Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
t1_167.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
818.18 Кб
Скачать

Грп және грқ құрылғысы мен орналастырылуына қойылатын талаптар

1. ГРП тағайындалуы мен технологиялық қажеттілігіне байланысты мына орындарда орналастырылады:

1) бөлек салынған ғимараттарда немесе (6-қосымша) 1-13-тармақшалар талаптарына сәйкес келетін ғимараттарға қоса салынған ғимараттарда, бұл кезде ГРП құрал-жабдықтарының бөлігін (ысырмалар, сүзгілер, лақтыру сақтандыру клапандары тағы басқалар) ГРП ғимаратынан тыс қоршалған алаңдарда орналастыруға рұқсат етіледі;

2) газды пайдаланушылар орналастырылған отқа төзімділік дәрежесі І, ІІ және ІІІ өндірістік ғимараттардың шатырларында, бұл кезде шатырдың жылытқышы қиын жанатын материалдардан жасалады;

3) отқа төзімділік дәрежесі ІІІ кем емес газды пайдаланатын ғимараттардың сыртында қабырғаларда орнатылған шкафтарда, бұл кезде шкафтардың бүйір қабырғаларынан көлденеңі бойынша терезелер, есіктер және басқа да саңылауларға дейінгі аралық 1 м кем болмауы, ал жолдардың өту бөлігіне дейін 3 м кем болмауы керек. Шкаф ГРП ғимарат терезесінің астына орналастыруға жол берілмейді. ГРП шкафтары жанбайтын материалдардан жасалған және жоғарғы және төменгі жағында желдету үшін тесіктері болуы керек. Шкафтар ыстық судың және будың келуімен жылытылуы керек. Шкафтар қабырғалары жылудан оқшауланған, ал олардың есіктері құлыппен жабылған болады;

4) жанбайтын материалдардан жасалған бөлек тіректерде орнатылған шкафтарда, тіректерде және газ өткізгіштер алаңдарында;

5) егер аталған климаттық жағдайларда құрал-жабдықтардың қалыпты жұмысы қамтамасыз етілсе, төбе астындағы қоршалған ашық алаңдарда.

2. ГРП ғимаратының қосымша салынған бөлмесін әкімшілік және санитарлық-тұрмыстық ғимараттарға, сонымен қатар осы ғимараттар қабырғаларына шкафтық ГРП орналастыруға жол берілмейді.

3. ГРП ғимаратының негізгі өту жолдарының ені 0,8 м кем болмауы керек. ГРП ретеуіштері ғимаратынан екінші шығу есігі ғимарат ұзындығы 6 м артық болған кезде қарастырылады.

4. ГРП ғимаратында сағатына үш дәрежеліктен кем емес ауа алмастырылуын қамтамасыз ететін тұрақты істеп тұратын табиғи желдету болады.

5. ГРП кезінде реттеуіштер ғимаратынан отқа төзімділік шегі 0,75 с кем емес газ өткізбейтін тұтас қабырғамен бөлінген бөлек шығу есігі (кіруі) бар БӨА ғимараты қарастырылады.

Бұл ғимаратта кәсіпорынның газ шаруашылығының диспетчерлік пунктімен тікелей байланысы бар телефон орнатылады.

6. Ашық немесе шкафтық орындалған ГРҚ кіре берістегі газ қысымынан тәуелсіз газ пайдаланатын агрегаттар орналастырылған қазандықтар мен цехтар ғимаратына тікелей орналастырылады. ГРҚ орналастырылатын ғимараттарда Г және Д санаттарына жатқызылуы керек және отқа төзімділіктің ІІІ дәрежесінен кем болмайды.

ГРҚ басқа цехтардан оқшауланған (мысалы, басқару пункттерінде, қалқан ғимараттарында, тағы сол сияқтылар) қоса салынған ғимараттарда, сонымен қатар негізгі жұмыс алаңдарында, тұйықталған тереңдегі орындарда, және саты марштарының астында орналастыруға жол берілмейді.

7. Болат балқыту, прокат, термиялық және басқа да үлкен цехтарда барлық цех пайдаланушылары үшін бір ГРҚ, сонымен қатар газ пайдалану агрегаттарының бөлек орналасқан әрбір тобы үшін бірнеше ГРҚ құруға болады.

Бір ГРҚ газды бір ғимараттың басқа бөлмелерінде орналасқан газ пайдаланатын агрегаттарына беруге, ГРҚ және газ пайдаланатын агрегаттар орналасқан бөлмеге қызмет көрсететін жұмыскерлерге еркін кіріп-шығу тәуліктің кез келген уақытында қамтамасыз етілген жағдайда, рұқсат етіледі.

8. ГРҚ оларға механикалық зақымдаулар мүмкіндігіне жол берілмейтін, діріл мен жылу әсері болмайтын, қызмет көрсетуге жету оңай орындарда орналастырылуы керек. Бұл орындар желдетіледі және жарықтандырылады. ГРҚ ыстық металды түсіру, сақтау және тасымалдау орнынан 5 м кем емес аралықта немесе жанбайтын қоршаумен қоршалған болады. Ашық ГРҚ жанбайтын материалдардан жасалған қоршау болады.

