
- •Қара металлургия кәсіпорындарындағы газ шаруашылығының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
- •Газ қондырғыларының орналасуына қойылатын жалпы талаптар
- •Конденсат айырғыштардан ағынды суларды шығару
- •Арматурасын орналастыру
- •Газды құрал-жабдықтары. Металдарды газ жалынымен өңдеуге арналған құрал-жабдықтар
- •Агрегаттардың (бұдан әрі-агрегаттар) газды құрал-жабдықтары
- •Өртену қаупі бар нысандары
- •Газ реттеу қондырғылары
- •Турбиналық кеңейту станциялары
- •Газ өткізгшітерін және аппараттарын сынау
- •Газ құрал-жабдықтарын пайдалану
- •Үшін құрал-жабдықты эксплуатациялау
- •Нысандарды экплуатациялау
- •Суыту қондырғыларын эксплуатациялау
- •Қолданылған қысқартулар
- •Бекіту арматурасының материалын таңдауға қойылатын талаптар
- •Цех аралық газ өткізгіштерді басқа құбырлы өткізгіштермен және коммуникациялармен бірге төсеуге қойылатын талаптар
- •Газ өткізгіштердің жер деңгейінен төселу биіктігіне қойылатын талаптар
- •Аласа тіректерде газ өткізгіштерді төсеуге қойылатын талаптар Жалпы талаптар
- •А санатына жатқызылатын газ шаруашылығының ғимараттары мен бөлмелеріне қойылатын талаптар
- •Грп және грқ құрылғысы мен орналастырылуына қойылатын талаптар
- •Болат құбырлар мен материалдарға қойылатын талаптар
- •Газ қаупі бар жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жоспары
Арматурасын орналастыру
110. Арматура цех газ өткізгіштерінде мына орындарда орнатылады:
1) цехаралық газ өткізгіштен цехқа (бөлімшеге) дейінгі арақашықтық 100 м аспайтын жағдайларда, барлық цехтарға (бөлімшелерге) газ өткізгіштің кіре берісінде, цехқа кіре берістегі ысырма цех ғимаратының ішінен де, сыртынан да орнатылады;
2) цех коллекторынан агрегаттарға газдың жіберілер орындарында. Бұл кезде араларында майшамы бар екі дискілі ысырма ретпен орналастырылуы керек. Сонымен қатар, ысырмалардың біреуі шатырда, ал екіншісі ғимарат ішінде орналастырылса, онда екі пілте орнатылады: біріншісі бірден бірінші ысырмадан кейін (газ жүрісі бойынша), ал екіншісі-екінші ысырманың алдында. Екінші ысырмадан кейін табақшалы ысырма немесе тығын орнатылады;
3) газ өткізгіште дәл газ пайдалану агрегатында, осы агрегатты тезірек сөндіру үшін, егер осы Талаптың 110-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген екінші ысырмаға жету қиын болса;
4) көп зоналы пештерде-газ өткізгіште әрбір зонаға;
5) әрбір қыздырғыш алдында газ өткізгіште.
Цех ғимараттарының ішінде табақшалы ысырмалар алдында газ өткізгіште кез келген түрлі дискілі ысырманы орнатуға жол берілмейді.
Газ өткізгіштердің газ жалынымен өңдеу постыларына шығаруларында пост алдында бір сөндіру құрылғысын орнатуға болады.
4-тарау. Пештер, қазандықтар және басқа агрегаттардың
Газды құрал-жабдықтары. Металдарды газ жалынымен өңдеуге арналған құрал-жабдықтар
1-параграф. Пештердің, қазандықтардың және басқа
Агрегаттардың (бұдан әрі-агрегаттар) газды құрал-жабдықтары
111. Газ тұтынушылардың оттығы жер үстінде орналастырылады. Оттықтардың еден деңгейінен төмен орналасуына тек пештердің технологиялық шарттарымен немесе конструктивтік ерекшеліктерімен байланысты болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Бұл жағдайда оттықтардың шұңқырлары ашық, қоршаулары бар және табиғи желдетумен қамтамасыз етіледі.
