырғыш немесе жылжымалы агрегатардан басқа) майысқақ түтікке дейін орналастырылады.
403. Газбен пісіру, кесу және басқа да сұйылтылған газдар қолданумен металдарды газ жалынымен өңдеуді цокольдік және жертөле бөлмелерінде, сонымен қатар құдықтарда, шахталарда және басқа жер асты ғимараттарында жүргізуге рұқсат етілмейді.
404. Жылжымалы жұмыс посты сұйылтылған газбен баллоннан қоректендірілген кезде баллондардағы жұмыс қысымы талап етілетін шамадан төмен түсіп кеткен кезде, одан газ алуға жол берілмейді.
405. Жабық ғимараттарда металдарды газ жалынымен өңдеу үшін қолданылатын кокс газы күкіртті сутегі және нафталиннен қосымша тазартуға ұшыратылады, бұл кезде тазартылған газдағы күкірт сутегінің мөлшері 0,02 г/м3 артық емес, ал нафталин қыста 0,01 г/м3 және жазда 0,05 г/м3 артық болмайды.
406. Барлық газ айыру постыларына келу жолдары бос. Өту жолдары мен жаяу жүру жолдарында баллондар орнатуға жол берілмейді.
407. Қыздырғыштар, кескіштер және басқа аппаратураны жұмыс орындарында газбен пісірушілер мен кескіштерге жөндеу жүргізуге жол берілмейді.
408. Қол қыздырғышы немесе кескішті жағу кезінде бірінші кезекте оттегі вентилі аздап ашылады, содан соң жанғыш газ вентилі ашылады, содан соң ауаны жою үшін майысқақ түтікті аз уақыттық үрлеуден кейін газдардың жанғыш қоспасы тұтандырылады.
Жұмыс кезінде қыздырғыш (кескіш) жалыны газбен жабдықтау көзіне қарама-қарсы жаққа бағытталады. Аталған талапты орындау мүмкін болмаған жағдайда газбен қоректендіру көзі жанбайтын материалдардан жасалған металл қалқандар немесе шарбақтармен қоршалады.
409. Жанғыш газға арналған майысқақ түтікті оттегі майысқақ түтігін жанғыш газбен үрлеуге, жұмыс кезінде майысқақ түтіктердің орындарын өзара алмастыруға жол берілмейді.
5-параграф. Қопарылу өртену қаупі бар