
- •Қара металлургия кәсіпорындарындағы газ шаруашылығының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
- •Газ қондырғыларының орналасуына қойылатын жалпы талаптар
- •Конденсат айырғыштардан ағынды суларды шығару
- •Арматурасын орналастыру
- •Газды құрал-жабдықтары. Металдарды газ жалынымен өңдеуге арналған құрал-жабдықтар
- •Агрегаттардың (бұдан әрі-агрегаттар) газды құрал-жабдықтары
- •Өртену қаупі бар нысандары
- •Газ реттеу қондырғылары
- •Турбиналық кеңейту станциялары
- •Газ өткізгшітерін және аппараттарын сынау
- •Газ құрал-жабдықтарын пайдалану
- •Үшін құрал-жабдықты эксплуатациялау
- •Нысандарды экплуатациялау
- •Суыту қондырғыларын эксплуатациялау
- •Қолданылған қысқартулар
- •Бекіту арматурасының материалын таңдауға қойылатын талаптар
- •Цех аралық газ өткізгіштерді басқа құбырлы өткізгіштермен және коммуникациялармен бірге төсеуге қойылатын талаптар
- •Газ өткізгіштердің жер деңгейінен төселу биіктігіне қойылатын талаптар
- •Аласа тіректерде газ өткізгіштерді төсеуге қойылатын талаптар Жалпы талаптар
- •А санатына жатқызылатын газ шаруашылығының ғимараттары мен бөлмелеріне қойылатын талаптар
- •Грп және грқ құрылғысы мен орналастырылуына қойылатын талаптар
- •Болат құбырлар мен материалдарға қойылатын талаптар
- •Газ қаупі бар жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жоспары
Өртену қаупі бар нысандары
146. Ғимарат ішінде және сыртында орналастырылған газ қондырғыларының қопарылу қаупі бар зоналарын классификациялау осы зоналарда орнатылған электр құрал-жабдықтарына қатысты өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптына сәйкес жүргізіледі.
Бұл кезде артық газбен жұмыс істейтін жанғыш газдарының сыртқы және цех іші жер үстілік құбырлы өткізгіштері (фланецті қосылыстар, БӨАжА, клапандар құбырлы өткізгіштер арматурасының зонасын қоса алғанда), домна газының газ арттыру станциялары газ қысымын шыға берісте 15 кПа, домна газының газ тазартқыштары, барлық жанғыш газдар мен олардың қоспаларының конденсат айырғыштары, шкафтық ГРП және ГРҚ, сонымен қатар жалпы тағайындалған шкаф қондырғылары қопарылу қауіпті емес нысандарға жатқызылады. Барлық ыстық газдар және олардың қоспаларының конденсат айырғыштары құдықтарында орналастырылған сиретумен жұмыс істейтін газ қондырғылары мен газ өткізгіштер қопарылу қаупі бар нысандарға жатқызылады.
Оттегі мен жанғыш газ үшін газ тарату постыларының шкафтары араларындағы арақашықтық-150 мм кем емес. Шкафтар есіктері жұмыс кезінде ашық. Газ тарату постын пайдаланатын жұмыскер болмаған кезде шкаф құлыппен жабылған.
147. А санатындағы ғимараттарда орналасқан газ шаруашылығы нысандарына қойылатын талаптар осы Талаптың 5-қосымшасында көрсетілген.
6-тарау. Газ реттеу пункттері және
Газ реттеу қондырғылары
148. Газ қысымын төмендету және газбен жабдықтау жүйесінде оны ұстап тұру мына орындарда жүргізіледі:
1) кәсіпорын аумағында жарақтанған газ реттеу пункттерінде (бұдан әрі-ГРП);
2) газ пайдаланатын агрегатар орналастырылған ғимараттарда жабдықталған газ реттеу қондырғыларында (ГРҚ).
149. ГРП және ГРҚ оларға кіре берістегі газ қысымының шамасына байланысты былайша бөлінеді:
1) газ қысымы 0,1 ден 0,3 МПа-ға дейінгі орташа қысымды ГРП және ГРҚ;
2) газ қысымы 0,3 тен 1,2 МПа-ға дейінгі орташа қысымды ГРП және ГРҚ.
150. ГРП және ГРҚ орнату мен орналастырылуға қойылатын талаптар осы Талаптың 6-қосымшасында көрсетілген.
7-тарау. Газ арттыру, газ компрессорлық және газ
Турбиналық кеңейту станциялары
1-параграф. Жалпы талаптар
151. Осы тараудың талаптары мыналарға таратылады:
1) центрден тепкіш айдағыштар мен газ үрлеуіштермен жабдықталған сору тізбектерінде артық қысыммен жанғыш газдардың газ арттыру станцияларына (бұдан әрі-ГАС);
2) поршендік немесе центрден тепкіш компрессорлармен жабдықталған сору тізбектерінде артық қысыммен жанғыш газдардың газ компрессорлық станцияларына (бұдан әрі-ГКС);
3) домна газына арналған компрессорсыз газ жаратушы турбиналар (КГЖТ) қондырғылары мен газотурбиналық кеңейту станцияларына (ГТКС).
152. Екінші қабатына электр қозғалтқыштары бар машиналар, ал бірінші қабатына газ өткізгіштер және басқа да құрал-жабдықтар орнатумен екі қабатты ГАС және ГКС жарақтаған кезде екі қабат та ғимараттың қарама-қарсы екі жағынан тікелей сыртқа шығу жолы бар екеуден кем емес марштық сатылармен жалғанады.
153. ГАС және ГКС-ны осы станциядан газбен жабдықталатын агрегатары бар цехқа қосымша құрылыс нысанында орналастыруға болады. КГЖТ бөлек ғимаратта немесе домна газының газ тазартқышынан ғимаратпен жалғанған ғимаратта орналастырылады.
Оңтайлы табиғат жағдайларында ГАС, ГКС және КГЖТ машиналар залы жартылай және толықтай ашық (құрал-жабдықтар аспалы орналасуымен) болады.
Негізгі агрегаттардың (айдағыш, қозғалтқышы бар компрессор, генераторы бар турбина) іргетастары ғимарат конструкцияларымен (іргетаспен, қабырғалармен, қабырғалармен тағы сол сияқты) жалғанбайды.
Машинаға жалғанған газ өткізгіштер және басқа да құбырлы өткізгіштер ғимарат конструкциясына қатаң жалғанады, болмаса өтемдеуіш құрылғысы қаралады.
Ғимарат бойы мен машиналар араларындағы негізгі өту жолының ені 1,5 м кем емес.
154. Қызметкерлердің тұрақты қызмет көрсетуінсіз жұмыс істейтін ГАС, ГКС және КГЖТ автоматты өрт дабыл бергішімен жабдықталады.
ГАС, ГКС және КГЖТ апаттық тарту желдеткішімен жабдықталады.
155. ГАС және ГКС электр қозғалтқыштары мен КГЖТ электр қабылдағыштары электрмен жабдықтаудың І санатына жатқызылады.
156. ГАС, ГКС және КГЖТ негізгі құрыл-жабдықтарын басқару дистанциондық. Бұдан басқа, әрбір айдағыш электрқозғалтқышы, компрессорлар және ГТКС жергілікті қалқанында электр қозғалтқыштарды қолмен апаттық тоқтату үшін «Тоқта» апаттық түймелері орнатылады.
157. Кокс газы, сонымен қатар басқа газдармен қоспаларында жұмыс істейтін айдағыштар және компрессорлар, газ үрлеуіштерді үрлеу және желдету бумен жүргізіледі, бұл кезде аталған жанғыш газдардың үрленетін немесе желдетілетін жүйедегі ауамен тікелей жанасуына жол берілмейді.
Байытылған кокс, домна, ферроқорытпа және конвертор газдары және олардың газдарымен жұмыс істеу кезінде үрлеу үшін газ үрлегіштер, айдағыштар, компрессорлар және азот ГТКС немесе сұйылтылған ауа қолдануға рұқсат етіледі.
158. Біліктерді тығыздауда және басқа да газ үрлеуіштерден, компрессорлардан және ГТКС-тан газ ағуы мүмкін басқа да орындарда осы Талаптың 25-27-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін арнайы майшамдар арқылы атмосфераға шығарумен жергілікті сорғылар бар.
159. ГАС және ГКС келтіру және жіберу газ өткізгіштерінде және әрбір ГТКС-та қажет болған жағдайда барлық станцияны сөндіруге мүмкіндік беретін электр қозғалтқышы бар ысырма орнатылады.
Әрбір газ айдағыш немесе газ компрессорының газ келтіру және жіберу газ өткізгіштерінде оларды коллекторлардан сөндіру үшін дискілік және табақшалы (газ қысымы 0,04 МПа кезінде) ысырмалар орнатылады. Газ қысымы 0,04 МПа жоғары болған кезде тығындар орнату құрылғысы қарастырылады. Табақшалы ысырмалар немесе тығындар газ айдағыш немесе газ компрессоры жағынан орнатылады.
160. Газ айдағыштар, газ компрессорлары және олардың электр қозғалтқыштарын, сонымен қатар станция ғимараттарында ГТКС және олардың көмекші құрал-жабдықтарын монтаждау, қайта монтаждау және жөндеу үшін жүк көтеру механизмдері орнатылады.
2-параграф. Газ арттыру станциялары
161. Әрбір газ үрлегіш немесе айдағыштың келтіруші және шығару газ өткізгіштерінде өтетін жолдарын, майшамдар және айдағыш жағынан ысырмаларға дейін үрлеу штуцерлері, сонымен қатар манометрлер орнату үшін крандары бар штуцерлер болады. Бұдан басқа, жіберу газ өткізгішінде қажет болған жағдайда келтіру газ өткізгішіне газды лақтыруы бар сорғыға қарсы құрылғы қарастырылады.
162. Газ үрлеу және айдағыштардың төменгі бөліктерінен және газ өткізгіштердің неғұрлым төменгі орындарынан конденсатты шығару үшін конденсат айырғыштар орнатылады. Конденсат айырғыштың су ысырмасының биіктігі газдың есептеу қысымына тең плюс 5,0 кПа, бірақ 20,0 кПа кем болмайды. Ағынды суларды шығару осы Талаптың 84, 85-тармақтарының талаптарына сәйкес келеді. Конденсат айырғыштар жер деңгейінен жоғары орнатылады. Егер ГАС-тағы конденсат айырғыштар жер деңгейінен төмен орналасса, ГАС қайта құру кезінде бекет ғимаратынан тыс құдықтарға орнатылады. I және II дәрежелі құдықтар отқа төзімді, тік сатылармен екі шығысы, 1 сағатта сегіз реттен кем емес ауа айырбастауды қамтамасыз ететін, ағымды желдеткіші бар.
