Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом жүмысын орындау ережесі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
487.94 Кб
Скачать

2 Диплом жұмысының құрамы, көлемі және мазмұны

2.1 «Экономика», «Маркетинг», «Қаржы», «Менеджмент» мамандықтары үшін диплом жұмысының мазмұны және құрылымы

Мазмұны бойынша диплом жұмысы жоғары оқу орнының нақты бір мамандық студентінің өз бетімен орындаған ғылыми жұмысы болып табылады.

Диплом жұмысы мазмұнының негізін таңдалған тақырып бойынша зерттеу нәтижелері құрайды. Материал қысқа, түсінікті, жақсы редакцияланған, тәжірибелік есептеулерді қамтыған болуы керек.

Сөздерді және атауларды қысқартуға болмайды.

Диплом жұмысының көлемі 60-90 парақты құрайды. Қосымшалар көрсетілген көлемге кірмейді.

Диплом жұмысының құрылымы

Диплом жұмысының құрылымдық элементтеріне келесілер кіреді:

  1. мұқаба (Қосымша 3);

  2. титулдық парақ лист (Қосымша 4);

  3. диплом жұмысын орындауға тапсырма (Қосымша 5);

  4. қазақ, орыс, ағылшын тілінде аңдатпа (Қосымша 6);

  5. - мазмұны; (Қосымша 7)

  6. - кіріспе;

  7. негізгі бөлім;

  8. - қорытынды;

  9. пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

  10. - қосымшалар.

Мұқаба

Мұқабада келесі мәліметтер болады:

- диплом жұмысы орындалған ұйымның атауы,

- студенттің аты-жөні,

- дипломдық жұмыс тақырыбының атауы,

- жұмыс түрі – дипломдық жұмыс ,

- мамандық шифры және атауы,

- қала, жыл.

Мұқаба 3 қосымшаға сәйкес рәсімделеді.

Титул беті диплом жұмысының бірінші беті, ол белгіленген қатаң тәртіппен толтырылады.

Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:

– диплом жұмысы орындалған ұйымның атауы,

– диплом жұмысы орындалған кафедра атауы;

– жұмыс түрі –дипломдық жұмыс;

– «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, диплом жұмысы тақырыбының атауы,

– мамандықтың атауы және шифры,

– сол жағында «орындаған», қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі және аты жөні,

– бір жол төмен «ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы» және тегі мен аты жөні,

– кафедра меңгерушісі мен деканның қолы;

– қала және жыл көрсетіледі.

Титул беті жалпы беттердің нөмірленуіне қосылады, бірақ оған нөмір қойылмайды.

Титул беті 4 қосымшаға сәйкес рәсімделеді.

Жұмыстың «Мазмұнында» кіріспе, барлық тараулардың, параграфтардың атауы, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардың атауы және әрқайсысының басталу беттері көрсетілуі керек. Тараулардың және параграфтардың атауын қысқартып жазуға, басқа түрде келтіруге немесе орындарын ауыстырып жазуға тыйым салынады.

Мазмұны 7 қосымшаға сәйкес рәсімделеді.

Кіріспе (көлемі 2-4 парақ)

«Кіріспеде» жұмыстың ең өзекті мәселелерін, мақсаты мен міндеттерін, ғылыми жаңалығы, зерттеу объектісі мен пәнін, зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері, сонымен қатар оның тәжірибелік маңыздылығы мен жариялымдылығын (ғылыми мақалалары, конференция баяндамалары болған жағдайда) көрсету қажет. Кіріспе мен қорытынды – бұл дипломдық жұмыстың ең маңызды тараулары, өйткені осы тарауларды оқыған кезде жазылған жұмыстың сапасы туралы алғашқы ой-пікір қалыптасады.

Дипломдық жұмыстың мақсатын тұжырымдау нарықтағы (кәсіпорындағы) мәселелерді талдап, экономикалық құбылыстардың арасындағы заңдылықтарды табуға бағытталуы керек. Әдетте дипломдық жұмыстың мақсаты екі бөлімнен тұрады: біріншісі – «зерттеу» деген сөзбен басталады (зерттеу мәселесі), ал екіншісі – осы мәселені шешетін ұсыныстарды әзірлеу (немесе даму перспективаларын анықтау).

