
- •Алматыы, 2012
- •Танысу іс-тәжірибесінің мақсатымен міндеттері
- •Танысу іс-тәжірибесінің тақырыптық жоспары
- •1 Тақырып. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымымен танысу
- •2 Тақырып. Бухгалтерия аппаратының құрылымымен танысу
- •3 Тақырып. Кәсіпорындағы негізгі шаруашылық процестермен танысу
- •4 Тақырып. Бухгалтерлік есептің формасымен және техникасымен танысу
- •5 Тақырып. Кәсіпорында қолданатын жұмыс шоттар жоспарымен, шоттардағы екіжақты жазу тәртібімен танысу
- •6 Тақырып. Кәсіпорынның қаржылық есептілігімен танысу
- •Әдебиеттер тізімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ӘЛ ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖОҒАРҒЫ ОҚУҒА ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ
КОЛЛЕДЖІ
БЕКІТЕМІН
Колледж директоры ______________ Нурканова Р.О.
«___» _______________2012 ж.
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән атауы: «Танысу іс-тәжірибесі»
Мамандық: 0518000 «Есеп және аудит»
Оқу түрі: күндізгі
Курс: 2
Семестр: 4
Теориялық сағаттар:
Тәжірибелік сағаттар: 36
Барлығы: 36 сағат
Бақылау жұмысы: 4 семестр
Сынақ: 4 семестр
Алматыы, 2012
Оқу жұмыс бағдарламасы «Танысу іс-тәжірибесі» пәні бойынша 0518000 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бекітілген 4.05.-2008 Мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандартына сәйкес жасалған.
Оқу жұмыс бағдарламасын құрастырған оқытушылар:
Ергали Д.Е., Кондыбаева Ж.о.
Оқу жұмыс бағдарламасы колледждің «Экономика пәндерінің» ПЦК отырысында қаралды және мақұлданды
Хаттама № ____ «_____» ________________ 201__ ж.
ПЦК төрағасы Ергали Д.Е.
Оқу жұмыс бағдарламасы колледждің Әдістемелік Кеңесімен келісілді
Хаттама № ___ «______» _____________ 201__ ж.
Әдістемелік Кеңестің төрағасы _______________________
Танысу іс-тәжірибесінің мақсатымен міндеттері
Танысу іс-тәжірибесі оқу процесінің құрамдас бөлігі және қызметке тиімді ммандандырылған дайындық формасы болып табылады.
Танысу іс-тәжірибесі оқушыларға таңдап алған мамандықтары бойынша бастапқы маманданған дағды мен іскерлік қалыптастыруға, сондай-ақ маманданған пәндерді тереңдетіп оқуға арналған.
Нарықтық экономиканың қалыптасуы шаруашылық субъектісінің экономикалық қызметінің мәні мен әдістемесін өзгертті. Өз кезегінде шаруашылық қызметті талдауға да жетті. Бухгалтерлік есептің дамуы ұйым мен фирманы тиімді басқарудың бір факторы болып табылады. Бұл өз кезегінде өндірістік оқуды жақсы меңгерген теориялық білімі терең, тәжірибелік дағдысы бар маман дайындауды талап еседі.
Танысу іс-тәжірибесінің негізгі міндеттері:
бухгалтердің қызметтік нұсқамасына сәйкес оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге дайындау;
кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формасымен таныстыру;
бухгалтерияның ұйымдық құрылымымен және оның қызметкерлердің функционалды міндеттерімен таныстыру;
шаруашылық процестер, айналымдағы активтер, негізгі құралдар бойынша бастапқы құжаттар толтыруға дағдыландыру.
Танысу іс-тәжірибесінен өткеннен кейін оқушы білуі керек:
заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық формасының маңызы мен ерекшелігін;
бухгалтерлік есептің ұйымдастырылу маңыздылығын;
кәсіпорынның өндірістік қызметін басқаруды ұйымдастыру маңыздылығын;
өндірілетін өнім, көрсетілетін қызмет ассортиментін;
бухгалтерлік аппараттың құрылымы мен негізгі қызметтерін;
кәсіпорындағы негізгі шаруашылық процестер есебін;
кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуының негізгі нормативтік және құқықтық актілерін.
Танысу іс-тәжірибесінен өткеннен кейін оқушы істей білуі керек:
бухгалтердің міндеттерін, жауапкершілігін және құқығын іске асыру;
қамтамасыз ету, өндіру, өткізу процесі бойынша бастапқы құжаттарды рәсімдеуді;
кәсіпорындағы шаруашылық процестермен қамтамасыз етумен байланысты шығындарды есептеуді;
бухгалтерлік есеп құжаттарын толтыруды,
бухгалтерлік баланс құруды.
Іс-тәжірибе оқу ғимаратында өтеді. Жетекші оқу орнынан тағайындалады. Жетекші іс-тәжірибе жоспарын даярлап, күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес күнделікті оқу журналына енгізеді. Іс-тәжірибеге ағымдағы және қорытынды бақылауды оқу орны жүзеге асырады. Іс-тәжірибе соңында алынған мағлұматты бекіту мақсатында бақылаудан өтеді және сынақ тапсырады.
.