Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
t1_167.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
818.18 Кб
Скачать

Газ өткізгшітерін және аппараттарын сынау

330. Домна газының газ тазалау қондырғысының газ өткізгіштерін және аппараттарын сынау тәртібі мен сынақ қысымының нормалары осы Талапқа сәйкес болады.

Газ тазалау газ өткізгіштері және аппараттары үшін сынақ қысымы осы Талаптың 1-қосымшасының талаптарына сәйкес қабылданады.

331. Телімдер бойынша газ тазалау мен газ өткізгішті беріктікке сынау монтаждалған құрал-жабдықты және арматураны қолданумен (егер олар сәйкес учаскеге сынақ қысымына сыналған болса) немесе барілген телімді сынау үшін қабылданған максимал қысымға сәйкес есептелген арнайы тығындар орнатумен құрал-жабдық және арматурасыз жүргізіледі.

Тығындарды бекіту клапандарының және скрубберлердің шлам клапандарының, электр сүзгілер мен су айырғыштардың, олар 1,25 Р қысымға есептелген болса скрубберлер мен электр сүзгілерінің ысырмаларының орнына орнатуға рұқсат етіледі.

332. Телімдер бойынша газ өткізгіштер мен газ тазалағыштар қондырғыларының аппараттарын беріктік пен тығыздыққа сынау екі кезеңде жүргізіледі.

Бірінші кезең-сыналатын телімдегі қысым 0,07 МПа дейін жеткізіледі, содан соң тексеру және ақауларды анықтау жүргізіледі. Анықталған ақауларды жою (жапсарлардың босаңдығы, сальниктер арқылы ауаның шығуы, төсемдер тағы басқалар) қысымды атмосфералыққа дейін түсіргеннен кейін жүргізіледі.

Екінші кезең-қысымды сынақ қысымына дейін көтеру жолымен беріктікке сынау жүргізіледі, бұл кезде сыналатын телім 5 минут бойына тұрады, содан соң қысым жұмыс қысымына дейін түсіріледі және саңылаусыздықты тексерумен сыналатын телімді екінші реттік тексеру жүргізіледі.

333. Сыналатын телімдерде қысымды көтеру және төмендету баяу әрбір сатыда 5 минуттан кем емес уақыт бойы ұстап тұрумен 0,025 МПа бойынша сатылап жүргізіледі.

Сынау телімдеріне тексеру жүргізуге тек тұрақты қысым бекігеннен кейін 10 минуттан кейін ғана рұқсат етіледі. Қысымды көтеру кезінде және ұстап тұрусыз сыналатын телімдерді тексеру, бөлек жапсарлардың соғылысы, ақауларды қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарына жол берілмейді.

334. Газ тазалау мен газ өткізгіштер аппараттарды телімдер бойынша сынау ұзақтығы 1 сағаттан кем болмайды.

335. Егер осы Талаптың 324-тармағында келтірілген формула бойынша есептелген қысымның түсуі 1 сағаттан аспаса, газ тазалаудың сыналатын телімі саңылаусыздыққа сынаққа шыдаған болып есептеледі:

1) құрал-жабдықпен және арматурамен тығынсыз сынау кезінде 3 %;

2) тығынмен құрал-жабдық және арматурасыз сынау кезінде 2 %.

7-параграф. Эксплуатацияға қабылдау

336. Газ шаруашылығының нысандары құрылысы (қайта конструкциялау) немесе түбегейлі жөндеу ҚР ҚНжЕ 1.03-06-2002 талаптарына сәйкес қабылданады.

337. Жоғары қысымды газ қондырғыларын және газ өткізгіштерді эксплуатацияға қабылдау қысымы 0,3 МПа асады.

338. Осы Талаптан ауытқулары бар газ шаруашылығының нысандарын эксплуатациялауға қабылдауға болмайды.

339. Газ шаруашылығының нысаны эксплуатацияға уақытында енгізілмесе, қайтадан сынау жүргізіледі.

