- •Мазмұны
- •1 Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы
- •Диплом жұмысының мақсаты және міндеттері
- •1.2 Диплом жұмысының тақырыбын қалыптастыру
- •2 Диплом жұмысының құрамы, көлемі және мазмұны
- •2.1 «Экономика», «Маркетинг», «Қаржы», «Менеджмент» мамандықтары үшін диплом жұмысының мазмұны және құрылымы
- •«Есеп және аудит» мамандығы бойынша диплом жұмысының мазмұны мен құрылымы
- •2.3 Диплом жұмысының аңдатпасына қойылатын талаптар
- •Мәтінді баяндау тілі және стилі
- •Диплом жұмысын орындауды ұйымдастыру
- •Тақырып таңдау және диплом жұмысының тапсырмасын рәсімдеу
- •3.2 Диплом жұмысына материал жинау
- •Ғылыми жетекшінің міндеті
- •Диплом жұмысына сын-пікір берушінің міндеті
- •4 Диплом жұмысын рәсімдеу және қорғау
- •4.1 Диплом жұмысын рәсімдеу бойынша талаптар
- •4.2 Диплом жұмысын қорғауға ұсыну тәртібі және диплом жұмысын қорғауды ұйымдастыру
- •Дипломдық жұмыс тақырыптары
- •2010-2011 Оқу жылының күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бітіруші курстарының студенттеріне арналған мамандық: 5в050600 «экономика»
- •Мамандық: 5в051100 «маркетинг»
- •Мамандық: - 5в050900 «қаржы»
- •Мамандық: - 5в050800 «есеп және аудит»
- •Мамандық: - 5в050700 «Менеджмент»
- •Дипломдық жұмыс
- •Мамандық атауы
- •Дипломдық жұмысты орындау бойынша күнтізбелік жоспар
- •Л.Б.Гончаров атындағы қазақ автомобиль - жол институты
- •Диплом жұмысын орындау бойынша тапсырма
- •Дипломдық жұмысты орындау бойынша күнтізбелік жоспар
- •Аңдатпа (форма)
- •Диплом жұмысы аңдатпасының
- •Аңдатпа
- •Мазмұны
- •Дипломдық жұмыстың кіріспесінің
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі л.Б.Гончаров атындағы қазақ автомобиль - жол институты
- •Жетекшіге ескертпе
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі л.Б.Гончаров атындағы қазақ автомобиль - жол институты
Ғылыми жетекшінің міндеті
Бітіртуші кафедраның ұсынысы бойынша профессорлар, доценттер, неғұрлым тәжірибелі оқытушылар арасынан ректордың бұйрығы бойынша ғылыми жетекшілер тағайындалады. Жетекші ретінде сонымен қатар басқа ұйымдардағы ғылыми қызметкерлер, біліктілігі жоғары мамандар тағайындала алады.
Ғылыми жетекші студентке ғылыми-әдістемелік көмек ұсынады. Ол:
дипломдық жұмыстың жоспарын жасауға қатысады, жоспар уақыт өте келе нақтылануы мүмкін ;
дипломдық жұмысты орындау тапсырмаларын береді;
студентпен бірге дипломдық жұмыстың орындалуының барлық кезеңіне күнтізбелік жоспар кестесін жасайды. Күнтізбелік жоспар кесте – бұл студент пен ғылыми жетекшінің біріккен жұмысын анықтайтын жұмыс құжаты болып табылатындықтан пікір және рецензиямен бірге дипломдық жұмыстағы конвертке салынады;
студентке дипломдық жұмыстың мазмұнына байланысты қажетті негізгі, анықтамалық, статистикалық әдебиеттер және т.б. көздер бойынша кеңес береді;
күнтізбелік жоспар кестеге сәйкес белгіленген жұмыстардың уақытылы және сапалы орындалуын қадағалай отырып, кеңес беру кестесін құрайды;
диплом жұмысының (жобаның) барлық тарауының көлемін белгілейді және диплом жазушы мен кеңес берушінің жұмысын үйлестіреді.
дипломдық жұмыстың орындалуы аяқталғаннан соң, жұмыс жайлы пікір жазады. Оның мазмұны белгіленген талаптарға қаншалықты сәйкес екенін көрсетіп, қысқаша мінездеме береді.
Аяқталған дипломдық жұмысты студент өз қолын қойып ғылыми жетекшісіне ұсынады. Қарап шыққаннан кейін ғылыми жетекші диплом жұмысына жазбаша пікір жазады. Мақұлдаған жағдайды ғылыми жетекші диплом жұмысына қол қойып, қорғауға жібері туралы жазбаша пікірімен кафедра меңгерушісіне ұсынады. Мақұлдамаған жағдайда жетекші диплом жұмысына қол қоймайды, бірақ жазбаша пікір жазып онда өзінің қорғауға жібермеу туралы шешімін негіздейді.
Аталған материалдар негізінде кафедра меңгерушісі диплом жұмысы бойынша соңғы шешім қабылдап, титулдық парақта сәйкес жазу жазады. Кафедра меңгерушісі студентті қорғауға жіберуге болмайды деп есептеген жағдайда бұл мәселе міндетті түрде студенттің және ғылыми жетекшінің қатысуымен өтетін кафедра мәжілісінде қарастырылады. Кафедра мәжілісінің қаулысы бекіту үшін декан арқылы Л.Б. Гончаров атындағы ҚазАЖИ ректорына ұсынылады.
Ғылыми жетекші диплом жұмысына жазбаша пікір беруге міндетті.
Жұмыс тақырыбы бойынша ғылыми жетекшінің пікірінде келесілер болуы керек:
Тақырыптың өзектілігі, оның экономикалық қарым-қатынастар жүйесіндегі ролі, экономиканың даму тенденциясына сәйкестігі. Аталған тақырыпты қарастырудың қажеттігі.
Жұмыс құрылымының негізгі ерекшеліктері, тараулардың (бөлімдердің) қысқаша сипаттамасы, жұмыс тақырыбының бөлімдер мазмұнына сәйкестігі. Тақырыптың қажет сұрақтарының толық баяндалуы.
Тақырып сұрақтарын баяндаудың теориялық негізделгендігі, әдеби көздерді қолдана білуі.
Тәжірибелік материалдарды талдау әдістерін меңгергендік дәрежесі: тереңдігі, жүйелілігі, есепті қолдана білуі.
Практикалық мәліметтерді қолдану көлемі, оларды талдау сапасы.
Қорытынды, ұсыныстардың қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы объективті қажеттіліктерге сәйкестігі, оларды нақты экономикалық өмірде қолдану мүмкіндігі.
Дипломдық жұмыстарға қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі (мазмұны бойынша, көлемі, рәсімделуі бойынша).
Автордың өз беттілік және жеке дара творчестволық дәрежесі.
Жұмыстың оң және кері жақтарының сипаттамасы, кемшіліктер, қателер.
Қорғауға жіберу туралы ұсыныс.
Пікірдің соңында келесідей қорытынды жасалады: «Дипломдық жұмысжоғары мектеп қоятын талаптарға сай келеді (келмейді) және қорғауға жіберіледі (жіберілмейді)».
Пікір құрылымының үлгісі қосымшада берілген.
