
- •Мазмұны
- •1 Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы
- •Диплом жұмысының мақсаты және міндеттері
- •1.2 Диплом жұмысының тақырыбын қалыптастыру
- •2 Диплом жұмысының құрамы, көлемі және мазмұны
- •2.1 «Экономика», «Маркетинг», «Қаржы», «Менеджмент» мамандықтары үшін диплом жұмысының мазмұны және құрылымы
- •«Есеп және аудит» мамандығы бойынша диплом жұмысының мазмұны мен құрылымы
- •2.3 Диплом жұмысының аңдатпасына қойылатын талаптар
- •Мәтінді баяндау тілі және стилі
- •Диплом жұмысын орындауды ұйымдастыру
- •Тақырып таңдау және диплом жұмысының тапсырмасын рәсімдеу
- •3.2 Диплом жұмысына материал жинау
- •Ғылыми жетекшінің міндеті
- •Диплом жұмысына сын-пікір берушінің міндеті
- •4 Диплом жұмысын рәсімдеу және қорғау
- •4.1 Диплом жұмысын рәсімдеу бойынша талаптар
- •4.2 Диплом жұмысын қорғауға ұсыну тәртібі және диплом жұмысын қорғауды ұйымдастыру
- •Дипломдық жұмыс тақырыптары
- •2010-2011 Оқу жылының күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бітіруші курстарының студенттеріне арналған мамандық: 5в050600 «экономика»
- •Мамандық: 5в051100 «маркетинг»
- •Мамандық: - 5в050900 «қаржы»
- •Мамандық: - 5в050800 «есеп және аудит»
- •Мамандық: - 5в050700 «Менеджмент»
- •Дипломдық жұмыс
- •Мамандық атауы
- •Дипломдық жұмысты орындау бойынша күнтізбелік жоспар
- •Л.Б.Гончаров атындағы қазақ автомобиль - жол институты
- •Диплом жұмысын орындау бойынша тапсырма
- •Дипломдық жұмысты орындау бойынша күнтізбелік жоспар
- •Аңдатпа (форма)
- •Диплом жұмысы аңдатпасының
- •Аңдатпа
- •Мазмұны
- •Дипломдық жұмыстың кіріспесінің
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі л.Б.Гончаров атындағы қазақ автомобиль - жол институты
- •Жетекшіге ескертпе
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі л.Б.Гончаров атындағы қазақ автомобиль - жол институты
1.2 Диплом жұмысының тақырыбын қалыптастыру
Дипломдық жұмыстың тақырыбы кафедра мәжілісінде бекітілген тақырыптар тізімінен таңдалады. Студентке диплом жұмысының тақырыбы диплом жұмысы қорғалатын оқу жылының басында анықталып, Л. Б. Гончаров атындағы ҚазАЖИ ректорының бұйрығымен бекітіледі. Дипломдық жұмыстарды жазу тәжірибесі жұмыс тақырыбын таңдауға арнайы әдебиет көздерін алдын-ала зерттеу, тәжірибе өту орнында жұмыс істейтін мамандармен, кафедра оқытушылармен кеңесу басты ықпал ететінін көрсетеді. Дипломдық жұмысты жазу үрдісі, яғни оны дайындау, орындау және қорғау, өзара байланысты бірнеше кезеңдерден тұрады:
тақырыпты тандау (өтініш);
зерттеу мәселесі бойынша әдебиет көздерін тандау;
ғылыми жетекшіні тағайындау;
дипломдық жұмысты жазу кезіндегі ұйымдастырушылық құжаттарды дайындау (тапсырмалар, күнтізбелік жоспар кестесі);
дипломдық жұмысты жазу және көркемдеу талаптарымен танысу;
іріктеліп алынған әдебиет көздерін ғылыми тұрғыдан жинақтап қорыту және зерттеудің теориялық тарауын мазмұндау;
диплом алдындағы тәжірибе өту барысында жиналған талдаулық мәліметтерді қолдану;
зерттеудің конструктивтік тарауын дайындау (зерттеу мәселесі бойынша ұсыныстар);
белгіленген талаптарға сәйкес жұмысты безендіру;
дипломдық жұмысты қорғау күнінен бір ай бұрын ғылыми жетекшіден жұмыс жайлы пікір алу;
дипломдық жұмысты қорғау күнінен бір ай бұрын ғылыми жетекшінің пікірі бар жұмысты кафедраға ұсыну;
кафедра менгерушісінің жұмысты қорғауға рұқсаты берілгеннен кейін қорғау күнінен екі апта бұрын сыртқы рецензентке дипломдық жұмысты жіберу және жазбаша түрдегі рецензия алу;
қорғауға шығарылатын мәліметтерді кесте және сурет түрінде көркемдеп , баяндама жазу;
мемлекеттік аттестациялық комиссия алдында жұмысты қорғау.