14-тарау. Диспетчерлік басқару, байланыс және дабыл бергіштер

340. Цех-тұтынушылар бойынша газдың тиімді таратылуын қамтамасыз ету үшін, қалыпты газ режимін сақтап тұру және газ өткізгіштер мен газ қондырғыларының қауіпсіз эксплуатациялануын қамтамасыз ету үшін, газ шаруашылығының жұмысын бақылау және басқару шапшаңдығы және сенімділікті арттыру үшін газ шаруашылығының диспетчерлік қызметі ұйымдастырылады.

341. Газ шаруашылығының диспетчерлік пункттері телемеханизация құралдарымен жабдықталады.

Газ шаруашылығының диспетчерлік пунктіне (бұдан әрі-ГШДП) берілген теле өлшеулер, теле дабылдар және теле басқарулар көлемі жобамен анықталады және газбен жабдықтау жүйесін басқаруға диспетчердің шапшаң араласу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Газды пайдалану жағдайлары өзгерген кезде газды автоматты түрде тиімді қайта тарату үшін электрондық есептеуіш машина (бұдан әрі-ЭЕМ) орнату мүмкіндігі қарастырылады.

342. ГШДП-е газ өткізгіштің неғұрлым ерекшеленетін нүктелерінде газ температурасы мен қысымын; кәсіпорынның газ өткізгіштеріне келетін газ қысымы, температурасы және шығынын; барлық ірі және неғұрлым алыста орналасқан газ тұтынушылардың, нысанның автоматты режимінде жұмыс істейтіндерде газ қысымы мен шығынын, басқа кәсіпорындарға газ өткізгіштерді бақылайтын аспаптар мен дабыл бергіш шамдар шығарылады.

343. ГШДП мнемосхемасында дистанциондық басқару ысырмаларының шеткі күйі көрсетіледі.

ГШДП қысымды реттеуді бергіштерді басқару құралдарымен, газ өткізгіштерде ысырмалар мен дроссельдік клапандармен, оның ішінде домна, кокс, және табиғи газдардың газ өткізгіштері араларында айырғыштарда ысырмалармен жабдықталады.

344. ГШДП-де газ шаруашылығының нысандарын дабыл бергіштер мен байланыс, шапшаң реттеу және бақылау қондырғылары І санатты электр энергиясымен жабдықталады.

345. ГШДП газ пайдаланатын және шығаратын барлық цехтармен телефон байланысымен жарақтандырылады.

Әрбір домна пешін басқару ғимаратында, аулау цехтарының машина залдарында және кокс батареяларының аудару кабиналарында, кокс химиялық өндірістің диспетчерлік пунктінде және ірі газ қолданатын цехтарда, ЖЭО, домна және ферроқорытпа газдарының газ тазалағыштарында, ГУБТ, газ арттыру және газ компрессорлық станцияларда, аудандық ГРС, газдан құтқару қызметімен кәсіпорынның өрт күзетімен, медициналық пунктпен, газ цехының негізгі қызметтерінде, кәсіпорынның диспетчері және бас энергетик тікелей телефон байланысымен жабдықталады.

ГШДП оперативті радиобайланыспен және оперативті машинамен жабдықталуы, диспетчер командаларын жазу үшін техникалық құралдармен тексерушілер және жөндеу тобы болады.

346. ГШДП тұрақты қызмет көрсету жұмыскерлерінсіз жұмыс істейтін газ шаруашылығының нысандарынан күзет дабыл бергіші шығарылады.

347. ГШДП бөлек немесе кәсіпорынның энергошаруашылығының басқа түрлерін диспетчерлік пункттерімен біріктіріп орналастыруға болады. ГШДП ғимаратының отқа төзімділігі І және ІІ дәрежелі болады.

ГШДП жанғыш газдардың енуіне жол берілмейді. А санатты ғимараттарға диспетчерлік пункттерді орналастыруға жол берілмейді.