163. Келтіру коллекторларында газ қысымын рұқсат етілетін шектен 0,5 кПа төмен болуынан сақтандыру үшін ГАС-та келесі шаралар жүзеге асырылады:
1) ГАС келтіру және шығару коллекторларын оған дроссельдік клапанмен орнатылған айналмагаз өткізгішпен (байпаспен) жалғау, ол келтіру газ өткізгішінде газ қысымы 1,0 кПа төмен болған кезде автоматты реттеуішпен іске қосылады және газдың бөлігін айдағыш коллектордан сорғышқа жібереді;
2) сору тізбегінде газ қысымы 0,5 кПа дейін төмендеген кезде газ шаруашылығының диспетчерлік пунктіне немесе машинистердің жұмыс орындарына автоматты дабыл беретін жарық дыбыстық дабыл бергіш құрылғысы;
3) газ қысымы 0,5 кПа төмендегенде газ келуі төмендеген кезде станция өнімділігін төмендету мақсатында айдағыштардың ретпен автоблокирленуі іске қосылады. Бұдан басқа, барлық айдағыштарды бір уақтылы тоқтату үшін ГАС БӨА қалқанында және газ шаруашылығының диспетчерлік пунктінде апаттық кілт орнатылады.
164. Мойынтіректерді орталықтандырып майлау бар болған кезде жүйедегі май қысымы төлқұжатпен рұқсат етілетін шектен төмендеген кезде машиналардың электр қозғалтқыштарының тоқтатылуы қамтамасыз ететін айырғыш орнатылады.
Айыру схемасында мойынтіректердің қызуының жылу релесі, сонымен қатар осьтік сырғу релесі қаралады.
165. ГАС-та ажырау беттері бойынша тығыздағыш кертіктермен өңделген фланецтері бар айдағыштар және газ үрлеуіштер қолданылады.
3-параграф. Газ компрессорлық станциялар
166. Поршенді компрессорлық қондырғыларды жобалау, дайындау, қайта құру және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі №172 бұйрығымен бекітілген Жарылысқа қауіпті және зиянды газдармен жұмыс істейтін мойынтіректі компрессор қондырғыларын пайдалану қауіпсіздігі және орнату талаптары сақталады.
167. Әрбір компрессордың барлық компрессия сатыларының газ өткізгіштері оларға орнатылған ысырмалармен байпастармен ретпен жалғанады. Бұдан басқа, айдаудың соңғы сатысының газ өткізгіштері апаттық жағдайларда газды жіберу үшін келтіру коллекторымен жалғанады.
168. Газ пульсациясымен туындаған газ өткізгіштерінің дірілін азайту үшін газ өткізгіштердің төселуі бұрылыстардың минимал мөлшерімен максимал мүмкін радиустармен жүргізіледі. Жалпы коллекторға параллель жұмыс істейтін поршеньді компрессорлар үшін әрбір компрессор үшін буфер ыдысы орнатылады.
169. Атмосфераға газды апаттық шығару, сонымен қатар жөндеуден кейін компрессорларды қалыпқа келтіру кезінде ортаны шығару соңғы сатының айдау тізбегімен сөндіргіш арқылы жүргізіледі. Апаттық үрлеудің сөндіргіші қашан да атмосферамен жалғанады. Сөндіру ысырмасы сөндіргішке дейін орнатылады.
170. Компрессор станцияларының ішінде газ өткізгіштер арматурасы қысымға тәуелсіз болаттан жасалады.
171. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарға жатқызылатын компрессор аппараттары мен ыдыстары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 189 бұйрығымен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану талабына сәйкес бақылау-өлшеу аспаптары және сақтандыру құрылғыларымен жабдықталады.
172. Газ тоңазытқышынан су, талапқа сай өндірістік канализацияға немесе компрессор станциясының бөлек айналым цикліне шығарылады.
Газ тоңазытқыштарынан кейін суды жалпы канализацияға немесе шығару газ өткізгішінде тоңазытқыштан кейін (су жол бойынша) газдың атмосфераға шығарылуы қамтамасыз ететін құрылғы орнатылған жағдайда басқа да айналдыру циклдеріне жіберуге рұқсат етіледі. Бұл құрылғы тоңазытқышта су құбырларына зақым келген кезде жалпы канализацияға газдың түсіп кетуіне жол бермейді.
Пайдаланылған суды құю қадағалауға ыңғайлы орынға орналастырылған жалпы құю түтікшесіне ағынды үзумен іске асырылады.
Компрессорлық станцияның бөлек жұмыс істейтін канализациялық жүйелерінде канализациядан атмосфераға газды шығару үшін майшамдар орнатылады.
173. Газ өткізгіште айырғышқа дейін және кейін ысырмалар орнатылады.
Сепараторларда айырғыш сақтандыру қақпақшасы мен конденсат деңгейін автоматты реттеуіш орнатылады.
Газдан шамалы мөлшерде конденсат бөлінген кезде деңгейді реттегіш қондырғысының орнына айырғышта бекітілген деңгейге дейін конденсаттың жиналғандығы туралы диспетчер немесе машинистердің хабар бергіш жарықты дыбыстық дабыл бергіш құрылғысына рұқсат етіледі.
Айырғыш корпусында айырғыштардың ішкі қуысын кезеңдік тазарту үшін люктер орнатылады.
174. Әрбір компрессордың соңғы айдау сатысы газ өткізгіштерінде шығу коллекторына жақынырақ орнатылған кері қақпақша орнатылады.
Газ өткізгіштер айырғыштарында айдаудың соңғы сатысы болмаған жағдайда лақтыру сақтандырғыш қақпақшасы орнатылады.
175. Сақтандыру клапандарының газ шығаратын құбыры осы Талаптың 25-27-тармақтарының талаптарына сәйкес ғимараттан шығарылады. Бұл құбырларда сөндіру құрылғыларын орнатуға жол берілмейді.
176. Компрессорлардың электр қозғалтқыштары сору газ өткізгішінде газ қысымы, суыту суының қысымы және бекітілген шектен май қысымы төмендегенде, суыту суының және май температурасы бекітілген шектен жоғарылағанда автоматты түрде сөндіріледі.
Бұл кезде машинистің жұмыс орнына немесе диспетчерлік пунктке (станция жұмыскерлерсіз жұмыс істеген кезде) дабыл беріледі.
177. Монтаждау жұмыстарына дайындық, компрессорларды тексеру, оларды монтаждауы сынақ жүргізу және қабылдау ҚР СНжЕ 3.05-09-2002 талаптарын сақтаумен жүзеге асырылады.
4-параграф. Газ турбиналық кеңейту станциялары
178. ГКТС жобалау кезінде оған қызмет көрсететін жұмыскерлер жұмысының толық автоматтандырылғандығы қаралады. Дистанциондық басқару және КГЖТ жұмысын бақылау энерго шаруашылықтың диспетчерлік пунктінен және ГКТС көмекші ғимараттарында орналастырылған жергілікті қалқаннан іске асырылады.
179. Домна газының қыздырғышын ГКТС ғимаратынан тыс жерге орналастырылады. КГЖТ жұмыс алаңы мен газ қыздырғыш арасында ыңғайлы ара қатынас қаралды.
180. Монтаждау және жөндеуден кейін газ қыздырғыш пен турбина арасындағы компрессорлар мен газ өткізгіштердегі барлық пісіру жапсарлары бақылаудың физикалық әдістерімен тексеріледі.
181. КГЖТ өте отырып, орташа қысымды газ өткізгіштер мен төменгі қысымды газ өткізгіштерді қосатын байпасты газ өткізгіштерде байпастың екі жағынан да төменгі қысымды газ өткізгіштің ысырмасының алдында орналастырылған араларына майшаммен ысырмалар орнатылады.
182. ГТКС-да КГЖТ кейін газ өткізгіште табақшалы ысырма жерден 8 м кем емес биіктікте және КГЖТ ғимаратына газдың енуіне жол бермейтіндей етіп орнатылады.
КГЖТ шығу жолдары ысырма жанында шлюз-тамбурлармен жабдықталуы, ал ғимараттың жақындағы қабырғасы-бітеу.
183. КГЖТ қондырғысы мыналармен жабдықталады:
1) айналымдар саны, турбина алдында газ температурасын және май блогында майды автоматты реттеу жүйелерімен;
2) турбина жұмысы бұзылғанда, қысым параметрлері зауыт-дайындаушы нұсқаулығында қарастырылған рұқсат етілген шамадан турбинадан кейінгі жағар май мен газдың температурасы мен қысым параметрлері жоғары немесе төмен өзгеруі кезінде КГЖТ автоматты тоқтату үшін қорғаныс құралдарымен, дроссельдік топтың сәйкес дроссельдерін ашуға дабыл берумен;
3) параметрлердің шекті шамаларға келгендігі туралы апаттық дабыл бергіштер және берілген параметрден газ, май, су, инертті газдың ауытқығандығы және турбина мен газ қыздырғыш жұмысының бұзылғандығы туралы ескерту дабыл бергішімен;
4) энерго шаруашылығының диспетчерлік пунктіндегі схемадағы негізгі технологиялық ысырмалардың күйі туралы дабыл бергіштер.
184. Басқару құрылғыларының қоректенуі, ГТКС, сонымен қатар олардың резервтегі май сорғылары мен апаттық жарық бергіштердің қорғаныс және дабыл бергіштері, кернеуі 220 В тұрақты тоқпен жүзеге асырылады. ГТКС кезінде ГТКС ғимаратына қосымша салынған кішірек ғимаратта орнатылған аккумуляторлық қондырғы қарастырылады.
185. Кабельдік ғимараттарда (мекемелерде) ГТКС-да автоматты өрт сөндіргіш қарастырылады.
8-тарау. Домна газын шаңнан тазарту және суыту қондырғысы
1-параграф. Жалпы талаптар
186. Барлық домна газын шаңнан тазартуға арналған қондырғыдан басқа, жаңа және бұрыннан істеп тұрған домна пештерін қайта конструкциялау кезінде конус аралық кеңістіктен тазалау қондырғысы немесе газ шаң басу жүйесі қарастырылады.