Дипломдық жұмыстың міндеттері мақсатына байланысты анықталады. Онда төмендегідей сөздер қолданылады: талдау, әзірлеу, жалпылау, дәлелдеу, ендіру, зерттеу, анықтау, көрсету, сипаттау, жүйелеп баяндау, ұсыныстар ұсыну, болжамдар жасау, өзара байланысын анықтау, болашақтағы дамуын айқындау.

Міндеттерді анық тұжырымдау маңызды, өйткені міндеттердің мазмұны, тізімі және олардың орындалуына байланысты дипломдық жұмыстың құрылымы анықталып, сәйкес тараулардың атаулары белгіленеді.

Дипломдық жұмыстың пәні оның тақырыбымен анықталады және зерттеу объектісінің даму болашағын сипаттайтын шаруашылық-экономикалық қатынастардың жиынтығын зерттеудің авторлық ыңғайын көрсетеді. Зерттеу объектісі ретінде − нақты шаруашылық немесе нарық субъектілерінің экономикалық қызметі алынады.

Кіріспе Мазмұны 7 қосымшаға сәйкес рәсімделеді.

Негізгі бөлім (60-80 парақ)

Диплом жұмысының негізгі бөлігінде, орындалған дипломдық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен диплом жұмысының негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі, ол жекелеген бөлімдер мен параграфтардан тұрады.

Жұмыста жүйелеу мен қисынды жазу талаптарын қатаң сақтау негізінде үшінші тараудың мазмұны бірінші және екінші тараулардың негізгі тұжырымдарын, ал екінші тарау – бірінші тарауда жасалған теориялық-әдістемелік сипаттағы қорытындыларды қамтуы тиіс.

Жұмыстың бірінші тарауы (көлемі 2-3 параграф, 20-25 парақ) теориялық сипатта болады. Ол зерттеу тақырыбын ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыдан, ғылыми әдебиеттерді және ресми мәліметтерді (нормативтік-құқықтық құжаттарды, статистикалық ақпаратты, ағымдық басылымдарды) сыни талдау, сонымен бірге зерттеу тақырыбындағы әр түрлі көзқарастарды жалпылау негізінде жазылуы тиіс. Жұмыста шетелдік тәжірибе қарастырылуы керек. Бұл тарауда зерттелетін үрдістің мәнін, мазмұнын, ұйымдастырылуын және оның құрамдастарын терең зерттеп, оны салыстырмалы талдау арқылы негіздеп, өз ұсынымын көрсету қажет.

Бірінші тарауда әдебиет көздері мен басқа материалдар негізінде зерттеу мәселесіне теориялық талдау жүргізіліп, мәселе теориясының қазіргі жағдайы туралы шетелдік және отандық ғалымдардың, әйгілі практик мамандардың түрлі ойлары жалпыланады. Бірінші тарауда түсініктемелік-категориялық аппараты айқындалып, қолданылатын негізгі терминдердің анықтамалары мен түсініктемелері беріледі.

Сонымен қатар берілген мәселені шешу бойынша қолданылатын экономикалық заңдар мен заңдылықтар және оған ықпал етуші әлеуметтік, ұйымдастырушылық, саяси алғышарттары анықталуы қажет. Мәселеге байланысты көрсеткіштер тобы, көрсеткіштердің қарқындылығының (немесе пропорцияларының) сандық бағалауы, өзара байланысы көрсетілуі керек. Жалпы экономикалық міндеттердің қойылуы мен негізделуі беріледі.

Бірінші тараудың соңында мәселе теориясы бойынша қысқаша қорытындылар жасалып, оны практикалық зерттеу қажеттілігі негізделеді.