348. Диспетчердің оперативтік қарамағында апаттық-жөндеу бригадасы және арнайы жабдықталған автомашина бар. Аталған бригада жұмыскерлердің тұрақты қызмет көрсетуінсіз жұмыс істейтін құрал-жабдықты профилактикалық бақылау және құрал-жабдықтың апаттық тоқтауымен байланысты барлық жұмыстарды орындайды.

349. Газ цехының конторының құрамында оперативті машинаға арналған гараж және ГШДП дабыл бергішпен және тікелей байланыспен жабдықталған апаттық-жөндеу бригадасы қарастырылады.

15-тарау. Газ шаруашылығын эксплуатациялау

1-параграф. Жалпы талаптар

350. Қызмет көрсету телімдері мен газ цехы арасындағы бақылау немесе газ қызметі мен кіре берісінде цех газ өткізгіштері және қондырғылары бар цехтармен, сонымен қатар жалпы газ өткізгіші бар цехтар араларындағы шекара белгіленуі өндірістің шекарасы анық көрсетілген шекаралық бөлімнің сызбасымен қоса берілген бұйрықпен (тәртіппен) рәсімделеді.

351. Өндірісті магистралдық немесе қалалық газ өткізгішпен жабдықтау кезінде газ өткізгіштердің қызмет көрсету шекарасы ретінде өндірістің шекарасы алынады. Өндіріс шекарасында орнатылған және газ беретін ұйымның кіре берісіндегі сөндіру құрылғысынан басқа өндіріс аумағына газ өткізгіштің кіре берісінде оның аумағында сөндіру құрылғысы орнатылады.

Басқа ұйымдармен металлургиялық өндіріске газ беру кезінде газ өткізгіштің қызмет көрсету шекарасы газ беретін өндірістің аумақ шекарасы болып табылады.

352. Газ цехы немесе газ қызметінің және газ тұтынушы араларындағы қызмет көрсету шекарасы, газ цехы немесе газ қызметінің кіре берісінде цех тұтынушы газ өткізгішінде цех аралық айырмадағы ысырма болып табылады.

353. ГРП газ цехы немесе газ қызметінің кіре берісінде де, сонымен қатар газды цех тұтынушы кіре берісінде де болуы мүмкін. Егер ГРП газ цехы немесе газ қызметінің кіре берісінде болса, онда қызмет көрсету шекарасы газ цехы немесе газ қызметіне кіре берісте болатын ГРП кейін ысырма, ол болмаған кезде цех тұтынушы ғимаратының сыртқы қыры болады.

Егер ГРП цех тұтынушының кіре берісінде болса, қызмет көрсету шекарасы газ цехы немесе газ қызметінің кіре берісінде болатын ГРП алдында ысырма болып табылады. ГРҚ цех тұтынушының газ шаруашылығына жатқызылады және оның кіре берісінде болады.

354. Газ шаруашылығының әрбір нысанына техникалық төлқұжат құрылады. Эксплуатациялау кезеңінде төлқұжатта өзгертулердің сызбалары немесе схемаларымен қоса нысанға енгізілген барлық өзгертулер, сонымен қатар жүргізілген күрделі жөндеулер туралы мәліметтер көрсетіледі.

355. Әртүрлі тағайындалған автоматты дабыл бергіштер, газдану индикаторлары реттеуіштері, тағы сол сияқтылардың дайындаушы-зауыт төлқұжаты болады.

356. Газ шаруашылығының бөлек нысандарында, құрамында газ шаруашылығының нысандары бар цехтарда жасалған агрегаттар аспаптарын жөндеулер, тексерістер және реттеулер көрсетілген агрегатық журнал, әрбір ауысым бойындағы байқалған істемей қалулар, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар мен осы талаптардың бұзылуы, сонымен қатар бұзуларды жою бойынша шаралар және оларды орындаудың фактілік мерзімдері жазылатын эксплуатациялық журнал жүргізіледі.

Журналдар баумен тігілген және эксплуатациялық журналда тұрақты түрде жазулар түсіріліп тұратын кезекші жұмыскерлерде болады.

