Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
t1_167.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
818.18 Кб
Скачать

Газ өткізгіштердің жер деңгейінен төселу биіктігіне қойылатын талаптар

1. Адамдар өтетін жолдан және көлік құралдарының өтетін жолдарынан тыс еркін аумақта аласа тіректерде төселетін құбырлардың төменгі бөлігінен (немесе олардың оқшауландырғышының төменгі бөлігінен) жерге дейінгі биіктікті мына шамадан кем етіп алуға болмайды: құбырлар тобының ені 1,5 м кем болмаса-0,35 м; құбырлар тобының ені 1,5 м және одан жоғары болса-0,5 м.

Диаметрі 300 мм және одан төмен құбырлы өткізгіштерді аласа тіректерде орналастыруда желілер трассасын максимал қысқарта отырып тігінен екі немесе одан да көп қатармен орналастыру қаралады.

2. Биік тіректердегі құбырлардың төменгі бөлігі немесе олардың оқшауландырғыштары мен жер деңгейіне дейінгі ара қашықтықты мынадай етіп алады:

1) көлік жүрмейтін алаңда (аумақта), адамдар өтетін орындарда-2,2 м;

2) авто жолдармен қиылысу орындарында (өту бөлігінің жабынының үстінен)-5 м;

3) электрлендірілген және электрлендірілмеген ішкі теміржолдың келу жолдарымен қиылысу орындарында-МЕСТ 9238-83 сәйкес;

4) жалпы желідегі теміржол жолдарымен қиылысу орындарында-МЕСТ 9238-83 сәйкес;

5) трамвай жолдарымен қиылысу орындарында-7,1 м рельс бүршігінен;

6) траллейбустың түйіспелі желісімен қиылысу орнында (өту бөлігінің жабынының үстінен)-7,3 м;

7) құбырлы өткізгіштердің балқыған металл немесе ыстық қож тасымалдауға арналған тез жанатын және жанғыш сұйықтары және газдары бар ішкі теміржол жүру жолдарымен қиылысу орындарында (рельстің бүршігіне дейін)-10 м; жылу сақтандырғыш құрылғысы болған кезде-6 м;

Толқындық компрессорлар, оқшауландырғыштар, кронштейндер тіректері бар болған кезде биіктік осы конструкциялдардың төменгі бөлігіне дейін алынады.

__________________

Қара металлургия

кәсіпорындарындағы

газ шаруашылығының

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына

4-қосымша

Аласа тіректерде газ өткізгіштерді төсеуге қойылатын талаптар Жалпы талаптар

1. Қосымшаның талаптары отындық құрғақ газдарды (табиғи, кептірілген кокс, сұйылтылған көмірсутегі-пропан, бутан-бу фазасында және басқа газдар мен олардың қоспасы) тасымалдау үшін газ өткізгіштердің тірек конструкциясының биіктігін таңдауға және кәсіпорын аумағында ғимарат және үймереттен тыс жер үстіне, сонымен қатар кәсіпорынға келе берісте (шыға берісте) төсеу кезінде оларды жобалауға таратылады.

2. Улы және ылғалды газдарды (домна, кокс, конвертор, ферроқорытпа газдары, олардың бір-бірімен немесе басқа газдармен қоспалары) тасымалдау үшін аласа тіректер қолдануға жол берілмейді.

3. Жердің жоспарлану белгісі деңгейінен құбырлардың төменгі қатарының төменгі жағына немесе олардың оқшаулағыштарына дейінгі аралық 2,2 м төмен болса, құбырлы өткізгіш аласа тіректерге, ал 2,2 м жоғары болса-биік тіректерде төселген болып саналады.

4. Аласа тіректерге төсеу кезінде жердің жоспарлану белгісі деңгейінен құбырлы өткізгіштің төменгі бөлігіне (олардың оқшаулағыш беттері болғанда) дейінгі аралықты минимал етіп алу керек, бірақ мына шамадан кем емес:

1) құбырлы өткізгіштер тобының ені 1,5 м кем болғанда-0,35 м;

2) құбырлы өткізгіштер тобының ені 1,5 м және одан көп болғанда-0,5 м.

Трассаның бөлек учаскелер жер рельефіне және құбырлы өткізгіштердің рационал еңкіштігін қамтамасыз ету қажеттігіне байланысты үлкен биіктікте төселеді;

5) қар жабынының деңгейі жоғары аудандарда аласа тіректерде құбырлы өткізгіштерді төсеу кезінде жердің жоспарланған белгісінен құбырлардың немесе олардың оқшаулағышының төменгі бөлігінен (4-тармақ) минимал ара қашықтықты ҚР СНжЕ 2.04-01-2001* және ҚР СНжЕ 2.0-01-2001 тарауына сәйкес қар жабынының ең үлкен биіктігінің орташасына тең алынады.

