Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом жүмысын орындау ережесі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
487.94 Кб
Скачать

1 Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы

    1. Диплом жұмысының мақсаты және міндеттері

Дипломдық жұмыс – бұл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының 5.03.016-2009 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жоба) орындау ережесі» (2009 жылдың 01 қыркүйегінде енгізілген) талаптарына сәйкес, студенттің оқуының соңғы кезеңінде өз бетімен орындалатын жазбаша ғылыми-зерттеу бітіру жұмысы болып табылады.

Дипломдық жұмыс мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік, сонымен қатар мәдени мақсаттарды шешуге; ғылыми зерттеу әдісін меңгеру және өз бетінше жұмыс жүргізе алу мен мәселелерді шешу кезіндегі эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту; студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет және кәсіби құзырлылық жағдайындағы өзбетілік жұмысқа дайындығын анықтауға бағытталған [3].

Дипломдық жұмыстың мазмұны диплом алдындағы тәжірибе өту базасына сәйкес келіп, келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

  • сәйкес мамандық пен ғылым саласы бойынша ғалымдар, аналитиктер, практиктер өткізген зерттеулер мен жобалар шешімдерінің қорытындылануы;

  • зерттелген обьектілер бойынша ғылыми негізделген теориялық тұжырымдардың болуы;

  • нақты мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің болуы;

ҚР МЖМБС 5.03.016-2009 сәйкес диплом жұмысының тақырыптары:

  • мамандықтарға және мамандарды даярлау бағытына сәйкес болуы қажет;

  • қазіргі жағдай мен болашақтағы экономикалық ғылымның дамуына сай болып, экономика мәселелері мен шынайы міндеттерін есепке алуы керек;

  • шығарушы кафедрада әзірленіп, факультеттің ОӘК-де қаралып бекітіледі;

  • диплом жұмысы тақырыптарының 30%-ы жыл сайын жаңартылып отырылуы тиіс.

Дипломдық жұмысты жазуда әрбір студентке кеңес беру және қадағалау мақсатында кафедраның ПОҚ-нан ғылыми зерттеу, басылым салалары студенттің мамандығына сәйкес келетін профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылары ғылыми жетекші ретінде тағайындалады.

Диплом жұмысын орындаудың мақсаты:

  1. мамандық бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдыны жүйелендіру, бекіту, кеңейту және оны нақты ғылыми, экономикалық, өндірістік мәселелерді шешуде қолдану;

  2. өз бетінше жұмыс істеу дағдысын дамыту, ғылыми зерттеу әдістемесін меңгеру және қарастырылып отырған мәселелер мен сұрақтарды шешуде эксперимент жасап үйрену;

  3. қазіргі өндіріс жағдайында студенттің өз бетінше жұмыс істей білуін анықтау және оның кәсіби құзыреттілігін бағалау.

Дипломдық жұмысты жазу үшін бітіруші кафедра ұсынысымен әрбір студентке ғылыми жетекші тағайындалады және дипломдық жұмыс бірқатар талаптарға сай болуы керек:

  1. ғалымдар, талдаушылар, практиктер, менеджерлер, экономистер жүргізген зерттеу нәтижелерін, жобалық шешімдерді қорытындылау;

  2. зерттеліп отырған объект бойынша ғылыми негізделген тұжырымдардың болуы;

  3. қолдану барысында нақты міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің болуы.

Осыған орай дипломдық жұмысты орындау барысында келесі міндеттер шешіледі:

    • зерттеудің өзектілігін дәйектеу, ғылыми әдістерді қолдану арқылы зерттеу объектісіне сәйкес қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу;

    • зерттеу тақырыбы бойынша теориялық мәліметтерді логикалық түрде көрсетіп, аналитикалық мәліметтерді талдау;

    • шаруашылық субъектінің экономикалық қызметін жетілдіру және зерттеу пәнінің даму перспективасын анықтау бойынша сенімді және нақты ұсыныстар беру;

    • жұмыстың қорытынды тарауында негізгі ұсыныстар мен қорытындыларды тұжырымдау.

Дипломдық жұмыс нақты бір шаруашылық субъектісінің қаржы-шаруашылық қызметі материалдары негізінде орындалады. Әдетте мәліметтерді студент диплом алдындағы тәжірибені өту барысында жинайды.

Дипломдық жұмыстың нәтижесі Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының ашық мәжілісінде қорғау және дипломды қорғаушыға сәйкес мамандық бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесін беру болып табылады.