357. Барлық бір типті аппараттар, тораптар мен бөлшектер газ шаруашылығының әрбір нысандарында, оның ішінде газ өткізгіштердің колонналары, өтемдеуіштер, конденсат айырғыштар, ысырмалар, майшамдар, тағы сол сияқтылар шифрлануы және номерленуі керек. Номерлер мен шифрлар құрал-жабдықтар мен конструкциялардың көрнекті орындарында жазылады.

Тікелей агрегатта немесе қызмет көрсететін жұмыскерлер орындарында осы агрегаттарға берілген шифрлар мен номерлердің көрсетуімен газ құрылғыларының айқын сұлбалары ілінеді.

358. Газ өткізгіштерге орнатылар алдында ысырмалар, крандар және вентильдер тексеріске және сынаққа ұшыратылады.

359. Газ өткізгіштер, газ қондырғылары және газ құрал-жабдықтары ұйымның техникалық басшысымен немесе бас энергетикпен бекітілген графиктермен қаралған мерзімде жоспарлы-алдын алу тексерістеріне, тексерулерге, жөндеулерге ұшыратылады. Жөндеу графиктерін құру кезінде әрбір құрал-жабдықтың жергілікті эксплуатациялау жағдайларын ескере отырып зауыт-дайындаушылар нұсқаулықтарына немесе төлқұжаттарда көрсетілген мерзім сақталады. Бұл кезде зауыт-дайындаушының төлқұжатына сәйкес осы құрал-жабдыққа жиі тексеріс қажет болмаса, қысым реттеуішін, сақтандыру клапандарын, сүзгілерді, тағы сол сияқтыларды бөлшектеумен жылына бір реттен кем емес тексеріс жүргізіледі.

360. Автоблокирлеудің және дабыл бергіштердің оңтайлы әрекеттері, газ пайдаланушы агрегат берілген шекті параметріне жеткен кезде жоспарлы тоқтату кезінде ұқсату жолымен айына бір реттен кем емес аспаптарды эксплуатациялау жөніндегі жетекшілікке сәйкес тексеріледі. Автоблокирлеу және дабыл беру жүйелерін тексеру зауыт-дайындаушының техникалық шарттары немесе төлқұжаттарында көрсетілген мерзімдерде жүргізіледі.

361. Ғимараттарда орналасқан бақылау-өлшеу аспаптарының және газ өткізгіштердің штуцерлердің резиналы маталы майысқақ түтіктеріне және импульстік құбырлардың қосылыс тығыздығы аптасына бір реттен кем емес, ал ғимарат сыртында айына бір реттен кем емес тексеріледі. Саңылаусыздыққа тексеру көзбен көру арқылы немесе газ анализаторлар көмегімен жүзеге асырылады.

362. Газ өткізгіштерді, газ қондырғыларын және газ құрал-жабдықтарына комиссиямен жылына екі реттен кем емес тексеру жүргізіледі.

Тексеруге мыналар кіргізіледі:

1) ысырмалар, майшамдар, конденсат айырғыштар, өтемдеуіштер, шаң жіберу құрылғылары, бекіту арматурасы, газ қыздыру құрылғылары және үрлеу және дабыл беру құрылғыларының іс әрекеттерінің оңтайлылығы мен күйі;

2) люктер мен майшамдардың саңылаусыздығы, су ысырмаларын тексеру;

3) ғимарат ішіндегі газ өткізгіштер мен аппараттардың фланецті қосылыстары мен жапсарларының саңылаусыздығы;

4) құбырлы өткізгіштер күйі, құбырлы өткізгіш арматурасының, колонналар, олардың тірек ершіктері мен башмактары, анкерлік болттар және іргетастардың жер үстілік бөлігінің жағдайы;

5) қауіпсіздік техникасы жөнінде зауыттық нұсқаулықтар және осы Талап, сонымен қатар агрегаттық және эксплуатациялық журналдардың жүргізілуін орындау.