187. Домна газын тазалау аппараттары мен газ өткізгіштері (скрубберлер, электр сүзгілер, құбыр-бүріккіш, су айырғыштар, дроссельдік топтар тағы сол сияқты) ашық алаңдарда орналастырылады. Ғимараттарда, талапқа сай басқару және бақылау құрал-жабдықтарын және энергияның барлық түрлерімен газ қондырғыларын жабдықтау орналастырылады.
188. Домна газын тазарту үшін жаңадан жарақтандырылған қондырғылар автоматтандырылған, дистанциондық басқаруы және газ шаруашылығының диспетчерлік пунктінен бақыланады.
189. Әрбір домна пешінің газ тазалау қондырғысын сөндіру үшін мыналар орнатылады:
1) таза домна газының коллекторы жағынан дискілі ысырмасы және оған дейін жүрісі бойынша табақшалы механикаландырылған ысырма (тығын);
2) домна пешінің кіре берісінде ластанған газ газ өткізгішінде домна пеші жағынан бөліп тастау қақпақшасы;
3) КГЖТ жағынан дискілі ысырма немесе тығын орнату үшін құрылғы.
190. Теңестіру газ өткізгішін сөндіру үшін мыналар орнатылады: газ тазалау жағынан дискілі ысырма, ал домна пеші жағынан табақшалы ысырмалар.
191. Конус аралық кеңістігі газдан тазалау газ өткізгішін сөндіру үшін мыналар орнатылады: газ тазалау жағынан дискілі және табақшалы ысырма, пеш колошнигі жағынан табақшалы ысырма.
192. Әрбір домна пешінің газ тазалауына су өзара жалғастырғышпен жалғанған екі тәуелсіз су бергішпен беріледі, олардың әрқайсысының газ тазалауға максимал шығынынан 100 % өткізгіштік қасиетке ие.
Сорғы станциясының әрбір су бергішінде кері клапандар, ал әрбір газ тазалағыштың су бергіштер галереясында газ тазалау БӨА ғимаратына және газ шаруашылығының диспетчерлік пунктіне дабыл берумен су қысымының түсіп кетуінің дабыл бергіштері орнатылады.
193. Газ тазалауға су беретін сорғы станциялары әрекет сенімділігі және электрмен жабдықталу сенімділігі І санатқа жатқызылады.
Су бергіштердегі барлық ысырмалар сырғымалы шпиндельді болады.
194. Су бергіштерде шөгінділердің түзілуінің алдын алу үшін кері цикл су қажет болған жағдайда химиялық тазартуға ұшыратылады.
195. Газ тазалауға жеткізілген барлық су сору жағынан механикалық қоспалардан тазартылады. Ол үшін сорғы станциясында сүзгілер орнатылады. Торлы сүзгілер ұяшықтарының өлшемдері форсункалардың шығу тесігінен кішірек.
196. Домна газының газ тазартқыш қондырғылары ауданында оған қатысы жоқ басқа ғимарат немесе қондырғылар орнатуға жол берілмейді.
197. Бөлек газ тазалау аппараттары (скрубберлер, электрсүзгілер және басқа да) араларындағы саңылаудағы арақашықтық-2 м кем болмайды.
Газ тазартқыштар үшін аппараттардан саңылаудағы арақашықтық мына шамадан кем болмайды, м:
Газдан тазалауға жатқызылатын ғимараттарға дейін 5
Газдан тазалауға жатқызылмайтын ғимараттарға дейін 25
Теміржол жолдарының ең жақын рельсіне дейін 10
Домна цехының автожолдар өтетін бөлігінің шетіне дейін 5
Жалпы зауыттық автомобиль жолына дейін 10
Конвейер галереясына дейін 10
Галереяны тұрақты істеп тұратын өтпелі-тарту
желдеткішімен жабдықтаған кезде тарылған жағдайда 5
Газдан тазалауға жатқызылмайтын құбырлы
өткізгіштердің жер үсті трассасына дейін 5
Түйіршіктеу бассейндеріне дейін 20
198. Газ тазалағыштарда аппараттар және газ өткізгіштер алаңдарының қызмет көрсету төсеніштері және осы алаңдарға әкелетін сатылар қабырғаларға қойылған болаттан жасалған жолақтардан тор түрінде орындалады.
199. Скрубберлер және электр сүзгілер алаңдары әрбір яруста өзара жалғанған және екі кіретін жол болады.
200. Скрубберлер және электр сүзгілер алаңында жүктерді көтеру үшін стационар жүк көтеру механизмдері қолданылады.
201. Скрубберлер және электр сүзгілердің қызмет көрсету алаңдарында электр кабельдің, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін оттегі мен газдың құбырлы өткізгіштерінің стационар ажыратқыштар, сонымен қатар кернеуі 12 В электр желілері қарастырылады.
202. Газ тазартқыш қондырғысын орнату аумағы асфальтталған немесе бетондалады.
203. Домна пешін шаңнан тазарту қондырғылары осы Талаптарға сәйкес келеді.
2-параграф. Газ тазарту қондырғыларының газ өткізгіштері
204. Ластанған домна газының газ өткізгіші шаң аулағыштан скрубберге дейін ең қысқа ұзындықта болады, бұрылыстар саны аз және фланецтік қосылыстар жоқ. Газ өткізгіш ішінен тозуға төзімді материалмен астарланады. Скруббер қаптамасына ластанған газ газ өткізгішінің жанасқан жерінде жергілікті езілуге жол бермеу шаралары қарастырылады.
Ластанған газдың газ өткізгіші оған шаңның шөгуі және астарлау материалының қарқынды тозуына жол бермейтіндей газ жылдамдығына есептеледі.
Ластанған газдың газ өткізгіші шаң аулағыштар және газ тазартқыштар жағынан газ тазалауға бу енуімен жабдықталады.
205. Механикаландырылған табақшалы ысырмалар немесе тығындар орнатылған газ тазалау газ өткізгіштері жер деңгейінен газ өткізгіштердің төменгі түзілушісіне дейін 8 м кем емес биіктікте орнатылады.
206. Жартылай таза газ өткізгіштерінде шламның шөгуі мүмкін орындарда (бұрылыстар мен кеңейген орындарда) шашыратқыштар мен люктар қарастырылады.
207. Теңестіргіш газ өткізгіш жартылай таза газ өткізгішіне тозаңдатқыш-құбырға дейін жалғанады, айыру ысырмасы бар диаметрі 150 мм кем емес дренажды тізбекке қосылады, төменгі нүктеге 1,01 кем емес қиғашталады. Скрубберге конденсат жіберу келтіріледі.
3-параграф. Скрубберлер
208. Конус тәрізді төменгі табанның көлденеңнен еңкіш қиғаш бұрышы 600 кем болмайды.
Скрубберлерді олардың диаметрлерін үлкейтпей жөндеу кезінде табанының еңкіш қиғаш бұрышының 450 болуын сақтау қарастырылады. Конус тәрізді табанда төменгі жағында бекіту құрылғысы мен түтікше бар.
209. Скрубберлер саптамасыз типті. Скрубберлер ішінде сумен үздіксіз суландыруға ұшыратпайтын шығып тұрған бөліктер болмауы керек.
210. Скрубберлер олардың тазалануын «жүріс бойында» жасауға рұқсат ететін форсункалармен жабдықталады. Форсункалардың орналасуы және олардың конструкциясы скруббердің барлық қимасы бойынша судың біркелкі таралуын және оның қабырғаларын шаюын қамтамасыз етеді.
211. Скрубберлердің тірек қоректендіретін коллекторлар газ тазалаудың жылытылатын су тарату ғимаратында орналастырылады. Бұл су өткізгіштерді скрубберлер алаңдарында төсеуге жол берілмейді.
Су бергішті босату кезінде әрбір тірек су құю үшін ысырмасы бар құю құбырымен жабдықталады. Суды ағызу су тарту пункті ғимаратынан тыс жерде тұрақты кезекшінің қадағалауымен ағынды үзумен жүзеге асырылады.
212. Форсункалы коллекторларды жалғау орнында скрубберлерді суландырудың әрбір зонасында тік тіректерге дискілі ысырмалар орнатылады. Форсункаларға әрбір су келісінде, сонымен қатар «жүріс бойында» форсункаларды тазалау үшін құрылғылар және ысырмалар (немесе тығындарды орнату үшін фланецті қосылыстар) орнатылады. Әрбір суландыру зонасының тіректері және форсункалы коллекторлары оларды тазалау үшін құрылғылармен жабдықталады.
213. Скрубберден суды құю әрқайсысы 5 м кем емес биіктікті гидро ысырма түзетін және скруббердің әртүрлі биіктігінде конус тәрізді бөлікке жалғанған 100 % өткізгіштік қабілетке есептелген бір-бірінен тәуелсіз бір уақыт аралығында жұмыс істейтін екі құбырмен жүзеге асырылады.
Қысымы жоғары скрубберлерде су ысырмасының әрбір құбырында мыналар бар:
1) қалқыма немесе соған ұқсас құрылғымен басқарылатын дроссельді қақпақша;
2) скруббердің конус тәрізді табанының жанына орналасқан сөндіру құрылғысы;
3) ағынның үзілуімен судың өздігінен ағуы;
4) гидро ысырма құбырының жоғарғы бөлігінде оны атмосфераға жеткізу үшін түтік қаралады.
Дроссель қақпақшалары және олардан кейін құю құбырлары тозуға төзімді материалдардан жасалады. Гидро ысырма құбырлары гидро ысырма қағылуы кезінде су және газ ағыны газ тазалау ғимараты жағына қарай бағытталуына жол бермейтіндей етіп орналастырылады.
214. Дроссельдік құрылғының қалқыма құрылғысы, талапқа сай скруббер ішіне істеп тұрған скрубберге кезекпен жөндеу жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етумен орналастырылады.
Қалқыма құрылғысы камерасына оны жуу үшін су келтіріледі. Скруббер мен қалқыма құрылғысы арасындағы жалғастыру құбырлары скруббер жағына қарай қиғаш, онда тазалау құрылғысы және тығындар орнату үшін фланецтер бар. Қатаң климаттық жағдайлары бар аудандарда қалқыма құрылғысын скруббер ішіне орнатуға рұқсат етіледі.
215. Скрубберлердің үрлеу майшамдары жерден басқарылатын қол немесе электрлендірілген жетегі бар лебедкалармен жабдықталған өздігінен центрленетін және тығыз жабатын клапандармен жабдықталады.
216. Скруббердің, табанның бекіту клапанның түтігінде электрлендірілген ысырмасы бар штуцер кесіледі, оған шөккен шламды жуу мен скруббердің су ысырмасының апаттық толтырылуы үшін тік арнадан су келуімен, сонымен қатар скруббер тоқтағаннан кейін шламды жіберу үшін штуцер бар.