Екінші тарау (көлемі 2-3 параграф, 25-35 парақ) талдаулық сипатта болады, мұнда бірінші тарауда қарастырылған жалпы теориялық жағдайлар негізінде зерттелетін мәселенің талдауы жасалады. Екінші тарауда фирма немесе компанияның қызметі талданып, бірнеше жылды қамтитын экономикалық көрсеткіштеріне терең талдау жасалады. Компанияның бастапқы мәліметтерін бір жүйеге келтіріп, экономика-математикалық әдістер көмегімен талдау қажет. Бұл мәліметтер кесте, график, диаграмма, сызба түрінде беріліп, көрсетілген сандар мен фактілер зерттеу объектінің нақты жағдайы мен қызметін шынайы және объективті түрде көрсетуі керек. Сонымен қатар зерттеу объектісі ретінде қызметтер және тауарлар нарығы да бола алады (мысалы, дербес компьютерлер немесе ақпараттық қызметтер нарығы). Бұл ретте фактілер ғана емес, даму беталыстары, кемшіліктер мен олардың пайда болу себептері айқындалып, оларды шешу жолдары көрсетіледі. Ұсынылған шаралардың тереңдігі мен ғылыми негізделуі екінші тараудың толық және сапалы жазылуына тікелей байланысты. Сандық материал талдаулық кестелерге біріктіріліп немесе суреттер, сызбалар түрінде келтіріліп, зерттеу объектісінің 3-5 жылдағы құрамы, құрылымы және өсіңкілігін сипаттауға мүмкіндік беруі керек.

Кестелердің мазмұнының рәсімделуіне келесідей талаптар қойылады:

  • кестенің атауы, реттік саны;

  • кесте атауы оның мазмұнын толық ашуы және ұйымның атын қамтуы тиіс, көрсеткіштер, жылдар жазылуы керек;

  • мәліметтер нақты, дәл, қисынды болып, көрсеткіштердің өлшем бірлігі көрсетілуі керек;

  • соңғы жылдардағы, әсіресе, соңғы бес жылдың мәліметтері келтірілуі керек;

  • көрсеткіштердің өсуі немесе төмендеуін алдыңғы жылдармен салыстыру негізінде көрсетіп, оларды талдау, егер көрсеткіштің өсу/төмендеуі 200 %-дан артық болса, өзгеру шамасын есемен көрсету қажет;

  • негізгі мәтіндегі кестелер тым үлкен болмауы қажет.

Көп мөлшерлі үлкен кестелерді қосымшаға енгізген дұрыс.

Суреттерді рәсімдеуге қойылатын талаптар: графиктің көмегімен көрсеткіштердің функционалдық өзара тәуелділігі белгіленеді; әрбір координата осінде шартты белгілеулер көрсетіледі; нақты және ұтымды орналастырылып, көрнекі түрде көркемделуі керек; өлшем бірлігі және шартты белгілері болуы тиіс; графиктер оларды сипаттаушы мәтінінен кейін тұру керек.

Екінші тарауда зерттеу объектісінің (кәсіпорын, фирма) қызметіне талдау жасалады немесе нарықтың даму тенденциялары зерттеліп, жалпыланады. Сонымен бірге қызмет етудің экономикалық негіздері, яғни меншік нысаны, басқарудың ұйымдық-құқықтық нысаны анықталып, бірнеше жылдың экономикалық көрсеткіштері талданады. Сапалы талдау жүргізу үшін неғұрлым толық көлемде нақты мәліметтерді жинау қажет екенін атап өткен жөн, бұл мәліметтер сәйкес бухгалтерлік және статистикалық есеп берулер нысандарынан, қаржы жоспарынан, баланс, статистикалық жинақтардан алынады.

Зерттеу пәніне сәйкес кәсіпорынның практикалық қызметінің мазмұнын ашу қажет. Мысалы, егер маркетинг пәні бойынша диплом жұмысы орындалатын болса, бұл ретте жұмыста маркетингтің ұйымдастырылу, маркетингтік зерттеулер жүргізу, стратегиялық және ағымдық жоспарлау, нарықты сегменттеу, тауарды позициялау мәселелері қарастырылуы қажет. Сонымен қатар кәсіпорынның тауар, баға, тарату және коммуникация саясаты мен маркетингтік стартегиялары сипатталуы керек. Ситуациялық талдау; SWОТ-талдау және т.б. әдістер негізінде шаруашылық субъектінің маркетингтік мүмкіндіктеріне талдау жасалынады.

Бұл тарауда сонымен бірге зерттеу әдістері мен әдістемелері талданып, оларды қолдану үрдісі жүзеге асырылады, бұл үрдісте іріктемелер мәліметтері және статистикалық мәліметтер ескеріледі. Қажет болған жағдайда ақпаратты компьютерлік өңдеу жүзеге асырылып, экономика-математикалық әдістер мен модельдерді қолдану арқылы ЭЕМ-де есептеулер жүргізіледі.