Тексеру нәтижелері анықталған ақауларды жою бойынша қажетті шаралар мен жоспарлы-алдын алу жөндеулері бойынша жұмыстар көрсетілуімен акт бойынша ресімделеді.

Цех комиссиясының актілері цех істерінде сақталады.

Актілерде көрсетілген шараларды орындау жөнінде жүргізілген барлық жұмыстар туралы агрегаттық журналда жазба және төлқұжатта белгі жасалады.

363. Цех аралық және цехтық газ өткізгіштердің, сонымен қатар газ аппараттарының сыртқы беттері әрбір 5 жыл сайын, ал фланецтер мен болттар әрбір 2 жыл сайын май бояуы, лак немесе температуралық өзгерулер мен атмосфералық шөгінділерге төтеп бере алатын басқа сырмен сырланады.

Газ өткізгіштер мен қондырғыларға, коррозиялық активті газдар мен булармен ластанған орындарда орналастырылған сатылар мен тірек конструкциясын қоса, талапқа сай кем дегенде 3 жылда бір рет арнайы коррозияға қарсы бет жүргізіледі.

Мұндай бетті тез арада жүргізу қажетілігі осы Талаптың 362-тармағында қаралған комиссиямен бекітіледі.

364. Газ шаруашылығының қопарылу өртену қаупі бар нысандарында отпен қатысты жұмыстар (пісіру, газбен кесу тағы сол сияқтылар) наряд-шақтама бойынша орындалады.

365. Істеп тұрған сыртқы газ өткізгіштер мен аппараттарында газбен пісіру және кесу олардағы шығын қысымы 0,5 кПа кем емес және газдар үшін мына шамадан артық емес кезінде жүргізуге рұқсат етіледі:

1) домна газы 5,0 кПа;

2) ферроқорытпа, кокс және басқа да улы газдар 3,0 кПа;

3) сұйылтылған газ 1,5 кПа.

Аралас газдың газ өткізгіші үшін қысымның рұқсат етілетін жоғарғы шегі қоспадағы газ көлемі бойынша алынады. Жоғарыда аталған қысыммен істеп тұрған газ өткізгіштерге жаңа газ өткізгіштерді кесу тек сыртқы газ өткізгіштерге және аппараттарға ғана рұқсат етіледі.

Кокс газының жану мүмкіншілігін төмендету үшін жұмыс басталғанға дейін газ өткізгіштер, фланецтер және тығындардың беттерін ізбесті сүтпен өңделеді.

Жөндеулер жүргізу кезінде улы газдардың газ өткізгіштерінде электрмен пісіру жұмыстарын олардағы шығын қысымы 0,3 МПа аспайтын кезде жүргізуге рұқсат етіледі.

Жұмыстар өндіріс орнында қысымды бақылау үшін барлық жұмыс бойында тұрақты қадағалау ұйымдастыратын қажетті манометр орнатылады.

366. Сиретуде болатын істеп тұрған аппараттар мен газ өткізгіштерде пісіру мен газбен пісіруге, талапқа сай жол берілмейді. Бұл жұмыстарды технологиялық шарттар бойынша сөндіруге болмайтын істеп тұрған газ өткізгіштер мен аппараттарда жүргізу қажет болған жағдайда газбен кесу және пісіру 1 % аспайтын газдағы оттегі мөлшерін әрбір 5 минут сайын үздіксіз тексеру жүргізуге рұқсат етіледі.

367. Істеп тұрған газ өткізгіштерде газбен кесу және пісіру жүргізу кезінде үлкен жалынның түзілуінен сақтану үшін газдың шығу орындарын асбесті баумен, металл сынасымен басылуы және жұмсақ асбесті ұнтақпен араластырылған шамот балшығы жағылады.

Жұмыстарды жүргізу орнында өрт сөндірудің бірінші реттік құралдары бар.

368. Істеп тұрған газ өткізгішке кесу орындалғаннан кейін пісірілген жапсар сабын ерітіндісімен тығыздыққа тексеріледі.