Торлы төсенішпен қалқаланған және мәжбүрлі желдеткішпен жабдықталған шұңқырлар құрылғысына рұқсат етіледі. Торлы төсеніш құрылғысы туралы талаптар қыздыру құдықтарының шұңқырларына және газбен қыздыру құрылғыларына пеш табанынан төменде орналасқан пештерге таратылмайды.
112. Барлық агрегаттарда мамандандырылған жобалау ұйымдарымен орындалған немесе бекітілген жоба бойынша жасалған газ қыздырғыштары орнатылады.
Қыздырғыштар эксплуатацияға енгізілерде олардың негізгі көрсеткіштерін (өнімділік, газ бен ауаның оптималдық қысымы, инжекция коэффициенті, реттеу шектері, газдың жану толықтығы тағы сол сияқты) тексеру үшін сынақтан өткізіледі.
113. Қыздырғыштар жалынның үзілуінсіз тұрақты және оның қыздырғыш ішінде агрегаттың жылу жүктеуін реттеудің қажетті шектерінде орнықты жұмыс істейді.
114. Газ қыздырғыштарын тұтату және оттық есіктерінде немесе фронталдық пештерде немесе пештің басқа да телімдерінде олардың жұмыстарын бақылау үшін қызмет көрсетуге жету үшін қақпақтары бар тесіктер орналастырылады. Қақпақтардың өздігінен ашылып кетуіне жол берілмейді.
115. Газ қыздырғыштарының немесе олардың арматураларының ашық күйде шығып тұрған бөліктерінен қабырғаға немесе ғимараттың басқа бөліктеріне дейін, сонымен қатар ғимараттар мен құрал-жабдыққа дейінгі арақашықтық-1 м төмен болмайды.
116. Газ қыздырғыш құрылғыларымен түзілетін шу деңгейін төмендету үшін шаралар орындалады.
117. Сөндіру және реттеу құрылғысынан кейін цех коллекторында және тұтынушыларда газ қысымын бақылау үшін қысымды өлшеу үшін аспаптар, сонымен қатар қысымның төмендеуін көрсететін дабыл бергіш орнатылады. Бұдан басқа, қысымның төмендеуінің дабыл бергіштерімен қысымды өлшеу аспаптары бөлек ірі тұтынушыларда немесе тұтынушылар топтарында (жылу қуаттылығы 42х106 кДж/с артық) орнатылады.
118. Жұмыс кеңістігіндегі температурасы 8000С төмен агрегаттар, талапқа сай әрбір қыздырғыштың ұшқынын бақылау құралдарымен, қыздырғыштар сөніп қалған жағдайда жарықты дыбыстық дабылы жылу техникалық қалқанына шығарылумен қамтамасыз етіледі.
119. Үрлеу қыздырғыштары бар әрбір агрегатқа газдың жеткізілуінде қыздырғыштарға жақын жерде, ал көп зоналы агрегаттарда, талапқа сай әрбір зонада, газ пайдалану агрегатының желісінде кернеудің болуынан тәуелсіз, бекітілген шектерден газ немесе ауа қысымы төмен түсіп кеткенде қосылатын автоматты тез әрекет ететін айырғыш қақпақшалар орнатылады.
Газ пайдалану агрегаттары топтарына (үшеуден артық емес) олардың жалпы жылу қуаттылығы 12,6*106 кДж/с кезінде газдың жалпы келу жолында бір клапан орнатуға рұқсат етіледі.
Тез әрекет ететін клапан түрін таңдау жобамен жүзеге асырылады.
Тез әрекет ететін айырғыш қақпақшалар жүйе қоректенуден айырылған кезде қосылатын электромагниттік жалғаумен жүкті немесе пневмо жүкті немесе осындай құрылғылары болады.
Тез әрекет ететін айырғыш клапандар агрегатқа газ және ауа келу жолында орнатылған газ және ауа қысымының түсіп кетуінің дабыл бергіштерімен жалғанады және оларды ашу үшін қолмен басқарылады.
Қазандықтардың газдық құрал-жабдықтары, қауіпсіздіктің арнайы автоматтандыру құралдарымен жабдықталады.
