Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом жүмысын орындау ережесі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
487.94 Кб
Скачать
    1. «Есеп және аудит» мамандығы бойынша диплом жұмысының мазмұны мен құрылымы

Мазмұны бойынша диплом жұмысы жоғары оқу орнының нақты бір мамандық студентінің өз бетімен орындаған ғылыми жұмысы болып табылады.

Диплом жұмысы мазмұнының негізін таңдалған тақырып бойынша зерттеу нәтижелері құрайды. Материал қысқа, түсінікті, жақсы редакцияланған, тәжірибелік есептеулерді қамтыған болуы керек.

Сөздерді және атауларды қысқартуға болмайды.

Диплом жұмысының көлемі 60-90 парақты құрайды. Қосымшалар көрсетілген көлемге кірмейді.

Диплом жұмысының құрылымы

Диплом жұмысының құрылымдық элементтеріне келесілер кіреді:

  1. мұқаба (Қосымша 3);

  2. титулдық парақ лист (Қосымша 4);

  3. диплом жұмысын орындауға тапсырма (Қосымша 5);

  4. қазақ, орыс, ағылшын тілінде аңдатпа (Қосымша 6);

  5. - мазмұны; (Қосымша 7)

  6. - кіріспе;

  7. негізгі бөлім;

  8. - қорытынды;

  9. пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

  10. - қосымшалар.

Мұқаба

Мұқабада келесі мәліметтер болады:

- диплом жұмысы орындалған ұйымның атауы,

- студенттің аты-жөні,

- дипломдық жұмыс тақырыбының атауы,

- жұмыс түрі – дипломдық жұмыс ,

- мамандық шифры және атауы,

- қала, жыл.

Мұқаба 3 қосымшаға сәйкес рәсімделеді.

Титул беті диплом жұмысының бірінші беті, ол белгіленген қатаң тәртіппен толтырылады.

Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:

– диплом жұмысы орындалған ұйымның атауы,

– диплом жұмысы орындалған кафедра атауы;

– жұмыс түрі –дипломдық жұмыс;

– «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, диплом жұмысы тақырыбының атауы,

– мамандықтың атауы және шифры,

– сол жағында «орындаған», қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі және аты жөні,

– бір жол төмен «ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы» және тегі мен аты жөні,

– кафедра меңгерушісі мен деканның қолы;

– қала және жыл көрсетіледі.

Титул беті жалпы беттердің нөмірленуіне қосылады, бірақ оған нөмір қойылмайды.

Титул беті 4 қосымшаға сәйкес рәсімделеді.

Жұмыстың «Мазмұнында» кіріспе, барлық тараулардың, параграфтардың атауы, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардың атауы және әрқайсысының басталу беттері көрсетілуі керек. Тараулардың және параграфтардың атауын қысқартып жазуға, басқа түрде келтіруге немесе орындарын ауыстырып жазуға тыйым салынады.

Мазмұны 7 қосымшаға сәйкес рәсімделеді.

Кіріспе (көлемі 2-4 парақ)

«Кіріспеде» жұмыстың ең өзекті мәселелерін, мақсаты мен міндеттерін, ғылыми жаңалығы, зерттеу объектісі мен пәнін, зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері, сонымен қатар оның тәжірибелік маңыздылығы мен жариялымдылығын (ғылыми мақалалары, конференция баяндамалары болған жағдайда) көрсету қажет. Кіріспе мен қорытынды – бұл дипломдық жұмыстың ең маңызды тараулары, өйткені осы тарауларды оқыған кезде жазылған жұмыстың сапасы туралы алғашқы ой-пікір қалыптасады.

Дипломдық жұмыстың мақсатын тұжырымдау нарықтағы (кәсіпорындағы) мәселелерді талдап, экономикалық құбылыстардың арасындағы заңдылықтарды табуға бағытталуы керек. Әдетте дипломдық жұмыстың мақсаты екі бөлімнен тұрады: біріншісі – «зерттеу» деген сөзбен басталады (зерттеу мәселесі), ал екіншісі – осы мәселені шешетін ұсыныстарды әзірлеу (немесе даму перспективаларын анықтау).

Дипломдық жұмыстың міндеттері мақсатына байланысты анықталады. Онда төмендегідей сөздер қолданылады: талдау, әзірлеу, жалпылау, дәлелдеу, ендіру, зерттеу, анықтау, көрсету, сипаттау, жүйелеп баяндау, ұсыныстар ұсыну, болжамдар жасау, өзара байланысын анықтау, болашақтағы дамуын айқындау.

Міндеттерді анық тұжырымдау маңызды, өйткені міндеттердің мазмұны, тізімі және олардың орындалуына байланысты дипломдық жұмыстың құрылымы анықталып, сәйкес тараулардың атаулары белгіленеді.