369. Пісіру және газбен кесу газ өткізгіштер және газ пайдаланатын агрегаттар бар ғимараттарда (орындарда) жүргізілген кезде ауа газдануға тексеріледі, бұл кезде сынамадағы оттегі мөлшері қоршаған ауадағы оттегі мөлшерінен 99 % кем болмайды.

Ауадан сынама алуды былайша жүргізу керек: ауадан жеңіл газ үшін (кокс, табиғи және басқалар)-жоғарғы зонадан; ауадан ауырлау газдар үшін (пропан-бутан, және басқалар)-төменгі зонадан; домна, ферроқорытпа және конвертор газдары үшін жоғарғы және төменгі зоналардан.

Пісіру және газбен кесудің барлық уақытында аталған ғимараттар (орындар) мұқият желдетіледі.

370. Газ өткізгіш немесе газ аппаратының телімін сөндіру қажет болып, оның ішінде әрі қарай жұмыстар орындау керек болғанда, соңғысы істеп тұрған газ өткізгіштерден қолда бар бекіту құрылғылары көмегімен бөлінеді, бұл кезде сөндіргіш бекіту құрылғысынан кейін табақшалы тығын орнатылады. Егер сөндіру құрылғысы табақшалы ысырма болса, онда тығын орнату талап етілмейді.

Газ өткізгіштерді басқа тәсілмен сөндіруге рұқсат етілмейді.

371. Сөндірілген аппараттар мен газ өткізгіш телімдерін газдан босату үшін оларды инертті газ және ауамен үрлеуді жүзеге асырады, бұл кезде кокс газының компоненттері бар кокс және аралас газдардың газ өткізгіштері алдын ала бумен үрленеді.

Улы газдардың газ өткізгіштері мен аппараттарын үрлеуді аяқтау газ өткізгіштер немесе аппараттардың ішкі қуысынан ретімен екі рет алынған сынамадағы көміртегі оксидінің мөлшері 20 мг/м3 аспауын талдау жолымен анықталады.

Табиғи газдың газ өткізгіштерін үрлеуді аяқтауды метан құрамын талдау тәсіліне ұқсас анықтау керек, оның сынамадағы мөлшері көлем бойынша 1 % аспауы немесе оттегі мөлшері қоршаған ауаның 99 % кем болмайды.

Сұйылтылған газдың газ өткізгіштерін үрлеудің аяқталуы пропан-бутан мөлшері бойынша анықталады, ол көлемнің 0,5 % аспайды.

372. Газбен толтыру кезінде газ өткізгіштер мен аппараттар барлық ауа толығымен ығыстырылғанша жүргізіледі. Үрлеу тек майшамдар арқылы жүргізіледі. Газ ауа қоспасын пештер оттығына, қазандықтарға және басқа да агрегаттарға шығарумен үрлеуге жол берілмейді. Газ өткізгішті үрлеу алдында ысырмалар қажетті күйге келтіріледі, су ысырмаларына су құйылған, ал барлық люктер, сатылар және үрлеу жүргізілетін майшамнан басқа майшамдар тығыз жабылады.

Газ өткізгіштерді үрлеуді үздіксіз және тұтынушыға баяу жақындаумен телімдер бойынша ретпен жүргізеді. Үрлеу кезінде шығатын газды тұтатуға жол беріледі. Үрлеудің аяқталуы тек үрлеу жүргізілетін соңғы майшамнан алынған газ сынамасын талдау жолымен ғана анықталады. Бұл кезде газдағы оттегінің ретімен алынған екі сынамадағы мөлшері 1 % аспайды.

373. Газ өткізгішті үрлеу кезеңінде атмосфераға газ ауа қоспасының шығарылу орнында 50 м радиуста барлық көлік түрлерінің қозғалысы, сонымен қатар газ өткізгішті үрлеумен қатысы жоқ адамдардың жүрісі тоқтатылады. Газ өткізгіштерді және бөлек аппараттарды үрлеу кезінде газды шығару орындарында постылар қойылады.