217. Әрбір скруббер скруббердегі су деңгейінің көрсеткішімен және скруббердегі көрсеткіштер мен дабылдарды газ тазалаудың БӨА ғимаратына немесе газ шаруашылығының диспетчерлік пунктіне берумен су деңгейін ең жоғарғы және ең төменгі деңгейде жарықты-дыбыстық дабыл бергіштермен жабдықталады.
218. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде скруббер ішіне жету үшін онда қажетті люктер саны; скруббердің төменгі цилиндр тәрізді бөлігінде екі люк бар.
Скруббер ішінде люктердің жанында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін уақытша төсеніш конструкциясын бекіту үшін тік үшкілдер қаралады.
219. Скрубберлердің корпусы, тіректері және іргетастары ғимараттың өз массасынан басқа, скрубберлердің төменгі бөлігінде ластанған газды жеткізетін газ өткізгіштің жоғарғы бөлігінде 2 м жоғары деңгейде түзілген су массасы жүктемеге есептелген, шламның тұтас қалыңдығы 100 мм скрубберлердің барлық ішкі беті бойынша барлық биіктігіне есептелген шартты жүктемеден есептеледі.
Домна пештерінде шойынның арнайы маркаларын балқыту кезінде шламның шөгу қалыңдығы 500 мм тең деп қабылданады.
4-параграф. Дроссельдік топтар
220. Дроссельдік топтар колошниктегі берілген қысымды ұстап тұру үшін тағайындалады және келесі талаптарға сәйкес келеді:
1) әрбір дроссельдік топтың бір немесе екі дроссельдік клапаны колошниктегі қысымды ұстап тұру үшін автоматты режимде жұмыс істейді, ал қалғандары домна пешін басқару ғимаратында дистанциондық басқарылады;
2) дроссельдердің сальникті тығыздағыштары «жүріс кезінде» тығыздағыштардың толтырмасымен ауыстыру мүмкіншілігімен газды сіңірмейді;
3) барлық дроссельдерде электр жетегі істен шыққан жағдайда қосатын қолмен басқарылатын жетек бар;
4) барлық дроссельдер түйіспейтін көрсеткіштермен жабдықталады, олардың күйі домна пешінің басқару ғимаратына және ГКТС және КГЖТ басқару пультіне шығарылады;
5) дроссельдік топта оны суландыру үшін су келтірілуімен қамтамасыз етіледі;
6) дроссельдік топ газ өткізгіштерге пісірумен жалғанады. Арнайы шойындарды балқыту кезінде дроссельдік топты фланецтерге орнатуға рұқсат етіледі;
7) бұрылысты дроссельдер және дроссельдік топ корпусы болаттың арнайы тозуға төзімді маркаларынан жасалады немесе қатты қорытпамен балқытылады.
221. Дроссельдік топ және газ өткізгіштердің дірілінен сақтану үшін шу деңгейін төмендету үшін дроссельдік топ қозғалмайтын тірекке тірелетін газ өткізгіштің тік учаскесіне орнатылады. Дроссельдік топ газ өткізгіштің горизонталь теліміне орналастырылған жағдайда соңғысында дроссельдік топтан кейін 10 м кем емес ұзындықта бұрылыстар болмайды. Бұл кезде қозғалмайтын тірек дроссельдік топтың жанында орналастырылады, газды дроссельдеу кезінде динамикалық әсерді қабылдауы және дірілді қабылдау үшін жеткілікті қатаң болады. Дроссельдік топпен генерацияланатын шу деңгейін төмендету үшін шаралар жүзеге асырылады.
222. Дроссельдік топқа қызмет көрсету үшін алаңдар шығып тұрған бөлшектерден ені 1,5 м кем болмайды. Алаңдардың орналасуы механизмдерге жетуді қамтамасыз етеді.
Дроссельдік топ көлденең орналасқан жағдайда алаңда газ өткізгіштің қарама-қарсы жағынан шығар жол орналасқан жер деңгейінен екі марштық саты бар, ал дроссельік топ тік орналасқан жағдайда алаңда бір марштық саты бар.
5-параграф. Электр сүзгілер
223. Конус тәрізді электр сүзгінің табанының көлденеңінен қиғаш бұрышы 450 кем емес.
224. Ылғалды электр сүзгілеріне осы Талаптың 211, 213-218-тармақтарының талаптары таратылады, бұл кезде:
1) электр сүзгілері үшін төменгі конус тәрізді бөліктен су ағызуды қысымы жоғары электр сүзгілері үшін гидро ысырма биіктігі 5 м кем емес биіктікте және қысымы төмен электр сүзгілері үшін 3 м кем емес биіктіктен бір құбырмен жүргізуге болады;
2) қалқымалы құрылғыны электр сүзгінің ішіне де, сондай ақ сыртына да орналастыруға рұқсат етіледі.
225. Әрбір электр сүзгіні сөндіру үшін жартылай таза және таза газдар жағынан газ өткізгіштерге сырғымалы шпинделі бар дискілі ысырмалар орналастырылады. Дискілі ысырмаларда электр сүзгілері жағынан табақшалы тығындарды орналастыру үшін құрылғы орнатылады.
226. Электр сүзгілер мыналарды қамтамасыз ететін құрылғылармен жабдықталады:
1) газ қысымы 0,5 кПа төмен түскен кезде қаптағыш электродтардың жоғары кернеуін автоматты түрде түсіру;
2) қаптағыш электродтардың қоректендіру агрегаттарынан кернеуді түсірмей оқшаулағыш қорапшаларды ашуға мүмкіндік бермейтін автобекітпе;
3) электр сүзгілерін немесе кернеудің қосу (сөндіру) айырғыштарын кезеңдік жууын, су мен газ берудің автоматты басқарылуы.
227. Электр сүзінің корпусы және барлық бөлшектері, тоқ тасымалдағыштан басқа, жермен жалғанады. Тоқ тасымалдағыш бөліктерге баруға болатын люктерде ескерту жазбалары бар және электр сүзгілерін жөндеуге сөндіргеннен кейін корпусқа тоқ тасымалдағыш бөліктерді жермен жалғау үшін құрылғы қарастырылады.
6-параграф. Тозаңдағыш-құбырлар және су айырғыштар
228. Электр сүзгісінсіз газ тазалағыштарда, талапқа сай газ қысымының 0,018 ден 0,025 МПа дейін ауысып тұруына қамтамасыз етуге есептелген реттелетін қималы мойыны бар тозаңдағыш-құбырлар орнатылады.
229. Мойын қимасы реттелетін тозаңдағыш-құбырларда толық жабық күйде реттеуші орган мен тозаңдағыш-құбыр қабырғалары аралығында 10 мм кем емес саңылау қамтамасыз етіледі. Реттеу органдарының электр жетегі қолмен басқарылатынмен қайталанады.
230. Тозаңдағыш-құбырларды суландыру «жүріс бойында» тазаланатын форсунклармен жүзеге асырылады. Мойын мен реттеуші орган тозуға төзімді материалдардан жасалады.
231. Су айырғыштары тозаңдағыш-құбырлардан кейін және одан кейін бірден газ жолымен электр сүзгілері болмаса, дроссельдік топтан кейін орнатылады.
232. Су айырғыштың конус тәрізді табанының көлденеңінен еңкіш бұрышы 450-тан кем болмайды. Су айырғыштың ішіне жету және оны желдету үшін онда екеуден кем емес люк бар. Су айырғыштың жоғарғы бөлігінде үрлеу майшамы орнатылады. Су айырғыштан суды ағызу биіктігі 3 м кем емес гидро ысырма көмегімен жүргізіледі. Конус тәрізді табанның төменгі бөлігінде бекіту клапаны қаралады. Су айырғыштарға гидро ысырмамен құю үшін су жеткізіледі.
233. Газ тазалағыштар үшін тозаңдағыш-құбырлар су айырғыштарынан шламды су шығару скруббердің конус тәрізді бөлігіне тікелей жүргізіледі.
7-параграф. Газ тазалау ғимараты
234. Газ тазалау ғимаратында мыналар орналастырылады: су тарату пункті, БӨА ғимараты, қызметтік-көмекші ғимарат және газ тазалау қондырғысында электр сүзгілері бар болса, түрлендіру қосалқы станциясы.
Газ тазалау ғимаратына оған қатысы жоқ құрал-жабдықтарды орналастыруға жол берілмейді.
235. Газ тазалау ғимаратына терезелер және электр сүзгілері және скрубберлер жағынан басты кіру жолын орналастыруға жол берілмейді. Екінші қосалқы шығу жолы түрлендіру қосалқы станциясынан қаралады.
Тамбур-шлюзбен газ тазалау ғимаратынан қосалқы шығу жолын электр сүзгілер мен скрубберлерге қызмет көрсету алаңында тікелей шығуға рұқсат етіледі.
Электр сүзгілер мен скрубберлер жағынан басты шығар жолы бар істеп тұрған газ тазалау ғимараттарында, егер есіктердің орнын ауыстыру мүмкін болмаса, тығыз жабылатын есіктері бар тамбур-шлюз орнатылады.
236. Су тарату пунктінде су коллекторлары, газ тазалау аппараттарына су тасымалы, ысырмалар және қажетті барлық аппаратура орнатылады. Газ тазалау аппараттарын сумен қоректендіру бір-бірімен ысырмасы бар айырғыштармен жалғанған екі параллель коллектордан жүзеге асырылады. Әрбір скрубберге екі коллекторға жалғанған екеуден кем емес өзіндік жұмыс істейтін шығулар бар. Су тарату пунктіндегі өту жолдары арматура мен құрал-жабдықтың шығып тұрған бөліктерінен 1 м кем емес енді болады. Электр сүзгілерді кезеңдік жууға арналған су келуіндегі ысырмалар электрлендірілуі және кернеуді түсіру құрылғысымен және газ шығарғыштардағы дроссельдерді басқарумен жалғанады.
Газ тазалаудың жаңадан жарақтанған су тарату пункттерінде жүк көтеру құралдары қарастырылады.
237. Су тарату пунктіне судың жеткізілу жолы жер астымен жүргізілгенде су жолдарына арналған тоннель су тарату пунктінен су тасымалдағыш құбырлар мен қаптамалары араларындағы саңылау мұқият тығыздалған газ өткізбейтін қабырғамен бөлінеді.
