
- •Кәсіпорын құрылымының түрлері.
- •Айналым капиталына қажеттілікті анықтау.
- •2Өндірісте айналым қорын пайдалануды бағалау.
- •2. Кәсіпорын персоналы және оның сипаттамасы
- •1.Банкроттықтың мәні және дағдарысқа қарсы басқару.
- •2.Еңбек өнімділігі мен тауар өндіру тиімділігінің мәні және мағынасы
- •1.Өндірістің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері
- •2. Еңбек мөлшерін анықтау әдістері.
- •1.Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні.
- •2. Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері.
- •1. Инвестициялық жобалар тиімділігінің көрсеткіштері
- •2 Еңбекақының мәні мен қағидалары
- •1. Өндіріс тиімділігін арттырудың жолдары.
- •2. Кәсіпорындағы кесімді еңбекақы төлеу жүйесі
- •1. Шығындардың жалпы және салыстырмалы тиімділігі
- •2. Тарифтік жүйе, еңбекақы төлемін ұйымдастыру ісіндегі оның мәні мен мазмұны.
- •1 Өндіріс тиімділігіне әсер ететін факторлар
- •2. Мерзімді еңбекақы төлеу жүйелері
- •1 Ұйым қызметін жоспарлау түсінігі, мақсаты мен міндеті.
- •2 Сыйақы тағайындау жүйесі.
- •1. Кәсіпорынның негізгі қорларының құрамы мен құрылымы
- •1. Негізгі өндірістік қорлардың экономикалық мәні.
- •2. Инвестициялардың түрлері мен жіктелуі.
- •1. Негізгі капиталдың тозу түрлері.
- •2. Ғылыми-техникалық және инновациялық саясат.
- •1. Ұйым қызметін жоспарлау нысаны мен кезеңдері, жоспар түрлері.
- •2. Инвестицияның экономикалық мазмұны.
1.Өндірістің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері
Нарық жайында, экономикалық дамуды әрі қарай жалғастыруда, өндірістің тиімділігін арттырудың бағыттарын, олардың өсу факторлары мен тиімділігін анықтаудың әдістерін анықтау маңызды міндет болып табылады. Кәсіпорындардың өндірістік тиімділігін арттырудың маңызды бағыттарын тиімді айқындау үшін, тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін біліп алуымыз қажет.
Экономикалық тиімділіктің жалпылама критерийіне қоғамдық еңбектің өнімділігі жатады. Қоғамдық еңбектің өнімділігі ұлттық табысты, материалдық өндіріс саласында жұмыс жасайтын адамдардың орташа санына бөлу арқылы табылады:
ЕӨ=ҰТ/А Сонымен қатар, экономикалық тиімділіктің аса маңызды көрсеткіштері ретінде еңбексыйымдылығы және қорсыйымдылығы алынады.
Өнімнің еңбексыйымдылығы материалдық өндіріс саласында жұмсалған еңбек санын, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталды:
Есый=T/Q
Мұндағы:
Есый= еңбексыйымдылығы;
T-еңбек саны;
Q- шығарылған өнімнің жалпы көлемі.
Қоғамдық еңбектің материалмыйымдылығы шикізат, материал, отын, энергия және т.б. шығындарының көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталды:
Мсый=Ш/Q,
Мұндағы:
Мсый= материалсыйымдылығы деңгейі;
Ш- шикізат, материал, отын, энергия және т.б. шығындары.
Капиталсыйымдылығы халық шаруашылығындағы капитал салымдарының көлемін, шығарылған өнімнің жылпы көлемінің өсіміне бөлу арқылы анықталды:
К сый= К/ Q,
Мұндағы: К сый= өнімнің сыйымдылығы,
К-капиталдық салымдардың жалпы көлемі;
Q-шығарылған өнім көлемінің өсімі.
2. Еңбек мөлшерін анықтау әдістері.
6-билет
1.Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні.
Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастарды қалып- тастыру кезеңіне көшті. Нарықтық экономика өзінің мәнісі бойынша еңбек өнімділгінің өсуін, өндіріс тиімділігінің ба- рынша артуын ынталандыратын құралы болып табылады. Де- генмен, осындай жагдайда да өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарын, оның өсуіне эсер ететін факторларын, тиімділікті анықтау эдістерін айқындау маңызды болып та- былады.
Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру- дың негізгі бағыттарын дұрыс анықтау үшін тиімділіктің өлшемі мен көрсеткіштерін түжырымдап алу қажет. «Өнді- рістің экономикалық тиімділігі» ұғымына элеуметтік тиім- ділік те кіреді (қол еңбегі үлесінің төмендеуі, еңбек жағдай- ларын жақсарту жэне т.с.с.).
Анықталған көлемі мен сапасы бар белгілі бір өнімді (жұмыс орындау, қызмет көрсету) белгіленген мерзімде шы- ғару кез келген өнеркэсіп орнының іс-эрекетінің мақсаты болып табылады. Бірақ өндіріс көлемдерін анықтағанда бұл өнімнің халық шаруашылығы мен жеке бастың қажеттілігімен қатар оның тиімділік деңгейінің неғүрлым жоғары болғанын қамтамасыз ету қажет. Сондықтан өнеркәсіп орны жұмысы- ның сапасын, ең алдымен, өндірілген өнімнің экономикалық тиімділігін анықтау арқылы бағалаған дұрыс.
2. Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері.
Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері – еңбек өнімділігінің деңгейін көрсету тәсілдері. Өнеркәсіпте еңбек өнімділігінің деңгейі жұмыс уақытының бір өлшеміне шаққанда өндірілген өнімнің санымен (тікелей көрсеткіш) немесе өнімнің бір өлшемін дайындауға жұмсалған жұмыс уақытының мөлшерімен (кері көрсеткіш‚ яғни еңбек сыйымдылығы) өлшенеді. Өнімді өндіруге жұмсалған еңбек шығыны адам-сағат‚ адам-күн‚ адам-ай (тоқсан‚ жыл) есебімен көрсетіледі‚ мұның өзі сағаттық‚ күндік‚ айлық (тоқсандық‚ жылдық) еңбек өнімділігі көрсеткіштеріне сай келеді‚ оның деңгейін бір жұмысшыға‚ бір жұмыскерге‚ т.б. шағып белгілеуге болады. Өнім шығару (жұмыстарды орындау) көлемінің қабылданған өлшеуіштеріне сәйкес еңбек өнімділігін өлшеу заттай‚ еңбек‚ құндық әдістеріне бөлінеді. Заттай әдісте еңбек өнімділігінің деңгейі заттай өлшеммен (т‚ м‚ дана‚ т.б.) есептелетін өнім мөлшерінің жұмыс уақытының шығынына немесе жұмыскерлердің орташа тізімдік санына қатынасымен айқындалады. Еңбек әдісінде өнімнің алуан түрлері оларды өндіруге жұмсалған еңбек шығыны бойынша өлшенеді немесе еңбек сыйымдылығының деңгейлері салғастырылады. Құндық әдісте еңбек өнімділігі орта есеппен бір қызметкерге шаққандағы немесе жұмыс уақытының белгілі бір өлшемінде дайындалған өнімнің құнымен көрсетілед
7-билет