374. Тығындарды орнату және алу, сонымен қатар істеп тұрған газ өткізгіштерде өлшеу диафрагмаларын алмастыру олардағы шығын қысымы 0,5 кПа кем емес кезде және газдар үшін мына шамада жүргізіледі:

1) домна газы 4,0

2) кокс және онымен араласқан газ 3,0

3) ферроқорытпа, конвертор, улы емес газдар

және олармен араласқан газдар 2,0

375. Жөндеу және улы газдардың газ өткізгіштері және аппараттарының ішінде адамдардың болуымен байланысты басқа жұмыстар жүргізуге тек оларды сөндіргеннен кейін және оларды осы Талаптың 369-370-тармақтарының талаптарына сәйкес газдан босатқаннан кейін ғана рұқсат етіледі. Бұдан басқа, жұмыстарды жүргізу үрдісінде газ өткізгіштер мен аппараттардағы ауа ортасы неғұрлым нашар желдетілетін орындардан сағатына бір реттен кем емес сынама алу жолымен көміртегі оксидінің мөлшері тексеріледі.

376. Ашық от пайдалануға жол берілмейді:

1) газ өткізгіштерді қыздыру үшін;

2) кокс химиялық өндірістегі арматураны қоспағанда газдың ағуын анықтау үшін.

Газ өткізгіштер, резьбалық және фланецті қосылыстар мен арматура, жапсарлар тағы сол сияқтылардың саңылаусыздығын тексеру сабын немесе басқа да көбік түзуші ерітінділермен жүргізіледі. Теріс температуралар кезінде ерітіндіге хлорлы кальций немесе хлорлы натрий қосылады.

377. Осы Талаптың 365-376-тармақтарында көрсетілген жұмыстар газ қауіпті болып саналады және наряд-шақтама бойынша орындалады.

378. Тікелей тұтынушы алдында (реттеу органдарынан кейін) газдың минимал рұқсат етілетін қысымы 0,5 кПа кем болмайды.

Газ қысымы минимал рұқсат етілетін шамадан төмен түсіп кеткенде газды пайдаланушылар тез арада сөндіріледі. Сөндіру, тіпті автоматты сөндіру құрылғысы бар болған кезде де, қолмен жүргізіледі.

379. Кәсіпорын цехтарының газды пайдалану режимі кәсіпорынның техникалық басшысымен бекітілген газды пайдалану жоспарының негізінде газ шаруашылығының диспетчерінің өкімімен анықталады.

Отын газдарын өндіретін және пайдаланатын жұмыскерлер газ шаруашылығының диспетчеріне тез арада өндіріс режимі мен газ пайдаланудағы өзгерістер туралы хабар береді.

Газ шаруашылығы диспетчерінің өкімі тез арада мүлтіксіз болып табылады, ал ГШДП болмаған кезде газдың келу режимі мен пайдаланылу режимін бақылау кәсіпорынның жалпы зауыттық диспетчерлік қызметіне жүктеледі.

380. Апаттық жағдайдан басқа кездерде (қауіпсіздік шаралары орындалған жағдайда), шығын газын атмосфераға шығару үшін үрлеу майшамдарын қолдануға жол берілмейді.

381. Газ шаруашылығының нысандары бар цехтарда апатты жою жоспарлары құрылады.

382. Газ шаруашылығы жобаға сәйкес өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

2-параграф. Газ өткізгіштерді эксплуатациялау

383. Газ өткізгіштердің күйіне жүйелі бақылау қойылған. Тәулігіне бір реттен кем емес барлық трасса бойынша газ өткізгіштердің тірек конструкцияларына және бекіту арматураларына бақылау жүргізіледі, бұл кезде конденсат айырғыштың, дроссельдік клапандардың және басқа да құрылғылардың іс әрекеттерінің дұрыстығы тексеріледі. Бекіту арматурасының іс әрекетінің дұрыстығын кварталына бір реттен кем емес тексеру жүзеге асырылады.