Жұмыстың тақырыбы студенттің теориялық біліміне, ғылыми қызығушылықтарына және диплом алдындағы тәжірибені өту орнына немесе жұмыс орнына (сырттай және кешкі бөлім студенттері үшін) байланысты таңдалады. Сонымен қатар студентке жұмыс тақырыбының өз нұсқасын ұсыну құқығы беріледі (тақырыпты ашуда жеткілікті теориялық және тәжірибелік мәліметтер болып, кафедра меңгерушісі рұқсат берген жағдайда). Мұндай жағдайда студент таңдаған тақырыбының негіздері дәлелденген тұжырымдамасын немесе осы тақырыпқа тапсырыс берген мекеменің хатын кафедраға тапсыруы керек.
Сырттай бөлімде оқушыға диплом жұмысын (жобаны) өндірістік қажеттілікке сәйкес таңдап алуына рұқсат беріледі
Дипломдық жұмыстың тақырыптары кафедра мәжілісінде бекітіледі. Тақырыпты таңдаған кезде оның өзектілігін, қаншалықты дәрежеде зерттелгенін, студенттің тәжірибелік мағұлматтарды жинаудағы жеке қызығушылықтарын ескеру қажет. Әдебиеттерді таңдау барысында бірден іріктеліп алынған басылымдардың библиографиялық тізілімін құрастыру қажет.
Ғылыми жетекшімен жұмыстың тақырыбын келісіп тандағаннан кейін студент кафедра меңгерушісінің атына осы тақырыпта жұмыс жазу үшін рұқсат алу мақсатымен өтініш жазады. Диплом алдындағы тәжірибені өту орнына және студенттің өтінішіне сәйкес кафедра студенттерге тақырыптарды және ғылыми жетекшілерді бекіту туралы шешім қабылдап, оны университет бойынша бұйрықпен бекітуге ұсынады.
Ғылыми жетекші студентке ғылыми-әдістемелік көмек ұсынады. Ол:
дипломдық жұмыстың жоспарын жасауға қатысады, жоспар уақыт өте келе нақтылануы мүмкін ;
дипломдық жұмысты орындау тапсырмаларын береді;
студентпен бірге дипломдық жұмыстың орындалуының барлық кезеңіне күнтізбелік жоспар кестесін жасайды (Қосымша В). Күнтізбелік жоспар кесте – бұл студент пен ғылыми жетекшінің біріккен жұмысын анықтайтын жұмыс құжаты болып табылатындықтан пікір және рецензиямен бірге дипломдық жұмыстағы конвертке салынады;
студентке дипломдық жұмыстың мазмұнына байланысты қажетті негізгі, анықтамалық, статистикалық әдебиеттер және т.б. көздер бойынша кеңес береді;
күнтізбелік жоспар кестеге сәйкес белгіленген жұмыстардың уақытылы және сапалы орындалуын қадағалай отырып, кеңес беру кестесін құрайды;
диплом жұмысының (жобаның) барлық тарауының көлемін белгілейді және диплом жазушы мен кеңес берушінің жұмысын үйлестіреді.
дипломдық жұмыстың орындалуы аяқталғаннан соң, жұмыс жайлы пікір жазады. Оның мазмұны белгіленген талаптарға қаншалықты сәйкес екенін көрсетіп, қысқаша мінездеме береді.
Дипломдық жұмыс тақырыбы таңдалғаннан кейін ғылыми жетекші жұмыс бойынша тапсырма береді. Диплом жұмысына тапсырма келесілерді қамтиды:
дипломдық жұмыс тақырыбы, оны университет бойынша бекіту бұйрығының нөмірі, уақыты;
дипломдық жұмысты өткізу уақыты;
студенттердің дайындаған бастапқы материалдар мен дерек көздерінің сипаттамаларынан (өндірістік, диплом алды практика есебі, ҚР статистика бойынша Агенттігі мәліметтері, қызмет етуші субъектілердің есебі, бастапқы ақпараттар);
студент қарастыратын сұрақтар тізімі;
ұсынылатын әдебиеттер тізімі;
кестелік материалдар тізімі (кесте, сурет).
Диплом жұмысының тақырыптарының мүмкін бағыттары 1 қосымшада берілген.