238. Газ тазалау ғимаратында мәжбүрлі өтпелі-тарту желдеткіші бар. Өтпелі желдеткіш, талапқа сай домна пешінің орталықтандырылған тарту жүйесінен жүзеге асырылады. Газ тазалау ғимаратында жеке тарту желдеткіші құрылғысы болған кезде ауаны жинау газдың бөлінуі мүмкін орыннан 50 м кем емес ауданнан жүргізіледі.
239. Газ тазалу ғимаратында сағатына үш дәрежелік ауаның алмасуын қамтамасыз ететін желдеткіші бар. Тарту үстіндегі ағымның жоғарылауы газ тазалау ғимараты үшін 20 % кем болмайды.
8-параграф. Ағынды суларды тасымалдау және мөлдір ету
240. Домна газының газ тазалағыштарынан тұндырғыштарына дейін ағынды суды жеткізу үшін коллекторлар өздігінен ағызатын, жер үсті немесе жер астымен орналасқан. Ағынды суларды тасымалдау үшін жер асты тоннельдерінің құрылғысына жол берілмейді.
Өздігінен ағызатын коллекторлар алынатын жабынды металл немесе темір бетонды. Өздігінен ағызатын коллекторлар 0,008 кем емес қиғаш. Қиғаш бұрышты азайтуға болады, бірақ 0,005 кем болмайды. Коллекторлар бұрылыстары ең аз және саны ең аз мөлшерде болады.
Жер астылық өздігінен ағызатын коллекторлар жер асты коммуникацияларымен қиылысқан кезде соңғысы шеттерінде тығыздағыштары бар коллектор қабырғаларынан екі жағына да 2 м шығып тұратын қаптамаға салынады.
Жер үстілік өздігінен ағызатын коллекторлар оның барлық бойында стационар жол алаңымен жабдықталады.
241. Өздігінен ағызатын коллекторлардың мына орындарында майшамдар орнатылады:
1) газ тазалау аумағында аппараттардың құю құбырларының гидро ысырмаларының жанында 300 мм кем емес, сәйкес аппараттардың жоғарғы жұмыс алаңдарының деңгейінен 4 м кем емес биіктікте;
2) газ тазалау аумағынан тыс жерде әрбір 50 м сайын. Бұл кезде жер астылық төсеу кезінде-диаметрі 200 мм кем емес және биіктігі 10 м кем емес, коллекторды жер үстілік төсеген кезде майшамдар жүріс алаңы деңгейінен 4 м биіктікке, бірақ жер деңгейінен 10 м кем емес биіктікке шығарылады.
Жер астылық коллекторлар авто жолдармен және теміржол жолдарымен қиылысқан кезде олардан екі жағынан 5 м арақашықтыққа диаметрі 200 мм және биіктігі 10 м кем болмайды.
242. Мөлдір судың арынды коллекторларында барлық бұрылыстарда және әрбір 20-25 м сайын (тік учаскелерде) люктар бар.
243. Жүріс алаңдары мен тұндырғыштар маңайында қоршаулар қойылады. Қыс мезгілінде тұманның таралуына жол бермеу үшін тұндырғыштардың өту және жаяу өту жолдарында 6 м кем емес қоршаулармен қоршалады.
244. Шойынның арнайы маркаларын балқыту кезінде газ тазалау ғимараттарының ағынды суларында цианидтер бар болғандықтан тұндырғыштардан және градирнялардан кері циклге қатысы жоқ ғимараттарға дейінгі арақашықтық 30 м кем болмайды. Улы заттарды қалпына келтіру және өлшенген заттарды коагуляциялау үшін қондырғылары қаралады.
245. Газ тазалаудың кері сулары үшін қайта жарақтанған сорғы станциялары және шлам сорғылары автоматтандырылған. Сорғы станциясының ғимаратында жасанды және табиғи желдеткіштер бар.
246. Тұндырғыштардан кейін шламды тасымалдау конструкциясы сумен жууды, шарлармен тағы сол сияқты тазалау мүмкіндігін қамтамасыз ететін құбырлы өткізгіштермен жүргізіледі. Шлам өткізгіштерді тоннельдерге төсеген кезде тоннельдердің жасанды желдетілуі қарастырылады.
247. Өздігінен ағызатын коллекторлар және шламдар арналарының үстіне, өздігінен ағызатын коллекторларға 10 м және шлам арналарына тұндырғыштардан кейін 5 м кем аралықта қандай да құрылыстарды орналастыруға жол берілмейді.
9-тарау. Ферроқорытпа газын шаңнан тазалау және суыту қондырғылары
1-параграф. Жалпы талаптар
248. Осы тараудың барлық талаптары ферроқорытпа электр пештерінің жабық күмбездерімін жұмыс істеу кезінде түзілетін технологиялық газдарды «ылғалды» тазарту қондырғыларына және электр пештерінің күмбездерінде газ жинау құрылғысының газ жолына жалғану орнынан газ сору станциясының арын коллекторын қоса алғандағы орынға дейін жатқызылады. Бұл кезде газ жолы электр пешінің күмбезінде газ жинау құрылғысынан, газ тазалағышты қоса отырып, газ сорғыш станциясының газ үрлегішіне дейін сиретумен жұмыс істейді.
249. Пеш газ тазалауға жұмыс істеген кезде күмбез астындағы кеңістіктегі қысым режимі электр пешіндегі балқытылатын қорытпа түріне байланысты технологиялық регламентпен бекітіледі.
250. Жабық ферробалқыту электр пештерінде қалыпты жұмыс істеу кезінде алынған газда пештен шыға берісте көлем бойынша 2 % артық емес оттегі және 12 % артық емес сутегі бар, бұған газдағы сутегі мөлшері 15 % дейін рұқсат етілгенде марганецті және хромды қорытпаларды балқытумен пеш жұмыстары кезіндегі жағдайлар енгізілмейді.
Арын коллекторындағы газ сору станциясындағы оттегінің мөлшері көлем бойынша 1,5 % асып кеткенде жарықты дыбыстық дабыл беріледі, ал оттегі 2 % жеткен кезде электр пешінен газ шығару тез арада тоқтатылады.
2-параграф. Газдан тазалау
251. Электр пеші жеке газдан тазалағышпен жұмыстық және резервтік тізбектермен жабдықталады.
252. Газ тазалау аппараттары ластанған газдың суланатын еңкіш газ өткізгіші мен пеш күмбезіндегі газ жинау құрылғысы немесе газ тазалағыш арасындағы ұзындықты қысқарту мақсатында электр пештерге жақын орналастырылады.
253. Газ тазалау аппараттары оған барлық жақтарынан жету қамтамасыз етілуі үшін ені 1 м кем емес етіп орналастырылады. Газ тазалау аппараттары араларынан негізгі өту жолы 1,2 м кем болмайды.
254. Газ электр пешінің күмбезінен газ тазалағышқа шығарылатын газ жолының басында сөндіргіш құрылғы орнатылады, тығын орнату және газ өткізгішке бу немесе инертті газды беру қарастырылады.
Газ өткізгіш электр пешінің күмбезінде газ жинау құрылғысынан газ тазалағышқа дейін 0,1 кем емес қиғашталып төселеді және газды суландыру және шаңды шаю үшін су жеткізіледі.
Қиғаш газ өткізгіште оны «жүріс бойында» тазалау үшін тағайындалған люк орнатылған жағдайда, люктер газ өткізгіштен газдың бөлінуі мен ауаның сорылуына жол бермейтін бу бүркеуімен жабдықталады.
255. Ластанған газдың пеш күмбезінен газ тазалағышқа немесе лас газ майшамына шығуында сөндіру құрылғысы ретінде гидравликалық ысырманы пайдалануға болады.
256. Газ тазалағыштың әрбір аппаратына су аталған газ тазалау блогына су беру үшін тағайындалған жалпы коллектордан бөлек құбырлы өткізгіштер бойынша беріледі.
Сумен жабдықтау жүйесінің мөлдір суының арын коллекторы газ тазалағыш орналасқан ғимарат ішінде төселеді. Газ тазалағыштың су өткізгіштерінің төменгі орындарында газ тазалағыш тоқтаған кезде қыс мезгілінде оларды босату үшін бекіту арматурасымен штуцерлер орнатылады. Құбырлы өткізгіштерден суды ағызу қызмет көрсететін жұмыскерлердің қадағалауымен ағымның үзілуімен жүргізіледі.
257. Газ тазалау барлық газ жолының көлемін ең кіші мерзімде тиімді үрлеумен қамтамасыз етілетіндей орналастырылған инертті газ немесе бу жолымен жабдықталады. Бұл кезде будың немесе инертті газдың газ тазалағышқа жеткізілуі басқа тұтынушылардың жалғануына жол бермейтін бөлек құбырлы өткізгішпен орындалады.
Бу немесе инертті газды жеткізу құбырлы өткізгіші цех коллекторына жалғану орнында бу өткізгішіндегі бу қысымы 0,1 МПа төмен түсіп кеткенде газ тазалау БӨА қалқанына дабыл берумен автоматты түрде жабылатын электрлендірілген ысырмасы бар.
Жалпы цехтық арнайы бу коллекторлары бар болған кезде электр ысырмасы цехқа кіре берісте коллектордың алдында орнатылуы мүмкін.
Газ тазалау блоктарының біреуін ұзақ уақытқа тоқтатқан кезде оған келетін құбырлы өткізгіштің сәйкес үрлеу тізбегі тығын орнатумен сөндіріледі.
Бу өткізгіштер бу коллекторы жағына қарай қиғашталған, одан конденсаттың шығарылуы қарастырылады.
Газ тазалау аппарттарына будың келтірілуін стационар құбырлы өткізгіштермен (алынбайтын) жасауға рұқсат етіледі.
258. Газ тазалау аппараттарынан ағанды суды ағызу тек газ тазалаудың кері циклі канализациясына шлам өткізгіштерге су ысырмалары арқылы жүргізіледі. Газ тазалау аппараттарының су ысырмасының биіктігі есептеу сиретілуіне плюс 500 мм тең.
Су ысырмасының конструкциясы сумен толтырылған бактың төменгі бөлігіне бүйірінен келтірілген құю құбыры түрінде жасалады. Бак атмосферамен сөндіру арматурасынсыз пілте арқылы жалғанады. Пілте осы Талаптың 25-тармағының талаптарына сәйкес орнатылады.
Газ тазалау аппаратынан су шығару үшін негізгі (орталық) құю құбырынан басқа аппараттың неғұрлым жоғары деңгейінен шығарылған екінші (резервтік) құбыр қарастырылады.