Өтемдеуіштер және олардың бекіту арматураларының тексерілуі айына бір реттен кем емес жүргізіледі. Қыс мезгілінде қатып қалуы мүмкін орындарды жылыту және қыздыруға баса көңіл аударылады.

Цехтағы газ өткізгіштер тығыздығы көзбен көріп тексеру жолымен жарты жылда бір рет газдың жұмыс қысымы кезінде жүргізіледі. Фланецті қосылыстар мен арматура тығыздығы сабын ерітіндісін жағу жолымен жүргізіледі.

Барлық анықталған қателіктер жойылады. Газ өткізгіштердегі құрылғылардың іс әрекеттерінің дұрыстығын тексеру және бақылау нәтижелері қателіктерді жою бойынша қабылданған шараларды көрсетумен эксплуатациялық журналға жазылады.

Эксплуатациялау кезінде газ өткізгіштердің бөлек құрылғыларының іс әрекеттерінің дұрыстығын жүйелі тексеру және бақылау мерзімдері зауыттық жағдайларға байланысты цехтар бойынша сәйкес бұйрықтармен айқындалады.

384. Шығын қысыммен жұмыс істеп тұрған газ өткізгіштерде газ қысымы кенет түсіп кеткен жағдайда, пайдаланушылар хабардар етіліп сөндірілгенше газ өткізгіштегі шығын қысымын ұстап тұруға шаралар қабылданады. Бұл кезде цех аралық газ өткізгіштердің біреуіндегі шығын қысымы басқа газ өткізгіштен газ жіберу есебінен сақталып тұрады. Цехтардағы газ өткізгіштердегі шығын қысымын қысқа уақытта ұстап тұру үшін осы Талаптың 385-тармағының талаптары сақталған кезде оларға бу беруге рұқсат етіледі.

385. Газ өткізгіштерге буландыру, үрлеу және қыздыру үшін бу беру технологиялық регламентке сәйкес баяу жүргізіледі. Газ температурасын көтеру сағатына 150 С аспайды. Газ өткізгіштерде газ температурасын 650 артық көтеруге жол берілмейді.

386. Егер газ өткізгіштің қандай да телімінде газ қысымы нөлге дейін төмендесе, онда қосу алдында бұл телімнен басқа тұтынушыларға берілістер мен цехтық газ өткізгіштерді қоса газ жолымен барлық газ өткізгіштер газбен үрлеу жүзеге асырылады. Газ өткізгіштерді үрлеу осы Талаптың 371 және 372-тармақтарының талаптарын сақтаумен жүргізіледі.

387. Газ өткізгіштерде нафталиннің жатып қалуы мен мұздың түзілуінен сақтану мақсатында қысымның алмасуын кезеңдік өлшеу жолымен мұқият бақылау орнатылады. Газ өткізгіштерден мұз тығындары мен нафталин шөгінділерін жою осы Талаптың 385-тармағының талаптарын орындай отырып бумен қыздырумен жүргізіледі.

388. Істеп тұрған газ өткізгіштерді нивелирлеу 5 жылда бір рет, ал жаңадан жарақтанатындарда құрылыс аяқталған соң екі жыл ішінде жыл сайын жүргізіліп тұрады. Нивелирлеу нәтижелері жобадағы мәліметтермен және алдындағы нивелирлеу нәтижелерімен салыстырылады.

Тіректерге жүктемелердің қауіпті таралуын туындатуы және конденсат айырғыштың схемасын бұзуы мүмкін жобадағы белгілерден ауытқу тез арада жойылады.

Егер істеп тұрған газ өткізгіштердің тіректерінің іргетастарына жақын жерде қазаншұңқыр немесе ор қазу жұмыстары жүргізілсе, бұл телімде газ өткізгішті нивелирлеу жаңадан жарақтанған газ өткізгіштердегідей жүргізіледі.

3-параграф. Газ пайдалану агрегаттарының

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]