Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
uyym_ekonomikasy1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
60.51 Кб
Скачать

1-билет

Ұйым ұғымы және ұйым құрылымы

"Ұйым" ұғымының мағынасына әр түрлі түсінік беріліп жүр. "Ұйым" ұйымдастыру және басқару жөніндегі теориялық ілімдер бойынша экономикалық жүйенің басты сипаттамасы және оның атрибуты (лат. — жиынтық белгі) есебінде қаралады. Бұл мағынада "ұйым" іштей бір тәртіпке бағындырылған қоғамдық құрылымның өзара келісімге келтірілген жүйесінің бір бөлігі. "Ұйым" термині жүйені құру және оны жетілдіру бағытында жүзеге асырылатын басқарудың негізгі бір функциясы түрінде пайдаланылады. Көп жағдайда ұйымды әлеуметтік жүйемен теңдестіреді. Оған ұйымның көптеген жүйелі қалыптасқан анықтамалары дәлел. Мысалы, ұйым — жалпы мақсатқа бағытталған өзінің функционалдық еңбек бөлісі бар әлеуметтік топ немесе ұйым — артық элементтері жоқ, зерделі түрде үлестірілген әрекеттер түрі.

Ұйымдардың саяси, ғылыми, әскери, творчестволық, спорттық, өндіріс - шаруашылықтық, тағы сол сияқты көптеген әлеуметтік түрлері болады. Бірақ олар қоғамның барлық жағын қамтитын саяси-әлеуметтік көптүрлілігіне қарамастан, осы ұғымның мәнін түсіндірудің бірнеше сипаттарын байқауға болады: біріншіден, ұйым — адамдардың бірлестігі. Адамдар өздерінің ерекше атқаратын қызметтерімен және алатын орындарымен ұйымның түрлі бөлімшелерін қалыптастырады; екіншіден, ұйым жалпы мақсатқа жету үшін және адамдардың белгілі бір кажеттілігі мен мүдделерін іске асыру үшін құрылады. Оның өз миссиясы (жалпы жүйелік мақсаты болуы мүмкін), ал ұйым мүшелерінің ұйым мақсатынан бөлек өз мақсаттары болады. Яғни ұйым мен оның мүшелерінің мақсаттары сәйкес келе бермейді

Кез келген ұйының құрылуы негізгі үш кезеңнен тұрады:

1. орындалатын жұмыстың мәнін анықтау

2. менеджмент элементтері бойынша жұмысты үлестіру

3. менджмент элементтерінің жіктелуі негізінде басқарудың логикалық топтарының негізінің құрылуы.

Айналым капиталының айналымдылығын сипаттайтын көрсеткіштер

Айналым капиталы - бұл өндірістік айналым қорларын құру, айдалану және үздіксіз өндірістік роцестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым капиталы өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.

Айналым жылдамдығы келесі көрсеткіштермен сипатта- лады:

- күнмен саналатын айналым капиталының айналым- дылық үзақтығы арқылы;

- айналымдылықтың тура коэффициентімен;

- айналымдылықтың кері коэффициентімен.

2-билет

  1. Кәсіпорын құрылымының түрлері.

Кәсіпорынның құрылымы- бұл олардың ішкі звеноларының цехтардың, бөлімдердің , зертханалардың және бірыңғай шаруашылық нысанын құрайтын басқада компоненттердің құрамы мен қатынасы.

  • Кәсіпорын құрылымы мына факторлармен анықталады

  • Кәсіпорын өлшемінен;

  • Өндіріс саласымен;

  • Кәсіпорынның техникасы мен мамандану деңгейімен;

  1. Айналым капиталына қажеттілікті анықтау.

Айналым капиталы (айналым қаражаты) – кәсіпорын капиталының өзінің ағымдағы активіне салынған бөлігі. Материалдық-мүліктік белгі бойынша айналым капиталының құрамына: еңбек заттары (шикізат, материал, отын және т.б.), кәсіпорын қоймасындағы даяр өнім, қайта сатуға арналған тауар, ақшалай қаражат және есептердегі қаражат енгізіледі.

Айналым қаражаты өзіне тән ерекшелікпен жоғары жылдамдықпен айналады. Өндіріс процесіндегі айналым қаражатының атқаратын функционалдық рөлі негізгі капиталдың рөліне өте ерекшеленді. Айналым қаражаты өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

3-билет

1 Кәсіпорын қызметінің мақсаты- кәсіпорынның қызметінің бағыты алдына қойған түпкі мақсатымен анықталады. Кәсіпорынның негізгі мақсаттарының бірнеше таңдаулары болуы мүмкін

  • Өз өнімдері үшін нарықтықтың көп үлесін жаулап алу

  • Жоғары сапалы өнім өндіру

  • Технология бойынша нарықта жетекші орынды иелену

  • Қолда бар шикізат еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану

  • Жұмысбастылықты барынша жоғары деңгейге жеткізу

2Өндірісте айналым қорын пайдалануды бағалау.

Айналым қорларын қолдануды ұйымдастырудың негізгі мақсаты — өндіріс процессіз үзіліссіз жалғастыру және сатуға шығарылған өнімді айналым қорларының ең аз мөлшерінен қамтамасыз ету.

Өндірісте айналым қорын пайдалануды бағалау

Өндірістік айналым қорын пайдалану ісін жан-жақты жақсарту өнеркәсіптік кәсіпорынның маңызды міндеттерінің бірі. Шикізат, көмекші материалдар мен отын неғүрлым тиімді пайдаланылған сайын, өнімнің белгілі бір көлемін өндіруге олар солғұрлым аз жүмсалады, яғни өнеркэсіптік өнім өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік ашылады.

4-билет

1.Бәсеке және кәсіпорын.

Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.

Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]