Дипломдық жұмыстың пәні оның тақырыбымен анықталады және зерттеу объектісінің даму болашағын сипаттайтын шаруашылық-экономикалық қатынастардың жиынтығын зерттеудің авторлық ыңғайын көрсетеді. Зерттеу объектісі ретінде − нақты шаруашылық немесе нарық субъектілерінің экономикалық қызметі алынады.

Кіріспе Мазмұны 7 қосымшаға сәйкес рәсімделеді.

Негізгі бөлім (60-80 парақ)

Диплом жұмысының негізгі бөлігінде, орындалған дипломдық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен диплом жұмысының негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі, ол жекелеген бөлімдер мен параграфтардан тұрады.

Жұмыста жүйелеу мен қисынды жазу талаптарын қатаң сақтау негізінде үшінші тараудың мазмұны бірінші және екінші тараулардың негізгі тұжырымдарын, ал екінші тарау – бірінші тарауда жасалған теориялық-әдістемелік сипаттағы қорытындыларды қамтуы тиіс.

Жұмыстың бірінші тарауы (көлемі 2-3 параграф, 20-25 парақ) теориялық сипатта болады. Ол зерттеу тақырыбын ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыдан, ғылыми әдебиеттерді және ресми мәліметтерді (нормативтік-құқықтық құжаттарды, статистикалық ақпаратты, ағымдық басылымдарды) сыни талдау, сонымен бірге зерттеу тақырыбындағы әр түрлі көзқарастарды жалпылау негізінде жазылуы тиіс.

Екінші тарау (көлемі 2-3 параграф, 25-35 парақ) талдаулық сипатта болады, мұнда бірінші тарауда қарастырылған жалпы теориялық жағдайлар негізінде зерттелетін мәселенің талдауы жасалады. Екінші тарауда фирма немесе компанияның қызметі талданып, бірнеше жылды қамтитын экономикалық көрсеткіштеріне терең талдау жасалады. Компанияның бастапқы мәліметтерін бір жүйеге келтіріп, экономика-математикалық әдістер көмегімен талдау қажет, сонымен қатар зерттеу объектісіндегі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылу ерекшеліктері қарастырылуы керек. Бұл мәліметтер кесте, график, диаграмма, сызба түрінде беріліп, көрсетілген сандар мен фактілер зерттеу объектінің нақты жағдайы мен қызметін шынайы және объективті түрде көрсетуі керек.

Үшінші тарау (көлемі 2-3 параграф, 15-20 парақ) теориялық және ұсынымдық сипатта болуы қажет. Мұнда орын алған кемшіліктерді жоюдың жолдары негізделіп, аудиторлық тексеру әдістемесі, зерттеу объектісінің көрсеткіштерін талдау, зерттеу мәселелері бойынша шешімдер мен ұсыныстар берілуі тиіс. Тарауда зерттеу тақырыбы мен практикалық сипаттағы міндеттерін ғылыми-ұйымдастырушылық тұрғыда шешуге бағытталған қорытындылар мен ұсыныстардан қалыптастырылуы керек. Үшінші тарауда ұсыныстардың экономикалық тиімділігі есептеледі, сонымен бірге бұл тарауда зерттеу пәнінің даму болашағы қарастырылуы мүмкін.

Дипломдық жұмыстың жалпы мазмұнынан туындайтын негізгі нәтижелер мен ұсыныстар қысқа да нақты түрде «қорытындыда» (көлемі 3-4 парақ) беріледі. Қорытынды бөлім дипломдық зерттеулер қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелінген обьекті бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет.

  • Пайдалынған әдебиеттер тізімі дипломдық жұмысты жазуда қолданылған әдебиеттер туралы ақпараттарды көрсетіп, осы Ереже талаптарына сай рәсімделуі керек және олардың саны 25-тен кем болмауы керек.

  • Қосымшаларда жанама маңызды және аралық формулалар мен есептер, кестелер, ережелер, әдістемелер, есепті шешу алгоритмдерін сипаттау, статистикалық, салық есептемелерінен және т.б. тұратын мәліметтер келтіріледі, жұмыстың мәтіні барысында оларға сілтемелер беріледі.

Диплом жұмысының мәтінінде әр қосымшаға сілтеме болуы керек. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне байланысты орналастырылады.

Әрбір қосымша жаңа беттен басталып «Қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс. Қосымшаларды қазақ тілі алфавитінің бас әріптерімен белгілейді, яғни А-дан бастап, Ё,З,Й,О,Ч,Ь,Ъ әріптерінен басқасы. Әрбір «қосымшаның» иллюстрациясын бөлек номерлеп көрсетіп, санның алдына қосымшаның әріптік белгілеуін жазу керек.