Тарау соңында қысқаша қорытындылар жасалады және алынған нәтижелер бағаланады.

Үшінші тарау (көлемі 2-3 параграф, 15-20 парақ) конструктивтік және ұсынымдық сипатта болуы қажет. Мұнда орын алған кемшіліктерді жоюдың жолдары негізделіп, зерттеу мәселелері бойынша шешімдер мен ұсыныстар берілуі тиіс. Тарауда зерттеу тақырыбы мен практикалық сипаттағы міндеттерін ғылыми-ұйымдастырушылық тұрғыда шешуге бағытталған қорытындылар мен ұсыныстардан қалыптастырылуы керек. Үшінші тарауда ұсыныстардың экономикалық тиімділігі есептеледі, сонымен бірге бұл тарауда зерттеу пәнінің даму болашағы қарастырылуы мүмкін.

Үшінші тарау бөлімдерінде кәсіпкерлік қызметті жетілдіру мен дамыту бойынша ұсыныстар беріледі. Мысалға, егер кәсіпорында маркетинг бөлімі болмаса, диплом жазушы оны құру бағдарламасын әзірлейді, яғни, маркетинг бөлімінің (қызметінің) ұйымдық құрылымын қалыптастыру мен штаттық кестені құру жүзеге асырылады, қызметкерлердің міндеттері белгіленеді, нарықты зерттеу шараларын қамтитын маркетингтік жоспар құрылады, маркетинг бюджеті анықталады және т.б. Диплом жұмысының авторына кәсіпорындағы анықталған проблемаларды шешу бойынша басқа ұсыныстарын әзірлеуде жоғарыда аталған технологияны қолдану ұсынылады.

Үшінші тараудың мазмұнының талаптары ұсынылатын шешімдердің экономикалық тиімділігін есептеуді, сонымен қатар шаруашылық етуші субъектінің немесе нарықтың даму болашағын анықтауды қарастырады.

Дипломдық жұмыстың жалпы мазмұнынан туындайтын негізгі нәтижелер мен ұсыныстар қысқа да нақты түрде «қорытындыда» (көлемі 3-4 парақ) беріледі. Қорытынды бөлім дипломдық зерттеулер қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелінген обьекті бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет.

Пайдалынған әдебиеттер тізімі дипломдық жұмысты жазуда қолданылған әдебиеттер туралы ақпараттарды көрсетіп, осы Ереже талаптарына сай рәсімделуі керек және олардың саны 25-тен кем болмауы керек.

Қосымшаларда жанама маңызды және аралық формулалар мен есептер, кестелер, ережелер, әдістемелер, есепті шешу алгоритмдерін сипаттау, статистикалық, салық есептемелерінен және т.б. тұратын мәліметтер келтіріледі, жұмыстың мәтіні барысында оларға сілтемелер беріледі.

Дипломдық жұмыста қарастырылатын салаға қатысты түсінікті терминдер және анықтамаларды қолданған жөн.

Анықтама – бұл үрдістің немесе құбылыстың мазмұнын оның белгілері арқылы сипаттау. Анықтама қысқа және нақты болуы тиіс.

Дипломдық жұмысты жазу үшін ғылыми фактілер мен шынайы практикалық материалдарды жинақтау керек. Бұл ақпарат нақты, обьективті және шынайы болуы қажет. Бұл талаптарға, әдетте, ресми басылымдар, мемлекеттік мекемелердің, танымал ғалымдардың жарияланымдарында, ғылыми конференциялар материалдарында, Қазақстан Республикасы статистика Агенттігінің статистикалық есебінде және дипломдық жұмысты орындаушының жинақтаған бастапқы мағұлматтарында болатын ғылыми фактілер сәйкес келеді.

Нақты материалды қолданудың айрықша форматы – цитаталар, олар өзгеріссіз берілуі керек. Цитаталардың алыну көздеріне сілтемелер міндетті түрде көрсетілуі қажет.

Дипломдық жұмысты ғылыми тілде жазу керек. Ғылыми тілдің стилі – тұлғасыз монолог, мазмұндама үшінші жақтан жазылады, авторлық «мен» қолданылмайды.

Диплом жұмысындағы қабылданған шешімнің және барлық деректердің обьективтілігі мен дәлдігі туралы жауапкершілікті студент-диплом жұмысының авторы - өз мойнына алады.