Инжекциондық қыздырғыштармен жабдықталған агрегаттар үшін тез әрекет ететін айырғыш қақпақшалар қажет емес, оларға қысымның төмендеуінің дабыл бергіштері орнатылады. Көп зоналы газ пайдаланушы агрегаттарда дабыл бергіштер әрбір зонаға орнатылады. Жылу қуаттылығы 12,6*106 кДж/с дейінгі агрегаттар үшін бір дабыл бергіш орнатуға рұқсат етіледі.
Дабыл бергіштер жарықты және дыбыстық болады. Қысымның түсу дабыл бергіші үшін импульсті алу орны жобамен анықталады.
120. Газ пайдаланушы агрегаттың ауа коллекторы мыналармен жабдықталады:
1) ауа қысымының түсуінің дабыл бергішімен;
2) қысымды өлшеу аспабымен;
3) тупиктік үрлеу майшамымен;
4) әрбір қыздырғыш немесе қыздырғыштар топтары алдында орнатылатын сөндіру құрылғыларымен.
1-тармақшаның талаптары отын ретінде тек табиғи газды пайдаланатын жылу қуаты 12,6*106 кДж/с дейінгі агрегаттарға және оларға домна, кокс және басқа газдардың берілуінен басқа кездерде таратылмайды.
121. Қыздырғыштарға ауа беретін желдеткіштер, желдеткіштерге бір білікпен немесе редуктор арқылы жалғанған электр қозғалтқыштарымен жабдықталады. Қажет болған жағдайда сына ременді беріліс қолдануға рұқсат етіледі.
Желдеткіштер жетегі үшін жалпақ ременді беріліс қолдануға рұқсат етілмейді.
Қыздырғышы алтаудан артық немесе жалпы жылу қуаты 63*106 кДж/с кем емес бірнеше жылыту зонасы бар пештер шаң сорғыштары мен үрлеу желдеткіштерін электрмен жабдықтау үрлеу желдеткіштері мен түтін сорғыштарды автоматты қайталап қосумен бір-бірінен тәуелсіз екі қоректендіру көзінен жүзеге асырылады, қоректендіруді бірінде кернеу жоғалған кезде екіншісіне ауыстырады.
122. Газ пайдалану агрегаттарынан (пештер, қазандықтар) газдың жану өнімдерін шығаруды арнайы жарақтанған жүйе бойынша (түтін өткізгіш-түтін құбыры) жүргізеді.
Табиғи және кокс газымен жұмыс істейтін жылу қуаты 0,42х106 кДж/с үлкен емес агрегаттар үшін олар жұмыс орны ауасында шекті рұқсат етілген концентрациядан аспайтын концентрацияда зиянды заттар түзбейтін болса, бұл газдардың жану өнімдерін ұйымдастырған түрде шығармай газды тұтандыру жүргізуге болады.
123. Газдың жану өнімдерін агрегаттардан алып кететін барлық жүйеде тесіктер, жарықшақтар және ауаның сорылуы және жүйедегі тартудың бұзылуы жүруі мүмкін басқа да ақаулар болмайды.
124. Түтін өткізгіштерде оларды тазалау үшін тығыз жабылатын қақпақтары бар люктер қаралады.
125. Газ пайдаланушы агрегаттарының жұмыс қуысы мен оттықтарында қысымды реттеу үшін түтін жолдарында әрбір агрегаттан ортақ түтін өткізгішке реттеу қақпақшалары орнатылады. Реттеу қақпақшаларын басқару, талапқа сай агрегатқа қызмет көрсететін оператордың жұмыс орнына шығарылады. Реттеу қақпақшасының күйі көрсеткіштермен бекітіледі.
126. Пештер немесе агрегаттардан газдың жану өнімдерін шығару үшін зонттар өлшемдері цех ғимаратына жану өнімдерінің шығуына жол бермейді.
127. Жасанды тартумен (эжекторлармен немесе түтін сорғыштармен) жабдықталған агрегаттар үшін нақты жағдайларға байланысты эжекторлар немесе түтін сорғыштардың апаттық сөндірілуі жағдайына төменде аталған шаралар қарастырылады:
1) тез әрекет ететін айыру қақпақшасын және эжектрлеуші ауаның қысымының төмендеуінің дабыл бергішін орнату. Тез әрекет ететін айыру клапаны газдың агрегатқа келе берісінде немесе коллекторға газдың келе берісінде орнатылады, бір желдеткішпен қызмет көрсетілетін агрегаттар тобы түтін сорғыш немесе эжектор тоқтағанда автоматты түрде жабылады.