259. Газ тазалаудың шлам бактары мен аппараттарын колошниктің жұмыс алаңынан төменіректе пешке жақын орналастырғанда газ тазалау құрал-жабдықтарына балқыған металдың түсіп кетуінің алдын алу үшін отқа төзімді сақтандырғыш қабырғалар қарастырылады.
260. Сиретумен жұмыстар атқаруға тағайындалған ферроқорытпа газдарының газ өткізгіштері мен газ тазалау аппараттарының пісіру жапсарлары жабдықталған кезде бақылаудың физикалық әдістеріне ұшыратылады. Фланецтер беттері егелеумен өңделген.
3-параграф. Газ сору станциясы
261. Газ сору станциясы (бұдан әрі-ГСС ) екі қабатты етіп салынады, екінші қабатқа газ үрлеуіштер, ал бірінші қабатқа конденсат айырғыштар орнатылады.
262. ГСС бөлек салынған ғимараттарда немесе цех ғимараттарына қосымша салынған ғимараттарда орналастырылады, онда ГСС-на қызмет көрсетіледі.
ГСС-ның келтіру және шығару газ коллекторлары конденсат айырғыштардың жер үстілік орнатылу мүмкіншілігін қамтамасыз ететін биіктікте ғимараттан тыс жерде орналастырылады.
263. ГСС машина залында орнатылған газ үрлеуіштерді газ коллекторларынан сөндіру электрлендірілген ысырмалармен жүргізіледі, тығындар орнату құрылғысы қаралады.
264. ГСС таза газдың арын коллекторынан газ бағыты бойынша ысырма алдында коллекторда газ үрлеуіштерге беретін газ үрлеуді сөндіру үшін тез әрекет ететін айыру клапаны орнатылады.
265. Газ үрлеуіштер ГСС ғимараты конструкциясымен байланысты емес өзінше бөлек іргетастарда орнатылады.
Газ үрлеуіштерді жабындарға орналастыруға қозғалтқыш қуаттылығы 150 кВт аспайтын кезде және ғимаратқа динамикалық жүктемелердің берілуіне жол бермейтін діріл негізі құрылғысы бар болған кезде рұқсат етіледі.
266. ГСС орнатылған газ үрлеуіштер ферро қорытпа газымен жұмыс істеу талаптарына және оларды жеткізуге дайындаушы-зауытпен келісілген техникалық талаптарға сәйкес келеді.
Газ үрлеуіштерден ГСС ғимаратына газдың түсуіне жол бермеу үшін осы Талаптың 158-тармағының талаптары сақталады.
267. ГСС технологиялық схемасы кондицияланбаған газды жағу құрылғысымен жабдықталған жеке қосу майшамы арқылы шығуын қамтамасыз етеді.
Жіберу майшамына газ шығару газ үрлеуден кейін тез әрекет ететін айырғыш клапаннан кейін айдағыш газ өткізгішінен жүзеге асырылады. Қосу майшамындағы кертік орнында электрлендірілген ысырма онатылады.
Қосу майшамының шеті жобамен анықталған биіктікке шығарылады.
268. ГСС-ына орнатылған әрбір газ үрлегіш оған жанасқан газ өткізгіштермен жеке конденсат айырғыштармен жабдықталады. Екі газ үрлеуіш үшін конденсат айырғыштарды қосуға рұқсат етілмейді.
Сору жағында орналастырылған конденсат айырғыш осы Талаптың 258-тармағына, ал арын жағындағы 78-84-тармақтарына сәйкес келеді.
Конденсат айырғыштан кейін канализацияға суды ағызу U-түрлі гидро ысырма арқылы жүзеге асырылады.
269. ГСС-на орнатылған газ қондырғыларының электр қозғалтқыштарын электрмен жабдықтау І санаты бойынша жүзеге асырылады.
Газ үрлегіштердің қосу және сөндіру ГСС БӨА ғимаратында дистанциондық немесе әрбір газ үрлеуіштің жергілікті қалқанынан және газ тазалаудың орталық цехтық диспетчер пунктінен жүргізіледі.
10-тарау. Газ лақтыру құрылғылары
270. Атмосфераға жіберу үшін және домналық, кокстық, конверторлық, ферроқорытпа газдарды жағу үшін газ лақтыру құрылғылары (бұдан әрі-ГЛҚ) орнатылады.
271. ГЛҚ берілетін газдар техникалық регламентпен негізделген концентрацияға дейін шаңнан тазартылған.
272. ГЛҚ бір уақтылы бірінші болып домна немесе ферроқорытпа пештерімен және бірінші кокс батареясымен жабдықталады.
273. ГЛҚ жұмысы толығымен автоматтандырылған. ГТҚ газ өткізгіштердегі газ қысымы берілгеннен жоғары көтерілген кезде автоматты түрде сөндіріледі және тұрақты істеп тұратын тұтандырғыш немесе автоматты түрде қосылатын тұтандыру құрылғысымен жабдықталады.
Тұрақты істеп тұратын немесе автоматты тұтандырғыштың болуынан тәуелсіз резерв ретінде газды қолмен дистанциондық тұтату қарастырылады.
ГЛҚ газ қысымы берілген шамадан төмен түсіп кеткен кезде автоматты түрде сөндіріледі.
274. ГЛҚ көрші ғимараттардан және оларға қызмет көрсететін алаңдардан көлденеңі бойынша 30 м кем емес арақашықтықта болады. Егер бұл талап орындалмаса, онда газжинағыш құрылғы көрші ғимараттар, алаңдар және оларға қызмет көрсететін алаңдар үшін 15 м кем емес биіктікте болады. Жанғыш газдардың ГЛҚ қопарылу өртену қаупі бар өнімдер қоймасына дейінгі арақашықтық 75 м кем емес.
275. Жаңадан жарақтанған ГЛҚ шеті кокс және ферроқорытпа газдары үшін 50 м кем емес және басқа газдар үшін 60 м кем емес биіктікте болады.
276. ГЛҚ шетінде орналасқан газ қыздырғыштары атмосферадағы газдың толық жануын қамтамасыз етеді.
277. ГЛҚ дабыл беру, бақылау құралдары және газ шаруашылығының диспетчерлік пунктінен немесе басқа да басқару қалқандары орнатылған және кезекші жұмыскерлері бар кезекші бөлмеде және дистанциондық басқару құралдарымен жабдықталады.
Домна, ферроқорытпа және кокс газдарының газ қыздырғыштарының және ГЛҚ тұтандыру құрылғыларының жұмысы туралы дабыл газ шаруашылығының орталық диспетчерлік пунктіне беріледі.
278. Домна газының ГЛҚ басқа, ГЛҚ газ лақтыру клапандарынан кейін қыздырғыштардың алдында клапанның кез келген қосылуы немесе сөнуі кезінде үрлеу үшін құбырлы өткізгіштерге бу немесе инертті газ беру қарастырылады.
Клапан инертті газ немесе бу құбырлы өткізгішінің электрлендірілген вентилімен жалғанған.
279. Газ лақтыру клапандары және олардың қызмет көрсету алаңдары ГЛҚ-ының шетінен шамамен 10 м төменде орналасады. Қызмет көрсету алаңының үстінде жылудан сақтандырғыш экран орнатылады. Экраннан жоғары барлық конструкциялар, оның ішінде тіректер, қыздырғыштар сатылар ыстыққа берік материалдардан жасалады.
280. Пілте марштық сатымен қатар биіктігі 60 м жоғары болғанда, талапқа сай жүк көтеру лифтімен жарақтандырылады.
Жөндеу жұмыстарын механикаландыру құралдары қарастырылады. ГЛҚ-ында лифт болмаған кезде газ лақтыру клапандарына қызмет көрсету алаңдарына жүктерді көтеру стационар жүк көтеру механизмедерін орнату жолымен жүзеге асырылады.
281. ГЛҚ-ы найзағайдан сақтандырғыштармен, күндізгі маркаланумен, жарықты қоршаумен жабдықталады.
282. Домна, кокс және ферроқорытпаларының ҚЛҚ ғимаратында газ шаруашылығының диспетчерлік пунктімен, ал газ лақтыру клапандары алаңдарында ГЛҚ тікелей телефон байланысы бар.
283. ГЛҚ электр қабылдағыштары электрмен жабдықтау сенімділігінің І санатына жатқызылады.
11-тарау. Газ араластыру станциялары
284. Газ араластыру станциялары (бұдан әрі-ГАС) автоматтандырылған және тұрақты емес қызмет көрсету жұмыскерлерімен пайдаланылады.
285. ГАС келтіру газ өткізгіштерінде дистанциондық және жергілікті басқару бар электрлендірілген ысырмалар орнатылады.
286. Домна пештерінің ауа қыздыру аппараттарының ГАС әрбір пеш үшін дербес.
287. ГАС бақылау, дабыл беру және басқару ұйымның газ шаруашылығының диспетчерлік пунктіне топтастырылған.
288. Домна пештерінің ауа қыздырғыш аппараттарының ГАС домна газы мен табиғи газ араластырылғанда, табиғи газды ГАС беру орнында орталарында электр жетегі бар ысырмасы бар пілте мен екі электрлендірілген ысырма ретпен орнатылады.
Араластыру қондырғысына жеткізілетін домна газының шығыны номинал шығыннан 30 % төмендеген жағдайда табиғи газдың берілуі аталған екі ысырманың жабылуымен және олардың араларындағы майшамның ашылуы мен автоматты түрде сөндірілуі іске асырылады.
Домна пешін басқару ғимаратында мнемоникалық схемада ысырмалардың шеткі күйлері көрсетіледі. Бұдан басқа, табиғи газ газ өткізгішінің сөндірілгендігі туралы дыбыстық дабыл беріледі.
12-тарау. Бақылау-өлшеу аспаптары
289. Бақылау-өлшеу аспаптары оларға қарауға, қызмет көрсетуге және мүмкін болатын зақымданулардан сақтау үшін ыңғайлы орындарда орналастырылады.
Аспаптарды алмастыру үшін сөндіру құрылғылары қаралады.
290. А санатты ғимараттарында бірінші ретті аспаптар ретінде жанғыш газдардың қысымы мен шығынының қопарылу қауіпсіз датчиктері қолданылады.
А санатындағы ғимарат үшін жанғыш газдардың қопарылу қауіпсіз датчиктері болмаған кезде қыздырылатын жабық шкафтарда цех ғимаратының сыртында орналастырылған жағдайда жалпы тағайындалған датчиктерді қолдануға рұқсат етіледі. Датчиктерді импульстерді алу орындарына жақын шкафтарға және осы Талаптың 292-тармағының талаптарына сәйкес арнайы ғимараттарда орналастыруға болады.