9. ГРП және ГРҚ әрбір тізбегінде сүзгі, сақтандыру-бекіту клапаны, газ қысымын реттеуіш, пілтелер, жоғарғы және төменгі жақтардан сөндіру құрылғысы, реттеуіштен кейін және сүзгідегі газ қысымы ауысқаннан кейін газ қысымын өлшеу үшін манометрлер болады.

Параллель қосылған тізбектен тұратын ГРП және ГРҚ әрбір торабында екі сөндіру құрылғысы мен араларында пілтесі бар айналма газ өткізгіш (байпас), төменгі жақта айыру клапаны (оның саны жобамен анықталады), сонымен қатар жоғарғы және төменгі жақтан ГРП газ коллекторларында тіркеу манометрлері болуы керек. Серіппелі типті айыру сақтандырғыш клапанының алдында ашық күйде пломбыланған сөндіру атматурасын орнатуға рұқсат етіледі.

Жаңадан салынатын ГРП байпасты ғимарат сыртына орналастырылады.

Реттеудің резервтік тізбегі бар болған кезде шкафтық ГРП және ГРҚ байпас орнатылмайды.

10. Реттеудің әрбір тізбегінде барлық фланецті қосылыстар мен арматураны айналдырылған тоқ өткізгіш айырғыштар болуы керек; тоқтың тарауына жермен тұйықтағыштың импульстік кедергісі 10 Омнан артық болмайды.

11. Өндіріс жағдайлары бойынша газ беруде үзілістері жоқ металлургиялық кәсіпорындардың цехтары үшін ГРП және ГРҚ сақтандыру-бекіту клапандарын орнатуға жол берілмейді.

12. ГРП әрбір тізбегінде сүзгілер орнату орнына ГРП-ы ғимаратының сыртына орталықтандырылған сүзгілер орнатуға болады, бұл кезде резервтік сүзгі болады. Газ тазалау пунктінен 1000 м кем қашықтықта немесе сүзгісі бар алдыңғы ГРП алшақтатылған ГРП және ГРҚ сүзгілер орнату міндетті болмайды.

ГРП алдында немесе кәсіпорынға газ өткізгіштердің кіре берісіндегі газ тазалауышқа орнатылған және 0,07 МПа артық қысыммен жұмыс істейтін висцинді сүзгілер мен сапараторлар қысыммен жұмыс істейтін сосудтар құрылғысы мен қауіпсіз эксплуатациялау бойынша күші бар нормативтік құжаттарға сәйкес келеді.

13. ГРП және ГРҚ дабылды диспетчерлік пункттерге немесе кезекші қызметкерлер ғимаратына шығарумен төменгі жақта газ қысымының бекітілген шектерден көтерілгендігі және түсіп кеткендігі туралы дабыл бергіштер болады.

14. ГРП және ГРҚ, сонымен қатар қысымды реттеумен тұрғызылған айыру сақтандыру клапандары есептеу қысымы 15 % асып кетсе, клапанның толық ашылуы мен артық газ мөлшерін пілтелер арқылы лақтыруды қамтамасыз етіледі.

Пілте диаметрі сақтандыру клапанынан кейін клапанның шығу түтігінің диаметрінен кем болмайды.

15. ГРП әрбір тізбегінің сөндіру құрылғыларының фланецті қосылыстары реттеуішке дейін және кейін реттеуіш жағынан өңделген төсем сақина болуы керек, тізбек жөндеуге тоқтатылған кезде оның орнына табақша тығындар орнатылады.

16. Ысырма алдында қысымды реттеуіштен кейін реттеуішті реттеу үшін реттеуіш өнімділігінен 15 % кем емес газ өткізуге есептелген үрлеу пілтесі орнатылады.

17. ГРП, оның ішінде шкафтарға газ жеткізетін газ өткізгіштерде ғимарат (шкафтар) сыртында арнайы ыдыстарға конденсатты кезеңдік жіберу үшін штуцерлер қарастырылады.

18. ГРП-ына дейін және кейін келтіру және жіберу газ өткізгіштерінде реттеуіштер ғимаратынан 5 м жақын емес және 100 м алыс емес аралықта сөндіру құрылғысы орнатылады. Аталған сөндіру құрылғысын, егер олар ГРП реттеуіштер ғимаратынан цех аралық газ өткізгіштің шыға берісінде және цехқа кіре берісте 100 м артық емес аралықта орнату қаралған болса, орнатпауға болады. Сонымен қатар ысырма тек бір цех (нысан) қана қоректендірілетін ГРП кейін орнатылмайды. ГРП алдында электр жетегі бар ысырма орнатылады.

19. ГРҚ дейін газ өткізгіште сөндіру құрылғысы орнатылуы керек. ГРҚ-ынан кейін газ өткізгіште сөндіру құрылғысын орнату талап етілмейді.

20. Сақтандыру айыру клапандарынан айыру пілтелері осы талаптың 25-тармағының талабына сәйкес биіктікке шығарылады.

21. Тұрақты жұмыс орындарында және кәсіпорын аумағында ГРП және ГРҚ эксплуатациялау кезінде дыбыс деңгейі ЕҚСЖ, МЕСТ 12.1.003-83-пен қаралған шамалардан асып кетпейді.

__________________

Қара металлургия

кәсіпорындарындағы

газ шаруашылығының

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына

7-қосымша

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]