Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом жүмысын орындау ережесі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
487.94 Кб
Скачать

3.2 Диплом жұмысына материал жинау

Жұмыстың негізгі бөлімі диплом алдындағы тәжірибені өту барысында орындалады.

Диплом алдындағы тәжірибеде диплом жұмысын жазу үшін материалдар жиналады. Оның негізгі мазмұны диплом жұмысының міндеттеріне сай анықталады. Материалдарды жинау ұйымның құрылымын, технологиясын, өндірістің ұйымдастырылуын, экономикасын мұқият зерттеуден басталады, содан кейін ұйымның қаржылық қызметін сипаттайтын мәліметтер жиналады.

Жұмыс орнында студент тақырып бойынша сандық мәліметттерді жинақтап, зерттеп, жалпылап, одан кейін талдап, сәйкес қорытынды жасайды, нақты бір жұмыс участогы бойынша жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді, оны тәжірибе бойынша жетекшімен немесе мамандармен талқылап келіседі.

Ұйымның жұмысын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштердің маңызды көзі мемлекеттік және басқа да оперативтік, статистикалық және бухгалтерлік есептер, ағымдағы және перспективалық жоспарлар болып табылады. Сонымен қатар ұйымның бірнеше жылдық есептерімен танысу керек, ол көрсеткіштерін динамикасын алуға мүмкіндік береді.

Материалдар жиналғаннан кейін тапсырмаға сай нақты сұрақтың талдауы жасалады. Бұл жерде диплом жұмысын жазушының сыни және творчестволық қабілеті көрінеді.

Диплом жұмысын дайындауда студент саланы дамыту бойынша қабылданған мемлекеттік шешімдерді басшылыққа алуы керек. Диплом жұмысының тақырыбына қатысты жағдайды білудің қажеттілігі, алдыңғы қатарлы ғылым жетістіктерін қолдану қажеттігі студенттің келесілерді кеңінен қолдануын қажет етеді: 1. заң актілерін; 2. Әдеби және нормативтік көздерді; 3. Басқа да материалдарды.

3.3

Жұмысты ұйымдастыру және диплом жұмысын орындау барысын бақылау

Дипломдық жұмысты сапалы және өз уақытында орындау, қабылданған шешімдердің дұрыстығы бойынша барлық жауапкершілікті студент – диплом жұмысының авторы өз мойнына алады.

Дипломдық жұмыс бойынша студентке көмек көрсету үшін аса маңызды сұрақтар бойынша кеңес беру ұйымдастырылады. Жұмыстың жетекшісі студентке жиналған материалдарды, әдебиет көздерін, зерттеу мәліметтерін дұрыс қолдануға көмектесіп, жұмыстың жекелеген бөлімдерін орындаудың күнтізбелік мерзімдерінің сақталуын бақылайды.

Дипломдық жұмыс бойынша жұмыс істеу барысында 3-4 процентовка жүргізіледі, онда диплом жазушы арнайы комиссия алдында алдын-ала алынған нәтижелер, орындалған есептеулер, графиктік материалдарды көрсетеді.

Диплом жұмысының орындалу барысын бақылаудың мақсаты студентке оны орындау бойынша оперативті көмек көрсету және оны мерзімінде аяқтауды қадағалау.

Бірінші тексеру диплом алдындағы тәжірибеден кейін ұйымдастырылады, оған студент диплом жұмысы бойынша бекітілген тапсырма, тапсрымаға сәйкес жинақталған барлық материалдарды әкеледі. Бұл тексерудің нәтижесінде студент диплом жұмысын орындауға жіберіледі.

Диплом жұмысын орындау бойынша кезең сайын есеп беру мерзімін факультет деканы бекітеді. Бекітілген мерзімде студент жетекші және кафедра (диплом жұмысын орындау барысын қадағалау комиссиясы) алдында есеп береді, олар өз кезегінде жұмыстың дайындық деңгейін тіркейді. Тексеру қорытындысы кафедра мәжілісінде қарастырылып факультет деканатына мәлімет беріледі, соның нәтижесінде диплом жұмыстарын өз уақытында және сапалы орындау бағытында нақты шешімдер қабылданады. Сонымен қатар, бітіртуші кафедра жүйелі түрде диплом жұмысының жетекшілерінің диплом жұмысының орындалу барысы туралы ақпаратын тыңдап отырады.

Дипломдық жұмысты орындаушы диплом жұмысын толық көлемде, тапсырмада бекітілген уақытында аяқтауы керек. Аяқталған жұмысқа дипломдық жұмысты орындаушы, ғылыми жетекші, норма бақылаушы қол қояды.

Аяқталған диплом жұмысы жетекшінің пікірімен бітіртуші кафедраның меңгерушісіне ұсынылады, ол дипломдық жұмысты қорғауға жіберу туралы мәселені шешіп, жұмысқа қол қояды. Қажет болған жағдайда қорғауға жіберу немесе жібермеу туралы мәселе кафедра мәжілісінде қаралады.

Бекітілген талаптарға сәйкес келетін дипломдық жұмыстарды кафедра рецензиялауға жібереді, рецензиялау диплом жұмысын қорғау мерзімінен кемінде бес күн бұрын жүргізілуі керек.