Аласа тіректерде құбырлы өткізгіштерді төсеу

6. Құбырлы өткізгіштер аласа тіректерде мына орындарда төселеді:

1) құрылыс жүргізуге жатқызылмайтын аумақтар бойынша;

2) егер жоғары тіректерде төсеуді талап ететін факторлар болмаса, кәсіпорын аумағынан тыс;

3) кәсіпорын алаңдарының осы мақсатта арнайы бөлінген коммуникациондық дәліздерде (техникалық жолақтарда);

4) күзет зонасы мен осы зонаға келетін авто келу жолдарын ескерумен кәсіпорын қоршауының бойымен;

5) сұйық өнімдер мен сұйылтылған газдар қоймалары аумақтарында;

6) резервуар парктері аумағында;

7) жолдардың еңістерінің шеттері бойынша және негіздерде;

8) өзендер мен арналар бойында.

7. Диаметрі 30 мм және одан кіші құбырлы өткізгіштерді аласа тіректерде екі немесе одан көп қатармен трассаның енін шектеу мақсатында және құбырлы өткізгіштерге қызмет көрсету тиімділігін қамтасыз ету үшін орналастыру.

8. Ми батпақты емес жерлерде бөлек тұрған биіктігі 1,2 м және одан төмен тіректерді үрлену мен шайылудан сақтандырылған құмдақ төсемге төселген темір бетонды траверс түрінде жобалауға рұқсат етіледі.

9. Жаңа алаңдарды игеруді ескерумен кәсіпорынның әрі қарай дамуына жобалау материалдарын әзірлеу кезінде құбырлы эстакадалар төсеу және аласа тіректердегі коммуникациялар мүмкіндігі үшін коммуникациялық дәліздер (техникалық жолақтар) құрылғысы қарастырылады.

10. Коммуникациялық дәліздер шектерінде зауыттық автомобиль, теміржол және жаяу жүру жолдарын орналастыруға болмайды.

11. Монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында көлік құралдары мен механизмдерінің келтірілуін жүзеге асыру үшін аласа тіректері бар аумақ екі жағынан да құбырлы өткізгіштер трассасынан жоспарланады.

12. Құбырлы өткізгіштер трассасына қызмет көрсету үшін арнайы авто жолды жарақтауға тек техника-экономикалық негіздеу кезінде ғана рұқсат етіледі.

13. Кәсіпорынның аумағындағы коммуникациондық дәліз бойымен төселген құбырлы өткізгіштер трассасына қызмет көрсету мүмкіндігі үшін әрбір 150-200 м сайын өту көпірлерін қарастырылады.

14. Кәсіпорын және алаңдар аумағында әрбір 1000-1200 м сайын, егер бұл ауданда жобалық авто жолдармен қиылысу қарастырылмаса, жоспарланған аумақпен авто көліктің өту мүмкіншілігі үшін жердің жоспарланған белгісінен эстакада конструкциясы немесе құбырлардың төменгі бөлігіне дейін эстакаданы 5 м дейін жергілікті көтеру қарастырылады. Өнеркәсіптік алаңның аумағының сыртқы шектерінде мұндай көтерулерді әрбір 2-2,5 км сайын қарастырылады. Трассаның аталған көтерулерін П-түрлі тік өтемдеуіштер түрінде орындалады.

15. Аласа тіректерде құбырлы өткізгіштерді мынадай жағдайларда жобалауға жол берілмейді:

1) бір тік жазықтықта орналастырылған кезде жер асты коммуникацияларының үстінде;

2) жөндеу кезінде жету тек ор қазу жолымен ғана мүмкін болатын жер асты коммуникациялары мен ғимараттарының қиылысуы кезінде (бұл жағдайда құбырлы өткізгіштердің жер үсті трассасында жергілікті көтеру қарастырылады);

3) теміржол бойы мен шеткі рельстен 3 м жақын және бардюр тасы мен шеткі құбырлы өткізгіш түзушіге дейін 5 м жақын, ал ашық от көздері бар ғимараттардан, ыстықты тасымалдау жолдарынан және балқыған өнім шығаратын орындардан 10 м жақын.

16. Аласа тіректердегі құбырлы өткізгіштердің жер асты коммуникацияларымен қиылысқан орындарында соңғыларында құдықтар, монтаждау люктері, желдету шахталары және басқа да жер бетіне шығатын құрылғылар болады, шеткі құбырлар немесе жер үсті конструкциясы трассасынан екі жағынан да 5 м кем емес ара қашықтыққа орналастырылады.

17. Құбырлы өткізгіштер арматурасы, штуцерлер, аласа тіректердегі құбырлы өткізгіштердегі пілтелер орнату орындарында жетуге жол бермейтін арнайы қоршаулар қарастырады.

18. Бойына аласа тіректердегі құбырлы өткізгіштер төселетін автомобиль жолдарының бұрылыс орындарында дабылдық-ескерту бояуы бар сақтандыру бағандары қарастырылады.

____________________

Қара металлургия

кәсіпорындарындағы

газ шаруашылығының

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына

5-қосымша

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]