Г және Д санатты ғимараттарында жалпы тағайындалған электр датчиктерін қолдануға рұқсат етіледі.
291. Басқару постылары мен қалқандар ғимараттарында жанғыш газдардың қысымы мен шығынын өлшеудің екінші реттік аспаптары ғана орналастырылады. Бұл ғимараттарға газ қысымынан тәуелсіз жанғыш газдардың импульстік құбырлы өткізгіштерін енгізуге болмайды.
292. Жалпы тағайындалған датчиктер немесе газ анализаторларын орнатумен Г және Д санатты цехтардың қатарласқан ғимараттарына жанғыш газдардың импульстік құбырлы өткізгіштерін енгізуге, қатарласқан ғимараттың жоғарғы және төменгі бөліктерінде орналасқан ашық саңылаулармен цехпен қатарласып орналасқан ғимараттар арасында қатынас бар болса, рұқсат етіледі. Бұл кезде жоғарғы бөліктегі саңылаулар алаңы 15 % кем емес, ал төменгі бөлікте қатарластырылған ғимараттың 10 % кем емес.
293. Г және Д санатты цехтардың істеп тұрған ғимараттарында жабық қатарласқан бөлмелер, егер оларға жанғыш газдардың импульстік құбырлы өткізгіштері тартылған, ал осы Талаптың 292-тармағының талаптарына сай цехпен қатынас құрылғысы мүмкін болмаса, улы газдар кезінде желдету лақтырындыларын цех сыртына шығарумен сағатына алты дәрежелік ауа алмасуын және улы газдар болмаған кезде үш дәрежелік ауа алмасуын қамтамасыз ететін желдеткішпен жабдықталады.
294. Жанғыш газдардың датчиктерін орнату үшін цехтар ғимараттарына қосымша құрылыс нысандары (олардан тұтастай бөлінген) А санатты өндірістер ғимараттарына жатқызылады.
Егер қосымша салынған құрылыс нысандары цех ғимаратымен ашық саңылаулармен қатынаста болса, осы Талаптың 292-тармағының талаптарына сәйкес, онда цех ғимаратының санатына жатқызылады.
Датчиктерді шкафтарға орналастыру кезінде соңғысының жоғарғы және төменгі бөліктерінде желдету үшін желдеткіштері, сонымен қатар цех жылытылмайтын болса, жылыту құрылғысы болады.
Датчиктер ғимаратын олар жатқызылатын цех аралық құбырлы өткізгіштерге тікелей орналастыруға болады. Бұл кезде ғимарат төбесінен құбырлы өткізгіштің төменгі түзілетін құбырлы өткізгіш саңылауына дейінгі ара қашықтық 2 м кем болмайды.
295. Импульстік құбырлы өткізгіштерді төсеу ҚНжЕ 3.05-09-2002 талаптарына сәйкес орындалады.
296. Ылғалды газдың импульстік өткізгіштері, өлшеу диафрагмалары, датчиктер және реттеу арматуралары (дросселдік клапандар тағы сол сияқты) ғимараттан тыс немесе жылытылмайтын ғимараттарда орналастырылса, олардың тығыздалуы қарастырылады.
297. Бақылау-өлшеу аспаптарының газ аппараттарымен және газ өткізгіштерімен жалғануы металл құбырлары арқылы жүргізіледі.
Газ қысымы 0,1 МПа-ға дейін болған кезде бақылау-өлшеу аспаптарын І класты 0,6 МПа дейін жұмыс қысымымен майысқақ түтіктер көмегімен жалғауға рұқсат етіледі.
Резиналы маталы майысқақ түтіктер ұзындығы 1-ден аспайтын және газ өткізгіштер штуцерлері мен аспаптармен қамыттармен бекітіледі.
298. Техникалық үрдістерді қадағалаудың басқа әдістерін пайдалану мүмкін болмаған жағдайда, осы Талаптың 447-тармағының талаптарын сақтай отырып радиоактивті изотоптарды қолдануға рұқсат етіледі.
299. БӨА қалқаны және құрал-жабдықтар немесе ғимарат қабырғасы араларындағы өту жолдарының ені 0,8 м кем болмайды.
13-тарау. Газ өткізгіштер мен газды қондырғылар ғимараттары
1-параграф. Құбырлар және материалдар
300. Газ өткізгіштерді құру үшін осы Талаптың 7-қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкес болат құбырлар қолданылады.
301. Фланецті қосылыстарды тығыздау мына жерлерде жүргізіледі:
1) ыстық домна газының газ өткізгіштерінде-тұз ерітіндісімен қанықтырылып сіңірілген құрғақ өрме асбесті баумен;
2) диаметрі 500 мм дейін домна және конвертор газдарының газ өткізгіштерінде-табақшалы резинамен, ал диаметрі 500 мм үлкен болған кезде табиғи олифте қызыл бояумен сіңірілген немесе сызылған өрме асбесті баумен;
3) фланецтің кез келген диаметрі кезінде төменгі қысымды кокс, ферроқорытпа немесе табиғи газдардың газ өткізгіштерінде табиғи олифте қызыл бояумен сіңірілген өрме асбесті баумен;
4) фланецтің диаметрінен тәуелсіз төменгі және жоғары қысымды кокс, ферроқорытпа немесе табиғи газдардың газ өткізгіштерінде паронитпен.
302. Резьбалық қосылыстарды тығыздау үшін табиғи олифте қызыл бояумен немесе белиламен сіңірілген зығыр ширатылған жібі қолданылады.
Көбік немесе табиғи олиф алмастырғыштарын қолдануға жол берілмейді.
2-параграф. Пісіру жұмыстары
303. Газ өткізгіштерді құрастыру және пісіру осы Талапқа сәйкес жүзеге асырылады.
304. Пісіру құбырларымен газ өткізгіштерді жабдықтаған кезде құбырлардың түйісуіндегі бойлық пісіру жапсарлары бір-біріне салыстырмалы 50 мм кем сырғытылады.
305. Пісіру құбырларымен де, тұтастай тартылған құбырлармен де газ өткізгіштерді жабдықтау кезінде құбырларға пісірілген түтіктер, штуцерлер, люктер түтіктері майшамдар тағы сол сияқты пісіру жапсарларынан түзілетін түтікті есептегенде 100 мм кем емес қашықтықта және құбырлы өткізгіштердің пісірілген түйіспелерінде орнатылмайды.
306. Газ өткізгіштердің жаңа телімдерін және газ қондырғыларын істеп тұрған газ өткізгіштерге жалғау бойынша жұмыстар газ қаупі бар жұмыстарға жатқызылады және рұқсат-наряд бойынша орындалады.
3-параграф. Газ өткізгіштер мен газ қондырғыларын сынақтан өткізу. Жалпы талаптар
307. Барлық жаңадан жарақтандырылатын және түбегейлі жөндеуден өткізілген газ өткізгіштер мен газ қондырғылары беріктікке және саңылаусыздыққа сынақтан өткізіледі.
308. Сынақты жүргізбес бұрын құрылыс-монтаждау ұйымы кәсіпорынның өкілдеріне сыртынан тексеру үшін газ өткізгіштер мен газ қондырғыларын негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтағаннан кейін көрсетеді.
Сыртынан тексеру кезінде жарақтанған нысанның жобаға сәйкестігі, барлық кертіктердің бар болуы, сөндіру ысырмаларының жұмысқа қабілеттілігі және нысанның сынаққа дайындығы тексеріледі.
Тексеру нәтижелері актпен рәсімделеді.
309. Газ өткізгіштер мен газ қондырғыларын сынау кәсіпорынның өкілдерінің қатысуымен құрылыс-монтаждау ұйымымен жүргізіледі. Сынақ құрылыс-монтаждау ұйымының техникалық жетекшісімен бекітілген және кәсіпорынның жетекшісімен келісілген осы Талапты ескерумен құрылған бағдарламаға сәйкес жүргізіледі.
Сынақтың жүргізілгендігі туралы сынақтың нәтижелерін көрсетумен акт толтырылады.
310. Монтаждалған газ өткізгіштер мен газ қондырғыларының ішкі қуыстарын сынақтан өткізер алдында ол құрылыс қоқысынан, бөгде заттардан және монтаждау құралдарынан, оның ішіне жұмыскерлердің жетуі мүмкін болмаса, ауамен немесе инертті газбен үрленеді. Үрленетін қуыстағы ағын жылдамдығы барлық тұтынушылардың бір уақтылы жұмыс жағдайларынан есептелген ең жоғарғы газ жылдамдығынан екі есе артық болады.
311. Газ өткізгіштерді және газ қондырғыларын беріктікке және тығыздыққа сынау ауа немесе инертті газбен жүргізіледі, бұған қысымы 0,3 МПа жоғары сыртқы газ өткізгіштерді беріктікке сынау жатқызылмайды, оларға сынақ сумен жүргізіледі.
Қыс мезгілінде, сонымен қатар газ өткізгіш диаметрі 300 мм жоғары болғанда, осы Талаптың 317-тармағының талаптарына сай қауіпсіздік жөнінде қосымша шаралар жүзеге асырылған жағдайда суды ауа немесе инертті газбен ауыстыруға рұқсат етіледі.
312. Сынақтар жабық сөнетін арматурамен тығындар орнатусыз жүргізіледі.
Егер арматура, құрал-жабдық, сақтандыру және реттеу құрылғылары немесе аспаптары сынақ қысымына есептелмесе, олар беріктікке сынақ жүргізген уақытта тығындар көмегімен сөндіріледі. Газ қысымында болатын құрал-жабдық және басқа да газ өткізгіштерден сыналатын газ өткізгішті сөндіру тек тығындармен жүргізіледі; осы мақсатта бекіту арматурасын қолдануға жол берілмейді.
313. Сыналатын нысанға орнатылатын тығындар жұмыстарды ұйымдастыру жобасында максимал сынақ қысымына есептелген және осы Талаптың 36-тармағына сәйкес келеді.
314. Газ өткізгіштер мен газ қондырғыларына сынақтар жүргізу кезінде қысымның өлшенуінің қажетті дәлдігін қамтамасыз ететін манометрлер қолданылады, бұлар:
1) сынақ қысымы 0,1 МПа-ды қоса алған кезде U-тәрізді сынаппен толтырылған сұйықтық манометрлері, үлгі манометрлері немесе серіппелі бақылау манометрлері;
2) беріктікке сынақ қысымы 0,1 МПа-дан жоғары болған кезде 1,5-тен кем емес серіппелі манометрлер, ал тығыздыққа үлгі манометрлер және серіппелі бақылау манометрлері қолданылады.