Үрлеу қыздырғыштары бар агрегаттар үшін осы Талаптың 119-тармағының талаптарына сәйкес орнатылған тез әрекет ететін айырғыш клапандары қолданылады;
2) түтін құбырына қоршалған көмей бар болған кезде-түтін сорғыш тоқтаған кезде қоршаудың түтін қақпақшасының автоматты ашылуы;
3) резервтік түтін сорғыш бар болған кезде-резервтегінің автоматты қосылуы;
4) тартудың жоқтығының дабыл бергішін орнату.
128. Газ пайдаланатын агрегаттың жұмыс кеңістігіндегі немесе оттығындағы қысымды (сиретілуді) тұрақты бақылау үшін сәйкес аспаптар орнатылады.
129. Әртүрлі отын түрлерімен жұмыс істейтін газ пайдаланатын агрегаттардан газдың жану өнімдерін жалпы түтін өткізгішке шығару (осы Талаптың 394-тармағының талаптарын сақтаған кезде) тек істеп тұрған газ отынына ауысқан нысандар үшін рұқсат етіледі.
130. Жұмыс кеңістігінде 8000С төмен температура бар газ пайдаланатын агрегаттардың оттықтары мен түтін өткізгіштері қопарылу клапандарымен жабдықталады.
Қопарылу клапандарын жоғары температуралы (8000С және одан жоғары) термиялық және қыздыру пештерінде, мартен пештерінде және кокс батареяларында орнату талап етілмейді.
Жану өнімдерін зонт астына немесе тікелей цехқа жіберетін пештерде қопарылу клапанын орнату талап етілмейді.
131. Қопарылу қақпақшалары, талапқа сай оттықтардың және түтін өткізгіштердің жоғарғы бөліктерінде, сонымен қатар газдың жиналуы мүмкін басқа орындарда орнатылады. Қопарылу қақпақшаларының орнатылу орындары, саны және өлшемдері жобамен анықталады. Бір қопарылу қақпақшасының алаңы 0,05 м2 кем емес деп қабылданады.
Қақпақша іске қосылған кезде қызмет көрсететін жұмыскерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
Қопарылу қақпақшаларын қызмет көрсетуге қауіпті емес орындарда орнату мүмкін болмаған кезде, клапан іске қосылған жағдайға қорғаныс құрылғылары қаралады.
132. Агрегаттарды газ отынында істейтіндей етіп қайта жарақтау жоба бойынша орындалады.
133. Газ пайдаланатын агрегаттар орналастырылған ғимараттарды желдету және жарықтандыру осы ғимараттар тағайындалған өндірістің санитарлық нормалары мен талаптарына сәйкес келеді.
Бұл ғимараттарды желдету және жарықтандыруға қосымша талаптар оларды газ отынын пайдаланумен байланысты талап етілмейді.
2-параграф. Металдарды газ жалынымен өңдеу құрал-жабдықтары
134. Металдарды газ жалынымен өңдеу үшін газ тарату постылары стационар болуы жобаланады. Сұйылтылған газбен немесе ацетиленмен жұмыс істеу кезінде олар тасымалданатын болады.
135. Ацетилен өткізгіштер және ацетилен қондырғылары ғимараты және оларды эксплуатациялау осы Талапқа сәйкес іске асырылады.
136. Табиғи, кокс және сұйылтылған газдар қолданумен металдарды газ жалынымен өңдеу үшін цехтар, шеберханалар және телімдері газбен қамтамасыз ету газ өткізгіштермен іске асырылады. Сұйылтылған газбен баллон қондырғыларында газбен қамтамасыз етуге рұқсат етіледі. Газ тарату постының дәл жанында тек бір ғана сұйылтылған газы бар баллон орнатуға рұқсат етіледі. Екі немесе одан да көп баллондарды орнату қажет болғанда, олар топтық газ баллон қондырғысына біріктірілген, олардың жалпы максимал сыйымдылығы 1000 л аспайды, баллондарды ғимарат сыртындағы қабырғаға орналастырғанда 1500 л сәйкес болады.