Әрбір манометр және дифманометрде уақытынан аспаған бұзылмаған сенімділік таңбасы бар.
315. 0,07 МПа және одан жоғары қысымға сынақты сыртқы ауа температурасы минус 200 С жоғары болғанда, 0,07 МПа дейінгі қысымда сынақты ауа температурасы минус 300 С жоғары болған кезде жүргізуге рұқсат етіледі.
4-параграф. Газ өткізгіштерді сынау
316. Цех аралық және цехтық газ өткізгіштер сынаққа бөлек ұшыратылады.
Ғимарат сыртынан қабырға бойынша және шатыр бойынша бөлек тұрған тіректерге төселген сыртқы цехтық газ өткізгіштер цех ішілік газ өткізгіштерден бөлек сынақтан өткізіледі.
317. Газ өткізгіштерді беріктікке пневматикалық сынау алдында сынақтың жүргізілуіне байланысы жоқ адамдар алыстатылатын қауіпті зоналар қойылады. Сынақ жүргізу кезінде зона шекарасы қызыл жалаушамен белгіленеді және күзетіледі.
Қауіпті зона өлшемдері:
1) ғимараттан тыс орнатылған газ өткізгіштер үшін сыналатын нысанның барлық жағынан сынақ қысымы 0,3 МПа жоғары болған кезде 50 м кем емес және сынақ қысымы 0,1 ден 0,3 МПа дейін болған кезде 25 м кем емес;
2) ғимараттың ішінде орналастырылған газ өткізгіштер үшін сәйкес цехтың бастығының келісімімен, бірақ нысанның барлық жақтарынан 10 м кем емес аралықта қауіпті зона қойылады.
Сонымен қатар қауіпті зонадағы және газ немесе ауа қысымы 0,07 МПа жоғары болатын құбырлы өткізгіштер мен ыдыстарды қорғау бойынша шаралар қарастырылады. Бұл шаралар құрылыс-монтаждау ұйымымен әзірленуі, кәсіпорынмен келісілген және осы Талаптың 309-тармағында қаралған сынақ бағдарламасында көрсетіледі.
Тығыздыққа сынақ жүргізген кезде беріктікке сынақ жүргізгеннен кейін қауіпті зоналы белгілеу жүргізілмейді.
318. Қыздырғыштарға шығар жолы бар пештік газ коллекторлары беріктікке сыналады. Бұл сынақтарды жүргізу кезінде қыздырғыштар алдында крандар немесе ысырмалардан кейін тығындар орнатылады. Цех коллекторынан қыздырғыштарға дейін әрбір пешке барлық шығуды тығыздыққа сынау тығындар орнатусыз барлық орнатылған арматурамен жүргізіледі.
1-кесте
Газ өткізгіштегі газ қысымының Р есебі, МПа |
Сынақ қысымы |
|
Беріктікке |
Саңылаусыздыққа |
|
Төменгі қысым, Р.≤0,1 Орташа және жоғары қысым, 0,1<Р.≤1,2 |
-
1,25 Р |
1,25 Р, бірақ 0,02Р-ден кем емес Р |
Ескерту. Келтірілген сынақ қысымдарының нормалары домна пештерінің газ тазалағыштарының газ өткізгіштеріне таратылмайды.
319. Цехтық жер үстілік және цехтық газ өткізгіштердің беріктік пен тығыздыққа сынақ қысымының нормалары 1-кестеге сәйкес қабылданады.
320. Сиретумен жұмыс істеуге тағайындалған цехтық және цех аралық газ өткізгіштерді беріктікке сиретудің есептеу коэффициенті 2-ге тең қысыммен және тығыздыққа 1,25 коэффициентімен пневматикалық сынаққа ұшыратылады. Бұдан кейін газ өткізгіштер жүйенің тартып үрлеу құралдарымен түзілген сиретумен сыналады және сынау сиретуінде 1 сағат бойы ұстап тұрады.
321. Беріктікке сынау кезінде цех аралық және цехтық газ өткізгіштер сынақ қысымында 1 сағаттан кем емес уақыт бойы тұруы керек, содан кейін қысым саңылаусыздыққа сынауға бекітілген нормаға дейін түсірілуі керек және газ өткізгіш пен арматураны тексеру жүргізіледі. Бұл кезде газ өткізгіштер пневматикалық сынақтан өткізілсе, онда пісіру жапсарларының, фланецті және резьбалық қосылыстар тығыздығы сабын ерітіндісімен немесе қатпайтын көбікті индикатормен тексеріледі.
Қосыластырды газ өткізгіште сабын ерітіндісімен немесе қатпайтын көбікті индикатормен тексеру кезінде газ өткізгіште тұрақты қысым сақталады.
Сынақтар кезінде байқалған ақауларды жою газ өткізгіштегі қысымды атмосфералық қысымға дейін төмендеткеннен жүргізіледі. Сынақ жүргізу кезінде газ өткізгіште қысымның жоғарылауы және төмендеуі баяу жүреді.
Газ өткізгіште элементтер деформациясы мен зақымданулар жоқ болған кезде, беріктікке сынақ кезінде ауа немесе судың ағуы және манометр бойынша қысымның төмендеуі байқалмаса газ өткізгіш сынаққа шыдаған болып саналады.
322. Газ өткізгіштерді саңылаусыздыққа сынау ғимарат ішінде де, ғимараттан тыс орында да газ өткізгіштегі температура теңдестірілгенен кейін, сонымен қатар қоршаған орта температурасымен теңестірілгеннен кейін ғана жүргізіледі. Газ өткізгіштегі температураны қадағалау үшін сыналатын учаскенің басы және соңында термометрлер орнатылады.
Газ өткізгіштегі ауа қысымы мен температурасы сынақ кезінде газ өткізгішке орнатылған барлық манометрлер мен термометрлердің орташа арифметикалық көрсеткіші ретінде анықталады.
323. Цех аралық және цехтық газ өткізгіштер тығыздыққа сынау кезінде сынақ қысымында 2 сағаттан кем емес уақыт, ал орташа және жоғары қысымды газ өткізгіштер 12 сағаттан кем емес уақыт бойы тұрады, содан кейін қысымды төмендетпей газ өткізгіштің трассасын және фланецті және резьбалық қосылыстар және сальникті тығыздаулардың саңылаусыздығын сабын ерітіндісі немесе көбік индикаторымен тексереді.
324. Газ өткізгіш сынаққа шыдады деп саналады, егер ондағы қысым оны саңылаусыздыққа сынау кезінде мына формуламен есептелсе:
мұндағы Р-қысымның төмендеуінің фактілік шамасы, бастапқы сынақ қысымынан %;
Рбаст.-сынақ басындағы манометрлік және барометрлік қысым сомасы, МПа;
Рсоң.-бұл да, сынақ соңында, МПа;
Тбаст.-сынақ басындағы газ өткізгіштегі абсолют температура, К;
Тсоң.-сынақ соңындағы газ өткізгіштегі абсолют температура, К:
1) цех ішілік газ өткізгіштер үшін 1 % артық емес;
2) сыртқы газ өткізгіштер үшін келесі шамалардан артық емес:
газөткізгіш диаметрі, мм:
300-ге дейін және одан төмен .........................................2,0 %
300 ден аса 1000-ға дейін.................................................1,5 %
1000 нан жоғары................................................................1,0 %
Фланецті және резьбалық қосылыстарды және сальникті тығыздамаларды сабын ерітіндісімен тексеру кезінде ауа немесе инертті газдың ағуы болмайды.
5-параграф. ГРП және ГРҚ сынау
325. ГРП және ГРҚ-ның газ құрал-жабдықтары мен газ өткізгіштерін беріктікке және тығыздыққа сынау газөткізгіштің кіре берісіндегі ысырма шекараларынан бақылау-өлшеу аспаптарына осы аспаптар алдындағы крандарға дейін барлық импульстік тізбектермен газ өткізгіштің шыға берісіндегі ысырмаға дейін жүргізіледі.
Беріктік және тығыздыққа сынау кезінде реттегіштер қысымын және айырғыш сақтандыру қақпақшаларының басқару элементтері, егер олар осы қысымға төлқұжат бойынша есептелмеген болса сөнеді.
326. ГРП және ГРҚ сынақ қысымдары беріктікке 1,25 Р, тығыздыққа Р, мұндағы Р-жоғары жақтағы газдың есептеу қысымы болып қабылданады.
327. ГРП және ГРҚ беріктікке сынау кезінде жүйедегі сынақ қысымы 1 сағат бойы сақталып тұрады, содан кейін қысымды саңылаусыздыққа сынақ жүргізу үшін бекітілген нормаға дейін төмендетеді және құрал-жабдықты сыртынан тексеру жолымен және барлық қосылыстарды сабын эмульсиясымен тексерумен ақаулы орындарды анықтау жүргізеді. Егер сынақ жүргізу кезінде манометр бойынша қысымның түсуі болмаса, деформация жарықшақтық және басқа да зақымданулар болмаса ГРП және ГРҚ сынаққа шыдаған болып саналады.
328. ГРП және ГРҚ тығыздыққа сынау 12 сағат бойында жүргізіледі. Бұл кезде 324-тармақтың формуласы бойынша есептелген қысымның түсуі сынақ кезінде бастапқы қысымнан 1 % аспайды.
Сөндірілген реттеуіштермен және айыру сақтандыру клапандарының бүршіктерімен ГРП сынақтан өткізгеннен соң екінші тығыздыққа сынау осы құрал-жабдықтың төлқұжатында көрсетілген нормалар бойынша қосылған реттеуіштер және айырғыш сақтандыру клапандары бүршіктерімен жүргізіледі.
329. ГРП және ГРҚ сынақ жүргізу кезінде байқалған ақаулар қысымды атмосфералыққа дейін түсіргеннен кейін жойылады.
Пісіру жапсарларындағы ақаулар (пісірілмей қалу, жарықшақ тағы басқа) барлық тігісті кесу немесе шабу және қайтадан пісіру жолымен жойылады. Тығыз емес фланецтік және резьбалық қосылыстар ажыратылып және қайтадан жинастырылады.
Анықталған ағызулар мен ақауларды жойғаннан кейін тығыздыққа сынау қайталанады.
6-параграф. Домна газының газ тазалау қондырғысының