137. Стационар газ тарату постылары келесі минимал арақашықтықты сақтай отырып, газ пайдалану орындарында қабырғаларда, колонналарда және басқа да конструкцияларда орналасады:
1) оқшауландырылған өткізгіштер және электр кабельдеріне дейін 1 м;
2) жалаңаш өткізгіштерге дейін 2 м.
Сұйылтылған газдардың газ тарату постыларын ашық жертөлелер, құдықтар және басқа да терең орларға 10 м жақын аралықта орнатуға жол берілмейді. Сұйылтылған газдың газ тарату постыларынан 25 м кіші аралықта орналасқан жертөлелер мен шұңқырлар тұтанудың төменгі концентрациялық шегі 20 % аспайтын сұйылтылған газ бар болған кезде іске қосылатын дабыл бергіші бар автоматты газ талдағыштармен жабдықталған. Құдықтар екі қақпағы бар люкпен жабдықталады. Газ тарату постылары механикалық зақымданулардан сенімді сақталады.
138. Стационар газ тарату постылары желдетуге арналған саңылау немесе тесіктері бар металл шкафтарда орналастырылады.
139. Ацетилен және ацетиленді алмастырғыш газдар үшін стационар газ тарату постылары сәйкес бекіту арматурасымен, жабық типтегі сұйықтық ысырмаларымен және құрғақ ысырмалармен жабдықталады. Қыс мезгілінде қатпайтын сұйықпен толтырылады.
Табиғи және сұйылтылған газдар үшін сақтандыру ысырмаларының орнына кері қақпақша орнатуға болады.
Сұйық және құрғақ типтегі сақтандыру ысырмалары, сонымен қатар кері қақпақшалар газ шаруашылығындағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес дайындалады және қабылданған газ шығыны мен қысымына сәйкес пайдаланылады.
140. І разрядты газдар-ацетилен алмастырғыштары үшін төменгі қысымның төменгі шегі қыздырғыш немесе кескіш сипаттамасында көрсетілгеннен төмен емес, бірақ 3,0 МПа төмен болмайды.
141. Газ өткізгішке берілетін табиғи және сұйылтылған газдармен газ тарату постыларын газбен жабдықтау кезінде газ өткізгіштегі газ қысымы 0,15 МПа аспайды. Газ өткізгіштегі газ қысымы 0,15 МПа асып кеткен кезде сақтандыру сұйықтық немесе құрғақ ысырма немесе кері клапанға дейін газ реттеу қондырғысы қаралады.
142. Газ тарату постын баллондағы газбен жабдықтау кезінде соңғысында кері клапан қызметін бір уақтылы орындайтын газ қысымын төмендететін редуктор орнатылады.
143. Бір сұйықтық ысырмасы, құрғақ ысырма немесе кері қақпақшаларға тек бір ғана кескіш жалғанады. Егер газ тарату посты бір оператор қызмет көрсететін машинаны жабдықтаса, машинаға орнатылған онда қыздырғыштар немесе кескіштер саны ысырма немесе клапанның жіберу қабілетімен ғана шектеледі.
144. Газ қысымының реттеуіштерін газ жалынымен өңдеуге арналған құрал-жабдықтар кешенінде, оның ішінде дайындамаларды үздіксіз құю машиналарының (бұдан әрі-ДҮҚМ) дайындамаларын газбен кесу үшін құрылғыларында, сонымен қатар газ тарату қалқандарында орнатқан жағдайда олар газ реттеу қондырғылары сияқты қарастырылады және олардың құрылғылары мен пайдалануда осы Талаптың 6, 13, 15 тарауларындағы талаптар сақталады.
145. Істеп тұрған ДҮҚМ-да газ тарату қалқандарын жер деңгейінен жоғары шығару мүмкін болған кезде технологиялық регламентпен газ реттеу қондырығыларының қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ететін шаралар әзірленеді және бекітіледі.
5-тарау. Газ шаруашылығының қопарылу